Адамның туа біткен ақаулықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2015 в 12:45, реферат

Краткое описание

Гистологияның негізгі зерттеу нысаны - тіндер онтогенезің алғашқы сатысында, яғни эмбриондық даму кезінде пайда болады. Сол себепті, тіндердің қасиеттерін жан-жақты бағалау үшін, олардың эмбриондық даму көздерін механизмдерін т.б. жеткілікті білу қажет. Осы заңдылықтарды зерттейтін ғылым- эмбриология адам эмбриологиясы мен көптеген: педиатрия, акушерлік қызмет, гинекология, терапия және т. б. ғылыми іргесін қайталайды.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Адам жыныс жасушаларының құрлысы, қызметі.
1.1Ұрықтану және оның биологиялық маңызы, жалпы эмбриология.
2. Жеке даму заңдылықтары. Эмбрионалдық даму.
2.1. Даму кезендегі организмнің бөліктерінің өзара әсері.
2.2Дамудың қатерлі кезеңдері.
3. Адамның туа біткен ақаулықтары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Адам эмбриологиясы туралы түсінік.doc

— 115.50 Кб (Скачать файл)

Проэмбриональдық кезең-жыныс клеткаларының пісіп жетілуі.

Эмбриональдық кезең- ұрықтың жатырда даму кезеңі.

Постэмбриональдық кезең-сперматозоид пен жұмыртқа клетканың қосылып, ұрықтану нәтижесінде зиготаның түзілуінен басталады. Зиготалардың хромосомаларының жиынтығы –диплоидты.

Эмбриональдық кезең 4 сатыдан тұрады:

  1. Ұрықтану
  2. Бөлшектену және бластула
  3. Гаструляция
  4. Гистогенез және органогенез.    

        Ұрықтану –сперматозоидтың жұмыртқа клеткасына енісімен аналық клеткасының цитоплазмасында қарқынды түрде сегрегация процессі жүреді. Сперматозоид жұмыртқа клеткасының қабықшасында акросомалық реакция жүреді;Бөлшектену сатысында зигота митоздық жолмен бластомерге бөлінеді. Бластомерлер өспей, тек ұдайы бөлінеді, олардың саны көбейгенімен ұрықтың көлемі бастапқы зиготаның көлеміндей ғана болады.Бастапқы сатыдағы бластомерлердің бәрінен тұтас организмді дамытуға қабілеттілігі тең болады. Ұрықтың бөлшектенуі омыртқалылардың жұмыртқаларының типіне байланысты түрліше жүреді. Бөлшектенудің толық біркелкі және әркелкі, толық емес дискоидальдық және беткейлік типтері белгілі. Бөлшектену бластуланың қалыптасуымен аяқталады. Көптеген клеткалардан тұратын тұт

ағашының жемісіне ұқсайтын морула , немесе ішінде қуысы бар, көпіршік тәріздес ұрық бластула қалыптасады. Бластуланың қабырғасы бластодерма, бір қабат орналасқан клеткалардан құралады, ішіндегі қуысы- бластоцель бластомерлерден бөлінетін сұйықтықпен толтырылған.Гаструляция сатысының бастапқы кезеңінде сыртқы және ішкі ұрық жапырақшалары, содан соң үшінші –хода мезодермальдық-жапырақша пайда болады. Ұрықтың жапырақшалары қабат –қабатпен орналасады: сыртқы эктодерма, ішкі эндодерма, екеуінің арасында –мезодерма. Гаструляцияның жүру жолдары: инвагинация, иммиграция,эпиболия және деламинация.

 Инвагинация  кезінде бластуланың бір бөлігі ішінде қарай кіреді.

Иммиграция кезінде бластуланың қабырғасындағы бластомерлердің бір қатары ұрықтың ішкі қуысына қарай көшіп, ауысады, эндодерманы құрайды.

Эпиболияда бластуланың тез бөлінетін  бөлігінің клеткаларымен баяу бөлінетін бөлігі көмкерілік жабылады.

Деламинацияда блстуланың қабырғасындағы бластомерлер 2- ге бөлініп ажырайды, сыртқы клеткалар қабатынан –эктодерма, ішкі клеткалар қабатынан – энтодерма жетіледі.

Гистогенез-жіктелген клеткалардан ұлпалардың пайда болу процессі.

Органогенез- мүшелердің қалыптасуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дамудың қатерлі кезеңдері

 

    Онтогенездің кейбір кезеңдерінде ұрықта өте жоғары сезімталдық болатынын австриялық дәрігер Норман Грегг 1944 жылы және Кеңес эмбриологы П.Г. Светлов 1960 жылы анықтады.Ұрықтық дамудың кезеңінде және оның мүшелерінің қалыптасуында күрделі сапалық қайта құрулар жүреді. Клеткалардың пролиферациясы және дифференциациясы кезінде ұрық зиянды әсерлерге өте сезімтал болады. Ұрықтың дамуына зиянды әсер ететін факторлар тератогендік ( лат, teres-ақаулар) факторлар деп аталады. Оларға рентген сәулесі, алкогель, никотин,дәрі-дәрмектер, вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, құрттар және т.б. жатады.Дамудың қатерлі кезеңдеріне прогенезде жыныс клеткаларының пісіп жетілуі (мейоз);эмбриогенезде –ұрықтану,имплантация, плацентация,гаструляция жатады.

   Организмнің даму  ақауларын және кемістіктер зерттейтін ғылым бөлімі тератология деп аталады.Кемістіктер, сыртқы және ішкі әр түрлі физикалық факторлар мен химиялық заттардың (тератогендердің) әсерінен генетикалық немесе генетикалық емес өзгеріс нәтижесінде пайда болады. Тератогендердің әсер ету сипаты мен олардың ортамен арақатынасына байланысты кемістер- 3үш топқа бөлінеді:

  1. Генетикалық
  2. Ортаға байланысты генетикалық
  3. Тұқым қуаламайтын не экзогенді

Бұлардың ішінен бізді ең алдымен қызықтыратын –генетикалық анаманияларнемесе кемістер.

    Генетикалық кемістерді жіктеудің критерийлеріне геннің пенетранттылығы алынады. Осыған орай мутантты гендер 1.летальды , 2. сублетальды ,3.Субвилетальды болып үшке бөлінеді.

Летальды гендерге толық пенетрантты яғни дамудың кез- келген стадиясына организмді өлімге душар еткізетін гендер жатады.Жартылай летальды –гендер 50-90% жағдайда организмнің өліміне әкеледі. Организмнің тіршілік қабілеттілігін 10-50% төмендететін гендер субвитальды деп аталады. Адамның эмбриональдық дамуында П.Г. Светлов 3 қатерлі кезеңді көрсетеді:

  1. имплантация –ұрықтанудан кейінгі 6-7 тәулік.
  2. Плацентация 2-3 апталар.
  3. Перинатальдық –ананың  босануы, нәрестенің дүниеге келу уақыты.

Ұрықтың сезімталдығы тіршілік ету жағдайларының өзгеруіне байланысты және организмдегі барлық мүшелер жүйесіндегі қайта құруларға сәйкес келеді. Имплантацияда ұрық жатыр қабырғасына енеді. Ұрықтың айналасында қан құйылған имплантациялық шұңқыр пайда болады.

Екіқабаттылықтың алғашқы 2 аптасында ұрық осы шұңқырдағы қоректік материалды пайдаланады. Плацентацияда ұрық пен анасы арасында тығыс байланыс қалыптасады, ұрықтың қоректенуі, тыныс алуы анасының қаны арқылы жүреді. Перинтальдық туылу кезінде нәресте анасының жатырынан сыртқы ортаға шығады, өздігінен тыныс алады,қоректенеді,зәр шығарады және т.б. автаномдық тіршілік ету процестері басталады.

 

Адамның туа біткен ақаулықтары

 

    Даму сатысына  тәуелді эмбриогенез кезінде  бірнеше тератогенді факторлардың  әсерінен көптеген ақаулықтар  пайда болуы мүмкін. Осы барлық  ақаулықтарды 4-ке бөліп қарастырайық.

  1. Гамметапатия – эмбриогенез кезіндегі ұрықтануға дейінгі гамметалардағы патологиялық өзгерістер,ол спонтанды түсікке, нәрестенің тұқым қуалайтын түрлі ақаулықтармен дүниеге келуіне әкеліп соқтыруы мүкін.
  2. Бластопатия – эмбриональдық дамудың эмбриогенез кезіндегі ұрықтанумен байланысты процестен кейінгі, алғашқы екінші аптасындағы ана жатырының жарылып, нәрестенің дене мүшелерінің шектен тыс ісіп кетуі байқалады.
  3. Эмбриопатия –ұрықтың жатыр қабырғасына бекінгененен, плацентаның түзілуіне дейінгі аралықтағы ұрықтың зақымдану. Бұл жағдайда ана мен нәресте арасындағы зат алмасу үзіліп, спонтанды түсікке әкеп соқтырады.

Эмбриопатияның түрлері:

1.  Вирустық  эмбриопатия – «Embryopathia viralis» жүктіліктің алғашқы айында анасының вирустық аурумен науқастануынан туады.

2.  Диабеттік  эмбриопатия-– «Embryopathia diabetika» анасының қант диабетімен сырқаттануынан туатын эмбриопатия.

3.  Қызанық эмбриопатиясы -«Embryopathia rubeolaris» жүктіліктің 3-ші айындағы ұрықтың, анасының қызанықпен зақымдануымен ауру пайда болуы.

4. Сәулелік эмбрипатия--«Embryopathia radialis» қағанақ немесе ұрықтың иондаушы сәулелердің әсерінен , даму кезінді өзгеріске ұшырауы.

    Фетопатия- жүктіліктің 12 аптасынан бастап, туылуға дейінгі   аурулардың жалпы атауы.

 

   Даму сатысында  адамның туа біткен ақаулықтары байқалады

Гиперплазия- қандайда бір ұлпаның немесе мүшенің клеткасының шамадан тыс үлкен болуы. Нәтижесінде белгілі бір мүше қалыптан асып дамиды.

Қазіргі таңда гиперплазия көптеген ауру анамалиясы болып кездеседі. Олардың ішіндегі ең кең тарағаны – гиперплазия эндометрия.

Гиперплазия- эндометрия-бұл жатырдың ішкі кілегейлі қабықшасының өз көлемінен үлкеюі. Өз уақытында ем қабылдамаған жағдайда эндометриялық рак туындайды. Бұл ауруды емдеу үшін фитотерапия , гирудотерапия әдістерімен емдейді.

Аплазия-анамальдық ауру , белгілі бір мүшенің немесе мүше бөлігін болма.

Гипоплазия- ұлпаның, мүшенің, дене бөлігінің , тіпті бүкіл дененің толық жетілмеуі. Бүкіл дененің гипоплазиясы микросомия немесе нанизма деген атау алады.Гипоплазияның кең тараған түрі жеке мүшелердің толық жетілмеуі.

Эмальдық гипоплазия – тіс ұлпасының құрылымын , минералдануының толық жетілмеуі. Көбіне эмаль өзі зақымданады, асқынған жағдайларда дентиннің зақымдануы байқалады. Эмальдық гипоплазия тіс бетінде ақ-сары нүкте , қара сызық ретінде көрінеді. Кейбір кезде тістің жартылай түзілісі байқалады.

Дерма-фокольдық гипоплазия (Гольтқа –Горлика синдромы)-тұқым қуалайтын ауру. Мұндай гипоплазияның белгілері: гиперпигменттік тері,тырнақтың дистрофиясы, гипотрихоз, көздің анамалиялық дамуы.

Жыныс мүшелерінің гипоплазиясы –жыныс гормондарының бөлінуі төмендейді, овуляция және сперматогенез процестерінің бұзылуы байқалады. Нәтижесінде бір емі- гормондық  балансты  қалыпқа келтіру.Бүйрек гипоплазиясы –бұйрек бөліктерінің өз көлемінен өзгеріске ұшырап, толық жетілмеуі. Егерде өз уақытында емдемесе пиелонефрит ауруы туындауы мүмкін.

Гидроцефалия- макроцефолия ми сұйықтығының көбеюіне байланысты.  Миксодема-мойынның зоб тәрізді дүмпеюі, әсіресе желке жағы ісінген.6. Полидактимия-саусақтардың еселенуі, кейде омыртқа және жілік сүйектерінің қысқаруы.

Атрезия –Atresia-тума кемістік немесе қандай да бір түтіктің немесе тесіктің болмауы. Көбіне кең тараған түрі, тік ішектің төменгі бөлігінің тесігінің болмауы. Клапандық атрезия – жүрек клапандарының жолы дұрыс болмайды, жүрекше мен қарынша арасындағы хабар алмасу үзіледі. Бұл ауру тума жүрек порогында көптеп кездеседі. Бір қарыншаның қызметінің бұзылып, ауырлық екінші қарыншаға түсуі байқалады.

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Онтогенез - бүкіл организмнің негізгі процестерінің бірі, ол осы организмдердің пайда болуынан бастап өлуіне дейінгі кезең. Ол екі кезеңге ұрықтың пайда болып тұалуына дейін және тұлғаннан өлгенге дейінгі кезеңнен тұрады. Бұл процеске прогенездіде жатқызуға болады ол гаметалардың қалыптасуынан тұоатын процес. Ал ұрықтану дегеніміз аталық пен аналық жыныс жасушалары қосылатын маңызды әрі күрделі процес. Аталық жыныс жасушасы спермотозойд ал, аналық жыныс жасуша овоцит. Ал олардың кемістіктері болса немесе мутацияға ұшыраған жағдайда  бедеулік, туа біткен ақаулықтар болуы мүмкін. Зигота тұзілгеннен кейін бір жасушалы ұрықтан көп жасушалы бластоциста түзіледі. Ал одан кейін алты тәуліктен соң гаструляция сатысы басталады. Оқшауланған бластомерлердің тотипотенттіліктің негізінде сапалы организм дамуы мүмкін.Бірақ бластомерлердің бірін жойса, жанындағы екінші бластомерден ақау-кемтарлықтары бар организм дамитыны тәжірибеде байқалған. Себебі,екі бластомердің дұрыс дамып жетілуі бір-біріне тәуелді. Ұрық бөліктерінің дамуы кезінде бұл заңдылық Г. Шпеманның көздің қалыптасуы мысалынан өте жақсы байқалады. Аралық ми ұлпасының бөлігі болып табылатын көз көпіршігі тері эктодемасына қарай бағытталып өсіп, онымен жанасқан жерде алдымен көз бұршағы қалыптасады.

    Егер ұрықтың  бір жағындағы көз көпіршігінің  бастамасын алып тастаса , ол жерде  көз бұршағы түзілмейді. Керісінше , егер көз көпіршігінің бастамасын бөліп алып, бастың немесе дененің басқа жеріне орналастырса, сол эктодермамен байланысқан жерде көз бұршағы жетіледі. Ал көз бұршағы көз тостағаншаларының                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    қалыптамуына әсер етеді. Олай болса, бір мүшенің дамып жетілуі, келесі мүшенің қалыптасуына себеп болады.                                                                                                                                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

1. С.А.Ажаев «Гистология»

2. Афанасьв «Гистология, цитология с основами эмбриологии»

3. Быков. Л.В. Цитология и общая гистология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы білім министірлігі

АО Қазақ  медицина академиясы

 

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Эмбрионалдық даму жолы

және шығу тегі. Жыныстық диференцировкасының факторлары.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Нұртуған .Д.

Тексерген:Қошыбаева Қ.Т..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аатана - 2011


Информация о работе Адамның туа біткен ақаулықтары