Этика (әдеп) ғылым саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 13:21, реферат

Краткое описание

Қазақ этикасы — қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін, моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. «Этика» термині ежелгі грек тілінде “бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................................................3
Этика, эстетика.........................................................................................................................4
Ұлттық киім – ұлттығымның айнасы....................................................................................6
Қорытынды: Этика мен эстетика проблемаларына ой-түйін..............................................7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................................8

Вложенные файлы: 1 файл

Реферат этика.docx

— 31.93 Кб (Скачать файл)

АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ - ЗАҢ  КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Этика (әдеп) ғылым саласы

Орындаған: ПК-2А тобының студенті

Әшімхан Ш.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015 жыл

 

Этика (әдеп) ғылым саласы

ЖОСПАРЫ

 
КІРІСПЕ ....................................................................................................................................3

Этика, эстетика.........................................................................................................................4

Ұлттық киім – ұлттығымның айнасы....................................................................................6

Қорытынды: Этика мен эстетика проблемаларына ой-түйін..............................................7

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................................8

 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақ этикасы  — қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін, моральды, адамгершілікті  зерттейтін философиялық пән. «Этика» термині ежелгі грек тілінде “бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр.  Қазақ этикасы туралы басылымдарда «әдеп», «ақылақ», «мораль» «адамгершілік» сияқты ұғымдар қолданыла береді және оларға әртүрлі анықтамалар беріледі.  Кейде бұл терминдер бірге өмір сүру барысында қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын білдіретін әдет-ғұрып деген мағынаға ие болған.

Егер біз этиканы рационалды пайымдалған моральмен байланыстырсақ, онда төмендегі қағидаларды айқындау мүмкіндігі бар және олар әдептің реттеушілік табиғатына қатысты. Этика үшін жақсылық ұғымы оның басты ұғымы болды және бола береді, оның басты мақсаты — адам өміріндегі қайырымдылық пен зұлымдықтың қайнар көзі мен табиғатын, себептері мен тетіктерін анықтау. Этика мәдениет жүйесіне оның рационалдық-логикалық бастамасы ретінде адамның өмірдегі әдептік-адамгершілік көріністерін рационалды ойлау тіліне аударуы арқылы енеді. Этика — ғылымның маңызды саласы, әдеп - қоғамдық алғышарттардың саласы, адамгершілік — адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру саласы. Этика практикалық философия ретінде, адам өмірінің күнделікті қажеттіліктерін бағдарлайтын ғылым ретінде туындайды. Әдеп, адамгершілік дегеніміздің өзі не?

Әдеп — этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастардың түрі. Адамгершілік — жеке тұлғаның ізгілік еркіндігінің, оның және жалпы қоғамдық талаптардың ішкі себептермен үйлесуінің қайырымдылыққа ұласатын адамның   шығармашылығы бағытының саласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Этика – философиялық категория. Ол педагогика, психология, филология және заң ережелерімен сабақтас, салалас, құрамдас.  
     Этика теориялық жағынан заң-ережелерден тұратын құрылым. Объектісі – мораль, адамгершілік, ізгілік. Табиғатына формальдылық жат. Ол қоғамның, жалпы адамзат дамуының қозғаушы күші. Норма. Журналистік жауапкершілік – этикалық жауапкершілік. 
     Этика – термин. Салт-дәстүр, жөн-жоралғы, үрдіс мағынасын беретін грек сөзі. Яғни, ұлттық-халықтық салт-дәстүрлер ережесі. Этикет – тәртіп мағынасын беретін француз сөзі. Этика, этикет, этикетка, дипломатия, эстетика, ньюанс, такт, тактика, маневр – мағыналары жақын сөздер. Жиынтығы - әдеп әлемі. Этика – заң-ереже, тарих.  
     Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Оның мақсат-мұраттарына, заң-ережелеріне қарай журналистердің де моральдық-этикалық ерекшеліктері байқалуда. Журналистік этиканың аудиториясы – оқырман, көрермен, тыңдарман халық. Ол (этика) сол қоғаммен, сол халықпен бірге қозғалып, бірге дамиды. 
    Қоғамымызда этикалық заңдылықтар нормалары сақтала бермейді. Бұл – этикалық проблема.    Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы грек тілінен енген этика терминініңтура мағынасы.    Этикет тәртіп мағынасын беретін француз тілінен енген термин.  
    Этика, этикет терминдерінің тағы бір мағынасы – ізет, құрмет, ілтипат, тағзым – әдебі көбірек айтылады.  
  Табу да, эвфемизм де барлық халықтарда кездесетін этнографиялық ұғым. 
Табу – тыйым салынған, айтуға болмайтын сөздер, ұғымдар.  
Эвфемизмнің мағынасы ішуге болмайтын тағамды ішуге болатын тағаммен ауыстыру. Киюге болмайтын киімді киюге болатын киіммен ауыстыру. Сөз нормасы, сөз әдебі де сол. Бұл заңдылықтар қазіргі баспасөздің көбісінде сақталмайды. Ал тележүргізушілердің бұл заңдылықтарды сақтауы көбінесе өздерінің білім деңгейіне байланысты.  
Эстетика. Эстетика философиялық ілім. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философиялық ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас та, өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы. Бірақ көркем өнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрінуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды. 
Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканың грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда «айстетикос» сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір әлі күнге дейін «анестезия» сөзінде кездеседі. 
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Сөтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.  
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысты А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі бері өнермен бірге өзін-өзі жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап та келеді.  
Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ адамдар өнердңің алғашқы нышандарын тудырып, ары қарай дамытып отырған. 
Эстетика этикамен өнер мен өнегелік қалай байланысты болса солай тығыз байланысты, өйткені, өнер сезімге әсер ете отырып, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөліну барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы – ар тазалығы. Олай болса, эстетикалық тәрбие имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.  
Эстетикалық ой тарихы. Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған. Осы тебіреніс толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында көне дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, «сұлулық», «әсемдік» және оған қарама-қарсы «трагедиялық» және «комедиялық» туралы алғашқы түсініктер қалыптасты.  
Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша экскурсия жасап, көз жүгіртіп өтсек, онда барлық философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды. 
Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Соның нәтижесінде адам әлемі микрокосм. Адамның өнері макрокосмға ұқсап бағуынан, еліктеуінен туады. Осылайша, гректік ойшылдардың көбі, олардың барлығы деп айта алмаймыз, өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.  
Эстетикалық категория тұрғысындағы «гармония» ұғымын тұнғыг Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан, сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай. өнер адам жанын да, тәнін де ауру кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген. Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы катарсиске тоқталып кетейін.  
Катарсис (грек. «тазарту») адам жаны мен тәнін тазарту, рухы және ағзалық сергектену дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис, әсіресе, музыка, поэзия мен трагедияны адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.  
Пифагор және оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. Олардың түсінуінше, музыка ғарыш үндестігінің жердегі көрінсі болғандықтан тек жан сарайын тазалап ғана қоймайды, сонымен қатар, ағза ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген.  
Платон болса катарсисті өнердің бір түріне ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырады. Оның айтуынша, катарсис жан дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие.  
Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрының адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде жанды бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады.  
«Калокагатия» термині өзінің амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. «Калокагатия» термині грек тіліндегі екі сөздің қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді. 
Грек мәдениетіндегі калокагатия мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да, бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық тәрбиемен қатар музыкалық тәрбиеге де көңіл бөлінген. Яғни, риторика (шешендік өнер), грамматика, тарих, поэзия және т.с.с. басты назар аударылған. Эстетикаға «калокагатия» ұғымын енгізген Сократ дана болатын. Шынайы сұлулық ізгі сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл Еуропалық эстетиканың орталық принципіне айналып кетті.  
Негізгі эстетикалық категориялар. Қандай да болмасын эстетикалық теория белгілі бір эстетикалық категориялар жүйесінің болуының өзі әлгі теорияның ғылыми дәйектілігін танытады, іс жүзінде теория етеді. 
Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Эстетиканың негізгі категорияларының бірі әсемдік. Оны, ең кең түсініктемесінде, кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады.  
Әсемдікті түсіндірудегі үйлесімдік (гармониялық) деп отырғанымыз, белгілі бір тұтастықты құрастырып отырған бөлшектердің элементтерінің сыртқы қарама қайшылық өлшеміне сай бірлігі. 
Әсемдік – материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты. Эстетикалық ұғым ретіндегі әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ, әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады. Әсемдік ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімдік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі бір мөлшері т.б. табиғи өлшемдерін эстетикалық түсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сырқтқы әсемдігі оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ізгілік пен жылылықтан алыс әсемдік кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Әсемдікті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберегн дұрыс емес. Өмір мен өнерді әсемдік рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады.  
Адам дүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Адамның сұлу тұлға мұратына ұмтылуына қай халық өмірінде болмасын үлкен көңіл бөлінген. Мысалы, Қазақтар киелі әйел Құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды жарқыратқан, күн сәулесімен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.  
Ендігі бір тоқтала кететін категориямыздың бірі – эстетикалық мұрат. 
Эстетикалық мұрат – белгілі бір кезеңнің эстетикалық санасын анықтайтын басылымдылық, доминанты. Эстетикалық мұрат дегеніміз адамзат ұрпағының өз дәуіріне сай армандау, шырқау мүмкіндігі жайлы бүкіл ұғым түсінігінің жиынтығы. Эстетикалық мұратты идеалды болу, жүзеге асуға тиістілік деп қарастырса да жөн. Өйткені, ол қашан да болашаққа меңзейді, жанжақты жетілген мүлтіксіз сұлулыққа жетелейді.  
Эстетикалық сезім шындық өмір құбылыстарын немемсе өнер шығармаларын эстетикалық тұрғыдан қабылдау процесінде болатын көңіл-күй сезімі. Эстетикалық сезім осы қабылдау туғызатын өзіндік ерекшелігі бар күйзеліс болып табылады және әсемдік немесе асқақ, трагедиялық немесе комедиялық сезім ретінде көрінеді. 
Өнер шығармалары эстетикалық сезімді көркем образдар арқылы көрсетіп, идеялық ғана емес, сондай-ақ көңіл-күй тәрбиесін берудің пәрменді құралы болып табылады, олар адамдар үшін қуаныш пен шабыт көзі болуға тиіс.

.

 

Қорытынды

 

Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық игіліктерді қаншалықты терең және жан-жақты танып білумен сипатталады. Дамыған эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі. 
Эстетика ілімінің атқаратын көптеген қызметтерінің ішіндегі эстетикалық дүниетанымды тәрбиелеу қызметіне тоқталатын болсақ, онда эстетикалық тәрбиенің мәні оның шығармашылыққа тәнті жасампаз тұлға тәрбиелеуінде болып тұр. Эстетикалық тәрбиенің өзіндік ерекшелігі оның тұлғаға тікелей емес, жанама түрде әсер етуінде. Мысалы, егер адамгершілік тәрбиесінде тікелей тәлімдік басым ғой, ал эстетикалық тәрбиеде тұлға көркемөнер туындыларынан ой түйіп, солардан алған эстетикалық әсер нәтижесінде таза өзінің қалауымен жол таңдайды.  
Эстетикалық тәрбие жастардың эстетикалық талғамын, эстетикалық мұратын, эстетикалық ұстанымдарын қалыптастыру нәтижесінде эстетикалық сананы сомдайды. Эстетикалық сананың сомдалуы қоғам үшін болсын, тұлғанын өзі үшін болсын үйлесімді дамыған белсенді тұлғаны қоғамдық өмірге даярлауымен бағалы. Эстетикалық тәрбие алған адам өзінің адамсүйгіштігмен, бекзаттылығымен, сыртқы кейпінің, мәнерлерінің, өзін-өзі ортада ұстай білуінің жоғары әсемдік талғамға сай келуімен танылады. 
Эстетикалы тәрбиелі жан қалай болса солай жүріп тұрмайды, не болса соны киіп шықпайды, жөнді жосықсыз әрекеттерге бармайды. Эстетикалық тәрбиелі жастар бойына талғампаздық қасиетін дарытады. Мұндағы талғампаздықтың мәні адамның сұлулық пен ұсқынсыздықты, асқақтық пен мешеулікті, шынай әсемдікпен жалған көзбояушылықты ажырата біледі. 
Эстетика ілімінің ең маңызды әрі қызықты тарауы киім кию әдебіне арналған. Осыған орай, мен қазақ халқының ұлттық нақыштағы киімін зерттеуді ұйғардым. әр ұлттың өзіне ғана тән ерекшелігі болуы міндетті. Ол адамның киім үлгісінен де байқалады. Бізде өзге ұлт өкілдерінен ерекшелейтін ұлттық ою-өрнегімізбен әшекейленген ұлттық киіміміз бар. Дегенмен, қазақ жастарынан ұлттық киімді наурыздан басқа мейрамдарда көру мүмкін емес. Менің курстық жұмыс жазу барысында жүргізген сауалнамам бойынша жастардың 50 пайызы, «Ұлттық нақыштағы киім кигіңіз келеді ме?» деген сұрағыма «білмеймін» деп жпуап берді. 33 пайызы «кимеймін, кигім келмейді» деп, ал 17 пайызы «кигім келеді, болашақта киетін шығармын» деп жауап берді. Жауап мені қанағаттандырмады. Ендігі менің мақсатым, неге ұлттық нақыштағы киіміміздің жастардың арасында қолданыс аясы тар екендігін білу болды.  
Менің ойымша, жастар еліктегіш келеді. Олардың киіміне назар аударып қарасам, жұлдыздардың киімдерінің үлгісі. Демек, егер қазақ жұлдыздары қазақи, ұлттық нақыштағы киімдерді кисе, жастардың да қызығушылығы артатыны анық.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

     1.   Тойнби А. Постижение истории. М., 1990

     2.   Қазақ. Мақалалар жинағы. –Алматы: Білім,1994

     3.   Абай Құнанбаев. Шығармалары. –Алматы: Мөр, 1994

     4.   Кертолғау // Әлем: Альманах. – Алматы: Жазушы, 1991.-298-346 бб.

     5.   Дулатов М. Оян-қазақ! – Алматы: Алтын  Орда,1991.-80 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Этика (әдеп) ғылым саласы