Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 19:53, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................1
I Тарау.Құқық жүйесінің түсінігі және мәні.
Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктелуі.............................................5
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатнасы........................................10
II Тарау. Әлемнің құқықтық жүйелері және Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйе.
2.1. Әлемнің құқықтық жүйелері...............................................................11
2.2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі............................... 21
Қорытынды.....................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс.doc

— 181.00 Кб (Скачать файл)

Дамыған елдердің тарихында  құқық жүйесінің өз ішінде кешенді (комплексный) салалар қалыптаса  бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық  даму процесінің нәтижесі. Мысалы: теңіздік құқық әкімшілік, азаматтық, жер, процессуалдық жүйелерден тұрады. Бұл процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді.

Қоғамдағы нормативтік  актілердің, жақсы жұмыс жасауын  қамтамасыз ету үшін оның жүйеге, салаға бөлінуін және олардың бірлестігін мемлекет қатаң түрде бақылап, нығайтып, дамытып отырады. Құқықты жүйеге, салаға бөлудің екі себеп-мақсаты бар: біріншісі — жүйеге, салаға жататын (кіретін) қарым-қатынастардың мазмұнын, негізгі бағытын анықтау; екінші - сол жүйелік, салалық қатынастарды реттеудегі, басқарудағы құқықтық жұмыстардың тәсілдері мен әдістерін анықтау.[3]

 

 

 

 

1-кесте


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Бұл әдіс-тәсілдердің түрлері мемлекет және құқық теориясымен бірге дамып, нығайып келеді. Құқық жүйесінің әр саласының өзіне тән әдіс-тәсілдері бар. Мысалы: қоғамдағы қатынастардың субъектілеріне құқықтық нормалар басым көпшілігіне толық бостандық береді. Өз еріктерімен құқықтық норма арқылы қарым-қатынас жасап, мүдде-мақсаттарына жетуге мүмкіншілік береді. Субъектілердің екінші тобына құқықтық нормалар тиісті міндеттер жүктейді. Қатынастардағы субъектілердің үшінші тобына құқықтық нормалар шектеулі, нақты тыйым салады. Осы көрсетілген құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістері құқықтың барлық салаларында бар.

Құқық жүйесінің тәсілдері  мен әдістерін дамытуға, нығайтуға  материалдық және процессуалдық  құқықпен бұқаралық және жеке тұлға құқықтары көп үлес қосады. Бұлардың нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы орындалуында маңызы өте зор.[7]

Құқықтық реттеу әдісі  – бұл олардың көмегімен біртектес  қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың  жиынтығы. Құқықтық реттеудің  төмендегідей негізгі әдістері болады:

1) императивтік – бұл  тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация  әдісі;

2) диспозитивтік –  рұқсат етуге негізделген, тараптардың  теңқұқылығы, координация әдісі;

3) марапаттаушы – белгілі  бір жақсы жүріс-тұрыс үшін  марапаттау әдісі;

4) ұсынушылық – мемлекет  пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі;

Материалдық құқық - қоғамдағы  қарым-қатынастарды реттеп, жақтап, қорғап отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық  құқықтық нормалар, азаматтық құқықтық нормалар, әкімшілік құқықтық нормалар т.б.

Процессуалдық құқық - материалдық құқықты қалай, қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық-процессуалдық және азаматтық процессуалдық құқықтарда көрсетілген нормалар.

Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтардың, бірлестіктердің, ұжымдардың, мемлекеттің мүдде-мақсаттарын қорғап, дамытып отырады. Бұл мүдде-мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке тұлға мақсаттары. Осы екі мүдде-мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға құқығы қалыптасады.

Бұқаралық құқық - мемлекет бұқаралық және жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы — жеке адамдардың арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.[9]

Бұқаралық құқық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп, басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені олар қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс жүзіне асыру бағытында қызмет атқарады. Бұл топқа көбінесе конституциялық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық, процессуалдық, әскери нормалар жатады. Жеке тұлға құқығы адамдардың және заңды тұлғалардың мүдде-мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа азаматтық, еңбек, отбасы, сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады. Бұқаралық құқық - мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы - жекелік істермен шұғылданады. Жеке тұлғалар құқығы жеке меншікпен тығыз байланыста дамиды. Жеке меншік болмаса жеке тұлғалар құқығы да болмайды. Біздің елде Кеңестік дәуірде жеке тұлғалар құқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі нарықтық жүйе қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірге келіп, жеке тұлға құқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.[10]

1.2. Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы

 

Құқық жүйесі объективтік  құбылыс. Ол қоғамның диалектикалық  даму процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан, құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес қалыптасып елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп, басқарып жатады. Сондықтан мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқыланып, бекітіледі. Қоғамдық қатынастарды реттеп, басқару процесінде нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.

Заң шығару жүйесінің  өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті дағдарысқа ұшыратпай басқару керек. Бұл мәселемен мемлекеттің заң шығару бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.

Заң жүйесі дегеніміз - құқықты  құрастыратын (қалыптастыратын) нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері). Нормативтік актілерсіз, заңсыз құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.[4]

Заң шығару жүйесінің  негізгі салалары:

1. Бір салалық қатынастарды  реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл түрі құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.б.

2. Саланың өз ішіндегі  қатынастарды реттейтін заңдар  нормативтік актілер. Мысалы: азаматтық  құқықтың ішіндегі авторлық құқық;  жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен,  экология туралы заңдар т.б.

3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы: шаруашылық, транспорттық т.б.  заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның  бірнеше салаларының ұқсас қатынастарын  реттеп отырады.[6]

4. Қорғаныс - әскери заң  жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.

Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен, қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын  қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т.б.

Заң жүйесі объективтік  жолмен қалыптасқан нормативтік  актілерді субъективтік тұрғыдан біріктіріп, дамытып отырады.

Құқықтың дамып, қалыптасу  кезендері:

1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың  өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.

2. Қатынастарды реттеп, басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.

З. Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын жеңілдету, нормативтік актілердің орындалуын жақсарту.

Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады. Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.

Құқық және заң жүйелерінің  даму бағыттары - құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара  түседі. Құқық және заң жүйелерінің  даму бағыттары:

1). Қоғамдағы диалектикалық  құбылыстардың құқық пен заңды  объективтік тұрғыдан дамытуы; 

2). Құқық жүйесінің  дамуы; 

3). Заң шығармашылық  процестің сапасының жақсаруы.[2]

Қоғамның диалектикалық  даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы бірте-бірте теңесуге тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа айналады.

Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп, басқаруды  бірте-бірте қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі  азая беруі өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.

Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы  объективтік процесс. Бірнеше құқық  салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.

Жоғарыда көрсетілген  құқық жүйесінің келешекте объективтік  даму процесі міндетті түрде заң  шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға объективтік, заңды негіз деп толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің әкімшілік территориясында мәселелердің басым көпшілігін өздері толық реттеп, басқаруға көшуі мүмкін.[8]

    2.1. Әлемнің құқықтық жүйелері

 

Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың  бірнеше түрлері қалыптасып, солар  арқылы қоғамдағы сан қырлы қатынастар реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр түрлі. Бір елде - әдет-ғұрып, екінші елде - мораль, үшінші елде - құқық басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер бар. Әр ел ол нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Сол арқылы әр елде өздерінің ұлттық құқық жүйесі қалыптасады. Сонымен бірге осы ұлттық құқық жүйелердің мазмұны мен нысандарында бір-біріне ұқсастық болады. Сол арқылы ұлттық құқық жүйелерін жіктеп, топтастырып құқықтық жүйеге бөледі, оның негізгі қағидалары мен тәсілдері:

1). Бірнеше елдердің  құқық жүйесінің негіздері және  мазмұны бір-біріне ұқсас болады. Себебі олар көне заманда бір  мемлекеттің әлеуметтік-нормативтік  жүйесінен бөлініп шыққан. Сондықтан бұл құқық жүйелерінің түпкі негіздеріне және мазмұндарына қарай топтастыру.[2]

2). Құқық жүйелерінің нысандарына  сәйкес топтастыру. Нормативтік  актілердің және әлеуметтік нормалардың  қабылдануының, қолдануының ерекшеліктеріне  қарай құқықтық жүйеге бөлу. (Бір елде - құқық, екінші елде - әдет-ғұрып, үшінші елде — сот шешімі басым болады).

3). Әлеуметгік және құқықтық  нормалардың құрылымына қарай  жүйеге келтіру. Бірнеше елдің  нормаларының элементтері (гипотеза, диспозиция, санкция), құқықтың элементтері  (норма, институт, бөлім, сала) бір-біріне ұқсас болады. Бұл топтастырудың негізін құрады, тәсіл болады.

4). Әлеуметтік және құқықтық  нормалардың құрылу, қабылдау, орындау  қағидаларына сәйкес жүйеге келтіру.  Бір елде - дін, екінші елде  — идеология, үшінші елде — заңдылық басым болады. Осы саясаттар құқықтық жүйенің қағидаларының негізі болады.

Қоғамның объективтік даму процесінің мүдде-мақсатына сәйкес саяси, экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін  әр елде құқық жүйесі қалыптасады. Дүние  жүзіндегі мемлекеттердің тарихи, экономикалық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарай құқық жүйелері бір-біріне ұқсамайды. Оларды ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, ұлттық, топтық құқықтық жүйелерге жіктеу жүргізіледі.

Францияның ғалымы Давид Рененің  пікірі бойынша, құқықтық жүйенің бірнеше түрі болады: англо-саксондық, романо-германдық социалистік, діни және Қытай, Индия, Жапония т.б. құқықтық жүйелерге бөлінеді.[1]

     Англо-саксондық құқық жүйесі. Бұл жүйе феодализм кезінен басталады. Англия өзінің аралдық жағдайын пайдаланып, ерекше әдет-ғұрыптарын сақтауға тырысты. XII ғасырдан бастап қалыптасқан Англияның демократиялық жетістіктері құқық жүйесіне зор ықпалын тигізді. Англия, Рим мемлекетінің провинциясы болса да өзінің ұлттық ерекшеліктерін жоғары ұстай білді. Бұл құқықтық жүйе ежелгі әдет-ғұрыптардан, сот шешімдерінен құралады. Англияның королі Генрих II (1154-1187) бірнеше реформалар жүргізген, солардың арасында ең маңызды сот реформасы. Ол көшпелі корольдық сотты енгізді. Бұл сот әр жылдың аяғында құқық тәжірибесінен жан-жақты талдап қорытынды жасап, маңызды шешімдерін баспа арқылы жариялап отырды. Соттардың бәріне бұл қорытынды шешім - ережелер негізгі заң болып, оны міндетті түрде қолданатын болды. Сөйтіп жергілікті әдет-ғұрыптар модификациядан өтіп, ерекшеліктерін бірте-бірте жоғалтып, жаңа англо-саксондық құқық жүйесі қалыптаса бастады.[5]

Бұл жүйенің негізгі  мазмұны сот тәжірибесінен қалыптасады, мемлекеттік органның қабылданған  нормалары қосымша рөл атқарады. Қазіргі заманда бұл өте күрделі, демократиялық құқықтық жүйе. Оны статус құқығы деп те атайды. Статус-парламент қабылдаған заң. Оның саны 500 жылда 2000-ға жеткен. Англияда азаматтық кодекс жоқ. Сот азаматтық істерді дұрыс шешіп, жаңа норма жариялайды. Бұл нормалар әрбір жеке статусты шешетін норма болып шығарылады. Құқықтық нормаларды кодификациялау және жүйелеуі де өте сирек кездеседі. Англияның құқықтық жүйесі абсолюттік монархия дәуірінде дамып гүлденді. Бұл жүйеде процессуалдық нормалардың маңызы материалдық нормадан жоғары тұрады. Англия өзінің отарлық-тәуелді елдерінің ұлттық құқықтық жүйелеріне нышан келтірмеді. Олар өздерінің ұлттық құқығын сақтап, бірте-бірте ағылшын құқығының жақсы, дұрыс нормаларын пайдалана бастады. (Малайзия, Сингапур, Гонконг, Бруней, Гана, Кения, Нигерия, Египет т.б.).

Информация о работе Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс