Бруцеллез
Лекция, 18 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Бруцеллез (brucellessis) – ұзаққа бейімділігі бар жиірек созылмалы ағыммен өтетін жұқпалы - аллергиялық ауру. Ұзақ қызбаланумен, тірек-қозғалатын, нерв, жүрек-қантамыр, бүйрек-жыныс және ағзаның басқа жүйелерінің зақымдануымен сипатталады.
Вложенные файлы: 1 файл
Бруцеллез.docx
— 37.60 Кб (Скачать файл)Бруцеллез
Бруцеллез (brucellessis) – ұзаққа бейімділігі бар жиірек созылмалы ағыммен өтетін жұқпалы - аллергиялық ауру. Ұзақ қызбаланумен, тірек-қозғалатын, нерв, жүрек-қантамыр, бүйрек-жыныс және ағзаның басқа жүйелерінің зақымдануымен сипатталады.
Қазіргі кезде бруцеллез ауруы кездеспейтін бірде-бір ел жоқ десе де болады.
Бруцеллез тіпті сонау көне заман дірігерлеріне де мәлім болған. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ адамның буын-буынын кеміріп, сайсүйегін сырқыратып, қара терге түсіріп, тынышын алатын осы бруцеллез ауруы туралы кезінде жазған. Осының өзі-ақ бруцеллездің жаңадан пайда болған ауру емес, атам заманнан келе жатқан қауіпті ауру екенін көрсетеді. Қазақ халқы оны «селсоқ ауруы», «сарып ауруы» десе, түркімендер «ешкінің безгегі» деп атап кеткен.
1887 жылы ешкілер мен қойлардың мальта безгегі (Brucella melitensis) ауруына себеп болған ешкі сүтінде табылған бактерияларды анықтаған Д. Брюс атымен аталған Brucella тобы болып табылады.
Қазіргі кезде бруцеллез қоздырғышының негізгі 6 түрі белгілі:
- Brucella melitensis – қой мен ешкінің жұқтырушысы болып есептеледі;
- Brucella abortus bovis – ірі қара малды зақымдандырады;
- Brucella abortus suis – шошқаларды;
- Brucella neotome-шөл даланың егеу құйрықтарын;
- Brucella canis – жылқыларды;
- Brucella ovis-қошқарларды. Олар қозғалмайды, спораны түзбейді, ауассыз жағдайда өседі. Олардың түрі де құрылыстары да бірдей. Айрмашылығы жоқ, ол антигенді және биохимиялық қасиеттерімен ғана ерекшеленеді.
Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин., 80-85 градуста - 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырықта тіршілігін 100 күн, суда - 114 күн сақтайды. Қоздырушы азық-түлікте ұзақ уақыт сақталады. Төменгі температураға өте төзімді болады (қатырылған етте 5 ай, сүт өнімдерінде - 1,5 айға дейін сақталады). Бруцеллездің қоздырушысы әр түрлі дезинфекциялық заттарға сезімтал: 2% карбол қышқылының ерітіндісі мен күйдіргіш натр, лизолдың 3% ерітіндісі хлорлы әктің және хлораминнің 0,2-1% ерітінділері қоздырушыны бірнеше минутта өлтіреді.
Жүғу жолдары. Адам бруцеллезінде індеттің негізгі көзі қой, ешкі, сиректеу ірі қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануарлар болып табылады. Бруцеллез індетінің таралуында адам ролінің эпидемиологиялық маңызы жоқ.
Бруцеллез адамдарға әр түрлі жолдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдерін, шикізаттарын пайдаланғанда) немесе алиментарлық жолмен жұғады.
Мал өнімдері мен шикізаттарының эпидемиологиялық маңызы көп мөлшерде ластанғанымен айқындалады, сонымен қатар ол бруцелланың түріне, және оның вируленттілігі мен ұзақ уақыт сақталуына байланысты. Мысалы, ластанған сүтте бруцеллалар 10 күннен аса, ішкі ұлпаларда, сүйекте, бұлшық ет пен лимфа бездерінде бір айдан аса, жүнде - 3 ай сақталады.
Адамның бруцеллезі - ауыр созылмалы індет. Жасырын кезеңі 1-2 аптаға, ал кейбірде 2 айға дейін созылады. Жасырын кезеңнің мерзімі организмге енген микробтардың санына, олардың вируленттігіне және организмнің төзімділігіне байланысты.
Жасырын кезеңнен кейін адамның бруцеллезі жіті түрінде байқалып, дененің қызуы 3-7 күн бойы 39-40 о С көтеріліп тұрады. Дененің қызуы тоңазумен және қатты терлеумен қатар болады. Емді дер кезінде қолданғанда адам сауығып кетеді. Бірақ көбінесе аурудың белгілері ұлғайып рецедивті бруцеллез түрінде байқалып немесе қозғалу аппаратының, жүйке, несеп-жыныс және жүрек-қан жүйесінің зақымдануымен сипатталатын созылмалы процеске ауысып кетеді.
Алдын алу шаралары. Адам өз жеке басының гигиена ережелерін сақтаудан бастау керек. Күнде таң ертең тұрғанда қолын сабынмен жуудан бастау керек. Егер малмен қызмет істесе әрбір жұмыстан соң қолын жууы қажет.
- Малмен жұмыс істейтін адамдарды жылына 1-2 рет тексеріліп отыру керек.
- Ауруды болдырмау мақсатында көптеген санитарлық жұмыстарды мұқият жүргізу керек.
- Ветеринария қызметкерлерімен кеңесіп, малдың денсаулығын қадағалап отыру керек.
- Ауру малдарды бағып-күткен кезде аса сақ болу қажет, әсіресе денеде жырылған немесе тілінген жер болса.
- Қайнатылған немесе пастерленген сүтті ішу керек. Бруцеллёз тараған жерлерде қайнатыпмаған сүттен дайындалған ірімшікті жеуден тартынған жөн.
Тырысқақ
Тырысқақ – өте қауіпті жұқпалы ішек ауруы. Ол адамды асқазан-ішек инфекциясының ауыр түріне шалдықтырады, өте тез тарайды, сондықтан бұл ауру өте карантинді індеттердің қатарына жатады.
Қазақстанмен тығыз қарым-қатнастағы Азияның оңтүстік шығыстағы мемекеттер Пәкістан, Үндістан, Түркия, Қытай, Иран, Ауғанистан, Индонезия, Бангладеш және т. б. Елдер тырысқақ жөнінен қолайсыз аймақ болып саналады.
Аурудың қоздырғышы – тырысқақ вибрионы, ұсақ, иілген, суда көп уақыт сақталады. Азиядан келген түрі адамға өте қаупты бізде жеңіл түрі (Эль-Тор) және тағы басқа түрлері кезігеді. Вибриондар кепкенде, күн сәулесі түскенде, қайнатқанда тез өледі.
Аурудың тарау жолдары: ластанған жерлердегі қоздырғыштар шыбын-шіркейер және өзге де жолдар арқылы суға, азық-түліктерге таралады. Сау адамдарға ластанған су немесе азық-түліктер арқылы жұғады. Кейде кір қол арқылы, қол алып амандасқанда, олар ауру пайдаланған заттарды қолданғанда жұғады.
Аурудың бастапқы инкубациялық, яғни жасырын кезеңі бірнеше сағаттан бес күнге дейін созылады. Вибриондар ауыз арқылы түседі, жартысы асқазанда өледі, қалғандары тоқ ішекке барып өсіп-өнеді де өте улы экзотоксин шығарады бұл у бүкіл ағзаға тарайды, адамды уландырады.
Тырысқақтың белгілері: ішек қызметінің бұзыуы салдарынан жүрегі айныйды ол лоқсып құсады, іші жиі-жиі өтеді, ауыр түрге айналса күніне 20-30 ретке дейін, дәреттің түрі ірімтік-ірімтік, күріштің жұған суы сияқты болады. Осының салдарынан сырқат су және иондар жоғалтады, ауыр түрімен ауырған адамдар 20-30 % дейін салмағын жоғалтады. Аурған адамның халі өте нашар: денесі сүп-сүр, суық тер жауып тұрады, денесінің температурасы 34-35 градусқа дейін төмендейді, көзі үңірейіп ішіне кіріп кетеді, терісі қатпарланып, жиырылады, қалшырайды, тырысады, қан қысымы төмендейді, дауысы әзер шығады, кейде дауысы жоғалады (афония), егер адамды дер кезінде емдемесе ол мерт болады.
Тырысқақтың емдеуі: ауру адам оқшауланады, емханада емделеді – антибиотиктер (левомицетин, стрептомицин, тетрациклин және бактерофагтар, сульфаниламидтер) беріледі. Көк тамырға ертінділер (дисоль, трисоль, Рингер ертіндісі, глюкоза және т. б.) жіберіледі.
Алдын алуы: адамдар егіледі, ошақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, карантин жарияланады. Шет елден келген адамдар, тамақ өнімдері бақлауға алынады.