Саяаси партиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 20:20, реферат

Краткое описание

Саяаси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде , бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандайда бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Саяси партия қызметтері саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық мүдделерді жинақтау мен олардың саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады.

Содержание

Кіріспе
1. Саяси партиялардың пайда болуы мәні, белгілері.
2. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері.
4. Қазақстандағы көппартиялылық.

Вложенные файлы: 1 файл

Жоспар4.docx

— 36.97 Кб (Скачать файл)

Жоспар

  Кіріспе 
1. Саяси  партиялардың  пайда  болуы   мәні, белгілері. 
2. Саяси  партиялардың  негізгі  қызметтері. 
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері. 
4. Қазақстандағы көппартиялылық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Саяаси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде , бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандайда бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

 Саяси партия қызметтері  саяси партиялардың негізгі міндеттерінің  бірі қоғамдық мүдделерді жинақтау  мен олардың саяси шешімдерді  қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан  және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық  қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады.   

      Қазіргі типтегі  саяси партиялар мен партиялық  жүйелердің  қалыптасу  кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.

       "Партия" деген  сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.  Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар  Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан  мұндай шағын топтардың айтарлықтай  маңызы болмады.

       Қазіргідей нағыз  саяси партиялар Еуропада XIX ға¬сырдың  екінші жартысында пайда бола  бастаған. Жалпыға бірдей сайлау  құқығының енгізілуі бұқара халықтың  саясатқа қатысу мүмкіндігін  тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып,  парламентте өз мүдделерін қорғайтын  партиялар құрыла бастады. Партия  бірден көпшілік партияға айналған  жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы  Макс Вебер саяси партиялардың  дамуында мынандай кезеңдерді  көрсетті:

1. Аристократиялық үйірмелер.

2. Саяси клубтар

3. Көпшілік партиялар.

       Мұнда аристократиялық  үйірмелер жер иелерінің мақсатын  қорғаса, саяси клубтар буржуазияның  мүддесін корғады. Ал көпшілік  партия үнемі көпшілікпен байланысты  болады. Барынша өз қатарына көбірек  адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді  тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары  ғана басынан өткізген. Басқа  партиялар әр түрлі даму жолдарынан  өткен. Біразы бірден көпшілік  партияға айналды.

       Тұңғыш көпшілік  партия болып 1861 жылы Ұлыбри¬танияның  либералдық партиясы құрылды.  Одан кейін Германияда 1863 жылы  жалпы Германияның жұмысшы Одағы  партиясы құрылды. Мұндай партиялар  басқа да елдерде құрыла бастады.

       Американың саясаттанушысы  Ла Паломбараның айтуынша партиялар  мынадай 4 белгімен сипатталады:

1.  Партия белгілі  бір идеологияны қорғайды;

2. Партия - адамдарды жергілікті  ұйымнан бастап , халықаралық дәрежеге  дейін ұзақ біріктіретін ұйым.

3.  Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру:

4. Әр партия өзіне халықтың  дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы сая¬си партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:

1. Партия бағдарламасынын болуы;

2. Саяси билік үшін күрестің  болуы:

3.  Партиялық тәртіптің болуы:

4. Партияға мүшелік ету;

5. Мүшелік жарна төлеу;

6. Партияның  жарғысының болуы:

7. Баспа органдарының, болуы;

8. Партия басшылығының көптеген  өкілеттігі;

9. Кәсіптік негіздегі партия  аппаратының болуы. Осындай белгілері  бар саяси партиялар тапты  немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады,  жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.

      Поляктың саясаттанушысы  А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда  саяси партиялар мынадай қызметтер  атқарады:

1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін  анықтау

3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

4.  Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;

6.  Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу:

7.  Саяси жүйелерді, онын принциптерін, элементтерін. күрылымдарын калыптастыруға қ атысу; 
8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының  бағдарламасын жасау; 
9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.

Қазіргі  демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті  азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. 
       Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:

Теориялық: 
        Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, тео¬риялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бүқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.

Идеологиялық: 
       Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту,

Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік  билікті колға алуға немесе билік  жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде  құралған адамдардың ерікті одағын айталы.

Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері  бар.

Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар  мен белсен ділер санына қарай  екіге бөлген:

Кадрлық: 
       Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы.

Бұқаралық 
        Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.

 Сайлаушылар партиясы - бұл партияның,  негізгі мақсаты үміткердің сайлау  алдындағы науқанын ұйымдастыру:  қаржы жинау, үгіт жүргізу,  т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік  жоқ ұйымдық құрылым жоқ

        Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.

        Авангардтық партия - орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.

         Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі.

         Коммунистік партиялар — К.Маркстің ілімін басшы-лыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.

         Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық. 
         Буржуазиялық-демократиялық — билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.

        Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді. 
       Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.

        Билеуші  партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.

Оппозициялық партиялар - олар басқарушы  партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.

       Ресми  партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.

        Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған. 
       Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді

       Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.

        Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі пар¬тия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мыса¬лы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар. 
         Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп пар¬тиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.

       Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Мынандай түрлері бар:

        Парламентке  қатысатын партиялардың, ешқайсысы  өз алдына бөлек басқара алмаған  уақытта құралған көппартиялық  коалиция;

2. Екіпартия бірігіп үкіметті  баскара алатындай уақытта құрылатын  екіпартиялық коалиция: 
3.  Билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, екі блоктық коалиция болады;

4.  Егер дербес|:Партия ұзақ уақыт билік етсе оны басымдық коалициясы дейді.

Барлық саяси партияларын жұмысы Конституцияға қайшы болмауы керек.

        Көппартиялылық – мемлекетте үш немесе одан да көп саяси партиялардың бәсекелестік жағдайында қызмет жасауына, билік институттарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін партиялық-саяси жүйе сипаттамасы. Өкілдік демократия К., партиялардың сайлауға еркін қатысуы арқылы жүзеге асырылады. К. жағдайында бір де бір партия сайлау барысында көпшілік дауысқа ие болмайды, бірақ парламентте көпшілік мандат иемденеді және билік көбінесе коалициялық партияның үлесіне тиеді. Саяси плюрализм теориясы тұрғысынан К. қоғам өміріндегі әр түрлі әлеум. топтардың мақсат-мүдделерін толығымен қамтиды, сайлаушылар арасында бәсекелестікті дамытуға жол ашады. Қазіргі уақытта әлемде К. демократияның негізгі белгілерінің бірі ретінде танылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде К. жүйе қалыптасты.

         Қазақстанда  ең алғаш Ә.Бөкейхановтың бастауымен 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында  өкілдер съезі шақырылып, кадет  партиясының бөлімі (филиалы) кұрылды.  Ол ешқандай мәселені шешпеді.  Қазақтардың, өзін-өзі билеуі  немесе автономиясы туралы сөз  де болған жоқ.

       1917 жылы 21 қазанда  Казак газетінде Алаш партиясының  бағдарламасын басып шығарды.  Онда: Ресей демократиялық федеративтік  республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек: мұндағы мемлекеттер дініне, шыккан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең, ақысыз білім алуы, басқарушылар жергілікті халыктын тілін білуі керек, т.с.с. жазылған.

       1917 жылы желтоқсанда  Орынборда жалпы қазақтың екінші  съезі шакырылып. "Алашорда" үкіметінің  құрылғандығын хабарлады. Басшысы  Ә. Бөкейханов болып сайланды. 1918 жылы карашада Алашорда үкіметі  кеңес әскерлерінін, күшімен талқандалды. "Алаш" партиясынын. басшылары  қуғын-сүргінге ұшырады.

1917 жылы күзде "Үш жүз"  деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов болды. Ал Кеңес үкіметі уақытында жалғыз басқарушы партия СОКП болды.

        1986 жылы желтоқсан  көтерісінен кейін, "Желтоқсан"  партиясы дүниеге келді.

Қазіргі кездегі негізгі мәселе - республикамызда тәу¬елсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық.мемлекет құру. Барлық партия оған келіседі, тек  қандай тәсіл-әдістер, құралдар колдану  керек.

         Республикадағы  барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында  демократиялык құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық-экономикаға тырысатындығын  білдіріп, азаматтық келісім мен  тұрақтылық болғанын қалайтындықтарын  білдіреді.

Қазақстанда партиялар саны өсуде.

Казаңстан социалистік партиясы (ҚСП)

        Республиканың  саяси өмірінде бұл партия 1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды.  Қазақстан Компартиясының кезектен  тыс съезі өзін Қазақстанның  социалистік пар¬тиясы деп атау  жөнінде шешім қабылдады.

        Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдарын, 47 мыңнан  артық КСП мүшелерін біріктіреді.  Партиядағылардың 42 пайыздан астамы 40 жастан асқандар. 24 пайызы 40-50 арасындағылар.  Олардың арасында көптеген мемлекеттік  жүйенің баскарушылары, халық  депутаттары бар.

         КСП атқарушы органы болып - Политисполком (саяси аткару комитеті) анықталған. Ұйымдық жағынан пар¬тия территориялық, облыстық, қалалык, аудандық атка¬ру комитеті және бастауыш ұйым болып бөлінеді. Соңғы мәліметтер бойынша ҚСП Оңтүстік Казақстан облысында 16,5 мың, Кызылорда облысында-5 мыңнан аса, Солтүстік Казакстанда - 4 мыңнан аса, Жамбыл облысында -4 мыңнан аса мүшелері бар. 40-қа тарта ұлт пен ұлыс өкілдері КСП мүшесі.

Информация о работе Саяаси партиялар