Компания капиталының құрылымы мен құнын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Еліміздің қазіргі кездегі экономикасының басты тұтқасы - корпорациялардың қаржылық жағдайымен тікелей байланысты. Яғни шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұтқасы неғұрлым берік, рентабельділігі және төлемқабілеттілік деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын оның экономикасын оңтайландыру ықтималдығы арта түспек. Қазіргі корпоративтік қаржы теориясының базалық ережелеріне сәйкес, құнды басқару тұжырымдамасының негізін екі іргелі принцип құрайды:

Содержание

Кіріспе бөлім

1. Компания капиталының құрылымы мен құнын анықтау.
1.1. Компания капиталының құрамы мен оның тиімді құрылымын анықтау тәсілдері.
1.2. Компания капиталының құнын анықтау әдістері.
2. Компания капиталының құрылымын оңтайландыру.
2.1. Компания капиталын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны пайдалану.
2.2. «Батыс Транзит» АҚ тәжірибесі шегінде компанияның капиталының құрылымына талдау.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

Компания капиталының құрылымы мен құнын анықтау.docx

— 49.48 Кб (Скачать файл)

Дивидендтер өсімінің жылдамдығын анықтаудағы  бұл тәсілде келесідей болжамдар жасалады:

      • төленетін дивидендтер үлесі уақыт мерзімінен өзгермейді деп күтіледі;
      • меншікті капиталдың болашақ рентабельділігі жеке капиталдың нақты рентабельділігіне тең деп күтіледі;
      • компания жаңа акциялар шығарады деп күтілмейді;
      • компанияның болашақ жобалары қолдағы бар жобалардағы тәуекел деңгейімен бірдей болады деп күтілуде.

 

     Меншікті капитал құны үлестірілмеген табыс бағасы болып компанияда осы көздер бар болғанша саналады және компанияда үлестірілмеген табыс тауысылған кезде жаңа шығарылымдағы қарапайым акцияның бағасы болады. Жеке капиталдың құны үлестірілмеген табыс бағасынан гөрі қарапайым акциялар түрінде жоғары болады.     

Бұл тәсілмен есептеу үшін келесі бастапқы мәліметтер қажет:

      • акциялардың ағымдағы нарықтық бағасы;
      • дивидендтер туралы ақпарат;
      • дивидендтердің өсу жылдамдығын бағалау.

Капиталды активтердің баға түзу үлгісі (САРМ)

. Бұл үлгіні қолдану кәсіпорын жұмысының пайдалылығын сипаттайтын мағлұматтардың едәуір үлкен мөлшері болғанда тұрақты нарықтық экономика жағдайында анағұрлым кең тараған.     

Капиталды активтердің баға түзу үлгісі меншікті капитал табысын акционерлер үшін тәуекелмен тікелей байланыстырады. Кез-келген инвестиция тәуекелінен күтілмелі сыйақы тікелей оның нарықтық тәуекелімен байланысты болады.     

Аталған үлгі болжамдарының маңыздысы келесі аппарат болып табылады:

  1. барлық инвесторлар үшін салым мерзімі бірдей;
  2. ақпарат барлық инвесторлар үшін дербес және дереу;
  3. инвесторлар біртекті болжамдарға ие, яғни болашақ табыстылықты, тәуекелді және бағалы кағаздар табыстылығының ковариациясын бірдей бағалайды;
  4. тәуекелсіз пайыздык ставка барлық инвесторлар үшін бірдей.

 

   Капиталды активтердің баға түзу үлгісі меншікті капитал құнында екі құрамдасты ажыратады каржы салудан тәуекелсіз пайда және компания акцияларына инвестициялағандағы тәуекел үшін қосымша сыйақы, Тәуекел үшін сыйақы жалпы нарықтық портфельде орта табыс және нақты компанияның бета (β) - коэффициентінен (немесе тәуекел) тұрады.                                           

RJ=R+(Rf-Rm)*β

мұндағы

RJ - меншікті капитал құны, Rf- тәуекелсіз ставка,

Rm - нарықтық портфельдің, күтілмелі табыстылығы, β - акциялар  үшін «бета» коэффициенті.     

Үлгі көрсеткішін енгізумен анықталатын нақты фирманың тәуекел керсеткішін маңызды түрде қолданады. Бұл көрсеткіш былайша құрылған,    β = 0, егер компания активтері мүлдем тәуекелсіз болса;β=1 егер аталған кәсіпорынның активтері нарық бойынша орташамен бірдей тәуекелді болса. Егер нақты кәсіпорында 0 < β< 1 екені белгілі болса, онда бұл кәсіпорын нарық бойынша орташаға қарағанда аз тәуекелді, ал егер β > 1 болса, онда  
кәсіпорын едәуір үлкен тәуекелге ие. ':      

Өткен жылдар мағлұматтары негізінде β анықталады.Зерттелетін кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы мәліметтері және орташа нарықтық табыстылық бойынша кәсіпорынның табыстылық коррелляциясын және орташа нарықтық табыстылықты сипаттайтын сәйкес түзу сызықты регрессионды тәуелділік құрылады. Бұл тәуелділіктің регрессионды коэффициенті β- факторды бағалауға негіз болады.Сондай-ақ елдерде потенциалды инвесторлардың бағдарлануы үшін көптеген компаниялар үшін β көрсеткіштері бар анықтамалықтар басылып шығарылуда.

Тәуекел үшін облигациялар мен сыйақының табыстылығын қосу тәсілі.      

Бұл тәсілде компанияның меншікті капиталын бағалау үшін негіз ретінде қарыздын салыққа дейінгі бағасын құрады. Компания қарызының салыққа дейінгі бағасы тәуекелсіз ставкадан тәуекел үшін сыйақы көлеміне асады. Компания тәуекелі неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым сыйақы үлкен және компанияға заемдык заттарға пайызды соғұрлым көп төлеуге мәжбүр болады.     

Бұл тәсіл бойынша тәуекел үшін сыйақы компанияның қарыздық міндеттемелерінің табыстылығына 3 - 5% мөлшерде болады.     

Re= облигациялардың табыстылығы+ тәуекел үшін сыйақы

Мысал:     

Компания  нарықта 9% табыстылық беретін облигацияларын орналастырды. Жеке капиталдың шамалы бағасы кұрайды:      

Re=9%+3%=12%     

Тәуекел үшін 3% сыйақы - бұл субъективті мөлшер болғандықтан, мәннің бағасы да субъективті сипатқа ие. Бұл тәсілдің артықшылығы мынада, β коэффициенті туралы ақпаратты анықтау мен қолдану қажет емес және капиталды активтердің баға түзу үлгісі формуласы бойынша есептеу қажет емес. Бұл тәсілдің кемшілігі мынада, ол тәуекел үшін сыйақының уақыт өте келе өзгеруін ескермейді. Тәуекел үшін 3% - 5% сыйақы барлық ком-панияларда орта мәнді беретіндіктен, бұл тәсілдің дәлдігі алдңғы екеуімен салыстырғанда әлдеқайда аз.      

Өкінішке орай, жоғарыда берілген барлық үлгілер тек бағалаушы болып табылады. Демек ешбір үлгі меншікті капитал құнын нақты түрде анықтай алмайды.

Қандай тәсіл қолданғанға қарамастан, жеке капитал құны шамамен бірдей екені көрініп тұр. Сондықтан қандай тәсіл қолданса да айырмашылық жоқ. Алайда кейде бұл тәсілдер әртүрлі нәтижелер беруі мүмкін, бұндай жағдайда субъективті бағалау қолданылады.  
 

 

 

  1. Компания капиталының құрылымын оңтайландыру.

2.1. Капитал құрылымын  оңтайландыруда қаржылық тұтқаны  пайдалану.     

Компания  капитал тарту үшін бірқатар күрделі   және   көп    қырлы    шешімдер қабылдауды талап  етеді.  Бұл  шешімдер нақты   қаржылық құралдарын   жинауға;  ақша түсімдері мен инвесторлардын әр түрлі категорияларына төлемдерін төлеу кестесі мен жоспарлауына; түрлі қаржы ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын тәуекелдерге және оларды бақылау әдістеріне; жасалынатын мәмілелердің құқықтық шарттарына қатысты қабылданады.     

Капитал құрылымы - компаннянын рыноктык стратегиясын жүзеге асыру үшін кабылданған меншікті және қарыздық қаржыландыру көздерінің үйлесімділігін (арақатынасың) көрсету үшін қазіргі қаржылық талдауға енгізілген ерекше логикалык түсінік. Қазір бұл термин қаржылық тұтка түсінігімен жиі алмастырылады. Тұтқа — бұл қолданылатын шараларды жеңілдететін және олардың әсерін көбейтетін құрал. 

Қарыз қаражаттарын тарту меншік иесінің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға қолдануы тиіс. Іс жүзінде қаржылық тұтқа меншік иесінің мүддесіне жету үшін, яғни компания құнын өсіру үшін қарыз қаражаттары есебінен ұзақ мерзімді дамуды қаржыландыруда қолданылады.

Дәстүрлі талдау (-суретте көрсетілген) минималды көрсеткіштер жиынтығынан ұсынады. Көрсеткіштердің бірінші тобы - қаржылық есеп-тілікті  талдау  үшін   қолданылатын  стандартты көрсеткіштер. Бір акцияға келетін пайда табыстың ауқымын көрсетеді, оны пайдалана отырып, компания иесі шешімдер қабылдайды. Меншікті капиталдың табыстылығы (рентабельділігі) - меншік иесіне өз жетістіктерін басқа компания  және салаға қаражат салғандардын жетістіктерімен салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш. Қарыз қаражаттары үлесінің өсуі бір акцияға келетін пайданың сондай-ақ меншікті капитал табысының өсуіне, яғни бұл екі көрсеткіш те қарыздық қаржыландыруға жағымды әсер ететінін көрсетеді. Компанияның салық салынатын табысының төмендеуі және пайыздар төлеуімен байланыс-ты туындайтын салықтық төлемдерге үнемділік жоғары болған сайын бұл көрсеткіштің мәні де соншалықты көрінеді: салық төленбеген пайда осы коэффиннентердің алымын көбейтеді.      

Көрсеткіштердін екінші тобы - қарыздық қаржыландырудың дауыс беретін акциялар иесінің арасында бөлінетін пайдаға әсер ету деңгейін көрсететін коэффициенттер. Бұл көрсеткіштерді әр түрлі әдістермен есептеуге болады (-сурет). Суретте керсетілген пропорция (DFL) дауыс беретін бір акцияға келетін пайданың операциялық пайданың өзгерісіне сезімталдылық дәрежесін көрсетеді. Компанияның белгілі бір кезеңдегі рыноктық саясатының нәтижелерін сипаттайтын операциялық пайданың 1%-ға өзгеруі дауыс беретін акцияға келетін пайданы X %-ға немесе пайызбен көрсетілген DFL коэффициентінің мәніне тең шамаға өзгертеді.     

      

Есептеулерге  артықшылығы бар акцияларға дивидендтерді қосу өзара байланысты екі мақсаттарды негіздейді. Біріншісі - несиелер бойынша пайыздар төлеуге  ұқсас ақша қаражаттарының тұрақты ағылымы күтілетін «гибридті» қаржыландыру көзі ретінде капитал құрылымын талдауда артықшылығы бар акциялар шығарудың ерекше беделін көрсету. Екіншісі - инвесторлар әрқашан тұрақты төлемдер төлеуді күтетін артықшылығы бар акциялар нысанындағы капитал тартудан пайда болатын қосымша каржылық тәуекелді көрсету. Шығаратын өнімнің берілген көлемі мен оны өндірудің технологиясында және компанияның берілген бизнес үлгісі кезінде қаржылық тұтқаны қолдану дәрежесінің коэффициенті (DFL) қарыздық қаржыландырумен қатар артықшылықты акцияларды пайдаланатын компанияда жоғары болады. Егер компанияда қаржылық тұтқа жоқ болса, онда бір акцияға келетін пайда операциялық пайданын өсуі және төмендеуіне сәйкес 1:1 қатынасында өзгереді. Егер қаржылық тұтқа бар болса, онда бір акцияға келетін пайда жеделдетілген қарқынмен өседі, Егер операциялық пайда төмендесе, бұл коэффициент теріс мәнмен сипатталады.   
      

Капитал құрылымын талдаудың қаржылық тәсілі. Компания құнын өсіру тұрғысынан капитал құрылымын талдау айтарлықтай күрделі. Ең алды-мен, меншікті капитал мен қарыз капиталының кандай арақатынасы берілген компанияның рыноктың құнын максимизациялайды деген сұраққа жауап беру қажет Бұл сураққа жауапты. ең алдымен, инвестор болашақта күтетін бос ақша ағымының келтірілген (дисконтталған) сомасын көрсететін компанияның инвестициялық құнын анықтау тәсілінен іздеу қажет Инвесторлар күтетін пайданы келтірілген ағымы күтілетін табысты бірден алудың мүмкін еместігін мойындауды білдіреді, сондықтан жұмсалатын табыстьің альтернативті мөлшерлемесін есептейді Даму үшін қарыз капиталын колданатын компанияда бұл мөлшерлемеде кредиторлар (Кd), меншік иелері (Кe) талап ететін табыстылықтық минималды мөлшерлемелері көрсетіледі. Егер, жиынтық капиталды біреудің ақшасы (Мd) мен меншікті ақшалардын(We) пропорциясын ескерсек, онда инвесторлардың екі типтік табыстылыққа қоятын жиынтық талаптары капиталға келетін біртұтас орташа салмақталған мөлшерлемеге (WАСС) келтіріледі.       

 Қарыз капиталының  үлесі өссе, арзан капитал үлесі  өскендіктен жиынтық капиталдың  табыстылық тосқауылы (WАСС) төмендейді  және пайдаға келетін салықты  үнемдеу әсері іске қосылады, бірақ кейін тосқауыл кайтадан  жойылады. Компания құны капиталдың  жиынтық шығындарының мөлшерлемесіне (WАСС) капитал құрылымына тәуелді  болғандықтан басқарушы топтың  міндеті - компанияның ұзак, мерзімді  қаржыландыру са-ясатын меншікті  және қарыз капиталының арақатынасы  оңтайлы аймаққа шығаратындай  етіп жасау Ал, бұл біріншіден. аталған аймақты анықтауды қажет  етеді. екіншіден, қаржы инструмєнттерін  таңдай отырып, қаржыландыру көздерінің  пропорциясын оңтайлылық шегінде  ұстауды қажет етеді Осылайша, қаржылык, өлшеуіштер тұрғысынан  қаржылық тұтқаны талдау қаржылық  тұткқаның барлық мәнінде компания  құнын өсіру мақсаты орындала  бермейтінін көрсетеді.     

Капитал құрылымын оңтайландыру оның сандык, сипатын есепке алудьі және оның қалыптасуын талдауды қажет етеді. Қаржылық тұтқа формуласында компания операцияларын бухгалтерлік тұрғыдан қарастыру кезінде қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің арасында айырмашылық көрінбейді Салық салынатын табысты төмендететін пайыздар бойынша шығындарды шегеру арқылы талдау жүргізуші несиелер типтерін анықтамайды, оларды «қысқа» және «ұзақ мерзімді »деп бөлмейді және талдаудан «қысқа мерзімді» кредиттер бойынша пайыздар төлеу шығындарын алып тастамайды Капитал құрылымын талдау кезінде қысқа мерзімді коммерциялық міндеттемелердің қарыз капиталының бір бөлігі ретінде қарастырылуы нақты жағдайға байланысты Егер, пайызға алынған қысқа мерзімді қаражаттар тек мақсатты бағыты бойынша, яғни айналым капиталының қысқа мерзімді қажеттіліктерін қаржыландыруға жұмсалса және компания осы қарызды уақытылы төлеп тұрса, онда бұл қарыздар капитал құрылымын талдауға қатыспайды. Сәйкесінше, ұзақмерзімді ақшаларға айналатын осы жағдайдағы қысқамерзімді ақшалар ұзақмерзімді кредиттердің субституты ретінде қатысады және оларды сандық сипаттауда және капитал құрылымын талдауда жоққа шығаруға болмайды Бұл жағдайда. олар. біріншіден, Wd көлемін арттыра отырып, қарыз капитал құрылымының үлесін талдауға әсер етеді, екіншіден, кредиторлар талап ететін табыстылықты (Кd) талдауға тузетулер енгізуді қажет етеді. Талап етілетін табыстылық мөлшерлемесі - бұл баламалық салымдар мөлшерлемесі, сондықтан қыскамерзімді несиелерді ұзақмерзімді қарыздарға алмастырғанда «қысқа» ақшалар бойынша нақты пайыздық мөлшерлеменің орнына ұзақ мерзімді несиелер бойынша ағымдағы рыноктық пайыздық мөлшерлеме алынуы тиіс     

Информация о работе Компания капиталының құрылымы мен құнын анықтау