Халықтың саны және ұдайы өсуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 12:23, реферат

Краткое описание

Барлық елді мекендердің халқына мәдени-сауықтық қызмет көрсетуді дамыту және сапасын арттыру
Елбасы Н.Назарбаевтың ауылды қолдау арқасында мәдениет саласында да көптеген жақсы өзгерістер болуда. Бүгінгі күнде аудан көлеміндегі мәдениет нысандарының саны - 71, атап айтсақ 40 кітапхана, оның ішінде 22 модельді кітапхана, 28 мемлекеттік клуб мекемелері, 2 өзге тізімдегі клубтар, 1 аудандық тарихи- өлкетану музейі және 2 «Зерде» бейнемобилі.
Біз осылардың біразын республикамыздың экономикасы ауыр соққан жылдардың өзінде мүмкіндігімізше іргесін бұзбай сақтап қалуға тырыстық. Әрине, бұл ретте аудан, ауыл әкімдеріне, түрлі шаруашылық басшыларына және жергілікті халыққа алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бір-бірімізбен мәдениет саласын өркендетуге ортақ тіл табысып, жұмыс істеуге тура келді.