Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 18:37, реферат

Краткое описание

Халықаралық Қызыл крест комитеті (қысқаша ХҚКК) — бейтараптық пен әділдік принципін ұстана отырып, өз қызметін бүкіл дүниежүзінде жүзеге асыратын гуманитарлық ұйым. Ол қорғайды және қарулы қақтығыстар мен ішкі келеңсіздік кезінда зардап шеккендерге көмек көрсетеді, Халықаралық Қызыл Крест қозғалысы мен Қызыл Жартыайдың негізгі бөлігі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

7-Тақырып.docx

— 20.50 Кб (Скачать файл)

 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

 Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СОӨЖ

 

 

                                                     

                                      

                                                              Тақырыбы: Халықаралық Қызыл Крест              Комитетінің құқықтық мәртебесі

               Тексерген: Ибрагимова А.С.

                                                               Орындаған: Хамзин Е.И. ЮР-013 тобы.

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2012 жыл  

Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің құқықтық мәртебесі

 

        Халықаралық Қызыл крест комитеті (қысқаша ХҚКК) — бейтараптық пен әділдік принципін ұстана отырып, өз қызметін бүкіл дүниежүзінде жүзеге асыратын гуманитарлық ұйым. Ол қорғайды және қарулы қақтығыстар мен ішкі келеңсіздік кезінда зардап шеккендерге көмек көрсетеді, Халықаралық Қызыл Крест қозғалысы мен Қызыл Жартыайдың негізгі бөлігі болып табылады.

        Қызыл крест және қызыл ай халықаралық қозғалысы. Халықаралық Қызыл Крест қозғалысы. Құрамдас 3 бөліктен тұрады: 1) Қызыл Крестхалықаралық комитеті — бейтарап және ерікті гуманитарлық ұйым. Ұйым 1863 жылы швейцарлық Анри Дюнанмен негізі қаланды. 1884 жылы Халықаралық Қызыл крест комитетінің бірінші халықаралық Конференциясы болып өтті. Штаб-пәтері Женеведа орналасқан.

Бұл ұйым Женева конвенциясы бойынша өз күшін халықаралық қақтығыстар немесе елдегі ішкі толқулар мен қарулы қақтығыстар құрбандарын қорғауды қамтамасыз етуге және оларға көмек беруге бағыттайды. Ол Женева конвенциясына қатысушы мемлекеттерге көмек көрсетеді, халықаралық гуманитарлық көмек жағдайларын әрбір елдің ұлттық заңына үйлестіру және халықаралық гуманитарлық құқық туралы білімді тарату шараларын ұйымдастырады. Қарулы қақтығыстар кезінде бейтараптық танытып, қарсылас жақтарға тек гуманитарлық, медициналық көмек көрсетеді. Штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан, дүние жүзінің 50-ден астам елінде өкілдіктері бар. Қызыл крест және қызыл ай халықаралық қозғалысының конференциясы 4 жылда 1 рет шақырылады. 2) Қызыл Крест және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамының халықаралық федерациясы (ҚК және ҚАҚХФ), бейбіт уақытта ірі табиғи және техногендік апат, індет, жұмыссыздық пен мұқтаждық көрген адамдар санының өсуіне байланысты әлеуметтік дағдарыс жағдайында ұлттық қоғамдардың гуманитарлық қызметтерінің барлық түрін қолдау және жеңілдету мақсатында құрылған 1919 жылы.

 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамы Штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан, оған әлемнің 74 елі мүше. 3) Қызыл Крест  және Қызыл Ай қоғамының ұлттық қоғамдары (ҰҚ), соғыс немесе бейбіт жағдайда өз мемлекетінің қосымша қоғамдық ұйымдары ретінде қызмет көрсетеді. Ұлттық қоғамның 1-ші міндеті — соғыс, т.б. төтенше  жағдай құрбандарына көмек көрсету, бейбіт уақытта осы жағдайларға  дайындық жасау (еріктілерді таңдау, оқыту, әр түрлі бағдарлама жасау, т.б.). Медисиналық, сауықтыру, санитарлық-ағарту, халықаралық гуманитарлық көмекті тарату, тұрғын халықтың мұқтаж топтарын, оның ішінде босқындар мен оралмандарды қолдау, т.б. іс-шаралар оның дәстүрлі бағдарламалары болып табылады.


        Халықаралық Қызыл крест комитеті (ХҚКК) өзінің міндетін қорғау және қарулы       қақтығыстар мен ішкі келеңсіздік кезінда зардап шеккендерге көмек көрсету деп біледі. ХҚКК басшылыққа алатын принципі бойынша соғыстың өзі әскери әрекеттерді жүргізу әдісі мен құралына және соғысушы жақтардың бет алысына шектеу қоятын белгілі бір шеңберде жүруі тиіс. Осы принципке негізделген ережелер жиынтығын негізінде Женева конвенциясы жатқан халықаралық гуманитарлық құқық құрады. Женева конвенциясына барлық халықаралық келісімдердің ішінен оларды бірегей ететін барлық дүниежүзі мемлекеттері қол қойды. 
Халықаралық Қызыл крест комитеті (ХҚКК) — тәуелсіз және бейтарап ұйым. Халықаралық қызыл крест комитетіне әлемдік қауымдастықпен ұсынылған  мандатқа сәйкес, және әділдік принципін басшылыққа ала отырып ұйым қараудағыларға, ауруларға, жаралылар мен қарулы қақтығыстар нәтижесінде зардап шеккендерге көмек көрсетеді. 
Құрамында 12 мың адам жұмыс істейтін ұйым өкілдігі шамамен әлемнің 80 елінде орналасқан. Қарулы қақтығыстар кезінде ХҚКК Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай мен оларды біріктіретін Халықаралық Федерация ұлттық бірлестіктерінің қызметтерін үйлестіреді. 
ХҚКК, ұлттық қауымдастық және Халықаралық Федерация бірігіп Халықаралық Қызыл Крест қозғалысын және Қызыл Жарты айды құрайды.  
ХҚКК үш рет Нобель сыйлығына ұсынылды — 1917, 1944 және 1963 жылдары.

ХҚКК Жарғысына сәйкес құрылымы:

  • айрықга мәртебеге ие тәуелсіз гуманитарлық ұйым болып табылады;
  • Халықаралық Қызыл Крест қозғалысы және Қызыл Жарты айдың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады;
  • қызметі Швейцарияның Азаматтық кодексінің 60 бабы және одан кейінгі баптарымен анықталатын ассоциация болып табылады;
  • Швейцария заңдылығы бойынша заңды тұлға болып табылады.

ХҚКК мүшелігіне Швейцария азаматтары кооптациялануы мүмкін, комитет мүшелерінің саны – 15-тен 25-ке дейін. ХҚКК құрметті мүшелерін таңдауға құқылы.

ХҚКК басқармасының негізгі органдары:

  • Ассамблея (жоғары басқарма органы);
  • Ассамблеялар Кеңесі (Ассамблея тапсырысы бойынша құрылған орган);
  • Президент және оның орынбасарлары (Ассамблея, Ассамблея Кеңесі қызметтерін қамтамасыз етеді және ХҚКК сыртқы байланыстарына жауапты);
  • Директорат (атқарушы орган, Бас директордан және үш директордан тұрады);
  • Бақылаушы орган.

 

Халықаралық конференция  түсінігі мен түрлері 

Қатысушы  субъектілеріне байланысты халықаралық  конференциялар үкімет аралық және үкімет аралық емес деп бөлінеді.

Үкімет  аралық конференциялар көп жақты  дипломатияның нысаны және халықаралық келіссөздердің ең басты құралы болып табылады.

Қазіргі үкімет аралық конференция – бұл  қатысушы егеменді мемлекеттердің келісілген мақсаттарына жету үшін құрылатын уақтыша  ұжымдық органы.

Кез келген үкімет аралық конференцияның  мақсаты мен қызметі  алықаралық құқықтың  жалпыға мәлім  қағидаларына сай келуі қажет.

Үкімет  аралық конференциялардың  атауларының (съезд, конгресс, конференция, кеңес) арасындағы  айырмашылықтардың заңды мәні жоқ.

Қатысушылардың  саны бойынша конференциялар:

а) универсалды  – оның жұмысына әлемнің кез келген мемлекеті қатыса  алатын халықаралық конференция;

б) аймақтық – қатысушылары нақты бір аймаққа  жататын мемлекеттер болып табылатын  халықаралық конфреенция;

Көптеген  конференцияларға, әсіресе, БҰҰ ақыратын конференцияға, байқаушылар ретінде  мүдделі  үкімет аралық және үкімет аралық емес ұйымдардың, сондай-ақ  конференцияға қатыспайтын мемлекеттердің  өкілдері жіберілуі мүмкін. Сонымен қатар, кейбір қазіргі уақыттағы  үкімет аралық конференцияларға байқаушылар ретінде  ұлт-азаттық қозғалыстардың  өкілдері де шақыралады.

Конференцияларды  өткізу деңгейіне байланысты,  мәселелердің  маңыздылығымен немесе олардың  талқылау және реттеу үшін дайындық дәрежесіне байланысты үкіметаралық конференцияларда делегацияларды мемлекет және үкімет, СІМ басшылары немесе өзге де ресми тұлғалар басқарады. Кез келген жағдайда д делегация басшысы өз мемлекетінің немесе үкіметінің атынан қатысуға өкілеттілігі маңызды.

Үкімет  аралық конференцияны  халықаралық ұйымдар не болмаса мемлекеттердің ұйтқысымен шақырылады.

Үкімет  аралық ұйымдардың жарғыларын дайындау және қабылдау, нақты бір халықаралық  проблемаларды талқылау, пікір таласу және ақпараттармен алмасу, сонымен  қатарн ұсыныстар әзірлеу мақсатында шақырылады.

Халықаралық конференцияға дайындалу  және шақыру. Халықаралық конференцияны шақыру туралы ұсынысты бір немесе бірнеше мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар беруі мүмкін.

Конференцияға дайындық оны шақыру  мақсатын анықтаудан басталады, соған байланысты күн тәртібі құрастырылады. Көбінесе конференцияның күн тәртібіне қатысты мемлекеттердің көзқарастарын алдын ала  келістіру жүзеге асырылады. Алдын ала , сондай-ақ өкілдіктьердің дейгейі, өткізу уақыты және орны, процедурасының ережесі де келсімді. Конференцияны  шақыруға қатысты мемлекеттердің пікірлерін келістіру дипломатиялық каналдар немесе арнайы кеңес берушіліктер шегінде жүруі мүмкін.

Конференцияның  қатысушылар санын, ондағы өкілдіктердің  деңгейін анықтай отырып, мемлекеттер  конференцияның мақсатын және сипатын  белгілейді.

Егер де конференция үкімет аралық ұйымдардың шегінде немесе соның  эгидасымен шақырылатын болса, оның шақырылу  уақыты мен орны осы ұйымның сәйкес резолюциясында белгіленеді. Және де ол оның  штаб – пәтерінде , немес ұйымның мүшесі болып табылатын мемлекеттің шақыруы бойынша соның территориясында  өтеді.

Конференцияны өткізу тәртібінің  және оның  алдында тұрған  процедурасының ережесін алдын ала  келісу, ереже бойынша, дайындық кездесулерде өтеді. Жалпы дайындық өте маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Халықаралық  құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан  және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное  публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А.  Международное  право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.


Информация о работе Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің құқықтық мәртебесі