«E-Learning» электрондық оқыту негіздері. Электрондық оқыту әдістері. «E-Learning» ортасында қашықтықтан оқыту курстарын құрудың қазіргі технолог

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 17:32, реферат

Краткое описание

Интернетте бұл жүйе оқушылар мен студенттер, мұғалімдер, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілер, тьютерлер және де басқа білім беру үдерісіне қатысушылар пайдаланатын өзіндік Интранет ретінде қызмет етеді. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі болады. Жүйеге кіргенде пайдаланушы өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге – копьютерлік бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға – қашықтықтан басқаруға, ата-аналарға – өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына мүмкіндік береді. Бұл – қашықтықтан мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім беру үдерісіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы түзілетін, ең негізгісі, барлық үйренушілерге тең мүмкіндік берілетін оқытудың жаңа парадигмасы болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.«E-Learning» электрондық оқыту мүмкіндіктері, негіздері
2. Электрондық оқытудың мәні мен маңызы
3.Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы.docx

— 557.64 Кб (Скачать файл)

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы

                                                                                                                    

 

 


 

 

 

 

 

 

Тақырып: «E-Learning» электрондық оқыту негіздері. Электрондық оқыту әдістері. «E-Learning» ортасында қашықтықтан оқыту  курстарын құрудың қазіргі технологиясы

 

 

                                                                  Орындаған: Совет А.Ә.

                                                                  Топ: 101- МІК

                                                                   Қабылдаған: Мауленова А.А.                       

 

 

 

 

 

Шымкент 2014                                                                                                                                             
Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1.«E-Learning» электрондық оқыту мүмкіндіктері, негіздері

2. Электрондық  оқытудың мәні мен маңызы

3.Электронды оқытудың  құралдары мен технологиясы

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Кіріспе

Бұл – барлық әлем елдерінің білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялармен келген, бүгінгі экономика мен қоғамның бірде-бір саласының мазмұнын оларсыз іске асыру мүмкін емес, электрондық оқыту жүйесі.

Интернетте бұл жүйе оқушылар мен студенттер, мұғалімдер, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілер, тьютерлер және де басқа білім беру үдерісіне қатысушылар пайдаланатын өзіндік Интранет ретінде қызмет етеді. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі болады. Жүйеге кіргенде пайдаланушы өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге – копьютерлік бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға – қашықтықтан басқаруға, ата-аналарға – өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына мүмкіндік береді. Бұл – қашықтықтан мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім беру үдерісіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы түзілетін, ең негізгісі, барлық үйренушілерге тең мүмкіндік берілетін оқытудың жаңа парадигмасы болып табылады.

II. Негізгі бөлім

1.«E-Learning» электрондық оқыту мүмкіндіктері, негіздері

Е-Learning ұсынатын мүмкіндіктерге келетін болсақ, онда олардың шегі жоқ. Білім алу кеңістігі өзінің атымен-ақ бәрін айтады – Интернет, Жаһандық желі, Бүкіләлемдік тор және т.б.

·   Біріншіден, e-Learning – білім беру контентін әр түрлі жастағы адамдарға алуға мүмкіндік береді. e-Learning –өзінің білім деңгейін жоғарлатамын деген кез-келген адамға жақсы құрал болып табылады.

·   Екіншіден,  e-Learning – коммуникация. Интернет әлемі және Медиа – бұл 24/7 деген шексіз коммуникация. Қашықтықтан оқытудың тағы бір басымдығы осында жатыр, қалаған уақытта, қалаған жерде.

·   Үшіншіден, e-Learning дәстүрлі оқытуға қарағанда арзанырақ. Қол жетімді мәліметтерге сүйенсек, «онлайн-сабақтар» аудиториялық сабақтарға қарағанда 2-3 есе арзан.

·   Төртіншіден, e-Learning – ірі ақпараттық орта. Бір уақытта, бірнеше университетте білім алуға болады.

·   Бесіншіден, e-Learning – әрқашан қазіргі заманғы технологиялармен бірге өмір кешу, ол XXI ғасырдағы адамдардың маңызды аспектісі болып табылады.

Е-Learning-ті бүкіл әлем талқылайды. Саммиттер, конференциялар ұйымдастырылып, шексіз келіссөздер мен талқылаулар жүргізіледі. Географиялық орналасуына еш шектеу қойылмайтын, жаһандық бірегей халықаралық жобаларға қатысуына барлық адамдар бірдей мүмкіндік алады, міне нағыз перспектива.

Біліктілік деңгейін жоғарлату

Е-Learning жүйесінің дамуының тағы бір маңызды пункті. Қашықтан оқыту құралдары жетіліп отырылады. Осыдан мына тәуелділікті аңғаруға болады: ұсынылған оқудың сапасы жоғарлаған сайын, оны оқитындардың да біліктілігі жоғарлайды.

Е-Learning шынымен де адамзат тарихындағы жаһандық және маңызды құбылыс. Адамзат ірі корпорацияларда қызмет істеуге, өз бизнестерін ашуға және қазіргі замандағы қоғамда жай ғана жақсы өмір сүруге өз көмегін тигізетін білім деңгейін көтеруге, әр кез ынтазар.[1]

 

 

2. Электрондық  оқытудың мәні мен маңызы

Электрондық оқыту - кешенді емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Дидактикалық зандастырылған жалпы білім әдістемелік аспектілер, арнайылап оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы және электрондық оқытудың бағдарламалық нақтылығымен өзара тығыз байланысты болады. Электрондық оқыту - бағдарламалық-әдістемелік кешен, өзіндік немесе мұғалімнің көмегімен білім курсындағы бөлімнің мүмкіңдігін электрондық түрде қамтиды.

Электрондық оқыту, негізінен, үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тестер. Компьютерлік оқыту негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуішті, зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады.

Электрондық оқыту - таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу үрдісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздаңдыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық моделдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық кешендік жүйе. Электрондық оқыту барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Дидактикалық цикл үрдісін бірыңғай компьютердің көмегімен оку үрдісін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен - электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту үрдісін жаңаша түрде орындау үшін компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл күйіне де көмек береді.

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізгі педагогикалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міңдеттер қойылды. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.

Әдістемелік жүйенің бөліктерін электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырсақ, оны мына сызбадан көруге болады

 

Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. Электроңдық оқыту жағдайында осы мақсат-міндеттерге жету келесі электрондық оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады.

Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік бекіту және білімді тексеру кіреді.

Электрондық оқытудың әдістемелік оқыту моделіңде оқыту құралдарының орын алуы өзгерді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнының әдістерін және оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электрондық оқыту шеңберіңде жиі қолданылатын оқыту әдістері мен формаларына тоқтала кетейік. Электрондық оқытудың әдістеріне топтық әдіс және жеке дара оқыту әдісі жатады. Бұларды кеңінен тараған оқыту формаларына жатқызуға болады.

Электрондық оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру және жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында әртүрлі оқыту формалары мен әдістеріне мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру және оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Яғни, жасау және қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі.

Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісіңде компьютерді тиімді пайлалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі пәнге деген қызығуын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуте болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.

3. Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесіп келе жатыр. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді.

Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.

Ақпараттық - коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Оқу - ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген. Оқу - білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды дамыту алға қойылған.

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен бекітілген білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, тұңғыш рет (e-learning) электрондық оқыту жүйесін енгізу міндеттері анықталды.

Қазақстанда 2015 жылға қарай электрондық оқыту жүйесімен 50% білім беру мекемелерін, ал 2020 жылға қарай 90%, білім беру мекемелерінің барлық деңгейін қамту жоспарланған. Мектептер мен колледждерде мұғалімдердің жұмыс орнын заманауи нұсқадағы компьютерлермен, мультимедиалық проекторлармен және интерактивті тақталармен жабдықтау жоспарланып отыр. Мұғалімдердің жұмыс орнынан басқа кітапхана, медицина қызметкерлерінің бөлмелері, мұғалімдер бөлмесі компьютерлермен жабдықталады. Мектеп компьютерлері 4-тен 10 Мбит/сек дейінгі өткізу қабілеті бар Интернетке қосылады.

Электрондық оқыту жүйесімен бірге басқару жүйесі де жаңартылады. Мектептер мен колледждердің жаңа технологиялық инфраструктурасы басқару жүйесінің әртүрлі – мектепті (SMS), сыныпты (CRMS), оқытуды (LMS), тестілеуді (TMS), әлеуметтік өзара әрекетті (CMS), психологиялық-педагогикалық мониторингті (MPcMS) және білім беруде пән саласының электрондық әдістемелік жүйесі (MMS) талдамаларын болжайды. Мұның бәрі компьютерлік бағдарламалар ретінде әзірленген, мұғалімдер мен оқушыларға, директорлар мен оның орынбасарларына, сынып жетекшілері мен психологтарға, медицина қызметкерлері мен кітапханашылар үшін функционал болып есептелетін электрондық оқыту жүйесінің жалпы платформасын құрайтын бөлімдер. Олардың бәрі Ұлттық білім беру дерекқорларымен байланысты. Әрбір жүйеден күнделікті жеке-жеке түсетін мәліметтер ағымы кез келген білім беру деңгейін басқарушыға шынайы жағдайды білуіне, білім беру мекемелерінің рейтингін және олардың даму болашағын әділ анықтауға мүмкіндік береді.

Электрондық оқыту жүйесімен бірге білім беру жүйесінің мазмұны цифрлық форматқа ауыстырылады. Цифрлық білім беру контенті алуан түрлі болады, бұл педагогикалық және инфокоммуникациялық технологиялардың кіріктірілу деңгейіне байланысты. Біздің көзқарасымыз бойынша, мектепке дейінгі тәрбие беруде компьютерлік жаттықтыру ойындары, орта мектепте – электрондық оқулықтар, колледждерде – виртуалдық жаттығу құрылғысы, жоғары оқу орындарында – электрондық ғылыми-зерттеу зертханалары жетекші рөл атқарады.

Информация о работе «E-Learning» электрондық оқыту негіздері. Электрондық оқыту әдістері. «E-Learning» ортасында қашықтықтан оқыту курстарын құрудың қазіргі технолог