Гендер социологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

Социологияда гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу мәніне әсері мәселесіне айрықша назар аударылады. Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды.
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.«Гендер» ұғымының анықтамасы. Гендерлік теңдіктің қалыптасуы.
2.Гендерлік теңсіздік.
3.Әйел мәртебесіне исламның ықпалы.
IІІ Қорытынды
ІV Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Гендер социологиясы.doc

— 100.00 Кб (Скачать файл)

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Әлеуметтік пәндер  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Әлеуметтану пәні бойынша

               №1 семестрлік жұмыс

Тақырыбы: «Гендер социологиясы»»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабылдаған: Орынбекова Д.С.

Орындаған: Жакупжанов Қ.Қ.

Тобы: РЭТк-12-07

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

 

 

Жоспар

 

 

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

   1.«Гендер» ұғымының анықтамасы. Гендерлік теңдіктің қалыптасуы.

   2.Гендерлік теңсіздік.

    3.Әйел мәртебесіне исламның ықпалы.

IІІ Қорытынды

ІV Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Кіріспе

 

 

          Гендер түсінігін дүниеге әкелген әлеуметтік ақиқат және шындық.

          Егер кең мағынада гендер туралы айтар болсақ, бұл терминге күрделі жүйе енеді, бұл мағынада аталған термин әйелдер мен ерлер мінез-құлқының әр түрлі смпаттамасының, өмір сүру стилі мен ойлауын, нормалары мен өмірлік мақсаттарын және т.б. бейнесінің тұтас жүйесін ашып көрсететін жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымын білдіреді.

         Социологияда гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу мәніне әсері мәселесіне айрықша назар аударылады. Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды.

        Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады.

         Мұсылман діні келгенге дейін Араб түбегіндегі жұрттар әйел баласын аса қадірлей қоймаған.Қараңғылық, зұлымдық пен қатігездік билеген қоғамда әйел атаулы қорланып, базарларда бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық ашықтан - ашық жасалатын.

         Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға мүмкіндік алды. Ислам әйелдерге құрметпен қарауға үндеді.

        Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

               Негізгі бөлім

 

1. «Гендер» ұғымының анықтамасы. Гендірлік теңдіктің қалыптасуы.

 

          Адам  қоғамы бірте – бірте қалыптасып, үнемі даму үстінде. Қоғам даму барысында тұрақты өзгеріп және бейімделу қасиеттері жетіліп тұрады. Кең философиялық мағынада адамдардың бірлесіп әрекет етіп қалыптасқан кез келген тарихи жиынтығының нысанын қоғам деп атайды.                             

          Алғаш  рет гендер терминін 1968 жылы Роберт  Столлер қолданған болатын. Ол әлеуметтануда биологиялық жыныс пен әлеуметтік жыныс ұғымдарын бөліп көрсетті. Кешірек Лорвер Джуди өзінің «Жыныс әлеуметтік категория ретінде» еңбегінде гендер ұғымдарын мүмкін 5 түрлі позицияда көрсетеді. Ал гендерлік социлогияның зерттеушілеріне келсек, олар: Гедокян, Сандра Бенг, Экклз, Коннел, Фарелл, Вандер, Купвер,Манн, Мастерс, Джонсон.

          Егер кең мағынада гендер туралы айтар болсақ, бұл терминге күрделі жүйе енеді, бұл мағынада аталған термин әйелдер мен ерлер мінез-құлқының әр түрлі смпаттамасының, өмір сүру стилі мен ойлауын, нормалары мен өмірлік мақсаттарын және т.б. бейнесінің тұтас жүйесін ашып көрсететін жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымын білдіреді.

          Гендер тұжырымдамасының негізгі идеясы айырмашылықтарды жойып, теңдікті қалыптастыруға бағытталмайды, ол өз жынысының «төбесі мен қабырғасы» шеңберінде жеке тұлғаның дамуын шектейтін кедергілерді жоюға бағытталған.

          Гендер түсінігін дүниеге әкелген әлеуметтік ақиқат шындық. Әйел мен еркектің табиғи айырмашылығы болғандықтан, оларға жынысына қарай әр түрлі әлеуметтік рөлдер мен ерекшеліктерді бөлетін болған. Гендерлік айырмашылықтар бейтарап қалмайды, сондықтан әлеуметтік жіктелуге әсер етеді. Барлық қоғамдарда әйелдер еркектерден өзінің әлеуметтік жағдайы бойынша төменірек орын алады. Барлық мәдениеттерде әйел баланы тәрбиелеуге және үй жұмысын жүргізуге жауапты, ал еркектер отбасын материалды қамтамасыз етуге тиісті екені жүктеледі.

          Гендерлік теңдік дегеніміз ол – екі жақты теңдікті көздейді. Яғни, бұл ер мен әйелдің теңдігі. Ер мен әйелдің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері. Ешкім де ешкімге басымдық көрсетпейді, барлық адам тең құқылы.

         Гендер – тек бойынша жыныстық айырмашылықты көрсететін ұғым. Гендер еркектер мен әйелдердің арасындағы психологиялық, әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарды сипаттайды. Әлеуметтік – мәдени сындар әйелдер мен еркектердің рөлдеріндегі айырмашылықтар мен солардың арасындағы қатынастарды білдіреді, бұлар белгілі бір уақытта нақты жағрапиялық орын алатын қоғамда пайда болған. Жыныс түсінігі адамдардың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін анықтайды, солардың негізінде адамдар әйелдер мен еркектер деп бөлінеді. Жыныс пен гендер арасындағы айырмашылықтың табиғаты таза биологиялық емес. Қаншалықты әйелдер мен еркетердің мінез – құлқының айырмашылықтарына гендер мен жыныс әсер ететіні гендерлік зерттеулерде қаралады. Мінез – құлықтың жыныстық ерекшеліктері әлеуметтік – мәдени ортада әр түрлі көрініс табады. Бұл әр мәдениетте өзінше ерекшеліктері арқылы білінеді. Гендерлік қатынастар – даму нәтижесінің, яғни әлеуметтендірудің бейнесі.

           Гендерлік теңдік ол әлеуметтік қызметтерді орындау кезінде жыныстық тегіне қарамастан, ер адамдар әйелдердің қорлар мен игіліктерге тең дәрежеде қол жеткізуін білдіреді. Ал ақиқат шындықта ерлер мен әйелдердің іс жүзіндегі тең құқылығына қол жеткізу іске асырылуының тетіктерінің тиімділігі төмен. Бұл билік пен өмірдің барлық жағдайларында орын алатын құндылықтардың мәселесіне жатады. Егер жеке және қоғамдық өмірдің таптаурындары., дәстүрлері мен құрылымы кемсітушілікке негізделетін болса, онда оларды түбегейлі зерттеу және қайта қарау керек. Әйелдер мен еркектер бірдей мүмкіндіктерді, құқықтар мен еркіндікті еншілейтін қоғам құру үшін қажетті пікір – таластар мен зерттеулерді жүргізу талаптары бүгін күн тәртібіне қойылды.

             Гендер ойтұжырымы феминизм қозғалысы арқылы дамып қалыптасты. 1792 жылы О. де Гуж «Әйелдердің және азамташаның құқы жөнінде декларация» және Т. фон Гиппель «Әйелдердің азаматтық құқын жақсарту жайында» еңбектеріндегі ойлар, әйелдердің әлеуметтік – экономикалық құқын шектеуге қарсы теория, феминистік және суфражизм қозғалыстарын дамытты. Феминизм - әйелдердің әлеуметтік – экономикалық құқын қорғау үшін күреске, ал суфражизм - әйелдердің сайлау құқын иелену үшін күреске қозғау берді.Американдық зерртеуші Б. Фриденнің еңбегінде әйелдің отбасылық жұмыспен шектелуі қандай заңдылықтар әкелетінін көрсетті. Бұл Батыс Еуропада ер адамдардың үстемдігін орнататын бүкіл әлеуметтік қатынастарды өзгерту қажеттігін алға тартты, яғни жаңа мәдениетті қалыптастыруға шақырды. Тіпті жыныстық қатынастардың саяси салаға қатысы барын және биліктің қалыптасуына ықпал жасайтынын көрсетті

          Тарихқа үңіліп, әйелдердің саяси  белсенділігін саралайтын болсақ, әйелдер негізінен білім алуға,  сайлауға қатысуға және сайлануға,  еңбек етуге және ерлермен  тең жалақы алу құқығы үшін  күрес жүргізді. Бірақ тек ХХІ  ғасырдың басында ғана әйелдер көптеген жетістіктерге жетті: сайлауға қатысуға және ерлермен бірдей экономикалық және әлеуметтік құқықтарға ие болды.

         Әйел мәселесі көптеген шетел тарихшылары, философтары мен жазушылары еңбектерінде өз алдына бөлек әңгіме болып есептеледі. Бірақ феминизм идеясы Ш. Фурье, А. Сен-Симон, Ж. ж. Руссо, Ф. Вальтер сияқты француз философ – ағартушыларының еңбектерінде жалғасын тапты. Сондықтан әйел қозғалыстары Ұлы Француз көтерілісі барысында орын алған деуге болады. Осы Францияда әйелдің теңдік үшін күресіне арналған алғаш журнал шыға бастады, әйелдердің көтеріліс клубтары пайда болды. Дегенмен 1791 жылғы конституция әйелдердің сайлау құқығына рұқсат бермеді, Осыған байланысты, сол жылы ұлттық жиналысқа 1789 жылғы «Адам мен азамат құқықтарының Декларациясы» үлгісімен Олимпия де Гут дайындаған «Әйел мен азаматша құқықтарының Декларациясы» ұсынылды. Онда әйелдердің сяси және әлеуметтік теңдігін толық қабылдау шарты мазмұндалды. Бірақ 1793 жылы Конвенттің шешімімен Олимпия де Гут дарға асылды.   

              Гендерлік сааясатты жүргізу  өркениетке бет бұрған кез  келген мемлекетте бар. Ал оның  мақсаты – ең алдымен, билік  орындарында ерлер мен әйелдердің  қызметтік алшақтығын болдырмау,  әйелдердің қызметте ілгерілеу  мен экономикалық салада тепе – теңдігін қамтамасыз ету, аналарды әр түрлі зорлық – зомбылықтан қорғау және тағы да басқа мәселелермен айналысу болып табылады.

          Сонымен, «Гендерлік саясат қажет пе, жоқ па?» деген сауал арагідік қазақ баспасөзінде көтеріліп қалады. Пікірлер әрқилы болғанымен, біз өркениеттен тыс қала алмаймыз. Қоғам дамуы бұл сұрақтың күн тәртібінен түспейтінін әрдайым еске салып тұрады. Жалпы, қазақ әйелінің тұрмыс халінің жақсарғаны отбасына ғана емес, өзіне де қуат берер. Әрине, әр ұлттың салт – дәстүрі, өз даму ерекшелігі бар. Десек те, заман дамыған сайын тұрмыс та түзелуі тиіс.

          Қазіргі таңда гендерлік саясатты іске асыруда скандинав елдері, әсіресе Швеция алға шықты. Онда парламенттің 52 пайызы, үкіметтің 49 пайызы -  әйелдер. Қорғаныс министрінің әйел болуы да - гендерліктің саясаттың жетістігі. Ол жерде жұмысқа қабылдау барысында гендерлік баланс қатал сақталады.

           Қазақстан Республикасында ілгері дамыған елдер қатарында тарихи қалыптасқан ерлердің әйелдерден басым болу жағдайын өзгертуге бағытталған саясат жүргізіліп, біршама ілгерілеуі байқалады. Әйелдердің жағдайы жөніндегі IV Бүкілдүниежүзілік конференцияның (Пекин, 1995 жыл) іс – қимыл тұғырнамасын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс – қимылдар жоспары» қабылданды. Әйелдердің қоғамдық саяси - өмірдегі белсенділігі мен рөлін арттыру үшін мүмкіндіктер жасау және пәрменді тетіктер дайындауда ұзақ мерзімге бағытталып, 12 басымдылықты қамтыған бұл жоспардың маңызы зор болды.

           1998 жылы Қазақстан «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрін жою туралы» БҰҰ конвенциясына кірді және оның факультативтік хаттамасын бекітті. Осы конвенция шараларының орындалуы жөнінде еліміз есеп беріп отырады. Сонымен бірге «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» және «Тұрмыс құрған әйелдің азаматтығы туралы» конвенцияларды, Халықаралық еңбек ұйымының «Әйелдер мен еркектерді бірдей бағадағы еңбекте тең марапаттау туралы» конвенциясында бекітті. 2003 жылы «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасы», ал 2005 жылы «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» қабылданды. Яғни елімізде әйелдер мәселесіне құқықтық негіз жасалған.

          Тәуелсіздік жылдар арасында Қазақстанда әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мәртебесін көтеру жөніндегі институттық тетіктердің тұтас жүйесі қалыптасты. Осы үрдіс ұдайы дами және жетілдіріле түсуде, ал олардың тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы қызметі барған сайын пәрменділігі мен тиімділігін арттыруда.

          Әйелдердің жағдайларын жақсарту жөнінде қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін үкімет құрылымдардың күш – жігерлерін жұмылдыруда ҚР Президентінің жанындағы отбасы мен әйелдер істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясы (1998) және 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайларын жақсарту жөніндегі іс - әрекеттердің Ұлттық жоспары негізгі құралдар болып табылады. Бұдан басқа, әйелдердің жағдайларын жақсарту жөніндегі мәселелерін шешуге бүкіл қоғамды белсенді қатыстыру үдерісін нығайтады.

           Қазақстан Республикасында әйелдердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмыста үкіметтік емес ұйымдар орасан үлкен рөл атақарады. Бүгінгі таңда елімізде 8 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) жұмыс істейді, солардың 150-ге жуығы - әйелдер ұйымы. Сондай – ақ Қазақстандағы әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының одағы да бар. Әйелдердің ҮЕҰ жұмысқа орналасу және кәсіптік бағдарлану, шағын бизнеске қолдау көрсету, құқықтық және заңдық қолдау көрсету орталықтарын құрды. ҮЕҰ әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықпен күрес жүргізу жөніндегі елдегі кризистік орталықтар желісін белсенді түрде дамытуда. 2003 жылы осындай орталықтардың саны 38-ге жетті. Осы орталықтар отбасыларға, әйелдер мен балаларға заңдық және психологиялық көмек көрсетеді.

            Соңғы жылдарда отбасы және әйелдер істері жөніндегі Президенттің жанындағы Ұлттық комиссияның, оның аймақтық бөлімшелерінің, отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту саласындағы халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмысы ұдайы жандана түсуде. Жұмыстың жеделдігін арттыру үшін Ұлттық комиссия электронды желі құрды және ол тиімді жұмыс істеп келеді, желі Комиссияны оның аймақтық бөлімшелерімен және үкіметтік емес ұйымдармен байланыстырып отырады.

           БҰҰ – ның «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» Комитеттің ұсыныстарын іске асыру мақсаттарында өмірдің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мәселелерінде кешенді саясат пен институттық тәсіл жасау бойынша Қазақстанда гендерлік саясат іске асырылып келеді. Гендерлік саясат  - қоғамдық өмірдің барлық салаларында жыныстар теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. «Ол еліміздегі гендірлік саясаттың негізгі бағыттарын – ерлер мен әйелдердің билік құрылымдарына теңгерімді қатысуына қол жеткізуді, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесін дамытуы мен мансап жолында ілгерілеуі үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді, отбасындағы құқықтар мен міндеттердің тең жүзеге асырылуы үшін жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық – зомбылықтан азат болуды айқындады»

Информация о работе Гендер социологиясы