Қолданушыға арналған нұсқау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 21:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияның жетістіктерін, идеяларын қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі-объектілі бағытталған программалау. Delphi ортасы объектілі программалау принципіне негізделген. Бұл ортада мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрылады.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және болашақта үлкен роль атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………............…................3

1 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ МАҒЛҰМАТ ...........................................5
Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік.................................................. 5
Мәліметтер қорын жобалау .......................................................................7
Мәліметтер қорының архитектурасы........................................................9
Мәліметтер қорының модельдері...........................................................10

2 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ОРТАЛАР..........................................................................................................24
Delphi объектілі бағытталған программалау ортасы.............................29
SQL тілі......................................................................................................34
TDBGrid компонентін қолдану................................................................40

3 «СПОРТ МЕКТЕБІНДЕГІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР» МҚ ҚОСЫМШАСЫ ТУРАЛЫ.................................................................................................................45
3.1 Құрылған қосымшаға сипаттама…..……………………........................47
3.2 Қолданушыға арналған нұсқау ………...................................................61

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................

Вложенные файлы: 1 файл

Студенттер тизими.doc

— 353.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ………………………………………………………............…................3

 

1   МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ  МАҒЛҰМАТ ...........................................5

    1. Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік.................................................. 5
    2. Мәліметтер қорын жобалау .......................................................................7
    3. Мәліметтер қорының архитектурасы........................................................9
    4. Мәліметтер қорының  модельдері...........................................................10

 

2   МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ  ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН  

     ОРТАЛАР..........................................................................................................24

    1.    Delphi объектілі бағытталған программалау ортасы.............................29
    2. SQL тілі......................................................................................................34
    3. TDBGrid компонентін қолдану................................................................40

 

 3  «СПОРТ МЕКТЕБІНДЕГІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР» МҚ ҚОСЫМШАСЫ ТУРАЛЫ.................................................................................................................45

3.1   Құрылған қосымшаға  сипаттама…..……………………........................47

3.2   Қолданушыға арналған нұсқау ………...................................................61

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................63

 

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияның  жетістіктерін, идеяларын қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының  есептері программалау тілдерінің көмегімен  шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу  мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі-объектілі бағытталған программалау. Delphi ортасы объектілі программалау принципіне негізделген. Бұл ортада мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрылады.

Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып  табылады және болашақта үлкен роль атқарады.

Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі  нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.

Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа технологиялардың даму барысында  ақпаратты-іздестіру жүйесі негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр.

MS Access  ең кең таралған деректер қорын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).

Microsoft компаниясымен мәліметтер  қорына қол жеткізудің жаңа  механизмін ұсынды – ADO (ActiveX Data Objects) технологиясы, OLE DB интерфейсін  қолдануға құрылған.

ADO технологиясы COM технологиясының  негізінде қаланған, барлық ADO объектілері мен интерфейстері COM-ның объектілері мен интерфейстері. OLE DB COM-ның объктілер жиынтығы болып табылады

Дипломдық жұмыс тақырыбы - Файл-серверлік мәліметтер қорының қосымшасын құруда ADO технологиясының мүмкіндіктерін қолдану.

Дипломдық жұмыс мақсаты - AСCESS МҚБЖ және Delphi ортасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, спорт мектебінің құрал-жабдықтарын тізімге енгізу, өзгерту; жарамдылық мерзіміне қарай тізімнен шығару, жасалған өзгерістер бойынша есеп беру, қағаз бетіне шығару әрекеттерін орындайтын қосымша құру болып табылады.

Дипломдық жұмыс  өзектілігі – кез келген спорт мектебіндегі спорт бұйымдарын есепке ала отырып, жарамдылық мерзіміне қарай есептен шығару жұмыстарын орындау мүмкіндігі.

Диплом  жұмысының  құндылығы - бағдарламаның қолдануға тиімділігі, қарапайымдылығы.

Дипломдық жоба кіріспеден, үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбы, мақсаты, құндылығы, өзектілігі қарастырылған. Бірінші тарауда жалпы мәліметтер қоры, мәліметтердің модельдері және мәліметтер қорын жобалау кезеңдері туралы түсінік беріледі. Екінші тарауда Delphi ортасында мәліметтер қорын жобалау құралдары туралы айтылады.Үшінші тарауда диплом жұмысымның программасы, оның жұмыс барысы сипатталған. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі және қорытынды келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ МАҒЛҰМАТ

 

1.1 Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік

 

Мәліметтер қоры (МҚ) дегеніміз – бір немесе бірнеше компьютерлердің кіру рұқсаты бар, электронды түрде сақталған ақпараттар. Әдетте МҚ мәлімет алу үшін және мәліметтерді сақтау үшін құрылады.

Компьютерлік техниканың даму сатысының алғашқы сатысында  кез келген қолданбалы программа  арнаулы мәліметтерді жинақтаумен  қатар жүрді, сондықтан оның көлемі үлкен жұмысты жылдам жүргізуге кері әсерін тигізді. 70-жылдарда ЭЕМ-нің жүйелік дамуына байланысты жағдай жақсара бастады. ЭЕМ-да шешілетін есептердің жалпы ортақ мақсаты болды. Бұл мақсатқа жету үшін алғашқы мәліметтерді жинақтап енгізу қажет. Пәндік облыстың дамуы және жұмысқа араласуына байланысты бұл деректер ішкі структурасы анықталмаған өзара байланыстылық қасиеті жоқ қажетсіз ақпараттың жиынын туындатады. Сол алғашқы мәліметтерді сипаттау, сақтау, өңдеудің жалпы ережелеріне сәйкестендіріп жүйелі түрге келтірілген, құрылымы дәр анықталған ақпараттық массив құрса, оны мәліметтер қоры немесе мәліметтер базасы деп атайды.

Мәліметтер  қоры-белгілі бір пәндік салаға жататын  обьектілерді (процестерді, құбылыстарды) және олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік сала дегеніміз мәліметтер қорын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.

Мәліметтер  қоры жүйесінің бір компоненті-тілдік және бағдарламалық құралдар жиынтығынан  тұратын мәліметтер қорын басқару жүйесі.Мәліметтер қорын басқару жүйесі-мәліметтермен жан-жақты қатынас құра отырып, олардың өңделуін қамтамасыз ететін мәліметтер қорын құру мен сүйемелдеуге арналған программалық кешен болып табылады.

Мәліметтер  қорының реляциялық жүйесі теориялық жағынан жасалып жүзеге асырылғаннан кейін мәліметтер қорының мүмкіндіктері барынша дамыды.

Обьектілі-бағытталған  мәліметтер қоры мен білім қорының  жүйелері кеңінен таралуда. Обьектілі-бағытталған  мәліметтер қоры мәліметтер қорын басқарудың реляциялық жүйесі шығара алмайтын есептерді шеше алады.

 Білім қоры  мәліметтер қорының реляциялық  жүйесіне мәліметтерден аса жоғары  деңгейдегі  ақпаратты алуға   мүмкіндік беретін предикаттар  логикасын қолданады.

 Мәліметтер қорын кестелер жиыны деуге де болады, сонымен қатар мәліметтер қорына процедуралар және басқа да объектілер кіреді.

Кестені  сипаттамасымен (атрибуттарымен) берілген объектілірдің  қандай да бір жиыны бар қарапайым  екі өлшемді кесте ретінде  қарастыруға болады. Кестенің аты  болады – ол идентификатор, сол арқылы онымен байланыс орнатуға болады.

Кестенің бағандары  объектілердің - өрістердің сол немесе басқа сипаттамаларына сәйкес келеді. Әрбір өріс сақталатын мәліметтің  типімен және атымен сипатталады. Өрістің  аты – ол идентификатор және ол мәліметтерді манипуляциялауға арналған әр түрлі программаларда қолданады. Ол латын әріптерімен жазылады. Өрістің типі өрісте сақталатын мәннің типімен сәйкес келеді және де ол әріптер, сандар, булевтік мәндер, ұзақ тексттер, суреттер, т.б. болуы мүмкін.

Кестенің әрбір  жолы бір объектіге сәйкес келеді.Ол жазба деп аталады және объектіні  сипаттайтын барлық өрістердің мәнін  қамтиды.

Кестені құрғанда ақпарат қарама-қайшылыққа кезікпес үшін кілт өрісі енгзіледі. Ол өрістің  уникальдығын қамтамасыз етеді және кілт өрісі бірнешеу болуы мүмкін.

Өріс мәндерін қолданушы енгізеді, ол мәліметтер қорында сақталады және мұндай өрістерден басқа есептеуші өрістерді де енгізуге болады. Мұндай өрістерге  қолданушы мән енгізе алмайды, ал оның мәні басқа өрістердің көмегімен есептеледі.

Қолданушы кестемен жұмыс істегенде көрсеткіш жазба  бойымен сырғып отырғандай болады. Уақыттың әрбір мезетінде жұмыс  жүргізілетін ағымдық жазбасы бар  болады. Мәліметтер қорының кестесіндегі жазбалар ретсіз, енгізілген тізбек бойынша  орналасуы мүмкін. Бірақта кестенің мәліметтерімен қолданушы жұмыс жасаған кезде, олар реттелген болуы тиіс. Мәліметтерді реттеу үшін  индекстеу түсінігі енгізіледі. Индекс қолданушыға қандай ретпен орналасу керектігін көрсетеді. Ол қолданушы мен кесте арасындағы делдалдық қызметті атқарады.

Көрсеткіш индекспен  сырғып отырады,  ал индекс белгілі  бір жазбаны көрсетеді. Қолданушы  үшін кесте реттелген болып көрінеді, сонымен қатар ол индексті өзгерту  арқылы қарап отырған жазбалардың  ретін өзгертуге болады, бұдан  тек қана индекстер өзгереді, яғни жазбаларға сілтеме реті өзгереді.

Индекстер бірінші  және екінші ретті болуы мүмкін. Мысалы, бірінше ретті индекстерге  мәліметтер қорының құрылуы кезінде  кілт ретінде белгіленген өрістер  жатуы мүмкін. Мәліметтер қорының  құрылуы процесінде немесе кейіннен жұмыс істеу барысында екінші ретті индекстерді басқа өрістерден құруға болады. Екінші ретті индекстерге аттар қойылады-ол идентификаторлар, сол арқылы оларды пайдалануға болады.

Егер индекстің  бірнеше өрісі болса, онда мәліметтер қорын реттеу ең алдымен бірінші өріс бойынша, ал жазбалар үшін бірінші өрістің бірдей мәндері бар болатын-екінші өріс бойынша және т.с.с. жүзеге асырылады.

Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер мәліметтер банкі болып табылады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

  1. есептеуіш жүйе;
  2. бір немесе бірнеше мәліметтер қоры;
  3. мәліметтер қорын басқару жүйесі;
  4. қолданбалы программалар.

Мәліметтер қоры дегеніміз үлкен көлемді өзара байланысқан ақпаратты сақтауға, өзгертуге және өңдеуге арналған бір немесе бірнеше мәліметтер файлы. Мәліметтер қоры өзара байланысқан кестелерден тұрады. Кестелер файлдарда сақталады. Оларды көшіруге, жылжытуға болады. Мәліметтер қорының кестелері көп қолданушы режимін қолданады, яғни олармен бір уақытта бірнеше қосымша жұмыс жасай алады. Кестенің жолы – жазба, бағаны - өріс. Әрбір өрістің аты уникальды болуы керек. Өрісте бір типті мәліметтер орналасады, қолданушы кесте өрісіне мән енгізгенде ол автоматты түрде типке сәйкестігі тексеріліп отырады. Кесте үшін кілттер мен индекстер анықталуы мүмкін. Кілт – кестедегі әрбір жазбаны бір мәнде анықтайды. Индекс ол да кілт сияқты, бірақ өрістегі мәндерді қайтаруы мүмкін. Индекс түсінігі кесте мен қолданушы арасындағы байланысшы секілді. Кестемен жұмыс істеу барысында көрсеткіш қолданушыға кесте бойымен сырғығандай әсер қалдырады. Жазбаның қай жерде және қандай ретпен қолданылу керектігін қолданушының өзі басқарады. Реттеу үшін индекс түсінігі енеді. Индекс қолданушыға қандай ретпен орналасу керектігін көрсетеді. Көрсеткіш индекспен сырғып отырады, ал индекс белгілі бір жазбаны көрсетеді.   Delphi жүйесінде мәліметтер жиыны деп мәліметтер қорының бір немесе бірнеше кестесінен алынған жазбалар жиынтығын айтады. Жазбалар белгілі бір ереже бойынша таңдалады. Delphi – де кестенің мәліметтер жиынымен жұмыс жасауы үшін Table, Query, Decision Query, Stored Proc компоненттері қолданылады.

Table компоненті белгілі бір уақытта мәліметтер қорының бір кестесімен байланысатын мәліметтер жиынымен бейнеленеді. Кесте мен Table компонентінің арасындағы байланыс Table Name қасиеті арқылы тағайындалады. Ол кесте атын анықтайды. Table мәліметтер жүйесіне барлық жазбалар шығарылады. Барлық қолданушы жазбалар кестедегі мәліметтерді өңдеу құқығына ие. Қолданушы кестедегі жазбаларды өзгерте алмауы үшін boolean типті Read only қасиетін қолдануға болады. Ол үшін true мәнін меншіктейді.[9]

 

 

1.2 Мәліметтер қорын жобалау

 

Мәліметтер қорын жобалауда  және пайдалануда оған келесі талаптар қойылады:

  1. Пәндік саланы жабдықтауды бейнелеудің барабарлығы (толықтығы, тұтастығы, қайшылықсыз болуы, мәліметтердің көкейкестілігі).
  2. Әртүрлі категориядағы пайдаланушылардың өзара әсерінің мүмкіндігі; кіру мүмкіндігінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету.
  3. Интерфейстің жақындығы.
  4. Құпиялылық пен жасырындылықты қамтамасыз ету.
  5. Бағдарламалар мен мәліметтердің өзара тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
  6. Мәліметтер қорының сенімділігі қамтамасыз ету; мәліметтерді кездейсоқ және қасақана бүлдіруден қорғау; жүйе істен шыққан (сбой) жағдайда мәліметтерді тез және толық қалпына келтіру мүмкіндігі.

Информация о работе Қолданушыға арналған нұсқау