Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2014 в 17:56, реферат

Краткое описание

Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.

Содержание

Кіріспе 3-6
Тарау – 1
Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі 41-48
2.Конституциялық іс жүргізу 49-61
Қорытынды 62-63
Қолданылған әдебиеттер тізімі 64-65

Вложенные файлы: 1 файл

Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі.docx

— 53.73 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.

Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.

Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет бола бастады.

Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.

Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

Конституциялық Кеңес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Конституциялық Кеңестің Республика Президентінің, Парламент депутаттарын сайлауды жургізу мен республикалық референдум жургізудің дурыстығы туралы дауларды қарастыру бойынша өкілеттіктері азаматтардың саяси құқықтарын қорғауға бағытталған. Басқа өкілеттіктерінде Конституциялық Кенестің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтыны туралы идеялар тікелей немесе жанама орын алады. Конституциялық Кеңес қорғайтын осы шеңберге Конституция көздеген құқықтар мен бостандықтар кіре ме, әлде заңдар азаматтарға берген барлық құқықтар мен бостандықтар кіре ме деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа тек бip жауап бар. Алғашқы төрт өкілеттік конституциялық құқықтарытары мен бостандықтарды қорғауды көздейді ол жайында Конституцияның өзінде айтылады.

Конституциялық Кеңестің сайлауды немесе референдумы өткізудің дұрыстығы туралы дауларды қарастырғанын сайлау процесін бақылау деп санауға бола ма? Ол ондай болып табылмайды.Ол заңдық хұкім өкілеттіктерін атқарады, өйткені сайлау npoцесі субъектілерінің шағымдары жөніндегі дауларды шешеді. Әдебиетте конституциялық әділ сот органы сяйлау жөніндегі шешкен кезде. сөз ең алдымен субъективтік құқықтық емес, обьективтік сайлау құқығын қорғау туралы болатыны аталады.-

Билік бөлу принципі конституииялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде конституцияның мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзыретін олардын өзара өкілеттік шегін бекіткен көптеген қағидаларында көрніс тапты. Казақстан Респубикасының Констуитуциясында республикада мемлекеттік билік біртұтас,оның зан шаруашылық,атқарушылық және сот билігі тармақтарына бөлу және тепе –тендік жүйесін пайдалану арқылы өзара байланыс жасау приципіне сәйкес Конституция мен заңдардың негізгі жүзеге асырылатындығы атап көрсетілген.Бұл биліктің әр тармағымен өз құзыреті бар екендігін және оның шегінен шығуға болмайтындығын білдіреді.Сонымен бірге ол билікті шоғырландыруды,бөлуді,манаполиясыздандыруды да білдіреді.Билікті бөлу,олардын бірде біреуі өзгелерінің өкілеттігін шектемеи,екіншісін өзіне бағындырмай және әр қайсысы өзара түсініктікпен,өзара ынтымақпен қызмет істеуі тиіс болған жағдайда Конституцияға сәйкес оның үш тармағын өзара тенестіруді де білдіреді.Мемлекеттік биліктін жоғарғы сатысында мемлекеттік биліктін жоғарғы сатысында билік бөлу принципін қамтамасыз ету үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы бөлу принципін билік тармақтары арасында ic жүргізуді шектеу принципімен ұштастыруды көздейді . Қазақстан Республикасы Конституцисына тән сипат, онда ic жүрпзудін түпкі билігі Парламенке бекітілген. Басқаша айтқанда, Парламент, оның Палаталары Сенат жене Межіліс — өз кызметін тек Конституцияда көрсетілген өкеттік шеңберінде ғана жүргізеді. Ал үкіметін өкілеттілігіне келсек Конституция бойынша оған олардың кейбіреуі ғана берілген. Оның Президентінің заңдары мен актілері арқылы жүктелген басқа да қызметтерді атқаратындығы көрсетілген. Парламент өкілеттігінің жабық тізімінің конституцялық тұрғыда бекітілуін мен түсіндіруге болады? Біріншіден,ол жоғары өкілетті органың кеңестік конституциялармен жене белгілі бір денгейде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясымен бекітілген бүкіл билікті илену құқынан бас тартуды білдіреді. Екіншіден,тәуелсіз,егемен Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отытып,биліктін бөліну принципін барынша нығайту қажеттігінен туып отыр. Үшіншіден, Парламент әр түрлі саяси күштер,әлеуметтік топтар ықпал ететін жолғарғы өкілетті орган болып табылады.

Іс жүзінде өткізілген Парламентке сайлаудың жарамсыздығы туралы дауды қарастыру кезінде сөз тек сайлау заңнамасын бұзу туралы ғана емес, сонымен қатар Парламенттің заңды құрамын қамтамасыз ету қажетті, Президенттің легитимділігі қамтамасыз ету қажеттігi туралы жүреді. Ал заңды қабылдау жөнінде референдум өткізген кезде Конституциялық Кеңес халықтың шын еркін анықтауды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді. Әрине, талқылау кезінде Конституциялық Кеңес азаматтардың субъективтік құқықтарын да тікелей, сондай-ақ жанама түрде қорғайды.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Сапарғалиев Ғ. Қ Р-ның Конституциялық құқығы Алматы 2008 ж.

2. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Конституциясы; Кеше, бүгiн Қазақстан заңдары-2007 №1

3. Ертісбаев Е. Егемендік – ел игілігі. Егемен Казахстан, 2000 ж.

4. Кемалов М. Заң – құқықтық қайнар көзі. Қазақстан заңдары. – 2000. - №8.

 

 

Кіріспе.

Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.

Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.

Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.

Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.

Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. “Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған.

Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді[3 б 45].

Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Конституциялык Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта кұрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық Кеңестің Конституцияда белгіленген өкілеттігінен Конституциялық Кеңестің негізгі көздейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі