Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:52, реферат
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.
I.КІРІСПЕ.
Волейболдың дамуы және пайда болуы
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Ойынның техникасы мен тактикасын оқу
2.2. Доп беруге оқыту методикасы
2.3. Шабуылдағы соққылар
2.4. Қорғаныстағы ойын техникасы
2.5. Тосқауыл қою
III. ҚОРЫТЫНДЫ.
Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды күнделікті жұмысы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Шабуылдаушы соққыларға оқыту методикасы
Шабуылдай соғуға үйрету кезінде әртүрлі
әдістер қолданылады.Ең алдымен жүгіруге
және секіруге үйретіп , қажетті қимыл
машығын бекіте түскен жөн . Әсіресе аяқты
дұрыс қоюға және секірген кезде оның
бүгіу дәрежесіне ерекше мән бкру керек.
Секіру жоғарыға қарай тік болсын.
Келесі кезең допты секірусіз соғуды үйрену
болмақ. Допты қол созым биіктікке соғу
қажет. Одан әрі допты ойыншы оөі лақтырып
, сонан соң секіріп барып соғады.
Кейіннен осындай шабуылшы соққылар
қалыпты биіктіктегі тор тор арқылы
атқарылады. Оқыту кезінде қалыпты биктіктегі
тордың үстіне ілініп қойылған доппен
жаттығуға да болады.
Шабуылдаушы соққыларды атқарғанда кездесетін
қателіктер
1.Жүгіріп келген соң секіру жоғары емес
алға қарай болады. Ол ортанғы сызықты
басып кетуге немесе торға тиюге әкеліп
соқтырады.
2. Шабуылдай соғуға ерте шығыу
3. Секіру кезінде қолдың жеткілікті бқле
енді қимылдамауы.
4. Допты соғарда торға үйірімен шығыу
5. Допты шынтақтан бүгілген қолмен соғу.
6. Аяқты бүкпей соғу.
Шабуылдай соғуды жетілдіруге
арналған жаттығулар
1.Өзі лақтырып , тор арқылы шабуылдай соғу.
2. Алдын ала 6-3-4 аймақтардан доп беріп
алып , 4 аймақтан шабуылдай соғу.
3. 6-3-2 аймақтардан доп беріп алып , 2 аймақтан
шабуылдай соғу.
4. Алыстан берілген допты шабуылдай соғу.
5. Алаңның белгілі аймақтарына шабуылдай
соғу.
6. Алаңның түпкірінен берілген допты шабуылдай
соғу.
7. Тордан алыс берілген допты шабуылдай
соғу.
8. Дара басқаруға қарсы шабуылдай соғу.
9. Төменнен берілген допты шабуылдай соғу.
10. Топтық тосқауылға қарсы шабуылдай
соғу.
2.4. Қорғаныстағы ойын техникасы
Қорғаныс техникасында дұрыс тұру
мен орын ауыстыру ерекше орын алады.
Негізгі тұрыстан басқа , еңкейіп
тұру немесе қорғанушының тұрысы бар.
Мұндай тұрыста аяқ тізеден бүгіліп, ойыншы
кез-келген қатты соққыны қабылдауға ,кез-келген
бағытта орын ауыстыруға әзір тұрады.
Қорғаныста ойнаған кезде орын ауыстыру
барлық бағытта адымдап немесе жүгіріп
жүру арқылы жүзеге асырылады. Қарсыластың
шабуылдаушысы соққысын тосқауыл қойғанда
ойыншы бір орыннан секіріп және тор бойымен
қозғалып барып тосқауыл жасайды. Қорғаныста
қиын допты қабылдау үстінде ойыншы құлап
барып та алады.
Қорғаныс техникасында орын ауыстыру
және доптың астына шығу шабуылдағыға
қарағанда ерекше мәнеге ие болады.
Допты қос қолмен төменнен беру.
Допты ойынға қатты соғып және қалықтата
қосу , сондай-ақ шабуылдаушы соққының
қуытының арта түсуі бұл әдісті жиірек
қолдануға жмәбүр етеді. Төменнен доп
берудің бастапқы қалпы негізгі тұрыс
немесе еңкейіп тұру болмақ. Түзу қолдан
алға қарай созылып , шынтақтар бір-біріне
жақындай түседі. Қолдың саусақтары бойынша
орналасады: бір қолдың жұдырығы түйіліп,
екінші қолдың саусақтары оны сыртынан
қапсыра ұстайды да бос бармақтар бір
–біріне паралель болады. Допты қабылдау
кезінде жауырын тік болып , қол иық буынымен
жұмыс істейді . Допты иықтан алға таман
білекпен қабылданады .
Допты дұрыс қабылдап қайтару үшін алдын
ала орын ауыстырып , доптың ойыншысының
алдына келуін қадағалаған жөн. Кейде
бір бүйірлі алыстау келген допты астынан
бір қолмен алуға да болады . Мұндай да
саусақтар қатты болады немесе білекпен
алынады.
Допты жоғарыдан қос қолмен құлап, арқаға
аунап барып беру.
Қорғаныста ойнағанда осындай
әдістер ұолданылады. Оны дұрыс жүзеге
асыру үшін ойыншы орын ауыстырған соң
еңкейіп тұру қалпына еніп , сонан соң
допты береді. Сонан кейін иығы біртіндеп
артқа қарай жіберіп артта тұрған аяғының
өкшесіне отырады да , жинақталып барып
құлап , арқасына аунап түседі.
Аунап түскен соң аяқты сермеп жіберіп
, орынан тұрып , негізгі тұрыс қалпын қабылдайды.
Артқа аунап түсу бір бұйірге қисайып
барып та атқарлуы мүмкін , мұндай ойыншы
алдымен созылған аяғына қарай кеудесін
бұрып , допты қабылдап , иығын кері қарай
жіберіп барып арқаға аунап түседі.
Допты кеудемен құлап барып ,қабылдау.
Бұл ойыншы алға қарай орын ауыстырып
үлгере алмай қалған жағдайда қолданылады.
Ойыншы алға ұмтылып барып , допты алады
да қолын жерге тік тіреп түседі. Сонан
кейін ол қолын шынтағынан бүгіп , кеудесімен
жер тірейді . Сонан соң , қол екі жаққа
жіберіліп ойыншы кеудесімен жылжыйды.
Допты былайша қабылдаған кезде аяқ тізеден
бүгіліп, аяқтың басы ашық ұсталуы , бас
кейін қарай шалқайтылуы керек.
Тордан кері серпілген допты қабылдау.
Доты тордан серпілу ерекшеліктерін білу
керек. Егер доп тордың жоғарғы жиегіне
таман тисе оның серпіліуі күші аз болады
да , ол төмен қарай тік түседі. Егер доп
тордың төменгі жиегіне тисе , оның серпілуі
әжептәуір
Тордан 1-1,5 метрдей жерге жетеді. Доптың
серпіліуінің осындай ерекшеліктерін
біле отырып ойыншы торға жақындап келіп
, еңкейіп тұрған қалыпта допты қабылдау
керек.
Допты жерге тақтау қабылдаған жөн . Мұндайда
ойыншыға тор кедергі келтірілмейді.
Қорғаныста ойнауға оқыту методикасы.
Допты төменнен және құлап барып қабылдауға
ұос қолмен жоғарыдан қабылдауды игерген
соң барып үйретуге болады. Құлап барып
қабылдауға бөліп-бөліп үйреткен жөн.
Әуелі доптың астынан шығу , одан кейін
құлап барып қабылдау үйретіледі. Қорғанысты
доп қабылдауға үйретуде орында дер кезінде
алмастыруға негізгі және еңкейіп тұруды
игеруге баса көңіл бөлінеді. Төмендегідей
жаттығулардың нұсқасын ұсынаьыз.
Қорғаныста доп қабылдау кезінде кезектесетін
негізгі қателіктер.
1.Ойыншы төменгі қалыпта тұрып үлгере
алмай қалады.
2. Бір бүйрден доп қабылдағанда солай
қарай ұмтылыс жасамайды .
3.Допты қабылдамастан бұрын құлайды.
4. Төменнен доп беру кезінде қол мен жауырынның
дұрыс ұсталмауы .
5. Допты төменнен қос қолмен қабылдағанда
доп қолдың білегіне емес басына тиюі
6.Құлап барып аунап түскенде ойыншы бойын
жинақтап үлгермеуі.
Қолданыста доп қабылдауды жетілдіруге
арналған жаттығулар.
1.Қос қолмен өзінің үстінен бірнеше рет
доп қабылдау.
2. Екі адам болып төменнен доп қабылдау
.
3. Өзінің үстінен жоғарыдан доп беру және
екі-үш адам болып төменнен доп қабылдап
,қайтару.
4. Төменнен қос қолмен доп беру немесе
жерге соғылған допты құлап барып, арқаға
аунап түсіп беру.
5. Серігі соққан допты қабылдау.
6. 5-ші жаттығудай, тек доп тор арқылы соғылады.
7. Қабырғаға соғылған допты қабылдау.
Тосқауыл қою қорғанысының негізгі әдістерінің
бірі болып табылады. Мұнда ойыншы доптың
жолын тосып , оған кедергі келтіру үшін
секіріп барып тордың үстінен қолын тосады.
Тосқауыл қою орын ауыстырудан , секіруден,
қолды тордың үстіне қоюдан және жергк
түсуден тұрады. Орын торды бойлай ауыстырылады.
Шабуылдаушы соққы орнындалатын жерге
орын ауыстырған ойыншыны аяғын тізеден
бүгіп, қолын төмен түсірген қалыпта тұрады.
Секірген кезде ғана ол қолын қатты сермеп,
жоғары қолдың үстіне шығарады.Жоғары
көтерілген кезде, шынтақтан бүгілген
қол ,кеудкге жақын жерден өтеді.
Тосқауыл қоюшы шабыуылдаушыға қарағанда
кешірек секіреді. Секірудің ең биік нүктесінде
қол тордың үстіне шығарып, саусақтар
алға қарай созылады ( жаңа ережелер бойынша
тордың үстіндегі қолда қарсыластар жағына
да шығаруға болады ) .
Қолдың аралығы арасынан доп кетпейтіндей
болуы керек.Тосқауыл қоюшы допқа барынша
жақындатып, шабуылдай соғудың аясын тарылта
түсуге тиіс.
Тосқауыл қойған соң ойыншы аяғын бүккен
қалыпта жерге түсіп қолын төмен түсіріп,
қайта секіруге немесе кез-келекн бағытқа,
орын алмастыруға даяр болғаны жөн.
Топтаса тосқауыл қойғанда ( екеу,үшеу
боп ) ойыншылар торды бойлай бір-біріне
қарсы қозғалып, тордың үстіне қолды қойғанда
барынша көбірек кеңістікте жабатындай
есеппен секіру керек.
Қолдардың арасы доп өтіп кетпейтіндей
қашықтықта болуы тиіс. Тосқауыл қою кезінде
жоғары қарай тік секіруге баса көңіл
бөлген жөн. Әйтпесе ойыншылар сызықтан
шығып кетуі, торға тиюі немесе бір-бірімен
соқтығысып қалуы мүмкін.
Волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру
және спортпен тиянақты айналысуға , белсенді
демалуға дайындаудың күшті құралдарының
бірі.
Спорттық тартымдылығы – бәсекеде.
Спорттық жекпе-жек техникалық шеберлікті
жетілдірудің тамаша ынталандыру жолы.
Ол әркімге күрес қуанышын сыйлайп,
әсіресе жасөспірімдерді
Жарысты ширақ ұйымдастыру, салтанатты
түрде өткізу,жеғімпаз командаларды
наградтау, құрыметті жүлдегерлерді сарапқа
салу-осының бәрі ойынды халыққа әйгілеуге
көмектеседі.
Волейболмен айналысу-тек дене тәрбиесінің
ұтымды жолы емес, жастарды пайдалы, қызғылықты
іске тартудың да тимді түрі.Спорт нұсқаулары
мен жаттықтырушыларды күнделікті жұмысына
А.С.Макаренконың ойынға жетекшілік ету
және ойын коллективін тәрбиелеу жөніндегі
бағалы педагогканың ұсыныстарды тимді
пайдалана белген жөн.
1.Спортпен айналысу бәрін ұмыттратын
әуестікке айналмасуын мұқият қадағалау
қажет.
2.Оқушы өзінің жеке табысына ғана масаттанып
қоймай,команданың табысын мақтан ететіндей
қалыптастырудың маңызы зор.
3.Даңдайсуға жол бермей,қарсыластардың
күшіне де сыйлау сезімімен қарауды тәрбиелеген
жөн.
4.Командадағы жаттығу,ұйымшылдық пен
тәртіп тағы үнемі назарда болуы керек.
5.Ойыншылардың табыстар мен сәтсіздіктерге
деген салқын қанды қатынасын қалыптастыру
шарт.
1. А. Г. Ариянц — Волейбол ФИС 1986
2. Ю. Н. Жещев — Волейбол ФИС 1986
3. С. Қасымбекова — Әдістемелік құрал, Волейбол, Алматы, “Атамұра”
4. М. Т. Тұрыскелди – Қимыл- қозғалыс ойындары
5. С. Қасымбекова, Д. Мырзамед. Дене тәрбиесі.
6. С. Тайжанов, С Қасымбекова,. Дене тәрбиесі Алматы Атамұра
7. Бағдарламалар дене тәрбиесі. Алматы 2004 ж