Әдістемелік жұмыстың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 21:07, доклад

Краткое описание

Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Осы жағдайда қазақстандық қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгеруге ықпал жасау арқылы тұлға қалыптастыру. Бұл жоспарда мұғалімге үлкен роль бөлінеді. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 25.78 Кб (Скачать файл)

Әдістемелік жұмыстың есебі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, «Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», «Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына сәйкес әзірленді.

Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Осы жағдайда қазақстандық қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгеруге ықпал жасау арқылы тұлға қалыптастыру. Бұл жоспарда мұғалімге үлкен роль бөлінеді. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.

Көкөзек ауылындағы орта мектебінде 2011-2012 оқу жылы нәтижеге бағдарланған әдістемелік жұмыс ұйымдастырылды, жоспары құрастырылып, іс жүзіне асты. Әдістемелік жүмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды:

1.Мектеп мүғалімдерінің  біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық  шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға 

бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.

2.Мектептің әдістемелік  қызметін жетілдіру – ол педагогтардың  кәсіптік дамуын қолдауға арналған.

3.Озық тәжірибені оқып  үйрену, тарату.

4.Педагогтардың жаңашыл  қызметтері – мектептің оқыту  үрдісінің сапасын көтеруге және  мұғалімдердің 

ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған.

Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің

әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады.

Бұл жұмыс мектептің негізгі әдістемелік мәселесін іске асыруға бағытталған. Бірақ жетістіктермен қатар

жалпы көп мектептерде кездесетін кемшіліктер біздің мектепте жетерлік. Олар мына төмендегідей:

1. Білім сапасы төмен  – Қазақстан тарихы; дуние тарихы; математика қазақ, орыс сыныптарында; физика орыс 

сыныптарында; орыс тілі қазақ сыныптарында; ағылшын тілі.

2. Оқушылардың өздігінен  білім алу дағдысы бүкіл сыныптарда  қалыптаспаған.

3. Әлі де болса оқушылардың  сабаққа қызығушығы төмен.

4. Оқушылардың және оқытушылардың  бірлескен шығармашылық еңбегінің  болмауы.

5. Білім беру технологияны  оқып – үйреніп отырған мүғалімдер  бар, бірақ сол жаңа технологияны  меңгеріп,

өмірге енгізетін, дамытатын мұғалім әлі де болса аз.

Мәселесі: оқу-тәрбие үрдісін білім беру технологиялар негізінде жетілдіру және шығармашылық тұлға

шығаруға бағыттау. Мектептің әдістемелік жұмысын басқарудың жағдайын жақсарту мақсатында мектеп

директорының бұйрығына сәйкес мектепте төменгі құрамда әдістемелік кеңес құрылды:

1. Манкеева Ж.Б. – мектеп  директоры;

2. Бейсембеева Н.А. – директордың  әдістеме ісі жөніндегі орынбасары;

3. Идрисова Г.С. – оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары;

4. Бейсембиева А.Т. – директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

5. Бокаева С.А. – қазақ  тілі және әдебиет пән ӘБ  жетекшісі;

6. Кенеспаева Г.Р. – математика, физика, информатика пәндері ӘБ  жетекшісі;

7. Жазықпаева М.Т. – тарих, құқық, өзін-өзі тану, география пәндері  ӘБ жетекшісі;

8. Рамазанова Р.С. – химия, биология пәндері ӘБ жетекшісі;

9. Жалғасова А.С. – шет  тілі пәнінің ӘБ жетекшісі;

10. Калиева Ш.Н. – орыс  тілі және әдебиет пәні ӘБ  жетекшісі;

11. Салманова Г.И. – бастауыш  сыныптар ӘБ жетекшісі;

12. Боташева Ж.Б. – технология, АӘД, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, музыка пәндері ӘБ жетекшісі;

13. Сопбекова С.Д. –«Жас  мамандар» мектебі жетекшісі.

Оқу жылының басында кеңестің жұмыс жоспары жасалынды. Тамыз, қараша, қаңтар, мамыр айларында бес

отырысы өтті. Төменгі мәселелер қарастырылды:

- 2011-2012 оқу жылының ғылым  негіздерін оқыту жайлы нұсқау  хатпен таныстыру;

- педагогикалық қызметкерлерді  аттестаттау ережелерімен таныстыру;

- оқыту және тәрбиелеу  нәтижелерін мониторингілеу;

- пән апталығының қорытындысы;

- пән ӘБ жұмысы;

- педагогикалық технологияларды  қолдану әдісі арқылы оқушылардың  белсенділігін арттыру;

- интерактивті тақтамен  жұмыс, компьютерлік сауаттылық;

-ҰБТ оқушыларының шығармашылық  дербестігін жандандыру туралы;

- білім беру технологиясын  пайдалана отырып информатика, математика, қазақ тілі сабақтарында білім 

сапасын арттыру жолдары;

- аттестациядан өтетін  мұғалімдердің шығармашылық есебі;

- дарынды балалар жұмысының  қорытындысы.

Мектептің әдістемелік қызметінің негізі – бұл пәнаралық әдістемелік бірлестік. Біздің мектепте 8 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді: қазақ тілі және әдебиет; орыс тілі және әдебиет; шет тілі; бастауыш сыныптар; тарих, құқық, өзін-өзі тану, география; МИФ; технология, АӘД, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, музыка; химия, биология.

Әдістемелік бірлестіктің отырыстары өз уақытында өтіп тұрды, бірақ сол отырыста ұстаздардың қолы жеткен табыстары мен жұмыстары талданбады. Онда 2011-2012 оқу жылына арналған мұғалімдердің күнтізбелік жоспары талқыланып, бекітілді. Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқау хатымен таныстырылды. Әдістеме бірлестіктің жылдық жоспары, үйірме, таңдау пәндерінің жоспары талқыланып, бекітілді. Әдістемелік отырыста пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу, ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс, педоқулары тақырыбы, аттестация, курстары жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есеп берілді. Сонымен қатар бақылау жүмыстарының, тест қорытындысы туралы мониторинг, сыныптан сыныпқа көшу емтихандарының билеті бекітілді.

Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән апталықтарын өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынады. Пән апталығын өткізудің қорытындысы әдістемелік кеңестің отырысында қарастылырып, әр қайсысына жеке папкалар арналды.

Келесі жылға айтар ұсынысым барлық пән апталықтары бұдан да қызықты, тартымды, мазмұнды өтсе және дәстүрлі емес сабақтарға оқушылар да көбірек қатысса.

Мектепте әдістемелік жүмысты ұйымдастыруда еңбек жолын жаңа бастаған іс-тәжрибесі аз педагогтарды қолдану мақсатында бағытталған қызмет ерекше маңыздылық атқарады. Іс-тәжрибесі аз жас педагогтар ұзақ үйретуге бағытталған жеке бақылауды және арнайы қолдауды қажет етеді.

2011 жылдың тамыз – қыркүйек  айларында жас мұғалімдерге тәлімгерлер  тағайындалып отырды. «Жас маман»  мектебінің жетекшісі болып Сопбекова  С.Д. тағайындалды. Оқу-әдістемелік  жетекшісі Бейсембеева Н.А. іс-шараларының  жоспарын құрып, міндеттерін жүктеді. Жас мұғалімдер, тәлімгерлер бірге  отырып, жұмыс жоспарын құрып, бекітті. Қазан айында тәлімгерлер іс  жүзінде, жас мұғалімдерге сабақ  жоспарлауға әдістемелік көмек  көрсетті. Қараша және қаңтар  айларында жас мүғалімдер арасында  семинарлар болды. Тақырыптары «Сабақтың  түрі», «Сабақ мазмұны». Жас мұғалімдер  апталығы 2012 жылдың 1-6 ақпан аралығында  өтті. Бұл апталықтың өтілу мақсаты  жас мұғалімдердің сабақ беру  методикасын, мұғалім мен оқушының  қарым-қатынасын, мұғалімнің шеберлігін, оның өзін ұстауын анықтап, оларға  бағыт-бағдар беру. Апта арасында  барлық жас мұғалімдер сабақтарын  өткізіп көрсетті.

Наурыз айында жас мұғалімдердің іс-қағаздарының жүргізілуі тексерілді. Мамыр айында «Жас мамандар» мектебі отырысында жас мамандар жұмысы қорытыланды.

Аттестация – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді. 2011-2012 оқу жылында аттестациядан өту мақсатымен төмендегі мұғалімдер өтініш білдірді.

Жоғары біліктілік санатын растау:

1.Бейсембеева Н.А. – орыс  тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі.

I біліктілік санатын бекіту:

1. Балташева Д.К. – Исаев  бастауыш мектебі, бастауыш сынып  мұғалімі.

2. Киргабакова Б.С. – Исаев  бастауыш мектебі, бастауыш сынып  мұғалімі.

II біліктілік санатын бекіту:

1. Рузиева Д.И. – орыс  тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі.

2. Байырбаева А.А. – мектеп  психологы.

II біліктілік санатын растау:

1. Рысмендиева А.Н.-қазақ  тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Оқу жылы барысында мектепішілік аттестациялау комиссиясының отырысы болып, үш жылғы жасайтын құжаттары дайындалды. Жыл бойы сараптама тобындағы мұғалімдер аттестациядан өтушілердің пән сабақтарына, сыныптан тыс өткізілген іс-шараларына қатысып, бақылау жұмыстарын алып, қорытынды жасап отырды. Наурыз айында бүл мұғалімдердің іс-тәжірибелері шығармашылық есепте жинақталды. Соңғы 25 наурыз 2010 жылғы отырыста бұл мұғалімдердің біліктілік мінездемелері мен есептері тыңдалды. Мектепішілік комиссиясы облыстық аттестациялау комиссиясына Бейсембеева Н.А. жоғары біліктілік санатын растауға, аудандық аттестациялау комиссиясына Балташева Д.К., Киргабакова Б.С. I біліктілік санатты бекітуге ұсынады. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.И.Рузиева, мектеп психологы А.А.Байырбаеваның II біліктілік санаты бекітілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Н. Рысмендиеваның II біліктілік санаты расталды.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін (АОМКДИ) институт жанындағы біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. 2011-2012 оқу жылында институт жанындағы біліктілік арттыру курсынан 6 мұғалім: математика, химия, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалім, мектеп директоры, педагог-үйымдастырушы, мектепалды даярлык сынып мұғалімі.

Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Біздің мектебімізде дарынды балалармен жұмыс міндеттері төмендегідей:

- оқушының тұлғалық және  танымдық қабілетін дамыту;

- оқушыларға қосымша сабақтар  ұйымдастыру, білімдерін жетекшілер  көмек беру арқылы жетілдіру;

- пәнаралық сабақтастық  арқылы басты мәселеге назар  аудару;

- сабақтан тыс қоғамдық  жұмыстардың маңызын арттыру.

2011-2012 оқу жылының тамыз-қыркүйек  айларында дарынды оқушалармен  технологиялық тест арқылы білім  деңгейлері анықталды. 5-11 сыныптардан  мектеп психологы Б.Шокалакова  психологиялық тесттер алса, А.Байырбаева  бастауыш сыныптардан тест алды. Осы тесттер нәтижесінде мектептегі  дарынды оқушылар анықталды. Дарынды  оқушылардың білім, білік дағдыларын  арттыру мақсатында жекеленген  жоспарлар жасалып, бекітілді. Жоспарға  сай әр ай сайын дарынды  оқушылар мен пән мұғалімдері  жұмыс жүргізді. Дарынды оқушыларға  ғылыми жетекшілер бекітілді. Орыс  әдебиеті пәнінен 11 «б» сынып  оқушысы Нысанбай Айкен ғылыми  жетекшісі Бейсембеева Н.А. Тақырыбы  «Взаимосвязь мифов и проблем  современности в произведениях  Ч.Айтматова». математика пәнінен 11 «б» сынып оқушысы Канатова  Самал ғылыми жетекшісі Алексеева  В.Л. тақырыбы: «Золотое сечение». Математика  пәнінен 9 «в» сынып оқушысы Калкен  Ақбота ғылыми жетекшісі Кошанова  Г.К. тақырыбы «Тригонометриялық  теңдеулерді шешу жолдары». Қазақ  әдебиеті пәнінен 9 «в» сынып оқушысы  Сейдулла Ақерке ғылыми жетекшісі  Рысмендиева А.А. тақырыбы: «Жасырмай  ойымды айттым талай – талай...». Дарынды оқушылармен жеке пән  мұғалімдері жекелей жұмыс жүргізіп  отырды. 9 сынып оқушылары Сейдулла  А., Қалкен А. және 11 сынып оқушысы  Қанатова С. аудандық ҚР КҒА  қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Нысанбай Айкен ІI орын алып, облыстық  және республикалық кезеңге қатысаты. Қазақстан Республикасының Кіші  Ғылыми Академиясының 38-ші Республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференциясының  жұмысына қатысқаны үшін ІІІ  дәрежелі дипломмен марапатталды.

Муталиев Медельхан, 9сынып оқушысы,«Жыр алыбы-Жамбыл» аудандық айтысында III орын иегері. Пән мұғалімі Келдибаева З.Ж.

2011 жылдың 27 қарашасында мектепте 8-11 сыныптар аралығында мектепішілік  пән олимпиадасы өткізілді. Атап  өтетін болсақ: қазақ тілі және  әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, информатика, география, биология, химия, тарих, құқық, сызу.

Шамалған бекетіндегі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 31 оқушы аймақтық олимпиадаға қатысты. Сыйлықтар мен жүлделерге мына оқушылар ие болды:

Қазақ тілі: Мейрамбай Ж. – 1 орын, мұғалімі Килдибаева З.Ж.

Орыс тілі мен әдебиеті: Нысанбай А. – 1 орын, мұғалімі Бейсембеева Н.А.

Ағылшын тілі: Руднева Л. – 1 орын, мұғалімі Жалгасова А.С.

Химия: Калбаева Ж. – 1 орын, Казизханова Б. – 2 орын, мұғалімі Нурахунова С.

Қазақстан тарихы: Самиуллаев Д. – 2 орын, Дюсекова С. – 2 орын, мұғалімі Жазыкпаева М.Т.

Құқық неғіздері: Суанбекова А. – 1 орын, мұғалімі Жазыкпаева М.Т.

Физика: Канашев Е. – 2 орын, мұғалімі Испамбетова Ж.И., Жаманбай М. – 2 орын, мұғалімі Нуржанова С.М.

Информатика: Оразахунов Е. – 2 орын, мұғалімі Конысова С.

Қаскелен қаласы, Белинский атындағы мектеп-гимназиясында откізілген аудандық олимпиадаға 8 оқушы қатысты. Төмендегі тізімдегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

1.Нысанбай Айкен, орыс  тілі және әдебиеті – ІІ  орын, пән мұғалімі Бейсембеева  Н.А.

2.Суанбекова Айгуль, құқық  негіздері – ІІ орын, пән мұғалімі  Жазыкпаева М.Т.

3.Мейренбай Жансая, қазақ  тілі мен әдебиеті – III орын, пән  мұғалімі Килдибаева З.Ж.

4-5.Самиуллаев Дулат, Дюсекова  Сания, Қазақстан тарихы – ІІ  орын, пән мұғалімі Жазыкпаева  М.Т.

6. Руднева Лидия, ағылшын  тілі, III орын, пән мұғалімі Жалгасова  А.С.

Барлық оқушылар дипломдармен марапатталды. Облыстық олимпиадаға ешқандай оқушы қатысқан жоқ.

Біздің мектебіміздегі оқушылар үнемі әр түрлі интеллектуалдық марафондарға қатысып отырады. Интеллектуалдық ойындар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытып, байытады. 2011 жылдың 25 қазанында 3-10 сынып оқушылары арасында өткен «Ақбота» интеллектуалдық марафонға 86 оқушы қатысты. 7 оқушы дипломмен марапатталды, «Золотое руноға» 30 оқушы катысты, 4 оқушы дипломмен марапатталды.

Мектептің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша дарынды оқушылар апталығы өткізілді. Адильбекова 3.3. «Өнерлінің өрісі кең»; Алексеева В.Л. интеллектуальная игра «Что? Где? Когда?» 5-9 сыныптар; 8 сыныптар.

ҚР түңғыш Президенті Қорының Қарасай ауданының білім беру қоры ұйымдастырған пән олимпиадасына 10-11 сынып оқушылары қатысып, орындар алмады. Сулейман Демирел атындағы университетте 11 сынып оқушыларының арысында өткен «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша VI білім олимпиадасында шәкірттер жөғары нәтиже көрсеткені үшін Көкөзәк ОМ «Ең үздік мектеп» номинациясымен марапатталды.

Информация о работе Әдістемелік жұмыстың есебі