Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 19:40, реферат

Краткое описание

Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорында, мекемелерде,өзге де ұйымдарда орындауға саяды; қысаң мағынада – бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындалулары.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қ.Р.Мемелекеттік қызметтің түсінігі және принциптері
1.1 Қ.Р.Мемлекеттік лауазымдық жүйесі.
1.2 Қ.Р.Мемлекеттік қызметшілерді жүйелеу
1.3 Қ.Р.Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің мақсаты мен міндеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Қ.Р.мемлекеттік қызметі.doc

— 148.50 Кб (Скачать файл)

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

                                    Тақырыбы:

                                     Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі.

 

 

 

 

 

 

                                                     

 

                                                 Орындаған:ПС-11тобының студенті:Қанат.А.С.

                                             Тексерген: Құқық негіздері пәнінің

                                                                           оқытушысы:  Шакирова А.Б.

                                          

 

 

 

 

 

Қарағанды 2013.

 

Жоспар:

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қ.Р.Мемелекеттік қызметтің түсінігі және принциптері

1.1 Қ.Р.Мемлекеттік лауазымдық жүйесі.

1.2 Қ.Р.Мемлекеттік қызметшілерді жүйелеу

1.3 Қ.Р.Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің мақсаты мен міндеттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Мемелекеттік қызметтің түсінігі және  принциптері

    1. Мемлекеттік лауазымдық жүйесі.

 

 

Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорында, мекемелерде,өзге де ұйымдарда орындауға саяды; қысаң мағынада – бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындалулары.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы қысаң мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет, делінген, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Ал, лауазымдық өкілеттік деп заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік ұғынылады.

Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы №3 өкімдері, республиканың өзге де номативтік құқықтық актілері жатады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдармен реттеледі. 

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы заңдарынан, соларға сәйкес қабылданған заңға тәуелді актілерден, сондай-ақ құқықтық ғылыми мен басқару ғылыми тұжырымдаған нақты негізінде алынатын принцптерге негізделеді.Олардың түрлері мемлекеттік қызмет туралы Заңда нақтыланған. Оларға мына төмендегі принцптер жатады:

1. Заңдылық. Бұл ешкімді де тыс  қалдырмайтын әмбебап принцп болып табылады. Мемлекеттік өкімет органдары, лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдарын сақтауға міндетті.

2. Қазақстандық патриотизм

3. Мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы.

4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы.

5. Мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, яғни Республика азаматтарының өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке кіруге және мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқылығы.

6. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттілігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі.

7. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі.

8. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы. Бұл қызметке кіретін азаматтардың алдыңғы мемлекеттің өзіне алған міндеттемелерін сөзсіз орындау және мемлекеттік қызметшіге заңсыз тиіспеуге құқықтық кепілдіктерді қамтамассыз ету болып түсініледі.

9. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал,ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды  орындағаны үшін көтермелеу.

10. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны  не тиісінше орындамағаны  және өздерінің өкілеттігін  асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы.

Аталған Заңда және оқулық  заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың  бұлардан өзге де принцптері  айтылған. Олардың ішінде, мысалы, қоғамдық пікір  мен жариялылықты  ескеру; мемлекеттік қызметшілердің  кәсібилігі  мен жоғары біліктілігі  және басқалар.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруғам жол бермейтіндігі ерекше атап айтылған. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын  басшылыққа алуға тиіс және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдардың  шешімдеріне байланысты болмауы керек [1].

Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б. Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін. Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы. Қағида талаптардың бірі бойынша, мемлекеттік қызметті мемлекеттік шенеунікке «өз қызметтік парызын адал атқаруға кедергі болатын қандай да бір жеке немесе өзге де қаржылық мүдделерден» тыс қарастырылатын қызмет саласы. Мемлекеттік қызметкерлер жеке мүдде мақсатында жабық үкіметті ақпаратты немесе сол тектес ақпаратты қолданылу көзделетін қаржылық операцияларға қатыспау керек. Қызметкерлерге «олардың қандай да бір ресми әрекеттенуіне итермелейтін, олармен қандай да бір ортақ істері бар немесе осы қызметкерлер қызмет істейтін мемлекеттік органмен реттелетін қызметті жүзеге асыратын» кез келген тұлға немесе тұлғалар тобынан сыйлықтар алуға немесе қандай да бір нысанда болмасын олардың іс әрекетін көтермелеуге тыйым салынады. Сонымен қатар, мүдделері белгілі бір деңгейде сол қызметкерлердің қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен немесе асырмауымен байланысты болатын тұлғалардан да сыйлықтар алуға тыйым салынады. мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi — мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; мемлекеттiк лауазым — мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі; мемлекеттiк қызмет — мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; мемлекеттiк қызметшi — мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; лауазымды адам — ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам; лауазымдық өкiлеттiк — заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк; мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты — мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы; бiлiктiлiк талаптары — мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар; мемлекеттiк саяси қызметшi — тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi; ротация — мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру. Мемлекеттік механизм қызметіндегі кәсібиліктің маңызының жоғарылығы сонша, халықаралық қоғамдастық лауазымды тұлғалардың жұріс-тұрыс ережелері, қойылатын талаптары және т.б. бекітілген бірқатар құжаттарды қабылдады. Бұл құқықтық тәртіпті сақтауда қамтамасыз етуге тиіс қызметтерге қатысты, мұнда адам құқығының бұзылуы жоғары, сондықтан осы қызметкерлердің кәсіби қызметі ерекше басқарылуы тиіс. Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтық субьектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігінің нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады. Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттілігі пайда болды. Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілеті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзыретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары  болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б. Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: «Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ  жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін. Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін. Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т.б. Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған «Азаматтық құқық” тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті – қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек. Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды. Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады. Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді. Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды. Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денмаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс. Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға (жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына (сұранымдарына) сәйкес белгіленеді. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады [2].

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік лауазым нормтивтік –құқықтық актілермен белгіленген  лауазымдық өкілеттіліктер мен лауазымдық міндеттердің белгілі тобы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бөлігі делінген.

Мемлекеттік лауазым – оны атқаратын адамның  өкілеттілігінің  мазмұны мен көлемін қамтып көрсетеді.

Лауазым мемлекеттік қызметшінің  қызметтік міндеттерінің, құқықтарының көлемін және жауапкершілігінің шеңберін, оның кәсіби-мамандық даярлығына қойылатын талаптарды  белгілейді. Ол қызметшінің  атқаратын жұмысының мазмұнын  көрсетеді, оның құқықтық жағдайын анықтайды.

Әрбір лауазым өкімдік  тәртіппен  құрылады, ол басқару органның  штат кестесіне енгізіледі және тиісті  мамандарға  орналастыруға жатады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік қызметші ұғымы берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіпппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы  табылады. Заңда мемлекеттік  қызметшілерді екі топқа бөліп, түсініктеме берген. Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізінде лауазымдық  өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады. Енді бір тобы – мемлекеттік  саяси қызметші. Мұндай қызметші болып  тағайындалуы, босатылуы  және қызметі саяси- айқындаушы сипатта  болатын және саяси мақсаткер мен міндеттерді іске асыру  үшін  жауап беретін  мемлекеттік қызметші табылады.

Жалпы алғанда  құқықтық  мәртебелерінің ерекшелігіне қарай  мемлекеттік қызметшілер әр алуан түрлерге бөлінуі мүмкін.

Ең алдымен:

а) мемлекеттік органдардың;

ә) мемлекеттік кәсіпорынның, мекеменің  және  ұйымдардың  қызметшілері бөлінеді.

Мемлекеттік органдардың  мемлекеттік  қызметшілері  мемлекеттің  қоғамға  басшылық  жасау  жөніндегі  міндеттері  мен  функцияларын  жүзеге асыруға  шоғырланған.

Ал, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметшілерінің  функционалдық  міндеттері өзгеше.  Олардың қызметі  тиісті өндірістік, әлеуметтік мәдени және өзге қызмет  процестерін, яғни  кәсіпорындардың, мекемелердің  және ұйымдардың  мақсаттары мен атқаратын жұмыстарына  орай негізгі  міндеттерін  орындауды ұйымдастырумен байланысты.

Мемлекеттік қызмет туралы заңда осы заңның  барлық мемлекеттік  қызметшілерге қолданылатындығы, бұған Қазақстан Республикасының  Конститутциясымен, конститутциялық заңдармен немесе өзге актілермен  олар үшін басқадай құқықтық мәтебе белгіленген  жағдайлар  қосылмайтындығы  айтылған. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік  органдардың жұмыс істеуін қамтамассыз ететін адамдар мемлекеттік  қызметшіге жатпайды. Мұндай адамдардың  тізбесін  республика Үкіметі бекітеді.

 

    1. Мемлекеттік қызметшілерді жүйелеу

 

Жүйелеу мәселесін  зерттегенде  әкімшілік құқық ғылымында ең алдымен  құқықтық  жағы ескеріледі.Қызметшілерді, олардың жүзеге асыратын функцияларының  сипатына  байланысты  үш жүйеге : лауазымды адамдарға, жедел құрамға, көмекші персоналға; немесе  бес  топқа :  басшыларға, жауапты мамандарға, техникалық персоналға  және  көмекші қызмет көрсететін персоналға  бөлуге болады.

Лауазымды адам,- делінген  «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңда ,- ұдайы ,- уақытынша  немесе арнайы өкілеттілік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық – өкім етушілік  немесе  әкімшілік-шаруашылық қызметтері орындайтын адам.Заң әдебиеттерінде лауазымды адам деп өз құзіретінің  шеңберінде  заңдық салдар туғызатын  биліктік  іс-әрекет жасауға  құқығы  бар  мемлекеттік  қызметшіні айтады.

Қазіргі кезеңнің талаптарына сәйкес аталған  заңда мемлекеттік қызметшілер  лауазымдарын  жаңадан  жүйелеу  енгізілген. Ол бойынша жүйелеу  негізгі  белгілеріне  қызметшілердің  мемлекеттік  қызметті  жүзеге асыратын органның  ұйымдық –құқықтық  денгейі, олардың нақты лауазымдығы  құзіретінің көлемі  мен сипаты, лауазымның  мемлекеттік  орган құрылымдағы рөлі мен  орны жатады.Осыған орай мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары  саяси  және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді.

Саяси лауазымдарға:

1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары.

 2) Қазақстан Республикасының Парламентінің палаталары және Парламент палаталарының Төрағалары тағайындайтын  және  сайлайтын мемлекеттік саяси  қызметшілер, олардың орынбасарлары.

3) Конститутцияға сәйкес Президент  пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер; олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік  лауазымдарына мемлекеттік саяси қызметшілердің  құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізінде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер жатады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі.