Құқықты жүзеге асыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 22:05, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтық норма — заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Құқық нормаларын жүзеге асыру: түсінігі және нысандары...................5
1.2 Құқықтық реттеудің мазмұны және әдістері.........................................12
1.3 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу...............................................14
2 ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН НЫСАНДАРЫ
2.1 Құқық нормаларын қолдану, құқық нормаларын жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде....................................................................................17
2.2 Құқық нормаларын қолдану сатылары.....................................................19
2.3 Заңдылық және құқықтық тәртібі….........................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

пико курсовая.docx

— 57.50 Кб (Скачать файл)

М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

 

1 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

1.1 Құқық нормаларын жүзеге асыру:  түсінігі және нысандары...................5

1.2 Құқықтық реттеудің   мазмұны  және  әдістері.........................................12

1.3 Нормативтік-құқықтық  актілерді жүйелеу...............................................14

 

2 ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ  МЕН НЫСАНДАРЫ

2.1 Құқық нормаларын қолдану, құқық   нормаларын жүзеге асырудың ерекше  нысаны ретінде....................................................................................17

2.2 Құқық нормаларын қолдану  сатылары.....................................................19

2.3 Заңдылық  және құқықтық тәртібі….........................................................23

 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     

                                                КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Құқық дегеніміз - мемлекет  белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз  етілетіндігінде.

Құқықтық  норма — заңға сәйкес келетін  мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық  белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма  жария айқындылық, нақтылық мәнге  ие болады. Оның өзі заңмен көзделген  істің шешімін табуға мүмкіндік  береді.

Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза,шара).

Құқықтық нормаларды салаларға  біріктіру объективтік күштердің  себебіне байланысты, құқықтық шығармашылықтағы органдардың көзқарастарына тәуелсіз болады. Әртүрлі құқық саласы нормаларымен реттелетін қатынастар, бір – бірінен  өздерінің мазмұндарына, белгілі  мақсаттарына және міндеттеріне байланысты айырылады. Мысалы, әкімшілік құқығының  нормалары, мемлекеттің атқару нормалары, мемлекттің атқару – иелік ету  функцияларына байланысты қатынастарды реттесе, азаматтық құқық нормалары  мемлекеттегі мүліктік қатынастар тәртібін реттейді.

Әдетте, бұзылған құқықтарын адамдар  өздігінен қалпына келтіре  алмайды, сондықтан мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінуге тура келеді. Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,құқық  қорғау  туралы талап қойып сотқа жолдануға  кедергі жасамайды. Демек, бұл жөнінде  тиісті мемлекеттік органдар, лауазымды  адамдар тиісті шешім қабылдаулары тиіс.

Құқық қолдану оны жүзеге асыру  үшін жасалады. Құқықтық қоғамда бір  жағынана мемлекет, екінші жағынан  азаматтар заң жолымен жүру туралы міндеттеме алады. Осыған  байланысты құқықты жүзеге асырудың екі жағы болады,  сондықтан ол екі бағытта  қарасытыралы: мемлекеттік органдар,  лауазымды адамдар заңмен қызмет істеу керек; азаматтар,  олардың  бірлестіктері және ұйымдары өз  әрекеттерімен құқықты жүзеге асыруы керек.

Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері  бар:

1) Құқықты сақтау; 

2) Құқықты орындау;

3) Құқықты пайдалану;

4) Құқықты қолдану.

Құқықты  қолдану бірнеше  сатыдан тұрады:

1)істің нақтылы мән  – жайларын анықтау; 

2)істің заңи негізін  анықтау; 

3)құқықтық норманы қолдану  арқылы шешім қабылдау;

4)шешімді жүзеге асыру.

Курстық жұмыстың мақсаты: Құқықты жүзеге асырудың түсінігі мен нысандарын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

-құқық нормаларын жүзеге асыру:  түсінігі және нысандарын қарастыру;

-құқықтық реттеудің   мазмұны  және  әдістерін анықтау;

-нормативтік-құқықтық  актілерді жүйелеу;

-құқық нормаларын қолдану, құқық   нормаларын жүзеге асырудың ерекше  нысаны ретінде қарастыру;

-құқық нормаларын қолдану  сатыларына тоқталу;

-заңдылық  және құқық тәртібін қарастыру;

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Зерттеудің теориялық  және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Құқық нормаларын жүзеге асыру:  түсінігі және нысандары

 

Құқық –  күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі  қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық  – жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.

Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың  бір  ғана ереже қағидасы. Мысалы құқықты  үй деп санасақ, онда құқықтық норма  осы үйдің бір кірпіші, торшасы [1,25б].

Құқықтық  норма – мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін  туындататын, олардың әрекеттерін  үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.

Құқықтық  норма – заңға сәйкес келетін  мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық  белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма  жария айқындылық, нақтылық мәнге  ие болады. Оның өзі заңмен көзделген  істің шешімін табуға мүмкіндік  береді.

Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).

Құқықтық  норманың гипотезасы (жорамалы) – құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың  бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен  мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен  және орынмен байланыстырылады. Былайша  айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға  жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық  үшін жауапқа тартылады.

Егер  гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы Қазақстан  Республикасының азаматы болса, бала да Қазақстан Республикасының  азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса, ондай  гипотезаны күрделі гипотеза дейді [2,112б].

Егер  құқықтық норманың қолданылуы бірнеше  мән-жайдың біреуіне байланысты болса  оны балама гипотеза дейді.

Құқықтық  норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы  қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлшегі. Диспозиция – құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек  қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады:

а) жай  диспозиция, егер мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса;

б) бейнеленген  диспозиция – мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса;

в) сілтемелі  диспозиция – егер құқықтық норма  диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормада сілтеп нұсқасы.

Құқықтық  норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты  қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері:

а) абсолютті-анық,

б) баламалы,

в) салыстырмалы.

Заң (басқа  да нормативтік құқықтық актілер) –  нормативтік акт болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан  тұрады. Бір заңда бір, бірнеше, ондаған  баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан  тұруы мүмкін. Егер заңның бабында  бір норма болса, бап пен норма  сәйкес келеді. Бапта екі норма  болуы мүмкін. Онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең  болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады: [3,93б]

1.Әркім  Қазақстан Республикасы Конституциясын  және заңдарын сақтауға, басқа  адамдардың құқықтырын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге  міндетті.

2. Әркім  Республиканың мемлекеттік рәміздерін  құрметтеуге міндетті.

Кейде бір  құқықтық норма бірнеше баптан тұруы  мүмкін.

Заңның  бабында кейде норманың тек бір  бөлігі ғана болады, ал басқа бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік актілерден іздеуге  тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан ажыратудың қажеттілігі  туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік  актінің бір бабында кейде  екі, үш және одан да көп нормалардың  кездесуінен болады. Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында  қызмет ететін актілер санкцияларды білдіруге маманданған болып  келеді.

Егер  де құқық нормасының құрамындағы  құрылымдық элементтердің қайсыбіреуі  болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін  орындай алмайды. Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір  бөлігін арнайы жазып алуы қажет  немесе оған тиісті сілтеме жасау  жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы  өзінің істерін заң жөнімен сауатты  құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс.

Құқық нормасы  құқықтың басқалай да көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды  белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық  нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын  жеке дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді  және бір рет қана орындаумен тәмәмдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі  бір оқиғаға ғана, жалғыз бір жолғы  әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі  бір адамға ғана арналады. Басқа  жағынан алып қарағанда құқық  нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері нормативтік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.

Қандай  бір норма болмасын оның қайсы  түрге жататынын айқындап, анықтап  алуға қызмет ететіндер құқықты  жақсылап түсіну толығынан алғанда  не үшін қажет болатынын анықтау, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде екендіктерін біліп алу  болып табылады. Заң нормаларын жіктеуге оларды реттеуші және қорғаушы (сақтаушы) деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі, әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның мінезін, жүріс-тұрыстарын реттейді. Соның өзімен олардың мінездері, жүріс-тұрыстары тікелей реттелінетін тәрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы жауаптылықтың және субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мәжбүрлеу шараларын белгілейді. Оларды қолданудың тәртіптік реттері мен жөн-жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, жүріс-тұрыстарының реттелінуі жанамалай түрде жүргізілетін іспетті болады. Сонымен алдын-ала қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына байланысты құқық қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары, әкімшілік құқық қорғау нормалары деп, қылмыстық құқық қорғау нормалары деп сараланады. Нақ осы аталған құқық салаларының нормалары негізінен алғанда қоғамдық қатынастарды сақтап, қорғауға маманданған болып келеді [4,84б].

Реттеу  нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу нормаларына  бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп  көрсетілген нормалардың қайсысы  болса да осы көрсетілгендердің  сипатында жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда, қылмыстық іс қозғау, тергеушінің  әрі құқығы әрі міндеті болып  табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым  салуға ерекше назар аударылады.

Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдетті қағида бойынша өктемдік болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалатын сипатта болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік санаттағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған адамның мінезі, жүріс-тұрысы  оның серіктесінің (әріптесінің) келісімімен өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. Осы тәрізді негіздерге сүйеніп факультативтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі.Ол белгілі бір жағдайларда мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік береді. Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-тұрыс нұсқаларынан біреуін ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді. Егер де норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын мейлінше толық түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарда қандай бір жаңаша нұсқауларға немесе анықтап, айқындай түсуге жол берілмейтіндей етілген болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше айқындылығы салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды және нақты жағдайларға байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде ситуациялық және баламалық деп жіктелінеді. Бұлардың алғашқылары норма адресатының  (арналған тағайынының) қалауын өзінің білімінше істеуді немесе істемеуді жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді. Ал екіншілері-нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі және туынды; тұрақты және уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа мадақ нормалары жатады. Бұл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын мадақтау шараларымен (санкцияларымен) дем беріп, ынталандырылады. Мұндайларды тіпті, қылмыстық құқықтан табуға болады.

Реттеу  мен қорғау нормаларының арасынан мамандандырылғандарын  бөліп арнайы қарастыруға болады. Бұларға: [5,218б]

1) анықтамалық-пайымдық, яғни дифинитивтік нормалар жатады. Мұнда мемлекеттік құқықтық институттардың  белгі-нышандары мен анықтамалары  келтіріледі. 

Информация о работе Құқықты жүзеге асыру