Қолданушыға арналған нұсқау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 21:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияның жетістіктерін, идеяларын қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі-объектілі бағытталған программалау. Delphi ортасы объектілі программалау принципіне негізделген. Бұл ортада мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрылады.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және болашақта үлкен роль атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………............…................3

1 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ МАҒЛҰМАТ ...........................................5
Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік.................................................. 5
Мәліметтер қорын жобалау .......................................................................7
Мәліметтер қорының архитектурасы........................................................9
Мәліметтер қорының модельдері...........................................................10

2 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ОРТАЛАР..........................................................................................................24
Delphi объектілі бағытталған программалау ортасы.............................29
SQL тілі......................................................................................................34
TDBGrid компонентін қолдану................................................................40

3 «СПОРТ МЕКТЕБІНДЕГІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР» МҚ ҚОСЫМШАСЫ ТУРАЛЫ.................................................................................................................45
3.1 Құрылған қосымшаға сипаттама…..……………………........................47
3.2 Қолданушыға арналған нұсқау ………...................................................61

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................

Вложенные файлы: 1 файл

Студенттер тизими.doc

— 353.00 Кб (Скачать файл)

 

Delphi       қосымшасы


 

 

Borland  Database                        

Engine(BDE)



 

       Paradox                      ......                     ODBC                       ODBC- ті


       драйвері                                             драйвері                       интерфейс                            

     



    Мәліметтер             Мәліметтер            Мәліметтер                     SQL


       қоры                        қоры                     қоры                              сервері


   кесте         кесте       кесте     кесте                       Мәліметтер   қоры   


                                                                                      

                                                                           кесте              кесте


 

1.4.7-сурет Delphi қосымшасы

 

BDE  псевдоним арқылы көрсетілген  мәліметтер қорына сәйкес драйвер табады.Драйвер – бұл қандай да бір анықталған типті мәліметтер қорымен қалай хабарласу керек екенін көрсететін көмекші программа.Егер BDE-ның мәліметтер қорын басқару жүйесіне сәйкес келетін өзінің драйвері бар болса, онда BDE мәліметтер қорымен және ондағы қажет кестемен байланысады, қолданушы сұранысын өңдейді және қосымшаға өңдеу нәтижесін хабарлайды.BDE Microsoft Access, Fox Pro, Paradox, dBase сияқты мәліметтер қорына өздігінен ене алады.

Егер BDE-нің өзінде қажет  мәліметтер қорын басқару жүйесінің драйвері болмаса, онда ODBC драйвері қолданылады.ODBC (Open Database Connectivity)- бұл BDE функцияларына аналогты DLL, бірақ Microsoft өзінің офистік өнімдеріне ODBC қолдануын қосқан соң және ODBC үшін барлық мәліметтер қорын басқару жүйесі драйверлер қосылғандықтан, Borland фирмасы ODBC-ты қолдануға мүмкіндік беретін BDE қосты.Шындығында ODBC арқылы жұмыс жасау BDE-ге қосылған мәліметтер қорын басқару жүйесінің өз драйверіне қарағанда жәй жүргізіледі.Бірақ ODBC-пен қатынасқа байланысты Delphi масштабы үлкейіп, қазір Delphi кез-келген мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс жасай алады.

BDE,  SQL- сұраныстардың стандарт тілін қолдайды, ол Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase сияқты SQL- серверімен мәліметтер алмасуға мүмкіндік береді.Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында жұмыс кезінде кеңінен қолданылады.

 

Өзгертілетін  мәліметтер жиыны.

TADOQuery кампонентімен қайтарылатын мәліметтер жиыны жазбалары TTable кампоненті жүретін сияқты өзгерте алады. Select операторы орындалғаннан кейін қайтарылатын мәліметтер жиынының өзгеру мүмкіндігі мәні келесі шарттардың орындалуынан тәуелді автоматты түрде қойылатын CanModify қасиетімен анықталады:

  • Request Live кампонентінің қасиеті True мәнін қабылдауы қажет;
  • Мәліметтер жиыны тек бір ғана физикалық төменгі мәліметтер қорымен(ТМҚ-мен) қатынасты құрылады;
  • Мәліметтер жиыны сұрыпталмайды (яғни сұраныста ORDER BY секциясы болмауы қажет);
  • Мәліметтер жиынында мәндер SUM, CONT, AVG, MIN, MAX агрегатты функциялары көмегімен құрылмайды;
  • Мәліметтер жиыны кэштенбейді (CashedUpDates қасиетінде false мәні болуы қажет);
  • Sybase SQL Server серверіне кіргенде төменгі мәліметтер қорында(ТМҚ-да) қайталанбайтын индекс болуы қажет.

Егер мәліметтер жиынына  Post, Delete әдістерімен енгізілген өзгертулер мәліметтер жиынында көрсетілмесе, оның құрамын Refresh әдісімен жаңартуға болады. Бірақ бұл жағдайда Select операторы мәліметтер қорының жергілікті кестесі үшін орындалуы қажет және бұл кестеде қайталанбайтын индекс болуы қажет. Жойылған мәліметтер қорына жіберген сұраныс нәтижесінде қайтарылған мәліметтер жиыны үшін Refresh әдісінің орындалуы ешқандай салдар туындатпайды.

TQuery кoмпонентінің Request Live қасиеті еленбейді, егер жоғарыда  айтылған шарттардың ең болмағанда  біреуі бұзылса. Мұндай мәліметтер  жиыны тек мәліметтерді көрсете  алады, ал Insert, Edit және Delete әдістерінің біреуін шақыру ерекше жағдай туғызады. Жазбаларды өңдеу, қою және өшіру үшін бұл жағдайда не TUpDateSQL арнайы кампоненттерін, не болмаса SQL-серверге TQuery Exec SQL әдісі көмегімен берілетін Update, Insert, Delete сәйкес сұраныстарын пайдалану керек. Бұл жағдайда да, басқа жағдайда да қолданушы экрандағы мәліметтерді сәйкес жаңартумен байланысты бір үлкен мәселе бар. Мәселе мынада, бұл жағдайда жазбаларды жаңарту олардың кескінделуінен тәуелсіз болады. DBGrid торы, мысалға, тек оларды бірнеше кестелерден көрсететін мәліметтер жиынындағы мәліметтерден тұрады.Жергілікті мәліметтер қорындағы жазбаларды демонстрациялау үшін TTable және TQuery кампоненттерінің Refresh әдісі қолданылады, бірақ бұл әдісті серверлі мәліметтер қорында пайдалануға тыйым салынады:егер қолданушы экранда көрсетілген мәліметтерді жаңартқысы келсе, ол мәліметтер жиынын жауып, оны қайтадан ашуы керек. Мыңдаған жазбалардан тұратын күрделі сұраныстарды кескіндеу үшін, бұл уақыттың көп кетуіне әкелуі мүмкін, ал егер жаңартып жиі жүргізіліп тұрса, жаңарту мүлделі мүмкін емес болады.

Әрине, бұл жағдайда кескінделмеген жазбаларды жаңартпай-ақ қандай да бір  әдіспен қолданушыны экран жаңартуды  қажет ететіні туралы хабардар ету  керек. Бұл мақсаттарда көп жағдайларда қосымша батырма пайдаланылады. Ол алғашқыда қолданушыға көрінбей, тек артынан өзгерту енгізген соң пайда болады.Қолданушы көңілін жаңа интерфейстік объектіге аударту үшін батырманы «жыпылықтағыш» етіп жасап, сәйкес дыбыстық белгі беру керек. Келесі фрагментте TQuery классты quUpdame компонентінің ExecSQL әдісіне үндеу тастаған соң терезе ортасында мәліметтерді жаңарту қажеттілігі туралы хабардан тұратын TAlarm классты терезе-қалтқы шығады да, сол уақытта мынаны жасай алатын bbRefresh батырмасы көрінетін болады:

   

   Procedure Tform 1.bbUpdate Click(sender:Tobject);

        Begin

            ……….

           try

                   quUpdate. Exec SQL;  // Өзгертілетін мәліметтер;

                    Application. Create Form(TAlarm , Alaem);

            Whith  Alarm  do

         Begin       // қалтқы терезені ілеміз

          Show;

        SetWindowPos(Handle,hwnd_TopMost,(Scrun. Width-Width) div 2;

            (Scrun. Height-Height) div 2, Width,Height, swp-NoActivate);

              end;

              bb Refresh. Show; // жаңартуға арналған батырманы көрсетеміз.

             MessageBup(mb_IconExclemation); // Дыбыс шығарамыз.

             Except

               ShowMessage(‘Ошибка изменения данных !’)

             End

         End;

 

Бірақ бұлардың барлығы  күрделі мәліметтер жиынын жабу мен ашуға байланысты уақыт шығынын азайтады. “Тірі” мәліметтер жиынын жаңарту тезірек жүзеге асырылады, бірақ бұл жағдайда күрделі мәліметтер жиынын құру жұмысын клиентті орында орындауға тура келеді, бұл жалпы жай жүреді және мәліметтерді “парақтауда” едәуір кідіруге әкеледі.

Айталық, мысалға, бірден үш кестеден таңдау жүргізілсін: сатып  алушыларға кітаптарды жүктеу құжаттарынан тұратын MoveDoc басты кестесінен және жүктеу жүргізілген қоймалар мен  сатып алушылар туралы мәліметтерден  тұратын PARTNERLIST және SCLADLIST екі анықтамалық кестелерден тұрады.Кестелер Novedoc. Partnercode – Partnerlist. Code мен Movedoc Scladcod – Sclad. Code жуық өрістермен байланысқан. Мұндай SQL-сұранымы жаңартылмайтын мәліметтер жиынын құрады, ол бірақ DBGrid сеткасында тез парақталады, себебі қажет өрістердің байланысуы сервермен жүзеге асырылады:

 

   Select

    ……  /* Movedoc кестесінен таңдалатын өрістер  тізімі */,

    P. Name /* Сатып  алушының аты-жөні бар өріс */,

    S. Name /* Қойма  аты бар өріс */

   Form

          Movedoc M,

          Partnerlist P,

          Scladlist S,

    Where
           P.code=M. Partnercod

           and S. Code=M. Scladcode

 

Мұның орнына жаңартылатын мәліметтер жиынына:

    Select

        ….. /* Movedoc кестесінен таңдалатын  өрістер тізімі */

        form

            Movedoc

 

Partnerlist және Scladlist мәліметтерінен  тұратын екі қосымша мәліметтер  жиынына сілтемесі бар fklookup типті  обьект-өрістер қосып құруға болады. Соңғы қолданушы үшін нәтиже  бірдей болады, бірақ мәліметтер  жиынын Edit…Post әдістерімен жаңартуға болады, бұл кезде бірінші сияқты соңында Close және Open болатын Update(Insert,Delete) SQL-сұранысын қолдану керек болады.Екінші мәліметтер жиынына өрістерді байланыстыру клиентпен жүзеге асырылатын болғандықтан, ол байқалатын үзілістерімен парақталады.

Select операторы жалпы  жазбаларды Where секциясында сипатталған  шарттар көмегімен електен өткізеді.Өзгертілетін  сұраныстарда қолданушы жазбаларды  енгізу мен өзгертуді Where секциясы  шарттарын қанағаттандырмайтындай  етіп жасай алады. Бұл жағдайда мәліметтер жиыны өзін қалай ұстау керектігін Constrined қасиеті мәнімен анықтайды: егер онда True болса, енгізілген немесе модификацияланған жазба електен өткізіледі де, мәліметтер жиынынан кетеді, қарсы жағдайда мәліметтер жиынында «дұрыс» жазбалармен бірге қатысады.Бұлай Delphi-дің құрылған анықтамалық қызметі мен құжатта айтылған. Тәжірибеде бұлай емес: Constrained мәліметтер жиыны әрекетіне ешқандай әсер етпейді.[20]              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОРТАЛАР

 

2.1 Delphi объектілі бағытталған программалау ортасы

 

Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен  жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6-да құрылған программалар  негізінен өндіріс  және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер  қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер  болып табылады.

Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамассыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда

- Мобильді компьютерлерді  тарату кең ауқым алуымен байланысты.

Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды  беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай  дамуы.

Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 6-дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 6-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді.

Құрудың графикалық ортасынан  басқа аспектісі ол- көмекші жүйесінінің  күштілігі.

Delphi 6-да басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана  программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.

Есеп беру генераторын  және мәліметтер қорын қолданатын бизнес-программаларды құру Delphi 6-да өте жоғарғы дәрежеде орындайды. Borland фирмасы өткен жылдар бойы жиналған барлық технологиялық білімін пайдаланды. Delphi 6-да BDE көмегімен DBASE-. PARADOX-. ACCES- және ASSCI  мәліметтер қоры кестелерімен тікелей байланыса алады.BORLAND SQL LINKS FOR WINDOWS драйвері SQL-серверімен жұмыс істеуге арналған ORACLE. SYBASE. INFORMIX. INTERBASENT және DB2 көбінесе тестілеу үшін қолданылатын СУБД INTERBASE берілген. Басқа формадағы мәліметтер қорымен байланыс орнату үшін ODDBC-драйверін пайдалану керек. Сонымен Delphi арқылы кез-келген масштабтағы клиент-сервер типіндегі программалар құруға болады.

Delphi 6-да есеп беру үшін TQuickreport интегралданған компонеттері бар. Delphi 6-ның аппараттық құрылымына программа құру үшін програмистке ассемблер беріледі. Осының нәтижесінде Intel-Assembler коды Object Pascal программа кодына көше алады.

Delphi 6 қолданушыға өте ыңғайлы,  тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.

Алғашқы көзқарас

Delphi 6 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.     

Негізгі терезе. Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 6 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 6 -ны жабамыз.

Информация о работе Қолданушыға арналған нұсқау