Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы
Реферат, 30 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қарым-қатынас адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көпжақты процесс. Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.
Содержание
Қарым- қатынас психологиясы, қарым-қатынастың атқаратын қызметі
Қарым-қатынастың құрылымы, деңгейлері және механизмдері
ЖОО-дағы педагогикалық ерекшеліктер
Педагогикалық қарым-қатынас мәнерлері
Қорытынды
Вложенные файлы: 1 файл
Қарым-қатынас психологиясы.docx
— 25.50 Кб (Скачать файл)Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы
Жоспар
- Қарым- қатынас психологиясы, қарым-қатынастың атқаратын қызметі
- Қарым-қатынастың құрылымы, деңгейлері және механизмдері
- ЖОО-дағы педагогикалық ерекшеліктер
- Педагогикалық қарым-қатынас мәнерлері
- Қорытынды
І. Қарым-қатынас адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көпжақты процесс. Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.
Қарым-қатынастың қызметтері.
1. Прагматикалық байланыстыру
қызметі – біріккен әрекетте
адамдардың қарым-қатынасы
2. Қалыптастырушы қызметі
– қатынас адамдардың
3. Растау қызметі –
басқа адамдармен қарым-
ІІ. Қарым-қатынас құрылымы.
1. Вербальды қарым-қатынас – сөздің дыбыстық көрінісі, дауыстың ырғақтылығы.
2. Вербальді емес қарым-қатынас – кинесика (жест, мимика, пантомимика), такесика, проксемика.
Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынастың күнделікті актісінде сөздер оның 7% құрса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен.
Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды, яғни адамның көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Ал адамның маңдайы, қасы, аузы (ерні, көзі, мұрны, иегі) оынң түр негізгі эмоцияларын анықтайды. Жест – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа қол-аяқтың қимылдары арқылы көрінуі. Мимика – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа бет-әлпетінің қимылы арқылы көрінуі. Пантомимика – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа дене қалпының қозғалысынан, позасы мен жүріс – тұрыстарынан көрінуі. Такесика – қол алысу, шапалақтау, сүю, сипау, итеру құбылыстары. Мысалы, қол алысудың 3 түрі бар: басым – қолы үстінде, алақаны төменге бағытталып амандасады; көнгіш – қолы төмен, алақаны жоғары бағытталу; тең құқылы – екеуі де көлденең амандасады. Проксемика – адамдардың қарым-қатынас кезіндегі кеңістікте орналасуын қарастырады.
Педагог пен білім алушы арасындағы өзара қатынас механизмдері.
- Проекциялау – тұлғаның өз мотивтерін, күйзелістерін, сапаларын бейсаналықпен басқаларға телуі;
- Децентрация – тұлғаның өз эгоцентрлік ұстанымынан қайтып, басқа адамның көзқарасын қабылдауға қабілетті болуы;
- Идентификация – тұлғаның өзін бейсаналы түрде басқа адамдаремн теңестіруі немесе ойша өзін басқа адамның орнына қоя алуы;
- Эмпатия – тұлғаның басқа адамның эмоциялық күйін ұғыну мен сол жағдайды бірге кешуге қабілеттілік;
- Рефлекция – адамның оқиғаны, әрекетті, құбылысты түсінуі мен талдауы, өзінше бағалауы және қарым-қатынастағы серіктесі өзін қалай қабылдайтындығын аңғаруға қабілеттілігі;
- Аттракция – басқа адамға деген тұрақты позитивті сезімнің болуы;
- Стереотипизация – индивидтің басқа бір адам туралы ақпарат тапшылығында алғаш көргеннен-ақ пайда болып, тұрақтап қалатын психологиялық механизм; адамның физиологиялық тұрпатына, бет-әлпетінің бітісіне, ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік статусынағ мінез-құлқына байланысты бағалап қабылдауы;
- Ореал әсері – индивид басқа адамды алғашқы әсері бойынша бағалайды;
- Каузальді атрибуция – тұлғаның жетістіктеріне өзін, ал сәтсіздіктерде басқаны себепкер деп санауы.
Қарым-қатынастың түрлері:
1. Манипулятивті қарым -қатынас
– партнерлердің өз мақсатын жасырын
жүзеге асыруға бағытталған форма. Алдап-арбау
қарым-қатынасының қоғамдағы ресми орны
– бизнес, сауда саттық, іскерлік, насихат,
оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым-қатынасқа
демеу берушісі, жаршысы Дейл Корнеги.
Оқыту барысында сабақты қызықты өткізу,
оқушының ынтасы мен назарын көтеру үшін
манипуляцияны пайдалануға болады.
2. Диалогты қарым-қатынас – біріккен таным
мен партенр арасындағы өзіндік танымды
мақсат еткен бірдей құқықты субъекті
өзара әрекет. Диалогты қарым-қатынастың
ерекшелігі – эгоцентризмнен, өзіндік
ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға
бағытталған ұстанымға көшу.
3. Іскерлік қарым-қатынас – тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл-күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы.
4. Рухани - жеке тұлғааралық - бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады.
Тұлғааралық кеңістіктегі қарым-қатынас дистанциялары. Түрлі жағдайлардағы бір-біріне жақындасу нормасы:
- 0-45 см. Жақындық арақышықтығы (ерлі-зайыптылар, достар, туыстар).
- 45-120 см. Тұлғааралық қашықтық (әріптестер, таныстар).
- 120-400 см. Әлеуметтік ара-қатынас (мұғалім мен оқушы, сатушы және сатып алушы).
- 400-750 см. Қоғамдық дистанция.
ІІІ. ЖОО-дағы педагогикалық ерекшеліктер. Педагогтердің кәсіби ұстанымдарын ажыратып, жасаған М.Таленнің жіктемесі бірегейлікпен ерекшеленеді. Бұл типология төмендегідей педагог ұстанымдарының жеті моделін қамтиды:
- Модель І – «Сократ». Бұл сабақта әдейі пікірталасқа, пікірсайысқа қозғау салатын, оған әуестігімен ерекшеленетін педагог. Мұндай педагогтің оқу процесіне жеке-даралық, жүйесіздік тән. Алайда, педагогтың бұл ұстанымы білім алушылардың өз көзқарастарын дәлелдеп, айта алуына жағдай жасайжы; олардың ақыл-ой дербестіктер күшейтеді.
- Модель ІІ – «Топтық пікірсайыс жетекшісі». Бұл ұстанымда оқу-тәрбие процесінде білім алушылармен келісе отырып, ынтымақтаса жұмыс істеуге аса мән беріледі. Мұнда педагог пікірсайыстан шығатын нақты нәтижені емес, білім алушылармен демократиялық түрде келісуді бәрінен артық қояды.
- Модель ІІІ – «Шебер». Аталмыш ұстаным бойынша педагог үлгі ретінде болады. Сондықтан оқу процесінде жалпы өмірдің барлық жағдайында оның айтқандары мен әрекеттерін білім алушылардың мүлтіксіз қайталау шарты қойылады.
- Модель IV – «Генерал». Бұл ұстаным екі ұштылықтан аулақ, талапқойғыш, өзіне қатаң түрде бағындыратын педыгогке тән. Ол өзінің айтқандары мен әрекеттерін әрқашан дұрыс санап, білім алушыға берген әмірін екі етпей орындауын міндеттейді.
- Модель V – «Менеджер». Аталмыш мәнер сыныптағы іс-әрекеттің табысты болуына, білім алушылардың бастамашылығын және дербестігін мадақтауға, қолдауға бағдарланады. Педагог әрбір білім алушының атқаратын міндетінің маңызын түсіндіріп, талдауға, әрқайсысының іс-әрекетін қалтқысыз бақылауға және қол жеткен нәтижелерін бағалауға тырысады.
- Модель VI – «Жаттықтырушы». Бұл ұстаным бойынша сыныптағы қарым-қатынасқа корпорациялық рух тән. Мұнда білім алушылардың бір команданың ойыншылары сияқты жеке-дара жетістіктері емес, бірлескен іс-әрекеті маңызды болады. Ал, педагогке тек нәтиже, табыс, жеңіс ең басты мақсат болып табылады.
- Модель VII – «Гид». Білмейтіні жоқ, энциклопедия рөліндегі педагог қарым-қатынастың осы мәнерімен сипатталады. Ол – әрқашан ұстамды, нақпа-нақ, жинақы. Мұндай педагогтің қоятын сұрақтары да, кез келген сұраққа жауабы да әзір тұрады. Сондықтан, бұл ұстанымдағы педагогтер кейде білім алушыларды жалықтырып жібереді.
ІV. Педогогикалық қарым-қатынас мәнері
- Өктем мәнер. Өктем мәнерді ұстанатын оқытушы өзі жұмыстың жалпы мақсатын анықтап қана қоймайды, сонымен қатар, өзі тапсырманы орындау тәсілін ұсынады, кімнің кіммен бірлесіп жұмыс істейтіндігін тағайындайды.
- Енжар мәнер. Оқытушы оқу-тәрбие үрдісіне белсене араласпай, студенттерге білім беруде енжарлық танытады. Енжар оқытушы студенттердің оқу-кәсіби іс-әрекетіне қатысты ешбір жауапкершілікті сезінбейді.
- Демократиялық мәнер. Оқытушы ешқашан тұлғаны емес, орындалған іс-әрекетті бағалайды. Студенттер оқу-кәсіби іс-әрекетке қатысты мәселелерді анықтап, шешуге өздері белсенді түрде араласады.
Қорыта келе, педагогикалық қарым-қатынастағы басты құндылық оқытушы мен білім алушылардың жеке даралығы болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас оқу-тәрбие процесінің субъектілерінің әлеуеттерін жүзеге асыруға жағдай жасауға тиіс. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас оқытушы тарапынан рухани адамгершілік негізге арқалануы қажетті шарт болып табылады. Себебі, өнімді педагогикалық қарым-қатынас үшін адалдық, ашықтық, сенім, қамқорлық, уәдеде тұру, ризашылық білдіре алу, қайырымдылық сияқты этикалық құндылықтарды оқытушының тұрақты түрде ұстануы зор маңызға ие болады.