Еуразия сауда орталығының дизайны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 11:09, дипломная работа

Краткое описание

сауда орталығы дизайны туралы

Вложенные файлы: 1 файл

евразия.docx

— 450.94 Кб (Скачать файл)

 

  

      2. 5 Қазақстандағы сауда, ойын-сауық индустриясының  даму     жағдайы

   

    Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына.

      Қазақстандағы қазіргі жағдай ойын – сауық индустриясында жаңа тенденциялардың пайда болуымен сипатталады. Елімізде ойын – сауықтың дамуы жаңа серпіндермен анықталады. Бүінде елімізде қазіргі заманға сай үлкен-үлкен ойын-сауық орталықтары да саны күннен – күнге артуда. Осындай ойын – сауық орталықтарының бірі -"Думан" Ойын-Сауық Орталығы.

      2003 жылдың мамыр айында "Думан" Ойын-Сауық Орталығы өз қызметін бастады. Қазір ол тропикалық балықтары бар Мұхитаралдан, 5М-Кинотеатрдан, үлкен Күмбезді Кеңістіктен және тамақтандыру кәсіпорындары мен сауда жүйелерінен тұратын ойын-сауықтың өзіндік ерекше кешенін құрайды. Кешеннің менеджменті жаңа технологияларды игеру, өзге де мамандықтарды үйірену қажеттіліктерін ұстанады. Мұхитаралдың қызметін іске қосып тұрған тіршілік берудің қайталанбас жүйелері жолға қойылып, қамтамасыз етілді. Теңіз аквариумистикасын зерттеу мен дамытудың жұмыстары жүруде.

     "Думан" Ойын-Сауық Орталығындағы цифрлы 5D-киноаттракцион — жаңа әрі техникалық жетілген виртуалды ойын-сауықтар ортасы болып табылады.  Виртуалды ойын-сауықтар мұхитына тереңірек үңілу үшін "Думан" ойын-сауық орталығындағы 5D-кинотеатрында жекелеген және қоршаған арнайы ерекшеліктердің жаңа жүйесі орнатылған. Адамдар экранда болып жатқандарды тек көріп қана қоймай, оны сезіне де алады. Жанған оттың аспанда қалықтаған кәдімгі түтінін сіздер енді залдан да көре аласыздар. Атмосфералық түрлі су әсерлері сіздің жаңбыр мен су тамшыларын, қар және туманды сезінуіңізге мүмкіндік береді. Күшті жел қондырғылары сіздің жан-жағыңызда болып жатқан оқиғалардан алған сезімдеріңізді күшейте түседі. Жарқылдаған найзағай мен тарсылдаған атылыс та дәл осы залда болады. Жалпы көрініс сапалы дыбыс жүйесінсіз толық болмаған болар еді. Ал ол бар. Күшті дыбыс, кең ауқымы, цифрлы контенттің жоғары разрядтылығы, каналдар санының көптілігі - осының барлығы шынайылығы жағынан сіздің жан-жағыңыздағы фантастикалық аудио-айнала қоршау болып табылады. "Думан" Ойын-Сауық орталығы өзін-өзі ақтау ахуалында жұмыс істеуде. Ойын-сауық Орталығы өзі құрылған алғашқы күндерден бастап-ақ, бас директор П.Т.Мәтжанованың жетекшілігімен кешенді жас мөлшерлері, әлеуметтік деңгейлеріне қарамастан астана мен республиканың барлық тұрғындарының, ең алдымен, әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөліктері-балалар мен егде жандардың демалысы мен көңіл көтерулерінің орталығына айналдырдың табанды мақсаттарын жасады.

       Бұған қоса "Думан" ойын-сауық орталығы қалалық, республикалық және халықаралық мәндегі көптеген шараларға тұрақты демеушілік жасап келеді.

      Мүмкіндігі шектеулі балаларды  әлеуметтік сауықтыру төңірегінде  "Думан" Ойын-Сауық Орталығы  базасында екі ұйым жұмыс істейді  - Балалардың шығармашылық орталығы "Балаларды әлеуметтік бейімдеу  орталығы" ҚБ мен "Мұхит-арт"  арт-терапиясының шығармашылық орталығы" ҚБ. Бүгінде "Думанның" Мұхитаралы  — түрлі денсаулық проблемалары  бар балаларды емдеу үшін оның  керемет аурасы қолданылатын  әлемдегі жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралға  келген адамдар балаларға қалыпты  ортаға көндігіп, үйренуіне еріксіз  көмек береді. 2003 жылы Қазақстанда  алғаш рет Британдық Кеңестің  қолдауымен біздің елде 4 жыл бойы  арт-терапевтерді дайындаған "Қазақстанда  арт-терапияны дамыту" бағдарламасы  жүзеге асырылды. Ұлыбритания осы  бағыттағы бастау алған елдердің  бірі болып табылады. Бұл бағдарламаны  жүзеге асырудың нәтижесі болып  Астана қаласындағы арт-терапия  орталығы құрылған болатын. Арт  терапия - психотерапияда, ақпаратты  медицина мен биоэнергетикалық  емдеуде шығармашылық процесс,  онда пациент, сондай-ақ оның  нәтижесі: картиналар, өлеңдер мен  музыка және т.б. болатын, секілді  негізгі терапевтік жабдық ретінде қолданылатын қазіргі заманғы бағыт. Арт-терапия жоспарсыз қимыл-әрекеттерді дамытуға; қауіпсіз терапиялық кеңістік жағдайында өзінің өмірлік тәжірибесін зерделеуге; психологиялық мәселелерді оларды ұғыну деңгейіне шығармастан және терпаевтке көрсетпестен шешуге; елдермен араласуға, ерекше бейнелеу құралдарын пайдалана отарып, өзінің сезімдері мен ойларын білдіруге мүмкіндік береді. Мұхитарал қажетті терапиялық кеңістікті, атап айтқанда, баланың өзінің уайымдарын саналы және тұрақты эмоциялы жүріс-тұрысқа ауыстыратын ортаны жасауына мүмкіндік берді.

    "Думан" Ойын-Сауық орталығы жетім балаларды, мүгедектер мен аз

қамтылған отбасыларын  жылы жүзбен қарсы алады. Олардың  саны жылдан - жылға өсіп келеді.

       Ойын-Сауық Орталығы келесі мерекелерді атап өтуді дәстүрге айналдырған: Жеңіс күні. Жыл сайын 9 мамыр күні кешен қызметкерлері Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, құшақ жая қарсы алады. Дәстүр бойынша, бишілер ұжымдары мен әртістердің қатысуымен соғыс жылдарындағы көңілге жақын әндер орындалып, арнайы концерттік бағдарлама дайындалады.

       Бұл іс-шараны, тәжірибе көрсеткендей, басқа да ұйымдар атап өте бастады. Сондықтан "Думан" егде адамдарға көңіл бөлуде өзінің үлгі болғанына қуанышты-ақ. Егде адамдар күні. Жыл сайын 1 қазан — Халықаралық Егде адамдар Күні "Думан" Ойын-Сауық Орталығы әжелер мен аталар үшін мереке ұйымдастыруға тырысып бағады. Ұйымдастырушылар аға ұрпақ өкілдерінің алдында олардың біздің болашағымызға қосқан үлестері үшін бастарын иіп, шын жүректен алғыстарын білдіруге әрқашан дайын. "Думан" Ойын-Сауық Орталығы ұлы отан соғысы ардагерлерін, оларға теңестірілген тұлғалар мен зейнеткерлерді құшақ жая қарсы алу құрметіне ие болып келеді. 

    Думан  ойын-сауық кешені түрлі іс-шараларға  демеушілік қолдау көрсетеді.  Кейбір іс – шаралар тізімін  1-ші кестеден көруге болады.  

  "Думан" Ойын-Сауық Орталығы қазіргі таңғы тұтынушылардың барлық талаптарына жауап беретін, қазіргі заманға сай орталық болып табылады.

    MEGA сауда, ойын-сауық орталығы                                                                                                                                                                                                                                            

    Қазіргі  таңғы тұтынушылар әр жерге  жүгіріп, өз уақытын зая кетіргеннен  гөрі, бір ғимараттың максимум  қызмет түрлерін ұсынғандарын  қалайды. Қазіргі уақытта бір  ғимараттан  шықпай – ақ кино  көруге, бильярд немесе боулинг  ойнауға, мейрамханада тамақтануға,  балаларды аттракциондарда немесе  балалар ойын автоматтарында  ойнатуға, әр түрлі таңғажайып  шоулар тамашалауға  болады. Республикамызда  қазіргі таңғы тұтынушының барлық  талаптарына жауап беретін ірі-ірі   сауда, ойын - сауық кешендері  бой көтеріп жатыр. Солардың  ішінде МEGA- Қазақстанның  әлемдік  деңгейдегі ірі сауда, ойын-сауық  орталығы. Ол қазіргі және болашақ  Қазақстанның бөлінбес бөлігі, қаланың  қонақжай орталығы, бет-бейнесі[11,24].                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

    MEGA сауда, ойын-сауық орталығының  құрылысын дамытумен Astana Group холдингі  айналысады. Ол түрлі бағыттағы  компанияларды табысты басқаратын  республикадағы жетекші девелопер  (дамытушы) әрі отандық инвестор. MEGA сауда, ойын-сауық орталығы  Қазақстанның төрт қаласы:  Астанада, қаржы орталығы-Алматыда, оңтүстіктегі  ірі қала                                                                                                                                                                                              -Шымкентте, батыста Ақтөбеде  ашылған. 

     MEGA орталығының жобасын сауда,  ойын-сауық нысандарын жобалауға  маманданған, халықаралық деңгейде  жұмыс істеуде отыз жылдық  тәжірибесі бар француздың  Design Architectural компаниясы жасаған.

    Әр MEGA сауда, ойын-сауық орталығы  сәулеті мен аумағы жөнінен  еліміздегі қала құрылыстарының  бірде-біріне ұқсамайды. Кешен  құрылысы қазіргі заманғы әлемдік  стандартқа сай, мегаполис тұрғындарының  жоғары эстетикалық талаптарына  орай жабдықталған.

     V-Ratio Business Consulting Company өткізген зерттеу  нәтижесі бойынша, 2009 жылы қаңтарда MEGA брендінің құны 62,8 млн. долларға  бағаланған.  2008 жылы 1 қаңтардағы  мәлімет бойынша бренд бағасы 439 % өскен[12,23].

     Exclusive  журналының мәліметі бойынша  MEGA 2009 жылдың ақпанында отандық  ТОР-50 (жоғары санатты) компанияларының  қатарына енген (14-орын, 2009 жылы  қаңтарда – 27- орын), 2008 жылы 1 наурызда  Қазақстан тұтынушылар Лигасының  «Мінсіз» сыйлығының иегері атанды.

      MEGA Astana сауда, ойын-сауық орталығы

      MEGA Astana сауда, ойын-сауық орталығы қаланың жаңа бөлігінде, үлкен жолдың күретамырына орналасқан.  Астананың әлеуметтік ірі құрлыс нысандары цирк, неке сарайы, океанариум, сауықтыру орталығы,  сәулетті тұрғын үй кешендерімен иықтас орналасуы оның жедел дамуына оң ықпалын тигізуде. Орталық ғимараттағы өрт қауіпсіздігін сақтау, күзет, желдету жүйесі

    Алматы  мен Шымкент  MEGA  орталықтарындағыдай   қазіргі заманғы инженерлік жаңа  технологиямен жарақталған, бұл  тұтынушылар мен жалға алушылардың  жұмысына қолайлы жағдай туғызады.

MEGA Astana сауда,  ойын-сауық орталығының орналасқан  жері: Қорғалжын даңғылы  мен  Сарыарқа даңғылының қиылысы.  Жалпы көлемі: 35 000  шаршы м.  Дүңгіршектер саны:  70. Гипермаркет:  2 700  шаршы м. Ойыншықтар мен балаларға арналған бұйымдар гипермаркеті: 2 400 шаршы м. Фуд-корт: 

360 орындық.  Дәмхана мен мейрамханалар:10. Балаларға  арналған ойын-сауық саябағы: 4  200 шаршы м. Кинотеатр-мультиплекс:  6 зал. Құзға өрлеу: 

биіктігі  12 м. Боулинг: 10 жол, спорт бар. Көлік қоятын тұрақ:  400 автомашина.

    Жарты  миллион тұрғыны бар шырайлы  Шымкент Қазақстандағы ірі қалалардың  үштігіне кіреді. 2007 жылдың қыркүйегінде  мұнда MEGA сауда, ойын-сауық орталығы  жұмыс істей бастады. Оңтүстік  Қазақстан облысындағы ең әдемі  ғимарат - MEGA Shymkent  сауда, ойын-сауық  орталығынікі.

    Шымкент  тұрғындарының саны артуда. Ол  экономикалық белсенділігі жағынан  Қазақстандағы  динамикалық өсу  қарқыны  жақсы дамыған аймақ. 

     MEGA Shymkent  сауда, ойын-сауық орталығы

     MEGA Shymkent  сауда, ойын-сауық орталығының  орналасқан жері:  Қонаев көшесі  мен Тәуке хан көшелерінің қиылысы. Жалпы көлемі:29 000 шаршы м. Дүңгіршек саны: 50. Гипермаркет:  2 900 шаршы м. Тұрмыстық техника мен электроника гипермаркеті:1 400 шаршы м. Фуд-корт: 

300 орындық.  Дәмхана мен мейрамханалар: 8. Балаларға  арналған ойын-сауық саябағы:1 200 шаршы м. Кинотеатр-мультиплекс: 5 зал. Құзға өрлеу:  биіктігі 8 м. Мұз айдыны:  300 шаршы м. Көлік қоятын тұрақ: 220 автомшина.

    Ақтөбе  – республиканың мұнай өндіретін   орталығы,  жергілікті  тұрғындардың  табысы мол аймақ.  Ақтөбе қаласында  MEGA Aktobe сауда, ойын-сауық орталығы 2009 жылдың  16 қазанында ашылған.

    MEGA Aktobe сауда, ойын-сауық орталығы

    MEGA Aktobe  Абай атындағы орталық  мәдениет саябағында, жаңа мен  ескі қала орталығына орналасқан.  Оның құрлысында бұрын жұмыс  істейтін MEGA  тәжірибелері ескерілген. MEGA Aktobe сауда, ойын-сауық орталығы  күніне 30 000 келушілерді қабылдайды.

    MEGA Aktobe сауда, ойын-сауық орталығының  орналасқан жері: Абай атындағы  орталық мәдениет саябағы.  Жалпы  көлемі:45000 шаршы м. Дүңгіршек  саны:85. Гипермаркет: 3400 шаршы м. Тұрмыстық техника мен электроника гипермаркеті: 1400 шаршы м. Фуд-корт: 400 орын. Дәмхана мен мейрамханалар: 15. Балаларға арналған ойын-сауық саябағы:  2300 шаршы м. Кинотеатр-мультиплекс: 7 зал. Құзға өрлеу: биіктігі 18 м. Мұз айдыны: 

500 шаршы  м. Боулинг 10 жол. Көлік қоятын тұрақ:  800 автомашина.

       «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешені

       Елімізде қазіргі таңның барлық талаптарына жауап бере алатын ойын – сауық кешендері күннен – күнге бой көтері келеді.  Астанада 5 шілде 2010 күні Елорда күніне орайластырылып «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінің салтанатты ашылуы болып өтті.

    Орталықтың  ашылу салтанатына Қазақстан,  Армения, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина президенттері қатысты.  Түн ауа Елорда күні мен  президент Н. Назарбаевтың 70 жылдық  мерейтойының құрметіне мерекелік  отшашу болды.

    «Хан  Шатыры» - бұл қазіргі заманғы  ең батыл және сәулеткерлік  әрі инженерлік жетістіктерді  жалғастырған бірегей кешен. Ғимарат  шатырлы іспеттес түрдегі әлемдегі  екінші ал Орталық Азиядағы  ең үлкен жалғыз кешен. «Хан  Шатыры» бірегей кешені жеті  қабаттан тұрады. Оның биіктігі  – 102 метр, жалпы аумағы – 127 мың шаршы метр. «Хан Шатырды» жобалау барысында қазақтың салт-дәстүрімен байланысты құндылықтар басты назарға алынған. Мәселен, қазақтың киіз үй жобасы – ғимараттың негізгі элементі. Сондықтан орталықтың құрылымы әлемнің бірде-бір мемлекетінде жоқ.

Информация о работе Еуразия сауда орталығының дизайны