Компания капиталының құрылымы мен құнын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Еліміздің қазіргі кездегі экономикасының басты тұтқасы - корпорациялардың қаржылық жағдайымен тікелей байланысты. Яғни шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұтқасы неғұрлым берік, рентабельділігі және төлемқабілеттілік деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын оның экономикасын оңтайландыру ықтималдығы арта түспек. Қазіргі корпоративтік қаржы теориясының базалық ережелеріне сәйкес, құнды басқару тұжырымдамасының негізін екі іргелі принцип құрайды:

Содержание

Кіріспе бөлім

1. Компания капиталының құрылымы мен құнын анықтау.
1.1. Компания капиталының құрамы мен оның тиімді құрылымын анықтау тәсілдері.
1.2. Компания капиталының құнын анықтау әдістері.
2. Компания капиталының құрылымын оңтайландыру.
2.1. Компания капиталын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны пайдалану.
2.2. «Батыс Транзит» АҚ тәжірибесі шегінде компанияның капиталының құрылымына талдау.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

Компания капиталының құрылымы мен құнын анықтау.docx

— 49.48 Кб (Скачать файл)

 

      

Капитал құрылымының теориясы компанияның құны меншікті капиталдың агымдағы нарықтық, бағасы мен қарыз капиталының ағымдағы нарыктық; құнынан құралады деген тұжырымнан бастау алады.     

Дәстүрлі тәсілдеме нарықта қарыз капиталың тартатын компания ұзақ мерзімді қаржыландыру қарыз құралдарын тартпайтын компаниядан гөрі жоғары бағаланады деп есептейді.         

 Қаржылық тетіктің  артуымен салыстырғанда ке (меншікті  капиталдың құны) жылдамырақ қарқынмен  артады, ал кі тек қаржылық  тетіктің айтарлықтай артуы жүзеге  асқанда ғана ұлғая бастайды  деп есептеледі. Алдымен қаржылық  тетік артқанда орташа өлшемді  құн азаяды, өйткені меншікті  капитал құнының өсуі неғұрлым  арзан қарыз құралдарын пайдаланудың  орнын толтыра алмайды. Қаржылық  тетікті орынды пайдалану нәтижесінде  капиталдың орташа өлшемді құны  азаяды. Содан кейін бір мезгілде  бұл күн көтеріле бастайды, сондықтан  капиталдың, оңтайлы құрылымы капиталдың  орташа өлшемді құнының өсуі  басталған нүктеге сай келеді. 

МЫСАЛ:       

«А» және «С» компаниялары бар. «А» компаниясының 500 000 АҚШ долл. сомасында қарыз капиталы бар, ал «С» компаниясының қарыз капиталы жоқ дегенмен компаниялардың кезең ішіндегі операциялық пайда көлемі бірдей (ЕВІТ) 1 000 000 АҚШ долл. және тәуекел дәрежелері де бірдей. Акциялар бойынша талап етілетін табыстылық. 20% , тартылған қарыз капиталының жылдық мөлшерлемесі - 10%

Компанияның нарықтық құны = Карыз капиталдың нарықтық бағасы + Меншікті капиталдың нарықтық бағасы

Меншікті  капиталдың нарықтық. құны = (ЕВІТ - I) / ке,      

мұндағы I - қарыз капиталды пайдаланғаны үшін пайыз төлеу, ке - меншікті капитал құны.

«С» компаниясынын  нарықтық құны = 0 + 1 000 000 / 0,2 = 5 000 000 АҚШ долл.

«А» компаниясының нарықтық құны = 500 000 + (1 000 000 - 500 000 * 10%) / 0,2 = 5 250 000.

«С» компаниясының WАСС 20%-ға тең, «А» компаниясының WАСС:

(500 000 / 5 250 000) * 10% + (4 750 000 / 5 250 000) * 20% = 19% теч.

«А» компаниясы борышының меншікті капитапына қатынасьг

500 000/4 750 000 = 0,11.

«А» компаниясы «С» компаниясынан нарықтық құны неғурлым жоғарылығымен және капиталдын орташа өлшемді құны неғұрлым төмен болуымен ерекшеленеді.

Егер  «А» компаниясының 100 000 АКШ долл. сомасында қарыз капиталы болса, онда компанияның нарықтық құны мынадай сомада болар еді: 

100 000 +(1 000 000-100 000*10%)/0,2=5 050 000 АҚШ долл

Онда  «А» компаниясының WACC мынандай болар еді:

(100 000/5 050 000)*10% + (4 950 000/5 050 000)*2

«А» компаниясы борышының меншікті капиталына қатынасы:

100 000/4 950 000=0,02     

Салықтарды есепке алатын Модильяни-Миллер үлгісінде қаржылық тетікті пайдаланатын компания жоғары бағаланады, өйткені қарыз капиталына пайыздар төлеу салықтық шегерімге жататын шығындар болып есептеледі деген тұжырым жасайды. Салық шегерімі есепке алғанда қарыз капиталының құны төмендейді, және компанияның жалпы капиталында қарыз капитал үлесі үлкен болған сайын капиталдың орташа өлшемді құны азаяды| Сөйтіп, пайдаға салықты есепке алғанда қаржылық тетік компания капиталының, құнын азайтатын әсерін, ал компанияның нарықтық құнына ұлғайтатын әсерін тигізеді. 

МЫСАЛ:       

«А» және «С» компаниялары бар. «А» компаниясының 500 000 АҚШ долл. сомасында қарыз капиталы бар, ал «С» компаниясының қарыз капиталы жоқ. Компанияларды салық салынғанға дейінгі кезеңдегі операциялық пайдасының мөлшері және пайыздар төлеу (ЕВІТ) сомасы         1 000 000 АҚШ долл., сондай-ак тәуекел дәрежесі де бірдей. Акциялар бойынша талап етілетін табыстылық 20%-ға тең, тартылған қарыз капиталының жылдық мөлшерлемесі - 10%. Пайдаға салық мөлшерлемесі 30%.     

«С» компаниясы қарыз капиталын пайдаланбайды, сондыктан компанияның нарықтық құнын меншікті капитал құнын ескере отырып, таза пайданы капиталдандыру аркылы анықтауға болады.     

«С» компаниясының нарықтық құны ѕ EВІТ (1 -t) / ke =      NОРLАТ / ke

мұндағы

I - пайдаға салық мөлшерлемесі,

- меншікті  капитал құны, NОРLАТ - салық салынғаннан кейінгі таза пайда.      

«С» компаниясының нарықтық құны = 1 000 000 (1 - 0,3) / 0,2 =             3 500 000 АҚШ долл. «А» компаниясы қарыз капиталды пайдаланады, сондықтан

Компаниянын нарықтық құны = 100% меншікті қаржыландыру кезіндегі баға+Борышты пайдалану кезіндегі салық үнемділігің ағымдык. бағасы =      3 500 000 + 150 000 = 3 650 000 АҚШ долл.     

Салық үнемділігінің ағымдық бағасы қарызды пайдалану кезінде қарыздың нарықтық құнының пайдаға салық мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде анықталады, «А» компаниясы үшін ол былай анықталады:     

500 000 * 30% = 150 000 АКШ долл.     

Бұл үлгіге қарағанда, компания капиталының құрылымы тек қана борыштан тұруы керек, сол жағдайда компанияның ең жоғарғы құны қамтамасыз етіледі, бірақ қарыз капитал тарту қаржылық қиыншылықтарға, ақыр аяғында - банкроттыққа жеткізуі мүмкін. Әрине, бұл пікір дұрыс емес, өйткені капиталдың оңтайлы құрьілымы -  салық үнемділігінен және болуы мүмкін банкроттық шығындарының арақатысынан тұратын ымыралы үлгі. Ымыралы үлгіге сәйкес тәсілдеме капитал құрылымы 100% қарыз капиталдан немесе тек қана меншікті қаржыландырудан тұрмауы керек, яғни мұндай құрылымдар компанияның ең жоғарғы құнына қол жеткізетін оңтайлы стратегиялар емес дегенге саяды.

 

1.2.Компания капиталының  құнын анықтау әдістері.

 

 

       Жалпы еліміздің қаржы менеджерлері  мына себептер бойынша өз компанияларының  құнын білуге тиісті:       

 біріншіден, компанияның  меншікті кпаиталының құны компания қызметіне инвесторлардың салған ресурстарына қайтарымды білдіреді. Ол меншікті капиталдың нарықтық құнын анықтауға және фирманың акция құнының өзгеруін болжауға қолданыла алады;       

 екіншіден, қарыз қаражаттарының  құны төленетін проценттермен  байланысты болғандықтан капитал  тартудың ең жақсы вариантын  таңдай білген жөн:       

 үшіншіден, фирманың нарықтық  құнын максимизациялау көбінде  барлық пайдаланылатын қаражаттар  көздерінің минимизациялау арқылы  жүзеге асырылады;       

 төртіншіден, инвестициялық  жобаларды талдау кезінде негізгі  факторлардың бірі болып капитал  құны танылады.      

 Қарыз капиталының  негізгі элементтеріне банк несиелері  және фирманың шығарған облигациялары  жатады. Банк несиелерін пайдалану  үшін  пайыздар өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Сондықтан олардың бірлігінің құны былай анықталады:           

Kbc = rbc (1-rt)

K – бірлігінің құны;

rbc – несие бойынша  пайыздық мөлшерлеме;

rt – табыс салығының  мөлшерлемесі.      

 ХҚЕС бойынша қаржылық  есептілікті дайындау мен ұсыну  принциптері қаржылық есептілік  элементтерін бағалауда қолданылатын  құн түрлерінің бірі ретінде  дисконтталған құнды мағлұмдайды, бірақ дисконтталған құнды қолдану  инвестициялық бюджетті қалыптастыруда  және инвестициялық жобалардың  тиімділігін анықтауда талап  етіледі (яғни нақты инвестиция  үшін капиталдың баламалы құны).      

 Дисконтталған құн  келесі элементтерді қамтиды:

      • күтілмелі ақшалық ағын;
      • ақшалық ағын өзгерістері жөніндегі болжал;  -
      • уақыттағы ақшаның, құны;
      • ақшалық ағынды алмау тәуекелдері (тәуекел үшін сыйакы);
      • ақшалық ағындарға әсер ететін өзге факторлар.

 

       Осылайша, активтің  немесе міндеттеменің дисконтталған құнын анықтау үшін қажет:

      • ұйым  активті немесе міндеттемені сату немесе өтеу нәтижесінде алуды немесе төлеуді болжайтын ақшалық заттардың болашаңқ ағынын бағалау;
      • ақшалық заттардың келуінің немесе  төленуінің көлемі мен мерзімдеріндегі
      • ықтимал өзгерістерге қатысты болжалға ақшалық ағындарды түзеу; ° түзетілген ақшалық ағынның уақытша құнын анықтау (нарықтық тәуекелсіз пайыз ставкасы бойынша, яғни ақшаның, құнын олар болашақта құнын өсіретіндей жедел инвестицияланатындай және табыс әкеле бастайтындай болғанда анықтау);
      • берілген актив немесе міндеттемеге тиісті тұрлаусыздық үшін сыйақыны ескеру (ағынды түзету немесе дисконттау ставкасын түзету арқылы),
      • ақшалық заттардың болашақ ағын мөлшерін белгілеудегі нарық қатысушыларынан көрінетін өзге факторларды ескеру (мысалы,өтемпаздық)

 

        Дисконттау ствкасын  анықтау берілген құнды есептеудегі  анағұрлым күрделі әрі маңызды  қадам болып табылады.

ХҚЕС стандарттарына сәйкес. қолданылатын дисконт ставкасы салық ставкасына дейін және инфляциялық болжалдардан тазартылған болуы керек (яғни ақшалық ағын дисконтталуға дейін дефляторлануы керек). Дисконттау ставкаларын анықтаудың едәуір кең таралған әдістері 3-суретте келтірілген.      

 Әр серіктестік компания  акциясьі құнын ең жоғары деңгейге  жеткізетін түрлі көздердің жиыны  ретінде ұтымды капитал құрылымын  анықтайды. Компания жаңа капиталды  тартқан кезде, ол әдетте қаржыландыруды  уақыт өте келе ұтымдыға мүмкіндігінше  жақын болатын нақты капитал  құрылымын сақтап қалатындай  етіп жүзеге асырады.      

Ақшалық ағындарды дисконттау әдісін қолдану дисконт ставкасы мөлшерін анықтауға негізделеді, есептеу үшін капиталдың орта өлшенген құнын қолданған жөн (WАСС). Ал капиталдың орта өлшенген құны әртурлі дерек көздермен берілген.     

Компания  үшін капиталдың екі негізгі көзі бар: акционерлер және кредиторлар.      

Компания  капиталының құрылымы ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің жинағын білдіреді, оның ішінде қарыздық міндеттемелер, артықшылықты акциялар, қарапайым акциялар және үлестірілмеген табыс.     

Капитал құны - бұл инвесторлармен талап етілетін бизнестің түрлі қаржыландыру түрлері үшін табыстылық ставкасы. Компания капиталының жалпы құны жеке талап етілетін табыстылық ставкалардың орта өлшенген мәнін көрсетеді, яғни капиталға кеткен шығын.     

Меншікті  капиталдың құны - бұл қарапайым акция иелерімен компания акциясындағы олардың инвестициясы бойынша талап етілетін табыстылық ставкасы. Акционерлердің жеке капиталы компанияның тәуекелді капиталы болып табылады. ол пайыз төлеуді немесе негізгі бөлігін жабу графигін орындауды талап етпейді.     

Артықшылықты акциялардың құны - бұл компанияның артықшылыкты акцияларының иелерімен компания акциясындағы олардың инвестициялары бойынша талап етілетін табыстылық ставкасы.     

Қарыз құны - бұл компания кредиторларының инвестициялары бойынша талап етілетін табыстылық ставкасы.     

Компания  қарапайым жеке капиталын екі әдіспен ұлғайта алады:

      • жаңа акцияларды шығарып;
      • акционерлер арасында өткен мерзімдердегі табысты үлестірмей, компания ұйғарымында қалдыра отырып.

 

     Акционерлер арасында табысты дивиденд түрінде үлестірмеудің келесі себептерге байланысты едәуір артыкшылығы бар:

      • қарапайым акцияларды орналастыруға жұмсалған шыгындар елеулі болып табылады, ол табысты қайта инвестициялауды талап етеді;
      • акционерлер жаңа акциялар шығару есебінде капиталды тартуды компанияның бұрынғы акцияларын нарықтық, бағалау көзкарасымен жағымсыз белгі деп есептейді,  
        себебі акция шығуын жариялау акция құнын төмендетеді деген пікір бар;
      • заемдық капиталды жұмылдыру емес, акцияларды шығару ұзак, мерзімді  
        қаржыландыруды тартудағы қиындықтар туралы тікелей айта алады.

Акционерлер арасында табысты үлестірмей, оларды қайта инвестициялауда компания акционерлер осы қаржыны бірдей тәуекел деңгейінде ұтымды салу жолымен табыс алғанындай мөлшерде табыс алуы қажет. Сондықтан, егер де компания акционерлерге осындай табыстылықты қамтамасыз ете алмаса, онда компания акционерлерге олар түрлі активтерге қаржыны өздері инвестициялайтындай табысты төлеуі қажет.     

Меншікті капитал құнын анықтаудың үш тәсілі бар.     

Дисконтты ақшалық ағын үлгісі немесе дивидендтердің болжамды өсім үлгісі.     

Дивиденд  акционерлердің компаниядан алатын жалғыз пайда емес. Компанияда қалатын және ұтымды пайдаланылатын табыс пайда мен дивидендтердің болашақ өсімін шақыруы мүмкін, сондай-ақ акционерлермен инвестицияланған негізгі нақты капиталдың құнын өсіруі мүмкін. Акционерлер олардың дивидендтері мен акцияларының нарықтық құны жылдан жылға өзгеріссіз қалмай өсіп тұрады деп күтеді. Осыны көрсету үшін дивидендтер өсімінін, үлгісі өңделген.      

Тәсіл айналымға салудың келесі жылына күтілмелі дивидендердің сомасына негізделген (яғни күтілмелі дивидендтер сомасының акциялардың нарықтық құнына қатынасы). Содан кейін жеке капитал құнын есептеу үшін дивидендтің орташа өсу жылдамдығына акциялардың  табыстылығы қосылады.     

Меншікті капитал құнын есептеу келесі формулаға сүйенеді:                                               

Ke=(D0/P0)+g

Мұндағы:

k - жеке капитал құны;

Р0 - бір акцияның 0 уақыт сәтіндегі нарықтық құны;

D0 - бір акцияға ақшалық  дивидендтер, оларды төлеу бірінші  кезең соңында

күтіледі;

g - дивидендтерді болжамды  жыл сайынғы өсімі.      

Информация о работе Компания капиталының құрылымы мен құнын анықтау