Саяаси партиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 20:20, реферат

Краткое описание

Саяаси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде , бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандайда бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Саяси партия қызметтері саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық мүдделерді жинақтау мен олардың саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады.

Содержание

Кіріспе
1. Саяси партиялардың пайда болуы мәні, белгілері.
2. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері.
4. Қазақстандағы көппартиялылық.

Вложенные файлы: 1 файл

Жоспар4.docx

— 36.97 Кб (Скачать файл)

         Партия  Еуразия кеңестігіндегі Одақты  конфедеративтік негізде қайта  құруға мүдделік танытты. ҚСП  мүше¬лері дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі  социалистік теориялардың түрлі  бағыттағы тұғырнамаларының негізі  болды деп есептеді.Оның тең  төрағалары болып Петр Своик  пен Ғазиз Алдамжаров сайланды. Партия бүгінгі күні өз жұмысын  тоқтатты. Қазаңстан халық конгресі  партиясы (ҚХКП)

Партия 1991 жылы 5 қазанда құрылған. Партияның тен төрағалары болып, "Невада - Семей" қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын, саясаткер О.Сүлейменов пен "Аралды қорғау" қоғамдық козғалысының жетекшісі, ақын. саясаткер М.Шаханов  сайланды. Кейіннен М.Шаханов төрағалыктан кетіп "Арал - Азия - Қазақстан" қозғалысына  ауысты. Сондыктан партияның төрағалық  қызметін В. Рогалев, Г. Ерғалиевалар атқарды. Оның құрылтайшылары Семей - Невада, Арал - Азия - Қазақстан қозғалыстары, Әйелдер  одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы. Қа¬зақ тілі қоғамы мен республика жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды.

         КХК партиясының  Солтүстік Қазакстан облысынан  баска 18 облыста өз ұйымдары  болды. КХКП - жас аза маттар  партиясы, Оның мүшелерінін 50 пайыздан  астамы 40-45 жастағылар. Партия өзінің бас органы 'Халык Конгресі". "Народный Конгресс" газеттерін 20000тиражбен щығарып тұрды. Партия саяси, экономикалык,әлеуметтік өмір салаларына белсенді араласып көптеген жаңа пікірлер мен ұсыныстар енгізіп отырды.Казіргі уақытта партия жұмысын токтатты.

Қазақстан халық бірлігі  партиясы (ҚХБП)

        Қазақстан  халык бірлігі одағы 1995 жылы  акпан айы-нан бастап аталмыш  партияға айналды. Халык бірлігі  одағының кұрылтай съезі 1993 жылы  ақпанда өтті. Онда саяси Кеңес сайланып оның кұрамына 71 адам мүшелікке енді. "Қазақстан халық бірлігі" одағының лидері болып Президент Н.Назарбаев сайланды. Одақтың төрағасы болып халық депутаты С.Абдрахманов бекітілді. Басқару органдарына мемлекеттік билікте отырған бірнеше жас саясатшылар кірді. 1993 жылы 2 қазанда халық бірлігі одағының бірінші съезі болды. Бұған дейін республиканың 14 облысында, 20 қаласында, 19 қалалық және 102 селолық аудандарында құрылтай конференциялары өткен болатын. Съезде одақтын лидері Президент Н.На¬зарбаев сөйледі. Одақтың төрағасы болып, К.Султанов сайланды. Сонымен қатар съезд жаңа Жарғы мен Бағдарламасын қабылдады. Одақты қозғалыс деп біліп, соған қарамай мүшелікке алуда жекелік принципті сақтау ұйғарылды. Халық бірлігі одағының мақсат-мүддесі, іс-әрекетімен көпшілікті таныстыру жүйесі ретінде "Жас алаш" және "Экспресс К" газеттері белгіленді. Кейіннен одақ орыс және қазақ тілдерінде "Время". "Дәуір" атты газет шығарып тұрды. 1995 жылы Қ.Султанов Қытай Халык Республикасына елші болып кетуіне байланысты, одақтың төрағасы болып А.Бижанов сайлан¬ды. 1999 жылы наурыз айында бұл партия "Отан" партиясынын кұрамына кірді.

Қазакстан Республикасының  партиясы (ҚРП)

Партия өз тарихын 1990 жылдың 1 шілдесінен бастайды. Бұл күні "Азат" азаматтык  козғалысының құрыл¬тай конференциясында Қазақстанның "Азат" азаматтық  козғалысынын негізгі мақсаты мен  принциптері деген декларация қабылданды.

"Азат" тез қаркынмен дамып  көп үзамай-ак респуб¬лика көлемін  қамтыған козғалысқа айналды.  Оның ұрандары мен талаптары  көпшіліктін, әсіресе казак кауымының  көнілінен шығып отырды.

        1991 жылы 4 кыркүйекте 30 өкіл қатысқан "Азат" партиясыныц  құрылтай конференциясы өтті. Ол  парламенттік типтегі Қазақстан  республикалық партиясы "Азаттың"  құрылғаны жөнінде шешім кабылдады.  Соны¬мен қатар партияның Жарғысы  мен Бағдарламасы қабылданды.

          Сонымен  енді біртұтас "Азат" қозғалысы  екіге "Азат" -Қазақстан азаматтық  қозғалысына және "Азат"- Қазақстан  республикалық партиясына бөлініп  шыға келді. Бұл әрине оның  қоғамдағы беделін күрт төмендетіп  жіберді. Оның үстінен "Азаттық"  көтеріп жүрген көптеген ұрандары, тәуелсіздік, мемлекеттік, ұлттық  мәселе-лері жүзеге асты.

Осы туста бытырап кеткені ұлттык-демократиялық  қозғалыстардың басын косып бір  арыаға түсіру максатымен "Азат" - азаматтык козғалысы. "Азат" - республикалық партиясын, Қазақстан ұлттық демократиялық партиясы "Желтоқсанды" үшеуін бір партияға біріктіру идеясы ұсынылды.

         1992 жылы 11 қазанда біріктіру съезі өз  жұмысын бастады. Мұнда "Азат" республикалық партиясы шеңберінде  ұйымдасты деген шешім қабылданды.

Жаңа республикалық "Азат" партиясынын  төрағасы болып Қазақстан Ұлттық Ғылыми Академиясының корреспондент  мүшесі профессор К.Ормантаев сайланды. Онын бірінші орынбасары болып Хасен  Кожа-Ахмет, бас кеңесшісі болып  Жасарал Куаныш-Әлі сайланды. 
                                                          "Алагл" партиясы

     1999 жылы қыркүйекте  Казакстанның Республикалық партиясы "Алаш" үлттык партиясы болып  өзгерлді. Ұлттык бағыттағы бұл  партияға казак зиялыларының  біраз өкілдері енді. Максаты  казак ұлтынын мүдделерін қорғау  деп ашық айтылды. Партия лидері  Сәбетқазы Акатай 2003 жылы өмірден  өтті. Ол 60 жылдары  Мәскеуде казак жастары кұрған атакты Жас түлпар студенттік ұйымының белсенді мүшелерінің бірі болған.

        Қазақстан  социал-демократиялык партиясы (ҚСДП)

Партия 1990 жылғы 26-27 мамырда кұрылтай-конфе-ренциясында  құрылған. Конференцияға 34 өкіл катысты, олар республиканың 15 облысының өкілдері еді. Пар¬тия ресми тіркеуден  өтпеген. Партия мүшелерінің екі  түрлі мәртебесі белгіленген: белсенділер  және жактау-шылар. Белсенді мүшелер  париялық жарна төлеуге, партиялық  қызмет, тапсырма алуға міндетті. Екіншілерді  іс жүзінде партияға іш тартушылар деп үққан жөн. Пар тия мүшелерінің  жалпы саны мыңға жуық. Социал-демократиялық  партиянын, 10 облыстық бөлімшелері  бар. Партия төрағасы Дос Көшімов.

Қазақстан коммунистік  партиясы (ҚКП)

        1991 жылдың  күзінде коммунистердің XIX съезі  өтті. Съезде 17 облыстан келген 148 өкіл, 87 арнайы шакырылған конақтар  қатысты. Онда саяси жағдай  туралы баяндама тыңдалды.

          Қазақстан  Компартиясын жандандыру және  оның кезек күттірмес мәселелері  жөнінде әңгіме болды. Съезд  делегаттары жүріп жаткан реформаларға  карсы шықпай. демократиялык және  әлеуметтік әділеттік орнату  қажеттігі жайлы пікірлер айтты.

          Сонғы деректер бойынша компартия катарында 55 мыннан астам мүше бар. Олардың бәрі арнайы тіркеуден өткен. Коммунистердің орта жасы 42-ге тең. Партияның жергілікті ұйымдары Республиканың Талдыкорған облысынан баска облыстарының бәрінде де бар. Казакстан Компартиясы Республика Әділет министрлігіне үш рет күн кұжаттарын дайындап, тек төртінші ретте 1994 жылы ғана ресми тіркеуден өтті. Алғашында партиянын төраға¬сы бұрынғы ККП Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы икститутының директоры академик Б.Төлепбаев, кейін 1996 жылы сәуір айында ККП ОК бірінші хатшысы болып Казак ССР Жоғарғы Кеңесінің бүрынғы төраға¬сы С. Әбділдин сайланды. Қазір де ҚКП катары біраз өзгерген. Екінші хатшы Сорокиннің орнына Мәжіліс депу¬таты В. Косарев сайланды да, 2004 жылы ол және партия¬ның өзге де 11 мүшесі партия қатарынан шыкты. Жакында Компартияның хатшылығына жаңадан тағы бір мәжіліс депутаты - Т.Тоқтасынов сайланды.

" Желтоқсан" ұлттық-демократиялық  партиясы

         1992 жылғы  қазаннан бері республикалық  "Азат" партиясының құрамына  енген. "Желтоқсан" қозғалысының  негізін 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан  оқиғасына қатысушылар калады. Ұйымдық  жағынан "Желтоксан" козғалысы  1989 жылы қалыптасты. Бұл қозғалысты  ұйымдастыруға тікелей себеп  болған оның белсенділерінін  1986 жылғы Алматыдағы,желтоксан окиғаларының  себептері мен оған берілген  ресми бағамен, келіспеуі болды.

         Қозғалыстың  басында сазгер Хасен Қожа  Ахмет түр-ды. Ол ресми саясатпен  келіспеуіне байланысты жауапка  тартылып, 1986 желтоксан окиғасына  қатысты тағы да сотка тартылды. Дәл осы жағдай 1991 жылғы Казакстандағы  президенттік сайлау кезінде  "Алаш", "Азат" козғалыстарының  Хасен Кожа Ахметтің кандидатурасын  колдауына себеп болған. 
         1990 жылы мамыр айында "Әділет", "Акикат". "Аза-мат", "Жерұйык", "Кәусарбұлақ", "Форум", коғамдык ұйымдарының бастамасымен кұрылтай съезі шакыры-лып "Желтоксан ' коғамдық комитет негізінде "Желт оқсан" партиясың құру жөнінде декларация кабылданды.

          Құрылтай  съезіне Алматыдан республиканың  бес об-лысынан, Кырғызстан, Өзбекстан,  Мәскеуден, КСРО-ның баска да  аймақтарынан келген 80 өкілі катысты.

Партияның лидерлері болып X.Қожа Ахмет  пен А. Нәлі-баев сайланды. Партия бағдарламасында  республиканыдық саяси-экономикалык тәуелсіздігі үшін күрес, желтоксан  кұрбандарын ақтауға қол жеткізу, қазак тілінің мемлекеттігін  бекіту, шет елдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс орнату көрсетілген. Сонымен қатар үлкен маңыз  алып келе жаткан ислам факторына  да көңіл бөлген.

Қазақстан демократиялық  прогресс партиясы

          Құрылтай конференциясы 1991 жылы 24 қарашада өт-ті. Республиканың алты облысында, негізінен орыс тілді түрғындар басым облыстарда 1000-нан астам мүшелері бар. Партия ресми тіркеуден өтпеген. Негізгі әрекеті саяси саланы камтиды. Партия мемлекеттік құрылымдарды Жоғарғы Кеңес пен Өкіметті қатаң сынға алу мен айналысады. Партияның негізін орыс тілді зиялы-лар тобы құрайды. Партияның төрағасы А.Докучаева.

           Бұл партиялардан басқа партиялар да бар. Корыта келе қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.

Қазақстанның республикалың  Еңбек саяси партиясы

          "Қазақстан  инженерлер Одағы" қоғамдық  саяси қозғалыс негізінде 1996 жылы 10 қаңтарда қүрылған. Алғашында 11 облыста филиалы жұмыс істеді. Олар өздері центристік бағыт  ұстайтындарын мәлімдеді. Мақсаты  -демократиялык мемлекет қүру. Әлеуметтік  базаны инженер-техникалық зиялылар  қауылы кұрады. Партиялык тізім  бойынша Парламент сайлауына  катысып,1.38 пайыз дауыс жинады. Алғаш  төрағасы Мәжіліс депута¬ты Ө.Жолдасбеков,  кейіннен Б.Т. Жұмағұлов болды.

Халықтық-кооперативтік  партия ХКП

Өздерін аса ірі, таптык және әлеуметтік жіктеулерден ада, негізінен кооперация мен ауыл шаруашылығы саласындағы  кызметкерлерге арқа сүйеп отырған  бірден-бір партиямыз деп жариялады. 1994 жылы 20 ақпанда құрылды.

Қазақстанның "Дәуірлеу" партиясы

Өздерін парламенттік типтегі партия деп атады. Пар¬тия төрайымы болып 1995 жылдың қантар айының 27-де өтқен  құрылтай сезъінде Алтыншаш Жағанова сайланды. КДП-ның басты ұстанар  жолы руханилық пен ізгіліктің қайта  жанданып дәуірлеуіне күш салу болды.

Қазаңстанның Демократиялык  Партиясы

1995 жылдың 1-шілде айында кұрылды.  Партияның бастапқы кезеңіндегі  төрағалары президенттін кеңесшісі  Төлеген Жүкеев және Алтынбек  Сәрсенбаев болды. Бұларды 1999 жылы наурыз айында "Отан" партиясының  құрамына кірді.

Республикалық социал-демократиялық "Отан" партиясы

1999 жылы акпан айында Алматыда  өткен құрылтай съезінде Қазакстанның  Демократнялык плртиясы, Қазакстаннын  Халык бірлігі партиясы. Казакстаннын  Либералдық және "Казакстан-2030" коғамдык қозғалыстарының бірігуі  барысында құрылды. Парламент әлеуметтік базасы бюджеттік ұйымдар. мемлекеттік кызметкерлер, студенттер, ғылыми және шығармашылык зиялылар кауымы, орта және кіші бизнес өкілдерінен тұрды.

                 Құрылтайға 400-ге жуык уәкіл катысты.  Бұрынғы экс-перимент С. Терещенко  партияның төрағасы болып сайланды (казіргі уакытта республнкалык  Отан" саяси партиясын партия  төрағасынын міндетін аткарды  Амангелді Ермегияев баскарады). 2004 жылы 12 наурызда кезектен тыс  VI съезінде партия тәрағасынын  орынбасары болып Казахстан Парламенті  Мәжілісінің төрағасы Жармұқан  Тұяқбай мен бұрынғы вице-премьер  Александр Сергеевич Павлов сайланды.

"Қазаңстаннын республикалық  Халықтық партиясы"

                  Оның төрағасы бүрынғы экс-премьер  Ә. Кажыгелдин. 1998 жылы 17 желтоксанда  күрылды. Оның шетелге кетуге  мәжбүр болуына байланысты партияны  саяси кеңесінің төрағасы Ә.Қосанов  басқарады. Бір кездегі партия  жетекшілігінде болған Ғ. Алдамжаров 2001 жылы қан-тар айында кенеттен  бүл партиядан шығып, Президент  әкімшілігіне ауысты, кейін Қазақстанның  Беларусь мемлекетіндегі елшісі  қызметіне ауысты. Партияның, алға  койған мақсаттарының бірі адамның  құқығы мен бостандығы қорғалатын  құқыктык мемлекет кұру деп  жарияланды. Партия мемлекеттік  биліктің бір қолға шоғырлануына  карсы шықты. Бұл бағытта бірнеше  шаралар жасауға талпыныс білдірді. Партия мүшелерінің кайта тіркелуі  үшін 50000 мүшесі болу керек деген  заң талабына байкот жариялап, өз жұмысын, тіркеуден өтпей-ак  астыртын жалғастыруда.

"Азамат" Қазаңстанныц  демократиялың партиясы

              1996 жылы 20 сәуірде өмірге келген "Азамат" қоғамдық қозғалысының  негізінде қуылған. Тен төрағалары  М.М.Әуезов. Ғ.Әбілов болған.

Әр түрлі қызметтерге ауысуына байланысты партия өз жұмысын тоқтатты.

"Азаматтық партия"

                     Төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашов. Ол 1996-1998 жылдары Президент Әкімшілігінде  Стратегиялык зерттеулер орталығынын  сектор меңгерушісі қызметінде  болған. Партия 1998 жылы 17 қарашада Ақтөбеде  өзінің құрылтай съезін өткізді.  Бұл партияны құрған бастамашылар "Алюминий Казакстан" АК (Павлодар), Жезказған мыс корыту зауыты, Ақтөбе ферросплав зауыты, Балкаш  тау-кен байыту комбинаты. "Восточный"  Екібастұз көмір кені, Рудный "ССГПО"  АҚ, Ақсу.

Информация о работе Саяаси партиялар