Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 19:05, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік басқару органдары, ең алдымен, мемлекеттік басқару қызметін атқаратын күрделі механизмдер жүйесі. Бүгінде, мемлекеттік басқару дегеніміз – адамдардың әлеуметтік қызметі және соның негізінде қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынастар деп түсіндіріледі. Ол әлеуметтік ортада жүзеге асырылып, әлеуметтік ортаның ықпалын, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылымы тарапынан өзіне тигізетін ерекше мәнді ықпалын басынан өткізеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 41.72 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік басқару  органдары, ең алдымен, мемлекеттік  басқару қызметін атқаратын күрделі  механизмдер жүйесі. Бүгінде, мемлекеттік  басқару дегеніміз – адамдардың әлеуметтік қызметі және соның негізінде  қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынастар деп түсіндіріледі. Ол әлеуметтік ортада жүзеге асырылып, әлеуметтік ортаның ықпалын, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылымы тарапынан өзіне тигізетін ерекше мәнді ықпалын басынан өткізеді. Бұл орайда, мемлекеттік басқаруды ғылыми тұрғыдан танып-білуде әлеуметтану әдістерінің рөлі барынша түсінікті. Мемлекеттік басқару қоғамның қандай да бір жекелеген саласына ғана қатысты бола алмайды.  
Көптеген мемлекеттер өз дамуының белгілі деңгейінде қоғам өміріндегі мемлекеттік және жеке институттардың рөлі туралы ойлана бастайды. Өйткені, мемлекеттік ұйымдар мен жеке құрылымдардың басқару және ұйымдастыру қызметінің арасында елеулі айырмашылықтар бар екеніне талас жоқ. Мемлекеттік органдар мен оның құрамдас элементтерінің қызметіне ұйымдастыру тұрғысынан талдау жасаудың маңызды мәселелері қарастырылады. 
Мемлекеттік органдар дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, кәсібиліктің өсуі. Мемлекеттің әрбір саласына мемлекеттік органдардың ерекше түрлері сәйкес келеді. Осы орайда, мемлекеттік қызметтің маңызы айқындалады: мемлекеттің конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі [1]. 
Қазақстанның бүгінгі әкімшілік реформаларының барысы биліктің, мемлекеттік саясаттың, қоғамдық ой-пікірлердің бірден-бір зейін қояр нысаны болып отырғанын көрсетеді. Тәуелсіздік жариялаған алғашқы кезеңнен бастап, бүгінгі таңға дейін атқарылып келе жатқан оң істер түбегейлі саяси, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық өзгерістер мен реформалар кезеңі деп айтсақ артық етпейді. Мемлекеттік органдар жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, мемлекеттік басқару ісіндегі жалпы ілгерілеушіліктер, сондай-ақ, Қазақстанның тәуелсіздігінің негізгі тетігі болып табылады. 
Қазақстан Республикасында бірнеше жыл қатарымен мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру мен жетілдіру процестері үздіксіз жүргізіліп келеді. Аталған процестердің негізгі мақсаты Қазақстан дамуының ағымдағы және жоспардағы мәселелерін нәтижелі де тиімді шешетін кәсіби үкімет құру болып табылады. Жоғары нәтижелі қызмет атқаратын қазіргі заманға сай мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет жұмысын қалыптастыру – бүгінде алдыңғы қатарға шығып отырған негізгі мәселелердің бірі деп саналады. Сонымен қатар, Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және басқа да реформалардың орындалу барысы, қоғамды демократиялық жолмен дамуы, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы, жалпы елдің тұрақтылығы мен дамуы мемлекетті басқару тетіктерінің жағдайы мен қызметшілердің кәсібилігіне, олардың еңбек нәтижелігі мен бастамашылдығына, ел таңдаған саяси бағыт бойынша қызмет атқаруына байланысты болады [2]. 
Мемлекеттік басқару тарихына көз жүгіртер болсақ, ХІХ ғасырдың соңында көптеген индустриалды дамыған мемлекеттер тиімділік пен өнімділікті анықтауға тырысқан болатын. АҚШ алғашқылардың бірі болып, тиімділікті арттыру мәселелерін қарастырып, оны шешуді қолға ала бастады. Итермелеуші факторлардың негізгісі қоғам мемлекеттік қызметтің, әсіресе, жергілікті деңгейде тиімділік төмендігіне алаңдағаны болды. Көптеген қалаларда жергілікті деңгейде өнімділікті, еңбек нәтижелігін арттыруға бағытталған қозғалыстар жүріп жатты. Кейіннен бұл процесс жоғары мемлекеттік органдар дәрежесіне дейін көтерілді. Осылайша, АҚШ-та жалпыұлттық тиімділік бюросы құрылды. 
Стратегиялық мақсаттарға табысты қол жеткізу мен бәсекеге қабілетті дүниежүзінің 50 елдерінің қатарына ену бойынша, басымдықтарды жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен 2006 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформалары бастама алды. Елбасы Қазақстан Республикасы Парламенті сессиясының ашылуында «Корпоративті басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарын шетелдің озық үлгілерін, тәжірибелерін қолдана отырып, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуымыз керек» деп атап көрсеткен болатын. 
Бүгінде, жылдам өзгеріп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдай мемлекеттік органдар алдына ХХ немесе ХІХ ғасырмен ауқымы, күрделілігі, кешенділігі жағынан салыстыруға келмейтін жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Сондықтан, уақыт талабына сай болу үшін мемлекеттік басқару субъектілері басқарудың әдеттегі, дәстүрлі әдістерін қайта құруларды қарастырумен қатар, қызмет тиімділігін, нәтижелігін ұдайы көтеруі тиіс. 
Атқарушы билік органдарының қызмет тиімділігін, еңбек нәтижелігі мен олардың жүзеге асыратын мемлекеттік функцияларының сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы соңғы 10 жыл ішінде елімізде қолға алынған реформалардың басты себебіне айналды. Мемлекеттік қызметтің лайықты деңгейде қызмет етуінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі аса маңызды орын алары сөзсіз. Еңбек нәтижелігі мен қызмет тиімділігі арттырылмаған жағдайда ел өміріндегі кез келген саланың, соның ішінде экономикалық жаңарулар, стратегиялық бағдарламалардың жүзеге асырылмайтыны белгілі. 
Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін арттыру бойынша талдаулар мен зерттеулер саны көптеп кездеседі. Тиімділік теориясының дамуына экономика, басқару және мемлекеттік басқару теориялары зор үлес қосады. Алайда, бағалау көп жағдайда көрсеткіштер және аттестациялау түрінде жүргізіліп келеді. Бағалаудың мұндай түрлері мемлекеттік қызметшілер тарапынан ресмилік деп, олардың еңбегіне сай жалақы алуына еш әсерін тигізбейді деп қабылданады. Осылайша, мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін қалыптастыру, қолдану мен дамытудың маңызы арта түсті. 
Дүниежүзілік тәжірибе мемлекетті басқарудың мінсіз құрылымы ешбір елде қалыптаспағанын көрсетеді. Дегенмен, мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру әрбір елдің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Қазақстанда алдағы кезеңде мемлекеттік органдардың тиімділігі мен еңбек нәтижелігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекеттік органдар қызметін нақты бағалайтын жүйе қажеттігі туындап, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі» бекітілді [3]. 
Қазақстанда жүйені әзірлеуге бірқатар алғышарттар әсер етті: 
– мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін бағалау мен олар көрсететін мемлекеттік қызмет сапасы арасында өзара байланыс жоқтығы; 
– көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын бағалау мен бақылау жүйесінің болмауы; 
– мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесінің олар көрсететін қызмет сапасын ынталандыру деңгейінің төмендігі. Осыған орай, бағалау жүйесіне сәйкес, мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі мақсаты болып азаматтық қоғам дамуы мүддесін көздей отырып, мемлекеттілікті нығайту таңдалды. 
Мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін бағалайтын аталған жүйе орталық мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер, агенттіктер және т.б.) мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жетілдіру мен жұмысының нәтижелігін арттыру мақсатында әзірленген құжат болып табылады. Жүйені әзірлеу барысында туындаған мақсаттар: 
– мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалау кезінде отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді қолдана отырып, неғұрлым дәл нысандарды, бағалау тәсілдері мен әдістерін таңдау; 
– тиімділікті бағалауға қажетті институционалды және нормативті базаны құру арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жұмысының, қызметінің, еңбегінің тиімділігін бағалаудың жалпы кешенді жүйесін қалыптастыру. 
Қызметті бағалау жүйесінің басты мақсаты кез келген деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мен міндеттер мен қызметтердің жүзеге асырылудағы тиімділік көрсеткіштерін анықтау. Елбасының барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қызметтері тиімділігіне әр жыл сайын бағалау жүргізу жүйесін бекіту арқылы Қазақстан мемлекеттік басқару саласында сапалы жаңа кезеңге аяқ басты. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік органдарды жетілдірудің стратегиялық міндеттеріне келетін болсақ: 
– бүгінгі таңда нарықтық бастама мемлекеттің белсенді де жедел араласуын қажет етеді; 
– экономикалық және әлеуметтік салалардағы белсенді саясат мемлекеттің рөлін көтеруді білдіреді. Нәтижесінде – бұл қоғамның қажеттілігіне сәйкес, тиімді заңдар мен нормативті-құқықтық актілерді дайындау және орындау; 
– мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру – Қазақстанның болашағын анықтайтын негізгі фактор. Яғни, бұл – маңызды стратегиялық міндет. Сондықтан, бүгін мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік органның жалпы жұмысының тиімділігін арттыру керек және тиісінше, мемлекеттік ресурстарды ұтымды қолданған жөн; 
– мемлекеттік аппараттың жалпы және оның жекелеген буындарының жұмысының тиімділігін арттыру алдыңғы қатарлы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ендіруге жағдай жасауы керек [4]. 
Мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін арттырудың халықаралық тәжірибеге жаңадан еніп келе жатқан әдістерінің бірі – АҚШ ғалымдарымен жасалған теңдестірілген көрсеткіш жүйесі. Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін мемлекеттік органдар қызметіне ендіру бір қарағанда жеңіл әрі қарапайым болып көрінгенімен, шын мәнінде үлкен күрделі әрекеттерді талап ететін іс. Әрине, теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижесін көтеруде, жалпы мемлекеттік басқаруда маңызы жоғары. 
Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін мемлекеттік органдарда қолдану стратегиялық менеджмент мен ұйым құндылықтарын басқару жаңалықтарына сай келу емес, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ойластырылып жасалған таңдау. Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі, бірінші кезекте стратегиялық жоспарлар мен алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралы. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» (2006 жылдың 30 наурызы № 80) Жарлығына сәйкес, нәтижелікке бағытталған стратегиялық жоспарлаудың жаңа жүйесін әзірлеу туралы шешім қабылданды. Жарлыққа сай, әр мемлекеттік орган 2009 жылға дейін өз дамуының 5 жылға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеуі тиіс болатын. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізудің алғашқы жобасы Қазақстан Республикасының Салық комитетінде жүргізілді. Шараның басты құралы ретінде Қаржы Министрлігі теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін қолдануды шешті. Салық комитетінің қызметкерлеріне теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі туралы оқытулар жүргізілді. Осылайша, Салық комитеті басқа мемлекеттік органдар ішінде алғашқылардың бірі болып, комитетінің жұмысына стратегиялық жоспарлау жүйесін, ТКЖ картасын, қызметтің негізгі көрсеткіштері мен процесті басқару жүйесін әзірлеуге кірісті. 
Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін мемлекеттік органдар қызметіне ендіру мүмкіндіктерін қарастырып көрейік. Қазіргі таңда, Қазақстанда орталықсыздандыру қарқынды жүріп келеді. Орталық мемлекеттік органдардың функциялары жергілікті органдарға берілуде. Жергілікті атқарушы органдар үшін инвесторлар тартуда жаңа мүмкіндіктер пайда болып, олар халықаралық экономикалық, сауда-қаржылық, гуманитарлық байланыстарда дәнекерге айналуда. 
Осылайша, көп жағдайда, жергілікті органдар өздері шешім шығарып, оларды іске асыруда қаржы көздерін өздігінше іздестіреді. Әлеуетін экономикалық даму арқылы арттыра алатын қабілеті бар. Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі арқылы мемлекеттік орган басшылығы қызметтің көрсеткіштері жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік алады. Олардың жетістігін бақылай алады. Сондай-ақ, мемлекеттік орган өз иелігінде табысын басқаруға тиімді құралды меңгереді. 
Қорыта келе, мемлекеттік орган немесе кез келген ұйымда болсын жұмыс нәтижелігін арттырудың қолданыстағы әдіс-тәсілдерімен қоса, доктор Ицхак Калдерон Адизес аталған мәселе бойынша өзінің пікірін білдіреді: «кез келген ұйымда жұмыс нәтижелігін, қызметтің тиімділігін арттырудың басты алғышарты – қызметшілердің өз ісіне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болып табылады». Яғни, әр адам өз ісінің маманы болмаса, қызметте де жақсы нәтиже көрсете алмайды деген сөзбен қорытындылағым келеді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың соңғы жылдардағы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін арттыруға және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған әкімшілік реформасын жүргізу қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінуде

Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту туралы ақпарат

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев  елді тиімді басқару үшін  мемлекеттік қызметшінің білуіне қажетті негізгі сапаларды атап өтті. Бұл – жоғары рухани жауапкершілік, кәсіптік білім, және-де оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясы.  Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс, өз елінің патриоты болуы керек – және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы керек.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым  бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту болып келеді. 2030 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың  бірі  кәсіптік мемлекетті құру болып келеді. Мемлекеттің алдында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптігімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік қызметшінің позитивті  имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қызметшілерінің ар-намыс кодексінде көрсетілген, «мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет атынан аса сенім артуы деп есептеледі және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және рухани — этикалық бейнесіне жоғары талаптар ұсынады.

«Нұр Отан» ХДП республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен алынған мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық ережесі.

Мемлекеттік қызметші  келесі этикалық ережені басшылыққа алуы тиіс.

  1. Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек.
  2. Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек.
  3. Шенеунік “Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек.
  4. Заң талаптарымен толық келісіп,  өмір сүруі өте маңызды.
  5. Кез келген орында, кез келген қызметте,  қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек.
  6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек.
  7. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек.
  8. Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.

Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл  тек бөлігі ғана болып келеді.

Біз мемлекеттік қызметке және билікке  тек мен белгілеген этикалық ережені қатал түрде орындайтын адамдарды ғана тәрбиелеп, алуымыз керек.

Отанымыздың гүлденуіне барын жасайтындар, еліміздің адал патриоты болып келеді.

Әр мемлекеттік қызметкердің басты міндеті сапалы жұмыс болса, нәтижесінің үздік көрсеткіші білім мен біліктілікте. Қазіргі таңда қызмет бабында жүрген әр тұлғаның өз жұмысына деген жауапкершілігі ең басты назарда ұсталынып келеді. Қоғамның кез келген саласында кадр мәселесінің маңызы зор. Әсіресе, мемлекеттік қызметте жүрген мамандардың өз жұмысына сауаттылықпен қарауы- қызмет сапасының артуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз.        

 Мемлекеттік қызметкерлер  үшін белгіленген: алғашқы рет  мемлекеттік қызметке қабылданғандар  үшін қысқа мерзімді қайта  даярлау курстары алты жұма мерзіміне дейін созылады, сонымен қатар әкімшілік басшылық етуші қызметіне, білімділігін жетілдіру – қысқа мерзімді кәсіптік қызметінің жеке бағыттары бойынша оқу семинарлары Қазақстан Республикасы ішінде үш күннен  екі жұмаға дейін, ал шеттен тыс бір жылға дейін даярланады.    

    Әкімшілік мемлекеттік қызметкер қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру бағдарламасын табысты меңгерген, емтиханнан соң сәйкес құжат алады.     

     ТМД елдерінің ішінде егеменді еліміз алдыңғы болып мемлекеттік қызмет туралы заң қабылдады. Осы ретте біздің жеткен жетістіктеріміз халқымыздың негізгі талабын қағаттандырарлықтай дәрежеге жетіп,    айтарлықтай ауқымды күйге жетті. Бірақ, әлі де болса кемшіліктер жоқ емес. Жандандыруды қажет ететіндіктен, мықтап қолға алынып, жан-жақты талқыға түсіп, оңтайлы шешімді табу жолында  атқарылған жемісті жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде.     

     Осы бағыттағы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы Президенттің Жарлығымен бекітілді. Осы Тұжырымдама мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі бағыттарын айқындап, оны рәсімдеуге және әрі қарай дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз болады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызметінің жаңа моделі тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызметшілерді даярлау, олардың біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызмет беделін арттыру бағыты  бойынша істелетін жұмыстардың деңгейін көтеру бүгінгі күні өте маңызды. Бұл ретте алдымен қолға алатын мәселелердің бірі — мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындау, мемлекеттік қызметкердің өзі атқарып отырған лауазымдық қызметке лайықтылығын қамтамасыз ету, ол үшін олардың кәсіби біліктілігін көтеру, қажет болса қайта даярлау. Сол себепті, мықтап қолға алынған бұл реформа қазіргі таңда оң нәтиже көрсетіп, өз жемісін беруде.       

 Жүргізіліп жатқан істің түпкі мақсаты «мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғырту. Мемлекеттік қызмет «ұлтқа, қоғамға қызмет ету» ұғымының синонимі болуға тиіс. Осыған орай, әр қызметкердің өз ісіне деген жауапкершілігінің  артары сөзсіз.          

 Мемлекеттік қызметшілерді  өңірлік деңгейде оқыту мемлекеттік  қызметшілерді қайта даярлау  және олардың біліктілігін арттырудың өңірлік орталығында жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілерді заман талабына сай оқыту тиімділігін жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы академия өңірлік оқыту орталықтарының қызметін үйлестіреді, соның ішінде оқу бағдарламаларының мазмұны мен сапасына мониторинг жүргізеді.      

 Мемлекеттік қызметшілерді  оқыту орталығында түрлі семинарлар  өткізіліп, тренингтерде біліктілігін арттырып, мемлекеттік органдарда іс-тәжірибеден өткізіп, тиісті тест, емтихандар арқылы алған білімін тексеріп, қабілетіне қарай сертификат беріп, мемлекеттік қызметке орналасуына заңды түрде ықпал жасалынуы  ең басты ниет болып табылып отыр. Екінші бір жоба – тәлімгерлік институтын қайта жандандыру. Баршамызға белгілі, жұмыс орнына жаңа қызметші келген кезде, ол өздігінен жұмысты үйренгенше талай қиыншылықтан өтеді, ал осы үдерісті жеңілдету мақсатында тәлімгерліктің  пайдасы зор екендігі өмір тәжірибесімен дәлелденген, бұрынғы кезде тәлімгерлік жүйесі пәрменді жұмыс істеп келгендігі тарихи оқиға  екендігі барша халыққа белгілі. Жаңа жұмысты толық меңгерту мақсатында, өз жұмысына деген іскерлікті, білгірлікті, жігерлілікті бойына толық қалыптастыру үшін, қазіргі таңда осы жоба бойынша біраз жұмыс атқарылуда және оны жандандыру қажеттігі туындайды, ал бұл іс заман талабы екендігі дау туғызбайды.  

Аймақтық орталықтың қайта  даярлау және кәсіптік біліктілікті арттыру қызметін жандандыра түсу үшін кадр саясатының маңызды-маңызды буындарына биылғы жылы айтарлықтай  және жан-жақты назар аударылуда.      

 Мемлекеттік қызметшілерді  оқытуға жыл сайын бюджет есебінен  қомақты қаржы бөліп отырады. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанынан құрылған тіл орталықтарыда осындай жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат пен атқарушы органдарда қызмет істейтін үлкенді-кішілі шенеуніктерге арнап қазақ тілі курстарын ұйымдастырады. Кадр мәселесі бойынша атқарылған іс  жетерліктей, бірақ  өз кезегін тосып тұрған  кадр туралы мәселелер іскер, білгір, жігерлі  мамандарды талап етеді.        

 Тұтас мемлекеттік  кадр саясатын жүргізу арқылы  мемлекеттік органдарды жоғары  білімді қызметкерлермен қамтамасыз  ету басты мақсат болса, мемлекеттік  қызметке қабылдау механизмін  жетілдіру, қызметшілердің кәсібилігін  арттыру, біліктілігін көтеру, еңбегін  ынталандыру жолдары әрі қарай назардан тыс қалмай, әр кез басты назарда болмақ. Мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті ел болашағының қамы болса, әр қызметкерге жүктелетін міндет өз жұмысына деген жауапкершілік. Осы тұрғыда біліктілікті арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оң нәтиже беретіні анық. Мемлекеттік қызмет-ұлтқа қызмет.

Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілеттілігін арттыруда негізгі бағыт -мемлекеттік қызметкерлерді мамандармен қамтамасыз ету механизмін жетілдіру болып табылады. Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әкімшілік реформаны қарқынды жүргізу ретіндегі төртінші мәселесінде «Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру қажет, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды қыры», -деп атап өтті [1]. Ал, 2011 жылы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы» қабылданды. Онда мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ағымдағы ахуалды талдау ұсынылған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі бағыттары мен оны іске асырудың түйінді тетіктері айқындалған. Мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып - меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру табылатыны хақ.

Сондықтан да, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздейді. Мемлекеттік қызмет «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс [2]. 

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған, соған қоса мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тиімді кадр тетіктерін – мемлекеттік қызметке кірудің тиімді әрі айқын тәртібін, үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігін, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысын қалыптастыруға бағытталған. Оны іске асыру 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі аралыққа есептелген:

Бірінші кезеңде (2011–2012 жылдар) Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының нысаналы индикаторларына кол жеткізуге бағытталған:

1) үш корпусқа негізделген мемлекеттік қызмет лауазымдарының жаңа тізілімін енгізу;

2) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметтің кадр резервін қалыптастыру рәсімдерін жақсарту;

3) жоғары білікті мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі базалық білім беру орталығын қалыптастыру;

4) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің технологиялары мен қағидаттарына негізделген жаңартылған оқыту бағдарламаларды енгізу;

5) мемлекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысының тиімділігін арттыру;

Информация о работе Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру