Жер жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 00:40, курсовая работа

Краткое описание

Имараттар мен ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауылшаруашылық құрылыстарын салуды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері бар. Құрылыс құрастыру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы – құрылысты кешенді әдіспен және технологиялық ретімен жүргізу.
Құрылыс өндірісінің технологиясы құрылыс жұмыстарына және процесстерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары – жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процесстеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процесстерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.
Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары – жер астындағы құрылыстар (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ, бояу).
Жер жұмыстарының құрамына: аймағы мен алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар мен орларды қазу, қайырымды топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қопсыту, су ағызу, су бұру және сулардың деңгейін төмендету кіреді.

Вложенные файлы: 1 файл