Әдістемелік жұмыстың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 21:07, доклад

Краткое описание

Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Осы жағдайда қазақстандық қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгеруге ықпал жасау арқылы тұлға қалыптастыру. Бұл жоспарда мұғалімге үлкен роль бөлінеді. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 25.78 Кб (Скачать файл)

Музыкаға қабілетті балаларды іріктеп, оларды әр түрлі қырынан зерттеп, біраз жұмыс атқарған мектептің музыка жетекшісі Адильбекова 3.3. Дарынды балалар вокал, хор, хореография және домбыра үйірмелеріне қатысып, мектепте өткізілген барлық мерекелік іс-шараларда белсенділік танытты. Жас бүлдіршіндер ауылда өткізілген мерекелерге қуана қатысты.

Қараша айының 2011 жылы Талдықорған қаласында өткен облыстық «Жетісу жұлдыздар - 2011» байқауында Атаев Б. Жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып 40 000 теңге сыйақы алды. Наурыз айында «Домбыра» үйірме мүшелері Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – Елбасы қоры, Қарасай ауданының білім беру қорының ұйымдастыруымен өткен халық аспаптар ансамбльдерінің арасындағы байқауда ІІІ орынды жеңіп алды.

Сәуір айында «Өңірлік 8-ші Дельфийлік ойындарында» Атаев Б. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, «Патриоттық және соғыс жылдарындағы әндер» байқауында Атаев Б. «Дарын» номинациясын иеленді. Мамыр айында Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен өткен марапаттауда «Би» үйірме мүшелерінің жетекшісі Адильбекова З.З. дипломмен марапатталып, қымбат сыйлық, музыкалық орталықты алды.

Маусым айында10 сынып оқушысы Манап Зарина, «Экологиялық өзекті мәселелері» конференциясында I орын иегері, пән мұгалімі Торениязова Г.К.

2011-2012 оқу жылында дарынды  балаларды анықтау, іріктеу, олардың  дарындық қасиеттері үшін мүмкіндігінше  жағдай жасау жұмысын жалғастыру  қажет. Әлі де болса дарындылығы  анықталмаған болашақта олардан  үміт күтуге болады деген балалармен  жұмыс жүргізу қажет.

Ғылыми-практикалық семинар бұл мектептегі методикалық жұмыстың маңызды және қажетті бөлігі. Семинар жұмыстың дидактикалық формасы түріне жатады. Семинардың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін арттыру. Семинардың жұмыс барысындағы алдына қойған міндеттері: алдыңғы қатарлы озық тәжірибелі мұғалімдердің еңбектері мен оқу-тәрбие барысындағы педагогикалық технологиялармен танысу; педагогикалық ұжымның басты проблемасын анықтау.

Қараша айында директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Бейсембеева Н.А. ғылыми-практикалық семинарда төмендегі іс-шараларды өткізді. Қаңтар айындағы ғылыми-практикалық конференция барысында әдістеме бірлестік жетекшілері «Инновациялық, педтехнологиялық тиімділік пен оның оқушылардың даму деңгейіне ықпалы» деген тақырыпты қарастырды.

Мектептің әдістемелік жұмысының ішіндегі ең маңызды орын педагогикалық тәжірибені оқыту, дамыту және тарату болып табылады. Мұғалімдер іс-тәжірибелерін дамыту, тарату мақсатында мақалалары, ашық сабақтары баспа бетінде жарияланды:

Килдибаева З.Ж. Сын есім. Журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті», №2-2012 ж.

Бейсембеева Н.А.Употребление прилагательных со словом самый. Журнал «Сынып жетекшісі» №3-2011ж.

Причастие и деепричастие. Журнал «Орыс тілі мен әдебиеті» №1-2011ж.

Интерактивные методы обучения на уроках литературы. №5-2012ж.

Рузиева Д.И. Анализ современных программ и учебников. Журнал «Қазақстан ұстазы ұлағаты» №1-2011ж.

Имя существительное. Журнал «Орыс тілі мен эдебиет» №2-2011ж.

Шаркабаева А.А. Шегіртке мен құмырсқа. Журнал «Бастауыш білім» №6-2010 ж.

Омарова Г.П. Еңбек бәрін жеңбек. Журнал «Бастауыш мектеп» №1-2011ж.

Қорытындылай келе айтатынымыз. Қазіргі заман талабына сай мектепке тек қана педагогикалық шеберлігі жоғары, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан қарастырып, іске асыра алатын және сабақтарында ғылыми жетістіктерді қолдана алатын мұғалім қажет. Сондықтан әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, мектептің даму жоспарларында ең негізгі бағыт болып табылады. Әдістемелік жұмыстың ең негізі бұл – мектепте жалпыға бірдей сый құрметпен қарауға, әр адамның өзін-өзі өсіруіне ұжымдық және жеке алға ұмтылуына жағдай жасау.

Біз жұмысымызда, мектепте психологиялық, педагогикалық карым-қатынастың жоғарғы дәрежесін құруға тырыстық. Яғни мектеп туралы бала және үлкен адам ойлағанда төмендегідей шешімге келсін: «Мектеп дегеніміз – бұл тек қана бала оқитын жер емес, бұл сен әрқашан да жақсы көретін, құрметтейтін, көмекке келе алатын, әр балаға төзімділікпен қарайтын, қиын да қызықты, көңілді және қуанышты мектеп».

 


Информация о работе Әдістемелік жұмыстың есебі