Хим қарудан қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 19:34, реферат

Краткое описание

Химиялық қару – улы химиялық заттарды (УХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі. УХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ УХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады. Химиялық қаруларды объектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.
Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде ауыр экологиялық және генетикалық зардаптар болуы мүмкін. Химиялық қаруды қолданудың экологиялық зардабы УЗ-дың жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, сондай-ақ топыраққа, суға, ауаға тигізетін әсерімен байланысты, одан қоршаған ортаның жағдайы шиеленісіп, адамның өмір сүруін қиындатады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3 б.
Негізгі бөлім
Химиялық қару...................................................................................................4 б.
Радиоактивті ластану...................................................................................... 4-5 б.
Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғану......................................................6-7 б.
Тұрғындарды қорғаудың негізгі принциптері...............................................7-8 б.
Инжененрлік шаралар. Тұрғындарды эвакуациялау........................................8 б.
Қорытынды........................................................................................................9 б.
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................10 б.

Вложенные файлы: 1 файл

Хим қарудан қорғау.docx

— 32.59 Кб (Скачать файл)

Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ауаны сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ – 1) және мақта мата таңғышы);

Теріні қорғау құралдары (арнайы оқшаулап қорғайтын киім)

Жеке қорғаныс құралдарын қолдану – халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.

Халықты қорғау Республикамыздағы АҚ – ның басты міндеті, себебі адамдар – ең жоғары құндылық болып табылады, сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ алдын алу мен іс – қимылдар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.

Инжененрлік шаралар. Тұрғындарды эвакуациялау.

Халықты инженерлік қорғау шаралары: алдын ала бүкіл республика аумағында; экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларымен бірге; жеке жүргізіледі. Панахана АҚ топтарына жатқызылған қалаларда және аса қажетті нысандарда тұрғызылады. Радиациядан қорғайтын панаханалар – қала сыртында (қауіпсіз аймақта) салынады. Халық қорғаныс ғимараттарын дұрыс пайдалануға үйрену қажет, халыққа хабарлау жүйесі АҚ дабылы мен ТЖ қауіпі пайда болу кезіндегі іс-әрекетті беру жөніндегі ақпаратты беруге тұрақты даярлықта болуы тиіс.  

Қорғаныс ғимараттары -  бұл инжерелік ғимараттар, ол халықтың радиоактивтік, химиялық, бактериалдық және жарылғыш заттармен зақымдануын төмендетуге арналған.

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау  және өндірістің  жұмыс істеуіне  жағдай жасау мақсатында халық пен  материалдық  құндылықтарды  төтенше жағдайлар аймақтарынан  және  осы  заманғы зақымдау  құралдары қолданылуы  мүмкін  аудандардан  ұйымдасқан  түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған  барлық  халық  қауіпсіз  аймаққа орналыстырылған  пункттерде  тіршілік  қызметіне  қажеттілермен  аз  шамада  қамтамасыз  етілуге  тиіс.

Төтенше жағдай  тәртібін  енгізе  отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ  табиғи және  техногендік  сипаттағы төтенше жағдайларда  эвакуациялауды  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  шешімі  бойынша  жергілікті  атқарушы органдар, ұйымдар  жүргізеді.

Халықты эвакуациялау  сабақтас  тәсілмен-халықты  жаяу  немесе  көліктің  барлық  түрімен көп  мөлшерде әкетуді  үлестіру  жолымен жүзеге  асырылады.

Төтенше жағдайлар  қауіпі  туындағанда  халықты  қауіпті  аймақтардан  қауіпсіз жерлерге  уақытша көшіру  жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда АҚ мобильді күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту қажеттілігі туындайды. Осы апаттың салдарын жою үшін келесі шаралар ұйымдастырылады: зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу;

халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды айдауға, халықты эвакуациялауға көмек көрсету, апат аймағында коменданттық қызмет жасау;

жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау; ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру;

дегазациялайтын ерітінді, ҚХЗ бейтараптандыру үшін су жеткізу.

Апатты тоқтату, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен апаттық қызметінің кезекші ауысымының бастығы немесе жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді.       Химиялық зақымдау қаупін жою және алдағы іс-әрекет тәртібі туралы халыққа ТЖ жөніндегі басқарма немесе полиция органдары хабарлайды. Қала халқы, елді мекенді ХҚО дегі апат туралы хабарлау үшін сиреналар мен басқа да дабыл құралдары қосылады, бұл «Баршаныздың назарыңызға» ескерту дабылын білдіреді.  Зақымдау аймағынан шыққаннан кейін санитарлық өңдеуден өту қажет. Әлсіз зақымданғандар  медицина мекемелеріне барады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж. 

2. Ж.Жатқанбаев. Экология  негіздері.

3. Қазақ ұлттық энциклопедиясы

4. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

5. Интернет деректері - kk.wikipedia.org, www.topreferat.com

 

 


Информация о работе Хим қарудан қорғау