Батыс Алтайдың географиялық орны, климаты, табиғаты, өсімдіктер мен жануарлары жайлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 20:01, реферат

Краткое описание

Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығыс шекарасында орналасқан. Қорықтың алаңы 56078 га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлігіндегі тау жоталарының аумағында орналасқан. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ландшафтық кешеніне Иванов, Холзун, Көксін, Тигирецк, Линейск, Уба, Үлбі жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады. Аумақтың ауа-райы континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын- шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік- батыс беткейлерде көп болуына байланысты, бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді.