Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру және қайта құру тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 18:37, реферат

Краткое описание

Қазақстанның тәуелсіздік алуы, қоғамдық қатнастардың барлық негізінің түбегейлі қайта құрылуы мемлекеттің халықты және өлкені табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін және Азаматтық қорғаныс жүйесін қайта құру қажеттілігін туғызды. Бұл хронологияда қайта құрылулардың негізгі кезеңдері, ТЖ алдын алу және жою мемлекеттік жүйесі, Төтенше жағдайлар агенттігінің мемлекеттік басқару органдары және Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси құрылымындағы рөлі мен алатын орыны. Осыған сәйкес баяндама бөлімдерінде төмендегідей баяндалған:

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру және қайта құру тарихы1.docx

— 604.10 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар  министрлiгі туралы  
ереже

 
1. Жалпы ережелер  
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) орталық атқарушы орган болып табылады.  
      Министрліктің негiзгi мiндеттерi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы (бұдан әрi - Азаматтық қорғаныс), Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау, салааралық їйлестiру, өрт және өнеркәсiп қауіпсiздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жїргізiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау, мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жїйесiнiң жұмыс iстеуiн және оның одан әрi дамуын қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу мен сөндiрудi ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.  
      Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) және ведомстволары: Өртке қарсы қызмет комитетi, Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi және Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi бар.  
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Їкіметінің 2006.06.30. N 626 қаулысымен.  
      2. Министрлiк өз қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жїзеге асырады.  
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген їлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.  
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан тїседі.  
      Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.  
      4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетін Қазақстан Республикасының аумағында міндетті кїші бар шешiмдер шығарады.  
      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметi бекiтедi.  
      6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 22.  
      7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi.  
      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.  
      9. Министрліктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жїзеге асырылады.  
      Министрлiкке кәсiпкерлік субъектілерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға тїсуге тыйым салынады.  
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметтi жїзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.  
 2. Министрлiктiң негiзгi функциялары мен құқықтары  
      10. Министрлiк жїктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жїзеге асырады:  
      1) мыналардың саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн, стратегиялық:  
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, Азаматтық қорғаныс, салааралық їйлестiру, өрт және өнеркәсіп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауіпті өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауіпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жїргізілуін қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау саласында, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласында;  
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіп қауіпсiздiгі жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеудi және орындауды ұйымдастыру;  
      мемлекеттік және жұмылдыру резервтерi құрамындағы материалдық-техникалық, азық-тїлік, медициналық запастарды және басқа да ресурстарды пайдалану туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою їшiн Қазақстан Республикасының Їкiметiнiң резервiнен қаражатты пайдалану туралы ұсыныстарды әзiрлеу;  
      Азаматтық қорғаныстың бейбiт және соғыс уақытына арналған жоспарын әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Їкiметіне бекiтуге ұсыну;  
      2) мемлекеттік саясатты iске асыру саласында:  
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк органдардың жұмысын їйлестiреді;  
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды;  
      төтенше жағдайлардан халықты және шаруашылық жїргiзу объектiлерiн қорғаудың және Азаматтық қорғаныстың жай-кїйi туралы есептер дайындайды және ұсынады;  
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында ғылыми зерттеулердi, білімдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;  
      Қазақстан Республикасы Їкiметінің шешiмдерi бойынша өңiрлiк және жаhандық төтенше жағдайларға тiкелей басшылық жасауды жїзеге асырады;  
      Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнің жауынгерлiк және жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз eтeдi;  
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының орындауы їшін мiндетті Азаматтық қорғанысты даярлау және жїргiзу мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдайды;  
      Азаматтық қорғаныс мїддесi їшiн қару-жараққа, техникаға, қорғаныс құралдарына және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілiктi анықтайды;  
      төтенше жағдайларды жою кезiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын, байланыс және ақпарат беру құралдарын жұмылдырады;  
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның және Мұнай төгiлулерiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiне республикалық деңгейде басшылық жасайды;  
      төтенше жағдайлардың алдын алу, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, қaуiптi өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсіпте жұмыстардың қауiпсiз жїргiзiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау жөнiндегi, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резерв аясындағы функцияларды iске acыpaтын Министрліктің ведомстволары мен аумақтық органдарының қызметіне жалпы басшылық жасайды және їйлестiредi;  
      Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылық жасайды;  
      авариялық-құтқару және басқа да кезек кїттірмейтiн жұмыстарды жїргiзу кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi мен құрамаларын басқаруды ұйымдастырады;  
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларда Азаматтық қорғаныс кїштерiне өзiнiң қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтерiне, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық хабарлау жїйесiне және республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жїйесiне тiкелей басшылық жасайды;  
      Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi жеке құрамының, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамалары басшыларының, халықтың Азаматтық қорғаныс бойынша дайындығын ұйымдастырады, осы мақсатта тиiсті дайындық бағдарламаларын әзiрлейдi;  
      Азаматтық қорғаныстың авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларын құруды, есепке алуды және тіркеуді жїзеге асырады;  
      орталық атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылған авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының қызметiн їйлестiредi;  
      өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және Азаматтық қорғаныс саласындағы ведомстволық бағынысты ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және Азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың қызметiн їйлестiредi;  
      қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жїзеге асырады;  
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық қорғаныс, өртке қарсы қызмет органдары және мемлекеттiк материалдық резерв саласындағы мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды қабылдайды; <*>  
      халықаралық ынтымақтастықты жїзеге асырады, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк материалдық резерв аясында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiн қамтамасыз етедi, ізгiлiк акцияларын өткiзудi ұйымдастырады.  
      ЕСКЕРТУ. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Їкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.  
      11. Министрлiктiң негізгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жїзеге асыру мақсатында:  
      1) өз құзыретiнiң шегiнде орындау їшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға;  
      2) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды енгiзуге;  
      3) төтенше жағдайлар саласындағы нормативтердi, стандарттарды және ережелердi бекiтуге немесе келiсуге;  
      4) Министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және жою мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды енгiзуге;  
      5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша ақпарат пен мәлiметтер сұратуға және алуға;  
      6) құқық қорғау органдарының, Қарулы Кїштердiң әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң, республиканың басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының кїштері мен құралдарын аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды жою, төтенше жағдайлар аймақтарында қоғамдық тәртiптi және объектілердi кїзетудi қамтамасыз етуге тарту туралы Қазақстан Республикасының Yкiметіне ұсыныс енгiзуге;  
      7) белгіленген тәртiппен бекiтiлген айырым белгiлерiмен, арнаулы дабылдармен және байланыс құралдарымен жабдықталған арнайы көлiк құралдарына ие болуға;  
      8) заңнамада айқындалған тәртiппен республиканың бїкiл аумағы бойынша бiрыңғай радиожиіліктер белдеулерiне ие болуға;  
      9) өз құзыретіндегi мәселелер бойынша халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындауға, берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға және оларды тїгендеудi жїзеге асыруға;  
      10) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы проблемалар жөнiнде журналдар, режимдiк анықтамалықтар, бюллетеньдер және басқа да басылымдар шығаруға құқығы бар.  
 3. Министрлiктiң мїлкі  
      12. Министрлiктiң республикалық меншiкке жататын оқшауланған мїлiктi жедел басқаруға құқығы бар.  
      Министрліктің мїлкі мемлекеттiң оған берген мїлкi есебiнен қалыптасады.  
      13. Министрлiктiң өзiне бекiтiп берілген мїліктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.  
      Министрлікке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мїлікке билік ету құқығы берiлуi мїмкiн.  
 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру  
      14. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төтенше жағдайлар министрi (бұдан әрі - Министр) басқарады.  
      Министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып табылады.  
      Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Їкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады.  
      15. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жїктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жїзеге асыруы їшiн жеке жауап бередi.  
      16. Осы мақсатта Министр заңнамаға сәйкес:  
      1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң ведомстволары, құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн айқындайды;  
      2) қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасы Yкiметінiң құзыретіне жататын тұлғаларды қоспағанда, Министрлiктiң қызметкерлерiн, Министрлiктiң комитеттерi төрағаларының орынбасарларын, төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық органдардың, Өртке қарсы қызмет комитетi және Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi аумақтық органдарының, Министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;  
      3) Министрлiктiң құрылымын бекiтедi;  
      4) Министрлiктің жоғары офицерлiк құрамының алмастыруына жататын лауазымдарының тiзбесi туралы ұсыныстарды енгiзедi;  
      5) Министрлiктiң әскери қызметшiлерін офицерлiк құрамының алмастыруына жататын лауазымдардың тiзбесiн бекiтедi;  
      6) әскери қызметшiлердiң және өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атағы бар қызметкерлерiнiң Министрлiкте қызмет өткеруі, оларға заңнамада белгiленген тәртiппен атақ беру, сондай-ақ оларды қайта аттестаттау мәселелерiн шешедi;  
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Їкіметінің 2005.06.30. N 662, 2006.06.30. N 626 қаулыларымен.  
      7) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне офицерлердi запастан әскери қызметке шақыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;  
      8) Қазақстан Республикасының Президентіне Министрліктің айрықша көзге тїскен қызметкерлерiн мемлекеттік наградалармен марапаттау және құрметті атақтарды беру туралы ұсынымдар енгiзедi;  
      9) Министрлiктiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерін шешедi және тәртіптiк жаза қолданады;  
      10) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Министрлiк қызметкерлерiнiң орындауы мiндеттi нұсқамалар бередi;  
      11) өз құзыретінің шегінде Министрліктің құрылымдық бөлiмшелерi және аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;  
      12) өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағынысты мекемелердiң жарғыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Їкiметi белгiлеген штат саны лимиттерiнiң шегiнде олардың құрылымын және штат санын бекiтедi;  
      13) Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында, өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда Министрлiк атынан өкілдік етеді;  
      14) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген штат саны лимитiнiң шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратының, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң штаттық кестелерiн бекiтедi;  
      15) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы ереженi бекiтедi;  
      16) аварияларды, апаттарды, табиғи зiлзалаларды және олардың салдарларын, сондай-ақ қауiптi өндірістік объектiлердегі жазатайым оқиғалар мен жарылғыш заттардың жоғалуын тексеру жөнiндегi комиссияларды құрады;  
      17) төтенше жағдайларда iс-қимылдарға тiкелей басшылықты жїзеге асыру кезінде:  
      жергілікті атқарушы органдармен келiсе отырып, төтенше жағдайлар ауданындағы азаматтардың өмiр сїруі және жїріп-тұруы режимiн белгiлейдi;  
      төтенше жағдайларды жою кезiнде берілген тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғаларды кейiн белгiленген тәртiппен жауапкершілікке тарта отырып, жұмыстарға басшылық жасау жөнiндегi жїктелген мiндеттерiнен шеттетедi.  
      17. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы бар. Алқаның сандық және жеке құрамын әрi ол туралы ереженi Министр бекітеді.  
 5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату  
      18. Mинистрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жїзеге асырылады.

                                                                Қорытынды     

2030 жылға дейінгі Қазақстан  Республикасының даму Стратегиясын  және 2002-2005 жылдарда Үкімет әрекетінің  бағдарламасын орындауда төтенше  жағдайлар жүйесінің басты мақсаты  болып, авариялардан, апаттардан  және табиғи апаттардан нысандардың  және аумақтың,  халықтың сенімді қорғалуын қамтамасыз ету, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан болатын шығындарды төмендету жолымен Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Халықаралық жағдайдын тұрақсыз күйінде елдің Азаматтық қорғанысы жүйесін өзінің қажетті дайындық  күйінде ұстау өзектілігін жоғалтпауы.  
     Осы мақсаттарға жету үшін ТЖ және АҚ жүйесін сапалы және санды жетілдіру арықарай жүргізілетін болады. Ендеше, «Үкіметтің 2002-2005 жылдардағы әрекетінің бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар жоспарын» орындау үшін Агенттікпен Үкіметтің 2000 жылғы 1 қарашадағы №1625 Қаулысымен   «2001-2005 жылдарда ҚР ТЖА Мемлекеттік өртке қарсы қызметін дамыту және жетілдіру салалық жоспары» әзірленді және бекітілді.  Осыған сәйкес Мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелерінің штаты және саны көбейтіледі. Жалпы профильде авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін жабдықтармен жабдықталған 77 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері құрылды. Үлкен көніл өрт сөндірушілерді дайындауға, олардын адамдарды құтқарудағы дағдыларын кеңейтуге бөлінеді. Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерін әскерилендірілуі, олардың ауылды жерлерде құрылуы арықарай жүргізіледі. Өрт қауіпсіздігі саласында нормативті құқықтық база жетілдіріледі.  
     Техногенді авариялардын және апаттардын болуын төмендету мақсатында Қазақстанда қауіпті өндірістік нысандармен өзінің жұмыс істеуінің қауіпсіздік декларациялану процедурасы енгізілді.   
     Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы №89 Қаулысымен осындай нысандардың тізімі (520 бірлік) бекітілді.  
     Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік нысандарының өнеркәсіптік қауіпсіздігі туралы» Заңы әзірленді.      
     5 аймақтық жергілікті аэромобильді жедел-құтқару жасақтары (Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік) жандандырылды. 2001 жылы ақпанда ашылған «Төтенше жағдайлар агенттігінің дағдарыс орталығы» қызмет атқарады, осыған ұқсас республика облыстарында дағдарыс орталықтары құрылды.  
     Каспиде мұнай кен орындарын игеру перспективасына байланысты Үкіметтің 2000 жылғы 6 мамырдағы бекітілген «Қазақстан Республикасы теңізінде және ішкі суқоймаларында мұнайлы төгілулердің алдын алу және оларға әрекет ету бойынша  ұлтық жоспар» №676 Қаулысымен ескерілген шаралар жүзеге асырылуда.  
     2004 жылы 24 наурызда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар агенттігі Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді.  
     МТЖБ дамыту және жетілдірілу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсанындағы Қаулысымен бекітілген 2004-2010 жылдары төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасына сәйкес жүргізілді.  
     Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бойынша өкілетті органы Министрлік мәртебесін 2004 жылы қазанда алды.  
     Заңнамалы жүктелген міндеттерге сәйкес, бүгінгі күні, Министірлік ТЖ алдын алу және жою саласында салааралық үйлестіруді, азаматтық қорғанысты, өрт сөндіру және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды, өрттердің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыруды, мемлекеттік материялдық қорды қалыптастыруды және дамытуды, ТЖ алдын алу және жою мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етуді қамсыздандыратын стратегиялық міндеттерді орындайды.  
     Министірлікте және оның үш Комитетінде жалпы саны 28 мың адамнан асатын, Қазақстанның облыстарында, Астана және Алматы қалаларында 100 артық ведомстваға қарасты мекемелері бар.  
     Төтенше жағдайларды жоюға арналған Министірліктің күштерінің топтары, жалпы  Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінен, құтқару жасақтарынан, өрт сөндіру қызметтерінен, әскерилендірілген таулықұтқару, фонтандарға қарсы, газдықұтқару қызметтерінен,  селден қорғау және авияциялық-құтқару күштерінен тұрады. Күнделікті олармен төтенше жағдайларды жоюға және адамдарды құтқаруға байланысты 200 жуық , сонымен қатар, өрттер мен жануларға 100-ден  артық шығулар орындалады.  
     Қазақстан Республикасының орталықтандырылған авариялық-құтқару күштерінің жүйесі құрылған. Олардың ұйымдық және жедел  Министірлікке бағынуы осы күштерді үлкен көлемдегі төтенше жағдайларды жою үшін жұмылдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай орталықтандырылу ТЖ саласы қызметіне қазіргі заманғы компьютерлік техниканы және байланыс құралдарын терең енгізуге мүмкіндік берді. Соңғы жылдары авариялық-құтқару күштерін нығайтуға қабылданған шаралар белгіленген оңды нәтижелер берді.  
     Қазіргі уақытта, Төтенше жағдайлар министірлігі алдында мемлекет Басшысымен халықтың, нысандардың және ел аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты нақты мәселелер қойылды, олардың шешілуі күнделікті күшейтілген бақылауда тұр.  
     Мемлекет Басшысы атап айтқандай біздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіміз, заңнамамен белгіленгендей табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың, яғни ұлттық қауіпсіздіктің жүйелі қауіптерінің қатаң түрде алдын алумен құрастырылатын болады.   
     Бұл, республиканы ел Президентімен қойылған дүние жүзінің бәсекеге қабілетті елу  мемлекет құрамына Қазақстанды шығару стратегиялық мақсаттының орындалуына жақындатады. 


Информация о работе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру және қайта құру тарихы