Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2014 в 17:56, реферат

Краткое описание

Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.

Содержание

Кіріспе 3-6
Тарау – 1
Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі 41-48
2.Конституциялық іс жүргізу 49-61
Қорытынды 62-63
Қолданылған әдебиеттер тізімі 64-65

Вложенные файлы: 1 файл

Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі.docx

— 53.73 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе 3-6

Тарау – 1

Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық  Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі 41-48

2.Конституциялық іс жүргізу 49-61

Қорытынды 62-63

Қолданылған әдебиеттер тізімі 64-65

 

 

Тарау – 1. Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі

1. Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесінің құрылымы  мен мәртебесі

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Конституциялык Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта кұрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық Кеңестің Конституцияда белгіленген өкілеттігінен Конституциялық Кеңестің негізгі көздейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді.

Қазақстан Реслубликасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы осы органның нені көздейтінін айқынын да дәл бейнелеген. Онда Конституциялық Кеңестің мемлекетік орган peтiнде Республика Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында үстемдік етуін қамтамасыз ететіндігі айтылған. Қазақ КСР-ның бірде-бір Конституциясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1993 жене 1995 жылдардағы Конституцияларында мұндай ереже болған жоқ.-"Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі туралы" Ереже бipiншi рет Президенттің жоғарыда көрсетілген Жарлығында баянды етілді. Осы ережеде ең алдымен Қазақстанда конституциялық кұрылыстың белгіленгені, құқықтық мемлекет кұрғысы келетіндігі, мемлекеттің Конститутцияға бағынуға тиістігі идеясы көрініс тапқан. Mіhе осыған сүйене отырып, Конституциялық Кеңес Конститутцияның үстемдігі амтамасыз етуі тиіс. Бұл Конститутциялық Кеңестің өз қызметінде;

олардың бұлжымастығын, яғни, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ұйымдастыру акцияларын жүзеге асыру(сайлау және т.б.) кезінде жоғары мемлекеттік органдардың конституциялық нормаларды мүлтіксіз орындауын қамтамасыз еtеtih конституциялық нормаларды;

мемлекеттік белгілі біp жағдайын айқындайтын, мысалы мемлекеттің біртұтас нысанын, саяси тұрақтылықты орнықты-pатын, т.б. конституциялық кағидапарды;

констнтуциляық идеяларды, принциптерді, мысалы әлеу-меттік мемлекет, қазақстандық патриотизм, т.б. идеяларды басшылыққа алуы тиіс.

Көрсетілген мән-жайларға opaй Конституциялық Кеңес актілердің конституциялық заңдылықтарын тексерумен ғана шектелмейді.

Конституциялық Кеңес кызметінің негізгі Қазақстан Республикасының Конституциясы және Президенттің «Конституциялық Кеңес туралы» Жарлығы болып табылады..

Осы екі акт Конституциялық. Кеңестің өкілеттілігін, кұрамын, қалыптасу тәртібін, мүшелеріне қойылатын талапты, Конституциялық Кеңес мүшелерінің мәртебесін, конституциялық ic жүргізуді айкындайды. Өз кызмеінің аталған актілермен реттелмеген, ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша Конституциялық Кеңес Регламент қабылдайды. Конституциялыкқ Кеңес, оның iшiнде Төраға бар, жеті адамнан тұрады. Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойынша Конституциялық Кеңестің мүшесi болып табылады.Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке Президент тағайындап, Президент кызметтен босатады. Конституциялық Кеңестің мүшесін - Президент, екі мүшесін – Сенаттың Төрағасы, екі мүшесін Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайндап, қызметтен босатады. Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігі — 6 жыл.

Конституциялық Кеңес мушелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылыл отырады. Конституциялық Кеңес мүшелеріне мынадай талаптар койылады:

олар Қазақстан Реслубликасының аэаматтары болуы тиіс;

жасы отыздан төмен болмауы керек;

Қазақстан аумағында тұруы тиіc;

жоғары заң білімі болуы тиіc;

заң маманлығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс

тәжірибесі болуы керек.

Конституциялық Кеңестің Tөрағасы мен мүшелері Парламент Палаталарының бірлескен отырысында тағайындалғаннан кейін Республика Президенті алдында ант береді. Ант мәтіні; «Өзіме жүктелген Қазақсан Республиксы Конституциялық Кеңестің Төрағасы (мүшесі) міндетін адал атқаруға, әділ болуға және басқа ешкімге, еш нерсеге емес, Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемін».

Конституциядық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып табылады. Олардың мәртебеci Конституцияға, Президенттің "Конституциялық Кеңес туралы" Жарлығына қоса, алғашқы екеуінде реттелмеген бөліктер мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Конституциялық Кеңестің белгілі бip шектеулуікке байланысты мүшелі Депутаттық мандатына орай, оның оқытушылық, ғылыми және өзге шығармашылық кызметтен басқа, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, басшы органдардың немесе коммерциялық уйымдардың қадағалау кеңестерінің кұрамына кіруіне жол берілмейді. Конституциялық Кеңес туралы Жарлықта жоғарыда аталған тыйымдарды орындамау мүшелікті тоқтатуға әкеліп соқтыратыны туралы жазылған.

Конституциялық Кеңес мүшелері мәртебесінің ерекшелігі мынадай сәттерінде көрінеді.

Өз міндеттерін орындау кезінде олар тәуелсіз және тек Конституцияға және Президенттің Конституииялық Кеңесі туралы Жарлығына ғана бағынады. Басқа актілердің ол үшінайтарлықтай міндеттілік күші болмайды.

Олардың қызметіне қайсыбір араласушылық, сондай-ақ қысым көрсету немесе өзгедей бip қандай да болсын нысанда әрекет жасау заң бойынша жауаптылыққа тартылады.

Конституция Конституциялық Кеңестің немесе оның мүшелерінің қандаи да бip органның алдында есеп беретіндігін көздемейді.Конституциялық Кеңестің Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауды оның eceбi болып табылмайлы. Конституциялық Кеңес Төрағасы және оның мүшелері конституциялық ic жургізу жөніндегі қызметі ушін ешкімге есеп бермейді. Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығында олардың өкілеттілігін жүзеге асыру жөніндегі есебін талап етуге ешкімнің құқығы жоқтығы тура жазылған.

Қаралған мәселе бойынша шешім шығарғанша Конституциялық Кеңес Төрағасынан немесе оның мүшелерінен ешкімнің ешнәрсе сұрауына құқығы жоқ. Конституииялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері шешім шығарылғанша оған қатысты мәселелер бойынша пікір білдіруге немесе акыл-кеңес беруге құқылы емес.

Конституциялық Кеңес мүшелері өкілеттік мерзімі біткенше ауыстырылмайды. Олардың өкілеттегі Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығымен көзделгеннен өзге жағдай-да ғана тоқтатылуы немесе тоқтатыла туруы мүмкін.

Конституциялық Кеңес мүшелерінің сотта немесе өзгеде құқыққа мұрагерлік органдарда корғаушылықты немесе өкілдікті жүзеге асыруына, қандай да болсын адамның құқықтары мен міндеттерінен босануына қорғаншылық көрсетуіне руқсат етілмейді. Әрине, олар басқа да азаматтар сияқты, мысалы, өз балалары, т.б. ушін заңды өкіл бола алады,

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері иммунитетін пайдаланады. Олар өз өкілеттігінің мерзімі ішінде түрмеге қамалмайды, күштеп әкелінбейді, сот тәртібімен әкімшілік жазалау шаралары қолданылмайды, қылмыс немесе ауыр қылмыс үстінде ұсталғаннан өзге жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек алдын ала аныктау және тергеу жүргізуші республикалық мемлекеттік органның басшысы ғана қозғай алады. Мәселе мемлекеттік органның лауазымы жоғары адамы туралы болғандықтан Бас Прокурор icтi тергеу барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жузеге асырады. Қылмыстың жасалғаны туралы дәлелдемелер болган жағдайда Бас Прокурор Конституциялық Keңестің Төрағасын немесе мүшелерін қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы Парламентке ұсыныс енгізеді. Конституциялық Кеңестің Төрағасына және оның мүшелеріне қатысты қылмыстық icтi тек Жоғаргы Сот жүргізеді.

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері мәртебесінің тағы бip epeкшелігі мынада: ол тәртіптілік жауаптылыққа жатқызылмайды. Оның үстіне Конституциялық Кеңес мүшелерін оның отырыстарынан аластауға ешкімнің құқығы жоқ. Кон-ституциялық Кеңес мүшесшін өкілеттігі ол туралы Жарлыққа сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда, Төрағаның оны отырысқа қатыстырмауға құқығы бар.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Конституциялық Кеңесте мәселелер қарау және ол бойынша шешімдер қабылдау кезінде тең құқылы жағдайда болады. Осы жалпы ережешнің, Төраға даусының шешуші дауыс болатын бip ғана қатаң тәртібі бар.

Заң Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері өкілеттігін тоқтата тұру жағдайы мен тоқтату жағдайын ажыратады.

Өкілетті тоқтата тұру жағдайын негізінен екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа мынадай:

Конституциялық Кеңестің отырыстарына кем дегенде үш рет қатарынан дәлелсіз себеппен қатыспау;

денсаулыгына байланысты өз міндетін атқаруға ұзақ уақыт бойы кабілетсіз болу;

соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша хабарсыз жоқ болып кетуі танылған жағдайлары жатады. Мұндай жағдайларда Конституциялык Кеңестің өзі осы мүшені тағайындаған субъектіге ұсыныспен шығады.

Өкілеттігі тоқтатыла тұратын екінші топқа заңмен белгіленген тәртіп бойынша:

тұтқындауға;

әкімшілік жауаптылыққа тартуға;

қылмыстық жауаптылыққа тартуға;

сотта медициналық сипатта күштеу шараларын қолдану туралы өтініш туcipyгe;

сотта Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерінің қабілетсіз немесе қабілетінің шектеулі екендігін тану туралы өтініш түсіруге келісім берілген жағдайлар жатады.

Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы шешім өкілеттікті тоқтата тұру ушін негіз белгілі болған кезден әpi кеткенде бip айдың ішінде қабылданады. Аталған адамдардың өкілеттігі оны тоқтата тұруға қызмет еткен негіздер дәлелденгенше тоқтатыла тұрады. Егер аталған негіздер дәлелденсе, ол олардың өкілеттігінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады.

Конституциялық Кеңес Төрагасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігі мынадай, егер:

орнынан түсу туралы өтініш қабылданса;

Жоғарғы Соттың ол туралы айыптау үкімі заңды күшіне енсе;

ол қайтыс болған жағдайда;

атқаруға тыйым салынған қызметті атқаруын тоқтатпаса;

антын бұзса, Конституцияның, Президентінің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығы талаптарын орындамаған, оның жоғары мәртебесімен сыйыспайтын өрескел теpic қылық жасаған; заң талабын бұза отырып тағайындалған;

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңеінің билігінде екі:

1) алдын ала;

2) келесідегі; конституциялық бақылау  нысаны бap.

Алғашқы нысан конституциялық нормативтік құқықтық кесімнің оған Президент қол қойғанға дейін тексеруді көздейді.

Екіншісі ендігі әрекет ететін нормативтік кесімнің конституциялығын, сондай-ақ сайлау мен референдумдардың конституциялығын тексеруді білдіреді. Алдын ала конституциялық бақылау конституциялық емес заң қабылдаудың жолын кесуге мүмкіндік береді және сонысы арқылы заңнаманың тұрақтығына жәрдемдеседі деп дұрыс айтылады. Конституциялық бақылаудың осы нысанының кемістігі Парламенттің заң шығарушылық жұмысына килігу мүмкіндігі болып мойындалды. Келесі конституциялық бақылаудың жақсы бip қасиеті Конституциялық Кеңестің Парламенттің заң шығарушылық жұмысына килікпей-ақ, заңды соттардың және басқару органдарының қолдану практикасын есепке ала отырып, оның конституциялығын тексеруге мүмкінкіндігі бары болып табылады. Ал оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ушін маңызы зор [29 б.21].

Алдын ала конституциялық бақылау абстрактті ұғым болып табылады, себебі заңның конституциялығы қандай да бip нақты icкe қатыссыз қарастырылады. Келесі конституциялық бақылау нақты болып табылады. Екі жағдайда да конституциялық бақылауға ынта болу құқығының субъектілері мемлекеттік органдар, депутаттар, мемлекеттік лауазымды тулғалар болып табылады.

Конституциялық бақылаудың превентивтік, сондай-ақ келесі нысанында да қақтығыс жағдай туындауы мүмкін

Конституциялық Кеңес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Конституциялық Кеңестің Республика Президентінің, Парламент депутаттарын сайлауды жургізу мен республикалық референдум жургізудің дурыстығы туралы дауларды қарастыру бойынша өкілеттіктері азаматтардың саяси құқықтарын қорғауға бағытталған. Басқа өкілеттіктерінде Конституциялық Кенестің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтыны туралы идеялар тікелей немесе жанама орын алады. Конституциялық Кеңес қорғайтын осы шеңберге Конституция көздеген құқықтар мен бостандықтар кіре ме, әлде заңдар азаматтарға берген барлық құқықтар мен бостандықтар кіре ме деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа тек бip жауап бар. Алғашқы төрт өкілеттік конституциялық құқықтарытары мен бостандықтарды қорғауды көздейді ол жайында Конституцияның өзінде айтылады.

Конституциялық Кеңестің сайлауды немесе референдумы өткізудің дұрыстығы туралы дауларды қарастырғанын сайлау процесін бақылау деп санауға бола ма? Ол ондай болып табылмайды.Ол заңдық хұкім өкілеттіктерін атқарады, өйткені сайлау npoцесі субъектілерінің шағымдары жөніндегі дауларды шешеді. Әдебиетте конституциялық әділ сот органы сяйлау жөніндегі шешкен кезде. сөз ең алдымен субъективтік құқықтық емес, обьективтік сайлау құқығын қорғау туралы болатыны аталады.-

Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі