• адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.
Денсаулық белгілері мыналар:
• зақым келтіретін факторлар әрекетіне
өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес
тұрақтылық;
• өсу мен даму көрсеткіштері;
• организмнің функционалдық күйі және
сақтамалық мүмкіндігі;
• қандай болса да аурудың немесе даму
кемістігінің болу деңгейі;
• имандылық-еріктілік және құндылык-уәждік
мақсат деңгейі.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы
өзара байланыс салауатты өмір салты (САЛАУАТТЫ
ӨМІР САЛТЫ) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты — бұл адамның
еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық
және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру
түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық
ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің
белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін
биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір
салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш
нышанға негізделеді:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүрудің өзіндік жолы.
Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және
мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру
деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық
санат.
Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын
жайлылық дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік
санатқа жатады.
Өмір сүрудің өзіндік жолы адам
тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін
сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық
нышан. Бұл — жеке тұлғаның психологиясы
және психо-физиологиясы икемделінетін
белгілі қалып.
Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл)
және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер)
анықталады.
Этнокомпонент салауатты өмір салтында
балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін
қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара
байланыс салауатты өмір салты (САЛАУАТТЫ
ӨМІР САЛТЫ) ұғымында барынша толық айтылады,
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ-тың негізі салауаттану
ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір
салты адамның денсаулығы үшін қолайлы
жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық
қызметтерін орындауға себепші болатындардың
барлығын бірлестіреді. САЛАУАТТЫ ӨМІР
САЛТЫ жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың
қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы
жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ қалыптастырудың
негізіне биологиялық та, әлеуметтік те
ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға:
балалардың жас ерекшеліктерін ескеру,
салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы,
бірізділігі және т.б. жатады.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ әлеуметтік ұстанымдарына:
эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті тәрбиелей
білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы)
және т.б. жатады. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды:
- жеке бас гигиенасы;
- дене шынықтыру;
- тиімді тамақтану;
- оңтайлы қимыл тәртібі;
- зиянды дағдылар мен құмарлықтан (темекі
тарту, алкоголь, есірткі заттарын қолдану,
т.б.) бас тарту;
- жағымды эмоциялар.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің
алдында тұрған міндеттердің бірі – жас
ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын
қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға,
қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары,
сапалы білім алып, сол білімді келешектегі
өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара
байланыс салауатты өмір салты ұғымын
құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда,
салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру
мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы
басымдылықтарды анықтайтын ғылым да,
өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары
мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де
қажет. Мектеп балаларының салауатты өмір
салтын қалыптастыру туралы алған білімдері
болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап
қалуға берік тірек болады.
Мектеп балаларының салауатты өмір сүру
мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған
жансыз және жанды табиғи ортамен жан
– жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны,
елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы
өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол
денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы
мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында
денсаулықты нығайтуға бағытталған іс
– шараларды жүргізу.
Мектептегі бала денсаулығын сақтау мен
қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның
психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің
мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін
ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты
өмір салтының уәждамаларын, жеке бас
тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық
тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі
қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту,
мәдени – гигиеналық мінез – құлық дағдыларын
қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін
қандай жағдайларға назар аудару керек?
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған
мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше,
адамның әлеуметтік – психологиялық және
биологиялық жақтан салауатты өмір салтын
қалыптастыруға мына жағдайлар негіз
бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді
шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен
шұғылдану;
физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын
жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын
жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке
жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды
мәселелерінің бірі – жаСалауатты өмір
салтыпірімдер арасындағы ішімдікке салыну
десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда,
оған салынудың әлеуметтік – патологиялық
дамуы мына себептерге байланысты екені
белгілі болып отыр:
- әлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен
тыс бос уақыт, т.б.
Сондықтан балаларды жасынан салауатты
өмір салтына қалыптастыруға күш салып,
зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек.
Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық
санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы
мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық
болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның
егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы» деген еңбегінде
соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның
бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз
– адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты
мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.
1.2. Мектепке дейінгі
мекемедегі балалардың салауатты өмір
салтын валеология құралдарымен қалыптастыру
Бұл сәби жастан басталуы мүмкін
бе? Деген сұраққа иә белгілі бір жағдай
туғызып жасауға болады. Бала өмірін арнайы
ұйымдастырылған салауатты өмір салтын
қалыптастыру. Бұл үшін сабақта, ойын барысында,
күнделікті өмірде балаға жеткізе білу
керек. Адам бала кезінен бастап өз ісіне
жауаптылық, қалыптасу деген ұғымға жауапкершілікпен
қарайды. Егер бала бұл процесте енжарлы
болса оның қалыптасуы мен денсаулығы
да өзгереді. Сондықтан кіші жастан бастап
денсаулықты сақтау және оның жүйелігіне
қызығушылық туғузу қажет.Бірақ бала денсалығын
нығайту үшін ұмтылмайды. Ол үшін жеке
тұлғаға тиісті белгілі бір жасына сәйкес
өзін өзі дамыту және өзін өзі сақтау техналогия
қалыптастыру қажет. Ол күнделікті біздің
таңғы гимнастика, сергіту сәттері, қимылды
ойындар, серуен. Денсаулықты сақтау оқыту
прцесі бала дамуына белсенді қозғалысқа,
қуатты ынталандыру, ақыл – ой және эмоционалдық
белсенді болып табылады. Нақтырақ тоқталсақ
денсаулыққа ынталандыру, дені сау өмір
әрекетіне қамтамасыз ету дағдылары мен
іскерлігін қалыптастыруға баланы дене
тәрбиеге деген қызығушылықтар пайда
болады. Кейінгі уақытта білім беру жүйесінде
валилогия негізі қалыптасты. Осы негізге
сәйкес педагогикалық процесте бала денсаулығы
ең басты құндылық болып саналады.
Валеология – денсалықты
сақтау, денсаулықты қалыптастыру
заңдылығы болып табылады. Валиология
негізін қалаушы деп орыс ғалымы
И.И.Брехман. Ол 1982 жылы өз тәжірибесінде
денсаулығы бар адамдарды практикаға
алды. Валилогия пәнінің негізі болып
дені сау адам және оның денсаулығын нығайту
болып табылады. Мектепке дейінгі мекемеде
валиология пәнінің мақсаты гигиеналық
тәртіптер мен нормалар, денсаулықты сақтау
және салауатты өмір салтын қалыптастыру
болып табылады. Олар: қозғалмалы еңбек,
рационалы демалыс, шынықтыру процедурлары,
дене тәрбиесі мен өзін –өзі дамыту, рационалды
және дұрыс тамақтану, жеке дара гигиена,
уақытында дәрігерге көріну т.б.
Балабақшада салауатты
өмір салтын қалыптастырудың міндеттері:
1.Адам табиғат пен қоғамнның
бір бөлігі деген жүйелік бойынша балаларды
тәрбиелеу.
2.Баланың өлі және
тірі табиғатпен үйлесімді қарым қатынасын
орналастыру
3.Жеке тұлғаның қалыптасуы
4. Жеке дара гигиеналық
тәрбиесі
5.Баланы шынықтыру және
оның белсенді қозғалысы
6. Зиян қылықтарды жою
және оны алдын – алу.
Валиология курсын ата- аналармен
бірлесіп өткізу өте тиімді. Ата-анамен
бала арасындағы қарым –қатынастын проблеммасын
ойын және әртүрлі методикалық ойындар
арқылы шешуге болады.
Салауатты өмір салтын
қалыптастыру негізінде денсалық бұрышын
«Дені сау балақай!», балалармен жеке дара
жұмысқа қоса альбомдар ашуға болады.
Мысалы: «Есіне сақта балақай!», «Назар
аудар балақай!», «Таңғажайып лабиринт».
Балбақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру
үшін арнайы физминуткалар жасауға болады.
Балалардың гигиеналық
тәрбиесі
Балаларды жеке және қоғамдық
гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу - олардың
денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық
мінез-құлықтарының дұрысқалыптасуында
маңызды орын алады. Ақыр түбінде балалардың
гигиеналық ережелері және мінез-құлық
нормаларына қажетті білім мен дағдыларын
үреніп – орындауларынан, олардың ғана
денсаулықтары ғана емес, сонымен бірге
басқа балалардың, ересектердің денсаулықтары
да тәуелді,байланысты болады.
Балалармен күнделікті жұмыс
процесінде олардың жеке гигиена ережелеріг
орындаулары үйреншілік әдетке айналып,
ал есейген сайын гигиеналық дағдылар
үнемі жетілулері керек.
Әуелі балалар қарапайым
ережелерді орындауға үйрену
керек: тамақ алдында, дәретханадан,
ойыннан, серуеннен, т.б. іс-әрекеттен кейін
қолдарын жуу. 2 жасар бала тамақтан соң
аузын ауыз сумен шаю әдеттеріне дағдыландырылады,
әрине балаларды осыған алдын-ала үйреткеннен
кейін ғана. Ортаңғы және ересек топ жасындағы
балалар жеке гигиена ережелерін орындауға
жетік түсіне қарауы қажет. Өз беттерімен
қолдарын жуу, көбік шықанша сабындау
және құрғата сүрту, жеке орамал, тарақ,
ауыз шаятын стақанды қолдану және барлық
заттарды таза болуын қадағалауы керек.
Жеке гигиеналық дағдыларын
қалыптастыру – баланың үнемі
ұқыпты боуын, киіміндегі ақаулықты
өздігінен немесе ересектің көмегімен
жою икемдігілігін жорамалдайды. Гигиеналық
тәрбие және үйрету мен мәдени мінез-құлық
тәрбиесі тығыз байланысты.Сондықтан
сәбилер тобынан бастап балалар тамақтану
кезінде үстел басында дұрыс отыруға,
тамақты мұқият және баяу шайнап, асхана
аспаптары мен сүлгілерді қолдана алулары
үйретіледі.
Ал асханадағы кезекшіліктер,
тек қана үстелді дұрыс жабдықтап қана
емес, сонымен бірге кезекшілікке кіріспес
бұрын міндетті түрде қолдарын тазалап
жуу, өзін тәртіпке келтіру, шашын тарауы
керек.
Мәдени-гигиеналық дағдыларына
тәрбиелеу міндеттерін шешуге
көптеген педагогикалық тәсілдерді
баланың жас шамалық ерекшеліктеріне
қарай қолданылады.(Тура үйрету, көрсету,
іс-әрекеттерді орындау жаттығулары, дидактикалық
ойындар, т.б.)
Ең бастысы балаға мәдени-гигиеналық
немесе жеке-гигиеналық дағдыларды бойына
сіңдіру үшін оған гигиена ережелерін
жүйелілігін сақтау керектігін үнемі
естеріне салып отыру және қойылған талаптарды
біртіндер күрделендіру қажет. Жәнеде
әрекеттерді нақты да дәл орындауына бірізділікпен
жету керек.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды
сәбилер тобының балалары арнайы бағытталған
ойын әрекеттері арқылы оңай меңгереді,
ал ересек тобында сөздік және көрнекілік
тәсілдер арқылы, алуан түрлі мазмұнды
каринкалар, белгілер арқылы үйретіледі.
Мәдени-гигиеналық тәрбие дене тәрбие,
айналамен таныстыру және экология сабақтары
арқылы өткізіледі, онда көбінесе дидактикалық,
мазмұнды-рөлдік ойындар және кішкене
қойылым, рөлдерді бөлісіп ойнау әдіс-тәсілдері
қолданылады.
Мектеп жасына дейінгі
балаларға тәрбиеші( кезкелген ересек
адам) үлгі екенінде ұмытпаған жөн. Сондықтан
ересектердің жағынан балаларға қойылатын
талап бірдей болуы керек.
1.3. Ұлттық
ойындар арқылы балалардың салауатты
өмір салтына бағыттау
Салауатты өмір салтына қалыптастыруда
және ұлттық ойындарға баулу балаларды
негізгі маңыздылығын денешынықтыру,
спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық
туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру
жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада
бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың
пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы
тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын
тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде
тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.
Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын
және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне
дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян
келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды
салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Адам денсаулығына зиянын
тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны
жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала
кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік
ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну.
Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі
тартудың орнына таза ауада көбірек жүр.
Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл
көтеретін мәдени көпшілік орындарына
баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек
адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден
қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы
жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына
түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып,
оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде
бұған тең келетін ештеңе жоқ.
Біз табиғаттың, қоршаған
ортаның ластануына жол бермеуіміз керек.
Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де
солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос,
бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса,
нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан
аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі,
денсаулығының нашар екендігін ойлап
қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі
ойды бұзады.
Халық денсаулығы тек медицина
қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана
емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық
сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен
іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін
баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана
қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су
ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты
өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ
болашақтың жарқын кепілі болмақ.