Адам ағзасының төмен температураға бейімделуінің физиологиялық механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 11:46, реферат

Краткое описание

Актуалдылық. Абиогендік факторлар ортасы – бұл органикалық емес табиғаттың организмге әсер ететін факторлары. Эволюциялық дамулардын барысында адам организмі адаптациялық өзгерістерге табиғаттың кең мүмкіндіктерінің арқасында ұшырады. Ол табиғат мүмкіндіктеріне белгілі бір қысымдар мен гравитациялар, косметикалық және сәулелік жылу деңгейі, қоршадағы атмосфераның белгілі бір газдық құрамы, жыл мезгілдері мен күн мен түннің ауысуы. Организмнің тіршілік ету үшін алдымен жылу қажеттілігі барлық тіршілік процестерінің жылудың қатысуымен, белгілі бір жылу мөлшерімен және оның қимылының жалғасымдылығымен шартталған. Қоршаған ортаның температурасы мен организнің температурасы тығыз байланысты, олар зат алмасуды реттейтін химиялық реакциялардың жылдамдығы мен жүруінің ерекшелігін өзгертеді

Содержание

Кіріспе ................................................................................................3
Негізгі бөлім ................................................................................
Қорытынды...........................................................................................26
Әдебиеттер..........................................................................................28

Вложенные файлы: 1 файл

Шаденова.doc

— 244.50 Кб (Скачать файл)

3. Ластаушы заттар. Адамның тіршілік жағдайы және табиғи биогеоценоздың  соңғы онжылдықтағы тез өтетін қоршаған ортаны ластайтын заттардың  қалыптылығы. Бұл заттарды екі топқа бөлуге болады: табиғи қосылыстар – технологиялық процестердің қалдығы және жасанды қосылыстар – табиғатта кездеспейтіндер. 1-ші топқа күкірт  гидриді (балқыту кәсібі), көмірқышқыл газы (жылу элекртростанциясы), азот оксиді, көміртек  оксиді, көмірсутек, мыс қосылыстары, цинк және  сынап т.б. минералды тыңайтқыштар (нитрат және фосфат) 2- ші топқа адамның қажеттілігіне жарайтын заттар, арнайы қосылыстар: пестицид (лат. pestis – зиянкес, cido-өлтіру) ауылшаруашылығына зиян  тигізетін жәндіктермен күресте, ветеранияда,  медецинада  инфекциялы  ауруларды  жазу үшін қолданылады. Пестицидтер: инсексидтер (лат. insecta – жәндік, cido-өлтіру) зиянды жәндіктермен күресте  және гербицидтер (лат.  hebro – шөп, өсімдік, cido – өлтіру) арамшөппен күресте қолданады. Олардың бәрі адамдар үшін улы.  Олар біруақытта биогеоциноздың түрлік құрамына маңызды әсер ететін антропогендік абиогендік фактор ортасы болып табылады. Бұлар жануарлар мен өсімдіктер жаму  жағдайының нашарлауына алып келетін топырақ құрамының өзгеруі (қышқылдану, улы заттардың еруі,  құрамның өзгеруі); су құрамының өзгеруі (жоғарғы минерализация, нитрат пен фосфат көптігі); топырақ пен су құрамының  байланысының бұзылуы. Басқа өзгерістер қарсылық факторы болып қызмет атқарады. Интенсивті фактор ортасы. Кейбір фактор ортасының құрамы ұзақ уақыт аралығында тұрақты қалады. Ауыртпалық заңы солай, күн сәулесінің, мұхиттың тұздық құрамының, атмосфераның, тұздың құрамының интенсивтилігі.  Экологиялық факторлардың көбі – температура, дымқылдық, жел, жауын – шашын, пана, жәндік, паразит, бәсекелес кеңестік пен уақытта ауыспалы. Фактор ортасының күшпен өзгеруі адам организміне әсер етуі мүмкін: 1) реттелген – периодты, мысалы тәулік уақытымен, жыл мезгілімен немесе мұхиттағы  толқындардың ритмімен байланысты; 2) реттелмеген, мысалы, ауа райының өзгеруі, аппараттар; 4) бағытталған: климаттың салқындауы немесе жылынуы, су қоймаларының ұлғаюы. Қандай да бір белгілі тіршілік ортасындағы организм популяциясы қалыпты емес табиғи жиынтыққа бейімделеді. Оларда сол немесе сол басқа морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері сол не басқа орта жағдайында тіршілік етуге көмектеседі: Әр организмге әсер ететін факторлар үшін тиімді  әсер күші бар, олар экологиялық фактордың оптимизм аймағы немесе жай оның оптимизмі деп аталады. Берілген организм түрі үшін қалыпты интенсивті фактор әрекеті тіршілікті шектейді.

 

Абиогендік  фактор ретіндегі температура. Көптеген түрлер температураның жіңішке диапазонына бейімделген. Кейбір организмдер, әсіресе тыныштық күйдегі, ең төменгі температурада тіршілік етуге қабілетті. Мысалы: микроорганизмдер -200OC суықта да тіршілік ете береді. Бактерияның ерекше түрлері және балдырлар ыстық қайнарларда +80OС, 88OС өмір сүріп, көбейеді. Судағы температураның  ауытқу диапазоны құрғаққа қарағанда айтарлықтай төмен, сәйкестік және төзімділіктің шектеуі температураның ауытқуынан судағы организмде жер бетіндегіге қарағанда нашар. Алайда судағы немес құрғақтағы мекендеушілерге қалыпты температураның шектеуі 15 – 30OС денедегі қалыпты емес температурадағы организмдер әртүрлі болады. Оны – пайкилотерм (грек. poikinos – ерекше ауыспалы және therme – жылу) дене температуралары қалыпты емес организмдер, гомойотерм  (грек. homoios – секілді, сияқты,  therme – жылу), дене теспературасы қалыпты организмдер. Пайкилотермді организмдердің дене температурасы қоршаған ортаға байланысты. Температураның көтерілуі оларда өмірлік процестердің интенсификациясын және белгілі шектеуде дамудың жылдамдығын шақырады. Табиғатта температура бір қалыпты емес. Организмдер әдетте температураның мезгілдік  ауытқу  әсерін  жеткізеді, бір қалыпты  аудандарда қалыпты температураны нашар  тасымалдайды. Температураның кенет ауытқуы қатты аяз немесе аптап – организм үшін жағымсыз. Салқындаумен немесе ыстықтаумен күресетін құралдар бар. Қыс түсе салысымен пайкилотермдік  жануарлар мен өсімдіктер қысқы ұйқыға кетеді. Зат алмасудың интенсивтілігі кенет төмендейді, жабындарда май мен көміртегі жиналады. Жасушадағы су мөлшері төмендейді,  қатып қалуға кедергі келтіретін қант пен глицерин жиналады. Жылдың ыстық уақытта физиологиялық механизмдер қосылады да, күюден сақтайды. Өсімдіктерде судың булануы жоғарылайды да, жапырақтардың температурасы төмендейді. Жануарлар да тыныс алу жүйесінен және тері жабынынан булануы жоғарылайды. Сонымен қоса пайкилотермдік жануарлар күйіп кететіндер бейімделу жеңісі арқылы сақталады: микроклиматты  жағымды тіршілік  ортасын таңдайды, ыстық күндері інінде немесе тастың тасасына тығылады, тәуліктік уақытта белсенділік танытады т.б. Сөйтіп, қоршаған ортаның температурасы организмдердің дамуында шектеуші  фактор болып табылады. Гомойотермдік – сүтқоректілер мен құстардың тіршілігі қоршаған ортаның температурасымен аз байланыста болады. Ароморфтың өзгерістер қатарын осы екі класқа кенет температураның төмендегенде белсенділікті сақтап,  практикалық тіршілік ортасына бейімделуіне рұқсат етті. Температураның төменгі әрекеті организм күшті жоюшы болып табылады. организмдегі барлық химиялық процестер сыртқы және ішкі  температураның ролі өте маңызды. Жердегі көптеген  жануарлар мен өсімдіктер жағымсыз температураға бейімделе алмай өліп кетеді. Жоғарғы температура тіршілік үшін бірдей емес,  бірақ көбіне 40 – 45OС. Тек кейбір түрлер ғана бұған да жоғарғы температураға бейімделген. Жағымды температура түрдің эволюцияның нәтижесінде бейімделген тіршілік ортасына байланысты. Дене температурасы қалыпты емес организмдерде қоршаған ортаның  температурасы жоғарлаған сайын даму мен өмірлік циклға кететін уақыт азаяды. Құстар мен сүтқоректілерде эволюциялық процестердің нәтижесінде дененің қалыпты температурасын реттейтін термореттеуші қалыптасқан.  Бұл маңызды құрал жоғарғы сатыдағы жануарлардың түрлі температурада белсенді тіршілік етуге көмектеседі. Көптеген құстарда дене  температурасы 40O С – тан жоғарғы,  ал  сүтқоректілерде төмен. Ол қоршаған ортаның температурасынан тәуелсіз сақталады.

 

Температураның адамның тіршілік процестеріне әсері. Организмдер – шынайы өмірді алып жүрушілер, дискретті зат алмасудың бірліктері. Алмасу процесіндеорганизм қоршаған ортадан қажетті заттарды қолданып, олардың алмасу қалдықтарын бөледі және ол қалдықты басқа организм қолданады; организмдер тіршілігін жоя отырып, басқа тірі организмдерінің қорегіне айналады. Негізгі зат алмасу  процесін зерттеу тірі организмдерде – физиология заты. Алайда бұл процестерде қиын өтеді, динамикалық жағдайда  негізгі тіршілік ортасы факторлар комплексініңәсерінде болады. Зат алмасуды ішкі ортаның ауытқуында арнайы бейімделусіз сақтап қалуға болмайды. Бұл бейімделулердің  сәулеленуі экологияның міндеті. Орталық факторларға бейімделу немесе физиологиялық бейімделуі. Жоғарғы сатыдағы жануарлардың бейімделуінде маңызды жоғарғы жүйке жүйесі атқарады да, экологиялық бейімделу қалыптасады. Организм  деңгейінің  бейімдету  аймағын  зерттеуде  эколог  физиология  мен  көптеген  физиологиялық  шарттарды  қолданады.  Алайда  физиологиялық  шарттарды  қолдана  отырып  экологтар  өздерінің  спецификалық міндетін орындайды: экологтарды алдымен физиологиялық процестердің жіңішке құрылысы қызықтырады, ал оның соңғы нәтижесі  сыртқы факторлармен байланысты. Басқаша айтқанда, экологтарды физиологиялық көрсеткіштер организмнің критери реакциясының ішкі жағдайы, ал физиологиялық процестердің бастамасы механизм ретінде, физиологиялық функцияның қиын және динамикалық ортасы қаралады. Термореттеушіні басты жылулық және суықтық тері рецепторлары қамтамасыз етеді. Әртүрлі температуралық әсер етулерде рецепторлы аймақ деп аталатын сыртқы ортаның температурасына бағынышты рецепторлы аймақ деп аталатын рецепторлар жауап қайтарады. Дененің жоғарғы немесе төменгі температурасы бүкіл организмге әсер етеді. Сыртқы орта мен дененің температурасы термореттелу тіршілігінің мінездемесімен анықталады. Қоршаған ортаның температурасы дене температурасынан төмен. Организм мен қоршаған ортаның арасында жылу алмасу процесі болады да, сыртқа тыныс алу арқылы жылу бөлінеді. Бұл процестерді жылу берілу деп атайды. Қышқылдану процесінің нәтижесінде жылудың түзілуін жылутүзілу деп атайды. Қалыпты жылу алмасуда жылу берілу жылутүзілумен теңеседі. Ыстық және суық климатта организмнің физикалық ауыртпашылықтары, ауру, стресс т.б. болады. Жылу түзілу мен жылу берілу сатысы өзгерілуі мүмкін. Адам организмінің суыққа бейімделу жағдайы әртүрлі болуы мүмкін (мысалы, жылу жүйесі жоқ жұмыс орны, тоңазытқышты қондырғыларда, қыста далада). Суықтың әсері үнемі емес, адам организмі үшін қалыпты режиммен алмасады. Мұндай жағдайда анық бейімделу мүмкін емес. Алғашқы күндері төменгі температураға әсер ете отырып, жылутүзілу үнемсіз өседі де, жылу берілу әлі жеткілікті шектелмейді. Бейімделу процесінен кейін жылу берілу төмендеп, интенсивтеледі. Солтүстік аймақтарда бейімделу басқаша жүреді, себебі, адамда онда тек қана төменгі температура ғана емес жарық пен күн радиациясының түсуі өзгеше. Салқындаған кезде организмде не болады? Суықтық рецепторлардың тітіркену нәтижесінде жылудың сақталуын  реттейтін рефлекстік реакция өзгертеді: терінің қан тамырлары тарылады да, организмге жылу беруді азайтады. Жылу түзілу мен жылу берілу процестерінің баланста болуы өте маңызды. Жылу берілудің жылу түзілуден асып кетуі дененің температурасына төмендеуі мен организм функциясының бұзылуына алып келеді. Дененің температурасы 35 O С – тан төмен болса психиканың бұзылуы байқалады. Одан әрі дене температурасының төмендеуі қан айналымын, зат алмасуды баяулатып, 25 O   С- тан төмен температурада адамның тыныс алуы тоқтайды. Энергиялық процестердің интенсификация факторларының бірі липидтік алмасу болып табылады. Мысалы, полярлық ғалымдарда ауаның төменгі температурасы зат алмасуды баяулататын энергетикалық шығындарды көбейтеді. Олардың рациондары жоғарғы энергетикалық байлығымен ерекшеленеді. Солтүстік аймақтардың тұрғындарында зат алмасу интенсивті жүреді. Олардың рациондарының негізгі массаларын белоктар мен майлар құрайды. Сондықтан да олардың қан құрамында май қышқылдары көп болады, ал  қант аздап төмен. Дымқыл, суық климатқа, оттегінің солтүстікте жеткіліксіздігіне, сонымен қоса газ алмасу, қанның сары суында жоғарғы холестерин болуына және қаңқа сүйектерінің минералдануына бейімделген адамдарда майдың қабаты қалың болады. Алайда адамдардың барлығы суыққа бірдей бейімделе алмайды. Көп жағдайда кейбір адамдарда Солтүстік аймақтың жағдайында ағзаның қорғаныс механизмдері мен қайта бейімделуі  дезадаттация – «поляр ауруы» деп аталатын ауру, потологиялық өзгерістердің қатарын шақыруы мүмкін. Маңызды факторлардың бірі адамның  Қиыр Солтүстікке бейімделуін қамтамасыз ететін, әртүрлі инфекция түрлерінен қорғайтын, организмнің аскорбин қышқылын (С дәруменін) қажетсінуі. Жоғарғы температура әсеріне бейімделу. Жоғарғы температура адам организміне жасанды және табиғи әсер етуі мүмкін. Бірінші жағдайда жоғарғы температуралы жұмыс орны алынады, келесісі ыңғайлы температурада болу. Температураның қабылдауы индивидуалды. Бір адамға суық аязды қыс, ал басқаларына жылы және құрғақ қыс ұнайды. Бұл адамдардың физиолгиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қоса климаттық аудардарды эмоциялық қабылдауы. Адамның денсаулығы қандай да бір деңгейде температуралық жағдайға байланысты. Мысалы, қыста адамдар суық тию, өкпе аурулары, тұмау, баспа (ангина) ауруларымен ауырады. Тау климатының адам организміне әсері. Адамның тіршілік ететін аудандарының ең экологиялық күрделісі биік тау шыңдары.  Бұл жағдайда организмге әсер ететін негізгі абогендік фактор  парциялдық атмосфераның газ қысымының өзгеруі, оттегі бөлігі, орташа тәуліктік температура, жоғарғы күн сәулесі болып табылады. Кейбір қалалар теңіз деңгейінен биікте орналасқан: Мехико -2277 м, Аддис – Абеба – 2000 м шамасында. Кавказдағы, Гималайдағы, Помирдегі және т. б. жерлерде көптеген ауылдар биік тау шыңдарында орналасқан. Жалпы алғанда биік тауларда миллиондаған адамдар тіршілік етеді. Осындай жағдайда тіршілік етіп үйренген адамдардың бейімделу кезінде бейімделу құралдары болады. Сонымен Перуандық Анд үндістерінің қанында жоғарғы гемоглобин мен эритроциттер болады (1 л қанда 8 *1012). Бірақ барлық адамдар тау климаты факторларының әсерін жеңе алмайды. Бұл организмнің физиологиялық ерекшеліктері мен дайындығына байланысты. Егер адам оған бейімделе алмаса, парциалдық оттегі қсымы төмендеп, тау ауруына шалдығады. Оны гипоксия – организм жабынына оттегінің жетіспеуі деп атайды. Адамды кенеттен биік таулы аймаққа (3000 м) орналастырса, тау ауруы асқына түседі: ентігу, әлсіздік, жүрек соғысының жиілеуі, бас айналу, бастың ауруы байқалады. Одан әрі сол аймақта қалып қойса адам өліп кетуі де мүмкін. Егер адамдар туристік саяхатқа шығып, тауға өрмелеумен алналысқысы келсе арнайы медициналық тексерілуден өтуі керек. Қоршаған ортаның температурасы мен өмір. Ерте уақытта температуралық фактор адамдардың тіршілік ортасын таңдауда маңызды  роль атқарған.Адам отты ойлап тапқан кезде, ода сыртқы ортадан тәуелсіздігі пайда болды. Бірақ бұған да қарамай температура өз маңыздылығын  жоғалтпайды. Бұған куә ретінде жылдық орташа температура қолайлы аудандарда адмадардың көп қоныстанауы.

Физологиялық  механизмдерді зерттеу және адам оргаизмінің төмен температураға қалыптасуы

Жеке адамдар топтары  құратын табиғи эко жүйелері әртүрлі  болып келеді. Әртүрлі табиғи өлкелерге  бейімделген ата - заманнан қалыптасқан топтарды  «экотиптар» деп атайды. Осы әртүрлі экоптиптардың мүшелері өздерінің дене бітімімен, бет пішінімен , терісі мен шаш түсімен,тамаққа бейімділігі мен және энергетикалық балансымен, әртүрлі ауруларға қарсылық жасау, сонымен қатар өсу мен даму жылдамдығымен айрықшаланады. Өмір сүру жағдайының табан астында өзгеруі осы экотиттердің мүшелеріне кері әсерін келтіреді. Ең үлкен экотиптерге жататындар: арктикалық, тропикалық аридті (шөл далада тұратындар), тау тұрғындары, ортатеңізде тұратындар, орта субтропикалықтар. Дене қызуының қалыпты болуына адам организмі біраз энергия жұмсайды. Ішкі дене қызу режимі организмнің нейрогумаральды механизмдермен бірқалыпқа келтіріледі, сонымен қатар ең маңызды ішқұрылысының өмірге қажетті мүшелері.   Гомеостаздың басқа маңызды константасы   болып табылатын қан құрамындағы мен оттегі мен көміртегі қышқылы мөлшері. Сонымен, адамның өмір сүру қабілетіне әсер ететін ең маңызды ауа райы факторлары болып табылатын географиялық аймақтың температуралық және оттегілік режимі. Осы айтылған адамның  Гомеостаз белгілері физиологиялық реакциясымен, қан жүруімен негізгі ауысымы жүйелендіреді (қан тасымалдау және бұлшық еттегі жылуды). Осы реакциялар адамның қатты жұмыс істеген кезінде жылуды қалыптастыру үшін керек. Адам, бірнеше ұрпақтар аралықта көптеген қоршаған ортаның қатаң жағдайына қалыптасады, соның ішінде Қиыр Солтүстік пен Оңтүстікте, алайда бұл жеке адамның қалыптасу резервіне байланысты және ауру мен ерте өліміне алып келеді. Адам қосымша мәдени және әлеуметтік жағдайларды қолданады: пана, киім, жылу жүйесі, желдеткіш және т.б. Осылардың көмегімен адам экстремалды ауа райы жағдайларына төзеді. Мысалы, Верхноярскіде қаңтардың орта температурасы 35OС, жылдық көрсеткіші -18оС, ал Алжир Сахарасының оазистерінде шілде айының температурасы +38оС , ал жылдық көрсеткіші +12оС асады. Әртүрлі экотиптердің адамдарының жоғарғы және төмен температураға қалыптасуы әртүрлі. Орташа алғанда, адамның жылулыққа бейімделу өте тез болады, өйткені ол незізгі ауысудың жылдамдығымен байланысты. Суыққа қалыптасу қабілеттілігі сонымен қатар тамақтануда, оның ішінде диетадағы ақуызбен майлылығы құрамы көп әсер етеді. Суыққа бейімделу кезінде адамдар да жануарлар сияқты тері астына май жинап, суыққа қарсы тұрады. Егер де  сыртқы факторлар әсерінен адам ағзасы қоршаған ортаға уақытша қалыптасқан болса, оны аккомодация (лат. бейімдеу) деп атайды. Адамзаттың қоғамы  толық қалыптасу үшін  көп уақыт қажет (ғасырлар және мыңжылдар) және де ол тұқымдық, генетикалық жағынан нығайтады.Осындай бейімделуді эволюциялық бейімделу деп атайды. Адам ағзасының төмен температураға бейімделудің  физиологиялық механизмдерін тексеру үшін қарапайым түрді пайдалануға болады – қолды тұз қосылған  суға түсіру арқылы осы тәсіл ағзаның бейімделу реакциясын тез суықтану тітіркенуі арқылы өлшеуге мұрша береді.

Сараптама.

Ең бірінші сынаққа  түскенде, орындыққа отырғызып, әр минит  сйаын  қан қысымы мен соғуын  өлшейді, көрсеткіштері өз қалпына  келгенге дайін. Қан соғуды 10 секунд санайды, болған нәтижені 6-ға көбейтеді. Содан соң сынаққа түскен адамның қолын 1 минутқа суық суға батырады. 30-60 секундтан кейін систологиялық және дистологиялық қысымын өлшейді. Тағы да арнайы өлшегішпен немесе қолмен қан суығын  санайды. Қолды судан алған соң, барлық  өлшемдерінің  алғашқы көрсеткіштері орнына келгенше, әр минут сайын өлшем жасайды. Сынаққа түсушінің беті мен қолдарының түсі өзгергендігін бақылайды.

Жас адамның  систологиялық қысымы 20-30 мм дейін көтерілуі мүмкін. Суық ауа райына үйренген адамдар, суыққа төзімділігін көрсетеді. Жеке сезімдері. Сынаққа түскендердің сөзінен, қандай сезімде  болғандығын және  қаншалықты ауырғаны туралы жазып алу. Әртүрлі әлеуметтік салада тұрып жатқан  және әртүрлі ауа райы жағдайында туып өскен 3-4 студенттерді сынаққа алып, салыстыру.

Сараптама нәтижесі.

1. Первомаева Әсем №47орта  мектебінің  9 «ә» сынып оқушысы, Мерке ауылында, таулы аймақта  туып  өскен. Үлты- қазақ. Жанұя  ақуалы-  орташа. Сыныпқа  8-ші  сыныпта  келген. Сынаққа  түсер  алдында  қан тамырларының  соғуы 1мин  85рет, қан  қысымы 110-70мм, ал  дене  қызуы  36,6 оС . Қолын  суға  батырған  соң  оның  қан  соғуы  4-ке  көтерілді, қан  қысымы  118-72мм , ал  дене  қызуы 37оС-қа  дейін  көтерілді.

2.Ералиева  Ырысты 47 орта  мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы. Тараз  қаласында  туып-өскен, орташа, бір  қалыпты  ауа  райлы  аумақта, ұлты- қазақ.Жанұя  ақуалы-орта. Сынаққа  алар  алдында  қан  соғуы  мин 81, қан  қысымы 116-69 мм, ал  дене  қызуы 36,6оС .қолын  суға  батырғаннан  кейін, қан  соғуы-6-ға  көтерілді, қан қысымы-120-13 мм, ал дене қызуы 35,6 оС – қа дейін  түсіп кетті. Сонымен қатар бет терісі мен қолы ағарып, қолы ауырып, шымырлады, және қолы ұйып қалды.

3. Жайлаубаев  Нұржан №47 орта мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы. Тараз қаласында туып – өсті, орташа – бірқалыпты ауа райлы аумақта. Ұлты – қазақ. Жанұя ақуалы – орта. Сынаққа алар алдында қан соғуы 77 мин, қан қысымы 120 – 70 мм, ал дене қызуы 36,5оС. Қолып суға салғаннан кейін, қан соғуы 11-ге көтерілді, қан қысымы 122-74 мм, ал дене қызуы 35,5оС  дейін төмендеді.

4. Абдуллатегі  Мөлдір №47 орта мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы. Шымкент қаласында туып – өскен. Орта – бірқалыпты ауа райлы аумақта. Ұлты қазақ. Жанұя ақуалы – орта. Сынақ алдында қан соғуы 65 мин,қан қысымы-110-70 мм,ал дене қызуы–36,5 оС.Сынақтан кейін қан соғуы 66 - ға көтерілді. Қан қысымы 119-76 мм, ал дене қызуы 35,7 оС дейін төмендеді. Сонымен қатар бет терісі мен қолдары ағарып, ауыра бастады, шымырлады, қолдары ұйыды.

5. Астанова  Балжан №47 орта мектебінің оқушысы. Тараз қаласында туып – өскен. Ұлты – қазақ. Жанұя ақуалы – орта. Санақ алдында қан соғуы -59, қан қысымы 105-70 мм, ал дене қызуы -36,6 оС. Сынақтан соң қан соғуы 9-ға көтерілді.  Қан қысымы -115-75 мм, ал дене қызуы – 35,3 оС – қа төмендеді. Сонымен қатар бет терісі мен қолдары ағарды, ауыра бастады, шымырлап қолдары ұйып қалды.

6. Сатабеков  Ғалымжан №47 орта мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы . Тараз қаласында туып – өскен. Ұлты – қазақ. Жанұя ақуалы – орта. Сынақ алдында қан соғуы -68, қан қысымы – 119-80мм, дене қызуы – 36,6 оС. Сынақтан соң қан қысымы 130-83 мм, қан соғуы 7-ге көтерілді. Дене қызуы 36,5оС.Сонымен қатар бет терісі мен қолдары ағарып, ауыра бастады, қолдары шымырлап ұйып қалды.

7. Сейдаханов  Жалғас №47 орта мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы. Тараз қалсында туып  өскен. Ұлты – қазақ. Жанұя ақуалы – орта. Сынақ алдында қан соғуы 98, қан қысымы -130-78мм, ал дене қызуы 36,6оС. Сынақтан соң, қан соғуы 5-ке төмендеді, қан қысымы 139-78 мм. Дене қызуы 36,7оС- қа көтерілді.

Қалыптасу – ол адам ағзасының  өзгерегн қоршаған ортаға бейімделу процесі. Бұл термин, адам ағзасының жалпытабиғи, өндірістік және әлеументтік жағдайларға бейімделуін көосетеді. Қалыптасу ағзаның орта қалыптылығын қамтамасыз етеді. Қалыптасудың негізгі мүшесі болатын стресс – синдром – ерекше емес реакциялардың нәтижесі, олар гармондарды қан мен бұлшықеттерге жеткізеді, гомеостатикалық жүйелердің жұмысын жақсартады. Стресс (біздің оқиға – ол қолды  мұздай суға батыру) әдетте ағзаға стрессордың қатты әсер етуімен болады. Қалыптасудың жеке бөлігі болатын – акклимитизация. Акклимитизация – ол жаңа  өзгеше географиялық ауа райы ортаға бейімделу. Адамның акклимитизациясы әлеуметтік – биологиялық күрделі жүйесі, оның ішінде дамудан басқа үлкен роль атқаратын әлеуметтік ортаның еңбек және  тұратын орны, ауа райы ықпалына қалыптасқан.

Тыныстың тоқтауы, терінің  ағаруы, бет жақта орналасқан қан  тамырларының тарылуына байланысты. Сынақ нәтижесінің географилық  сызбасының көрсеткіші ағзаның вегетатативті  жүйелерін суыққа деген әртүрлі  ықпалын анықтайды.

 

Нәтижелерді өңдеу және қорытынды.

Әртүрлі дене мүшелері суықтатудың  және тереңділігіне  байланысты, жергілікті суықты пайдалану ағзаға жан – жақты әсерін тиізеді. Жергілікті терең суықтату дене мүшелерінің үсіп қалуына әкеледі, бұлшық еттердің сүйекпен қоса. Адам ағзасына кері әсер температураны қолданған кезде  қолдарын, аяқтарының, бет терісінің тамырлары тарылады, зат алмасуды өзгертеді.  Төмен температулар сонымен қатар ішкі мүшелерге де әсер етеді, және  осы температуралар  көп уақыт қолданса олардың ауырып қалуы мүмкін. Күшімен созылмалы суықты пайдалану үсіпа кетуге әкеледі, ол  ең бірінші әлсіреуге әкеледі. Содан соң шаршағандық, құмарлықсыз, дене түршігіп ұйқы келеді, анда – санда көріністер пайда болады.  Егер  де сақтау шаралары  қолданбаса, адам терең  ұйқыға кетеді, кейінгі тыныс алу және жүрек жұмысының  тоқталуы мен ішкі дененің температурасының  төмендеуімен, медициналық тәжірибенің көрсетуімен, егер дененің  ішкі қызуы 20 оС төмен болса, өмірлік  қызметтерін  қалпына келтіру мүмкін емес.

Информация о работе Адам ағзасының төмен температураға бейімделуінің физиологиялық механизмі