Тыныс алу мүшелерінің кәсіптік аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 20:49, творческая работа

Краткое описание


Кәсіптік топқа өндірістік ортадағы зиянды әсерден туындайтын аурулар жатқызылады.Кәсіптік аурулардың бірыңғай классификациясы әлі жоқ.Қазіргі классификация этиологияық ұстанымға негізделген.Осы ұстанымға кәсіптік аурулар:
1 Өндірістік химиялық факторлар
2 Өнеркәсіптік шаңдар
3 Физикалық фактор
4 қажу
5 биологиялық факторлар дамытады

Вложенные файлы: 1 файл

3008 ЖМФ.pptx

— 5.22 Мб (Скачать файл)

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ  
Паталогиялық анатомия кафедрасы

 

СӨЖ

 

Тақырыбы:  Тыныс алу мүшелерінің кәсіптік аурулары

 

Орындаған:

3008 ЖМФ

Қабылдаған: Иманбаева Г. Н.

 

Қарағанды 2014 жыл

Жоспары:

 

    • Кіріспе
    • Кәсіптік аурулар этиологиясы және классификациясы
    • Силикоз
    • Сидероз
    • Силикатоз
    • Пайдаланылған әдебиеттер

 

    • Кәсіптік топқа өндірістік ортадағы зиянды әсерден туындайтын аурулар жатқызылады.Кәсіптік аурулардың бірыңғай классификациясы әлі жоқ.Қазіргі классификация этиологияық ұстанымға негізделген.Осы ұстанымға кәсіптік аурулар:
    • 1 Өндірістік химиялық факторлар
    • 2 Өнеркәсіптік шаңдар
    • 3 Физикалық фактор
    • 4 қажу
    • 5 биологиялық  факторлар дамытады.

 

 

Өндірістік химиялық факторлардыңәсерінен дамитын кәсіптік аурулар

 

    • Пневмокониоздар-шаңдардың әсерінен дамитын өкпе аурулары. Бұл атауды 1867 ж Ценкер ұсынған.Өнеркәсіп шаңдар деп өндірістік ұдерісте түзілген қатты шаңдардың ауадағы азды көпті уақыт қылықтай алатын өте ұсақ бөлшектері.

Шаңдар

    • Органикалық
    • Бейорганикалық деп бөлінеді.

Көлеміне қарай:

    • Көзге көрінетін (10 мкм астам)
    • Микроскоптық (көлденең ені 0,25-10 мкм)
    • Ультрамикроскоптық  (0,25 кем)

Бұлардың ең ішіндегі қауіптісі мөлшері 5 мкм кем шаңдар, олар өкпеге терең жайылады.Шаңның пішіні мен консистенциясы және тіндегі сұйықтыққа ерігіштігіде зор әсер етеді. Өткір қырлы тозаң тыныс алу жолдарының кілегейлі қабатын жарақаттайды.

Тыныс алу мүшелерінің кәсіптік аурулары

 

    Кәсіби аурулар науқастарда  зиянды факторлармен ұзақ уақыт  жұмыс жасағанда пайда болатын  пневмоканиоз. Зақымдаушы агенттер  бронхтың, бронх ағаштарының, альвеолалардың  шырышты қабаттарына  ұзақ уақыт  жиналады. Ақырында өкпеде дәнекер  тіннің диффузды жайлауы жүреді. Зақымдаушы факторларға минералды  заттар, органикалық шаңдар, тітіркендіргіш  газдар жатады.

Классификациясы

 

 Әсер етуші шаң түріне  байланысты пневмокониоздың 6 тобын  ажыратады:

    1. Силикоз (кремнии диоксиді)
    2. Силикатоз (асбестоз, талькоз, калиноз, нефелиноз)
    3. Карбокониоз (антракоз, графитоз)
    4. Металлокониоз (алюминоз, бариноз, бериллиоз сидероз)
    5. Аралас пневмокониоздар
    6. Органикалық шаңдардан дамитын пневмокониоздар

Силикоз

 

Силикоз- тыныс алу мүшелерінің ішіндегі ең көп тараған және ауыр сатыда жүретін түрі, ұзақ уақыт ауа арқылы еркін кремний диоксидін жұтқанда пайда болады. Өкпедегі дәнекер тінін диффузды жайлайды. Өкпеге түскен бөтен зат өкпенің көміркышқыл газын өндіруге кедергі жасайды. Бұл ауру туберкулез, бронхит, эмфизема ауруларын дамыту мүмкін.

Силикоз патогенезі

 

Диаметрі 2 мкм кіші кремний бөлшектерінің терминалды бөлшектерге түсуі. Альвеолярлық макрофактармен бұл кремний бөлшектерінің фагоцитозға ұшырауы. Макрофагтардың өлуі.Жойылғын макрофагтардан макрофактардың және кремний бөлшектерінің шығуы. Кремний бөлшектерінің макрофагтармен қайта фагоцитозға ұшырап, өлуі.   

Силикоз патанатомиясы

 

Мұрын қуысының, көмейдің, кеңірдектің шырышты, шырышасты негіз қабатында атрофия мен склероз байқалады. Силикоз кезінде өкпе ұлғайған және дәнекер тіннің жайлауынан тығыздалған. Өкпеде силикоз 2 түрде көрініс береді: түйінді және диффузды склерозды. Түйінді силикоз кезінде сопақша пішінді, қоңыр қара түсті силикозды түйіндер кездеседі. Диффузды склерозды силикоз кезінде түйіндер аз, бронхтар мен қантамырлардың айналасынан склерозды байқауға болады. Лимфа түйіндерінде көптеген кварц шаңдарын, жайылмалы склерозды және силикоздық түйіндерді көруге болады

 

Силикоз.  Шыны заттармен

көп жұмыс жасайтын адамдардың өкпесі,

  шыны заттардың шаңы жиналған.

 

 

Силикоз көп жағдайда 30-40

жас аралығындағы кісілерде

көп пайда болады. Балаларда

дамуы сирек кездеседі.

Силикатоз

 

Силикатоз –кремний қос тотығы басқа элементтермен (магний, алюминий,темір) қоспа түзген тұздар (силикаттар)араласқан шаңның әсерінен дамитын аурулар тобы.Силикаттар табиғатта кең таралған,өндірісте алуан түрлі қолданыс тауып жүр. Силикатоздар ішінен асбестоз, талькоз, каолиноз,цементоз,слюдалық пневмокониоз жатады.

 

Патологиялық анатомиясы

 

Катаральді-десквамативті және іріңді бронхит бронхо және бронхиолоэктаз жиі кездеседі. Шырышты бездердің гиперплазиясы шеміршектердің дистрофиялық өзгерістері мен оладың кальцинозы байқалады. Плевра қалыңдайды. Дәнекер тіннің жайлауына байланысты өкпе тығыздалған. Дәнекер тіннің құрамында шаң жиынтықтары мен гистиоциттер мен лимфоидты клеткалардан тұратын инфильтрация байқалады

 

Силикатоз зардаптары

 

    • Эмфизема
    • Туберкулез
    • Пневмония
    • Жүрек жеткіліксіздігі
    • Мезотелиома
    • Өкпе обыры

 

Асбестоз

Асбестоз

 

    • Асбест шаңының ұзақ мерзімді әсерінен дамитынпневмокониоз. Ол-ентікпе мен жөтел және өкпе-жүрек қызметінің жеткіліксіздігі біртіндеп өршитін созылмалы ауру.
    • Патологиялық анатомиясы

Дәнекер тін өскен жерлерге гистиоциттермен лимфоциттер шоғырланады. Асбестозға асбестілік денешіктер тән бұл денешік-түсі ақшыл және қоңыр сары көлемі мен кескіні әртүрлі ұзындығы 15-150 нм, ұшы доғал, көп сегментті бунақталған құрылым. Асбестоз ауыр әсерлі болса, аралық тінді склероз жайлап алвеолалардың сағылауы бітеліп қалады.

    • Асбестпен жұыс істегендердің саусақтарымен бақайларында, алақандары мен табандарында гиперкератоз және акантоз дамып, асбестілік сүйелдер қалыптасады. Сүйелдің қасаңданған жерінде асбестің талшықты кристалдары, ал эпидермистің тікенекті және төменгі қабатында бөгде денелік көп ядролы алып жасушалар болады.
    • Асбестозбен сырқаттанғандардың өліміне көбіне пневмония және эмфиземаның туберкулездің салдарынан дамыған өкпе жүре қызметінің жеткіліксіздігі себеп болады.Асбестозға туберкулез қосарланға асбест-туберкулез деп аталады.

Талькоз

 

    • Тальк шаңынан дамитын пневмокониоз:ағымы созылмалы
    • Патологиялық анатомиясы

Талькоздан өлгендердің кеуде қуысында плвра ауқымды бірікпелер болады. Дәнекер тін өсіп, жуан жолақтар түзіліп, арасынан тар саңылаулы алвеолалар әзер көрінеді.Кейде дәнекер тін арасынан тальктік денешіктер деп аталтын құрылымдар пайда болады.Талькозбен сырақаттанғандардың өкпесінде, әдетте эмфизема дамып бронхэктаздар қалыптасады. Бифуркациялық және өкпенің түбіріндегі лимфалық түйіндерге тальк жиналып склероз өрістейді. Талькозға туберкулез  қосарланып тальк-туберкулез деп аталады.

Слюдалық пневмоколиоз

 

    • Слюдалық шаңның әсерінен дамитын пневмокониоз; сирек кездеседі, ағымы созылмалы әсері онша қатерлі емес.
    • Патологиялық анатомиясы

Қатарлы-дескквамациялы бронхит дамып, бронхэктазбен эмфиземада дамиды. Өкпенің аралық тінін склероз жайлап, әсіресе алвеола аралық перделерде, бронхылармен қантамырлардың төңірегінде дәнекер тін көбейіп асбестілік денешіктер тәрізді «слюдалық денешіктер » пайда болады.

Сидероз

 

 Сидероз – темір тотығының әсерінен (гематит Fe2O3) дамитын пневмокониоз. Сидероз металлокониоздар тобына жатады. Қызыл және қара сидерозды ажыратады. Қызыл сидероз кезінде өкпе ұлғайған, сары-қоңыр-қызыл түсті. Қара сидероз кезінде өкпе ұлғайған, антракоз кездегідей қара түсті болады.

Патологиялық анатомиясы

 

Микроскопиялық зерттеу кезінде аралық склероз және темір шаңының бөлшектерімен толған шаңды клеткалардың жиынтығынан тұратын субмилиарлы және милиарлы түйіндерді көруге болады. Шаңды клеткалардың арасынан біршама коллаген талшықтары байқалады. Лимфа түйіндерінде көптеген шаңды және диффузды склерозды байқауға болады

 

Өкпе сидерозы

 

А. Субмилиарлы түйіндер

Б. Милиарлы түйіндер

 

Физикалық факторлардың әсерінен дамитын кәсіптік аурулар

 

    • Кессондық (декомрессиялық ) ауру

Қысымы жоғары ортадан қалыпты қысымды ортаға күрт ауысқанда дамиды. Бұл ауру көпір, тоған,док,тоннель сияқты құрылыстарды кессонды жүргізетін жұмысшыларда байқалады. Ауаның құрамында азот кессондағы жоғарғы қысымның әсерінен тіндермен қанға тым көп сіңеді. Ал, қалыпты қысымға күрт ауысқан кезде тіндердегі азот тым тез босап, өкпе арқылы сыртқа толық шығарылмай, газ көпіршіктері тіндерге, қан мен лимфа тамырларғы жиналып саңылауын бітеп тастайды(декомпрессиялық) ауру.Қан айналымы бұзылып тіндерде зат алмасу үдеріс бұзылады. Кессон камерасындағы адам одан шығысымен немесе  бірнеше сағаттан соң, кейде  бірнеше тәуліктен кейін опат болады.

Патологиялық анатомиясы

 

    • Кессондық ауруда кенет өлгендердің  бұлшықеттері тым сіріседі мәіттің денесімен шел майына газ жиналып эмфизема дамиды саусақпен басқанда сықыр естіледі. Қан тамырларына қан біркелкі жайылмағандықтан кей жерлердің терісі тарғыл тартып мәрмәр түсті болады. Микроскоппен зерттегенде газдың көпіршіктері жүректің қан тамырларыммен кеңіп кенет оң қарыншасынан да, төменгі қуыс веналармен өкпенің, ми мен жұлынның және олардың қабыршаларының бауырмен талақтың аш ішектің қан тамырларынан да табылады. Өкпенің тінін су жайлап, қанды ошақтар пайда болып эмфизема дамиды. Жүректің қуыстары шамалап кеңиді. Бауырды  майлы дистрофия шарпиды. Мимен жұлында қан және лимфа айналымы бұзылып ишемиялық некроз ошақтары пайда болып кейін ол жерде кисталар қалыптасады.

Вибрациялық ауру

 

Дірілді тербеліс туындататын техникамен  жұмыс істейтін адамдарда байқалады. Техниканың бұл тобына кең мен көмірді бұрғылап омырғыш пневма-балғалар, металл бұйымдарын соғып, бетонды жолға төселетін асфальтті тығыздайтын құрал жабдықтар жатады. Вибрациялық аурудың негізі- вибрациялық ангиотрофикалық невроз. Оның басты клинкалық нышандарының бірі кіші көлемді және ірірек қан тамырларының жиырылып, тарылуы(спазм).

Патологиялық анатомиясы

 

Тойтарып шегелейтін балғашалардан алынған биоптаттарды зерттегенде, қан тамырлары спазмға ұшырап, облитирациялы эндартериит тектес өзгеріс болады. Терімен тырнақта зат алмасуылық үдерістер бұзылып,саусақтармен табанды гангрена шарпиды. Білектің,жауырынның үстіндегі және иықтағы бұлшықеттер семеді. Сүйе тіні сиреп қуыстар пайда болады, кей жерлері шорланып, ізбестенеді. Сүйектің қуысты жерлері өздігінен сынады және деформациялы артроздар дамиды. Сүйекпен буындағы тіндердің  физикалық және химиялық қасиеті өзгеріп, құрамындағы коллоидтардың дисперсиялылығы бұзылады.Сл себепті, сүйектің тіні кальциді сіңіре алмайтын болады.

Қолданылған әдебиеттер

 

    • Жестков А. В. Иммунодиагностика пылевых заболевании легких. – 2000. – том 10
    • Измеров Н. Ф. Медицина труда. – 2002.
    • Vmede.org Профессиональные заболевания

 

 


Информация о работе Тыныс алу мүшелерінің кәсіптік аурулары