Адвокаттың этикасы қазақша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 14:56, реферат

Краткое описание

Конституцияға сәйкес келетін Республиканың халықаралық шарттары және өзге міндеттемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін соттың қорғауын қамтамасыз етуде халықаралық шарттардың маңызды рөлі бар, сондықтан қажет жағдайларда соттар Қазақстан Республикасы юрисдикциясы шеңберінде халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алуға міндетті.
Қазақстан Республикасы халықаралық, шарттарының нормаларын дұрыс және біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

Вложенные файлы: 1 файл

0SKVSC.docx

— 26.71 Кб (Скачать файл)

 

 Конституцияға сәйкес келетін  Республиканың халықаралық шарттары және өзге міндеттемелері Қазақстан  Республикасының қолданыстағы құқығының  құрамдас бөлігі болып табылады.  
      Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін соттың қорғауын қамтамасыз етуде халықаралық шарттардың маңызды рөлі бар, сондықтан қажет жағдайларда соттар Қазақстан Республикасы юрисдикциясы шеңберінде халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алуға міндетті.  
      Қазақстан Республикасы халықаралық, шарттарының нормаларын дұрыс және біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы  
      қаулы етеді:     

1. Қазақстан Республикасында  Қазақстан Республикасының Конституциясымен  және Республика таныған халықаралық  құқық нормаларымен бекітілген  адамның және азаматтың құқығы  мен бостандығы танылады және  кепілдендіріледі.  
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағына сәйкес, өзінің құқықтары мен бостандықтарын соттың қорғауына әркімнің құқығы бар.  
      Қазақстан Республикасы өзінің аумағында және юрисдикциясында болатын барлық тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын Конституцияға және қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес қамтамасыз етуді міндетіне алады.     

2. "Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан  Республикасы Заңының  1-бабы 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты деп Қазақстан Республикасы шетелдік мемлекетпен (немесе шетелдік мемлекеттермен) не халықаралық ұйыммен (немесе халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан халықаралық келісімді түсіну керек, мұндай келісім бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжатта жасалғанына, сондай-ақ нақты атауына (мысалы, конвенция, пакт, келісім және т.с.с.) қатыссыз халықаралық құқықпен реттеледі.  
      Халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасы атынан - мемлекетаралық шарттар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан - үкіметаралық шарттар, орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар атынан - мекемеаралық шарттар болып табылады. 
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.     

3. Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес, заңда бекітілген  тәртіппен жасалған және Қазақстан  Республикасы Парламенті тиісті  заң шығару жолымен ратификациялаған  Қазақстан Республикасының халықаралық  шарттары оның заңдарының алдында  басым болады (Қазақстан Республикасы  Конституциясының  4-бабы 3-тармағы).  
      Қолданылуы үшін заң шығару талап етілмейтін халықаралық шарттардың ережелері Қазақстан Республикасында тікелей қолданылады.  
      Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың ережелерін жүзеге асыру үшін қабылданған тиісті заңдарды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қатар қолдану қажет.  
      Егер халықаралық шарттардың осындай басымдығы құқықтық қатынастардың тиісті салаларын реттейтін Республика заңдарында тікелей қарастырылса, 1995 жылғы Конституция   қабылданғанға дейін жасалған, ратификациялауға жатпайтын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары қолданыста болып табылады және Республика заңдары алдындағы басымдығын сақтайды.  
      Егер қолданыстағы Конституция қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағыдан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.  
      Егер қолданыстағы Конституция қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасы жасаған ратификацияланбаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағыдан өзге ережелер көзделсе, онда соттар Конституцияның 4-бабының 3-тармағының ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің көрсетілген қаулыларын басшылыққа алуға міндетті. Конституциялық ережелер мен Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ратификацияланған (немесе ратификацияланбаған) халықаралық шарттардың арасында қайшылық туған кезде қолданылу басымдығы сөзсіз конституциялық нормаға тиесілі. 
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.     

4. Қазақстан Республикасы  халықаралық шарттарының нормаларын  қолдану мүмкіндігі туралы мәселені  шешкен кезде, соттар Қазақстан  Республикасының халықаралық шарты  онда көрсетілген немесе халықаралық  шарттарға қатысушылардың арасында  келісілген тәртіпте және мерзімде  күшіне енетінін негізге алуы  тиіс. Өзара келісім болмаған  кезде, келіссөзге қатысушы барлық  мемлекеттер өздері үшін шарттың  міндетті екеніне келісім білдірісімен  халықаралық шарт күшіне енеді  (Халықаралық шарттардың құқы  туралы 1969 жылғы Вена конвенциясының 24-бабы).  
      Егер Қазақстан Республикасы шартқа қол қою, құжаттар алмасу, шартты ратификациялау, оны қабылдау, бекіту, шартқа қосылу арқылы не келісуші тараптар уәделескен кез келген басқа тәсілмен халықаралық шарттың өзі үшін міндетті екеніне келісім білдірсе, халықаралық шарт қолдануға жатады.  
      Егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тікелей қарастырылмаса, Халықаралық шарттардың құқы туралы 1969 жылғы Вена конвенциясының 28-бабына сәйкес, шарттардың кері күші болмайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Конституциясының  77-бабының 5) тармақшасының талаптары сақталуы керек.     

5. "Қазақстан Республикасы  Конституциясының  54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 18 мамырдағы қаулысының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды ратификациялау туралы және халықаралық шарттарға қосылу туралы актілерінің заңдылық күші мен құқықтық салдарлары бір-біріне тең. Осыған байланысты Қазақстан үшін міндеттілігі Республика Парламенті қабылдаған халықаралық шарттарға қосылу туралы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген халықаралық шарттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен теңестіріледі.  
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  24-бабының мәніне орай, ресми жарияланған және күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары қолданылуға жатады.  
      Азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне қатысты ресми жарияланбаған халықаралық шарттар қолданылуға жатпайды.      

6. Тікелей қолданылатын  және оларды қолдану үшін заңдар  шығарылуы талап етілмейтін ратификацияланған  халықаралық шарттар, істерді  шешкен кезде материалдық (қылмыстық-құқықтық  және әкімшілік-құқықтық қатынастарды  қоспағанда) немесе іс жүргізу құқығы нормалары ретінде қолданылады, атап айтқанда:  
      егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы ережелерден өзге ережелер белгіленсе, азаматтық істерді қараған кезде;  
      егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу немесе қылмыстық іс жүргізу заңдарымен белгіленген сот ісін жүргізудің ережелерінен өзге ережелер белгіленсе, азаматтық және қылмыстық істерді қараған кезде;  
      егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен шетелдік соттардың Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК)  423-бабында қарастырылған жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жүргізу жөніндегі тапсырмалары туралы, шетелдік соттар мен арбитраждардың АІЖК  425-бабында қарастырылған шешімдерін орындау туралы қатынастар, оның ішінде шетелдік тұлғалардың қатысуымен (мысалы, АЕКК-нің  416 ,  417-баптарында көрсетілген істерді қараған кезде) болған қатынастар, қылмыс жасады деп айыпталған немесе шетел меклекетінің соты соттаған тұлғаларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК)  56-тарауына сәйкес беру туралы шешімдерге шағымдар реттелсе, азаматтық және қылмыстық істерді қараған кезде;  
      егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада қарастырылғаннан басқа сот ісін жүргізудің ережелері белгіленсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде қолданылады.     

7. Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі  - ҚК)  1-бабының бірінші бөлігіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК)  1-бабының бірінші бөлігіне сәйкес,, қылмыстық және әкімшілік заңнама тек қана Қазақстан Республикасының тиісті кодекстерінен тұрады. Қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік көздейтін өзге заңдар тек оларды аталған кодекстерге енгізгеннен кейін қолданылуға жатады.  
      ҚК-нің нормалары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын қолдану қажеттігін тікелей белгілеген жағдайларда (мысалы, ҚК  158 - және  159-баптары ) Қазақстан Республикасының Соттары қылмыс құрамының белгілерін қарастыратын халықаралық құқықтық нормаларды қолдануға тиіс.  
      Қазақстан Республикасының халықаралық, шарттары тыйым салған қылмыстар үшін ҚК нормалары қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын істі қараған кезде, сот Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиісті әрекеттің барлық белгілері қылмыстық заңға енген-енбегенін, ратификация мәселелерін, шарттың күшіне енген күнін және т.б. анықтау үшін Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінің және халықаралық шарт тыйым салған әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық заң нормасының мазмұнын зерттеуге тиіс.      

8. Шетел мемлекетінің  дипломатиялық өкілдері және  иммунитетке ие өзге де азаматтар  Қазақстан Республикасының аумағында  қылмыс жасаған жағдайда ҚК   6-бабының 4-бөлігіне орай, олардың қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына (атап айтқанда, Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена конвенциясына, Консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена конвенциясына сәйкес) және Қазақстан Республикасының басқа да халықаралық Шарттарына сәйкес шешіледі.  
      Аталған жағдайда дипломатиялық қызметшілердің иммунитеті туралы, яғни тиісті адамдарды өзі тұратын елде жасаған құқыққа қарсы әрекеттері үшін қылмыстық қудалаудан, ұстау және қамауға алудан, айғақ беруден, үй-жай мен құжаттарды тексеруден босату туралы сөз болып отыр. Дипломатиялық иммунитетке ие адамдардың тізімі ҚІЖК  501-бабында , сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген.      

9. Шетел мемлекетіне талап  қою, оны үшінші жақ ретінде  іске қатысуға тарту, талапты  қамтамасыз ету және өндіріп  алу тәртібімен мүлікке тыйым  салу мен ұстау туралы, сондай-ақ  шетел мемлекеттерінің Қазақстан  Республикасында аккредиттелген  дипломатиялық өкілдері және  өзге де адамдардың заңда немесе  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көрсетілген азаматтық құқықтық жауапкершіліктері туралы мәселелерді шешкен кезде АІЖК 413, 416, 417-баптарының нормаларын және Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена конвенциясын, Консулдық қатынастар туралы 1963 Вена конвенциясын және Қазақстан Республикасының басқа да халықаралық шарттарын басшылыққа алу керек. 
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.     

10. Сот төрелігін жүзеге  асыру кезінде соттар ҚІЖК 412, 415-баптарының және АІЖК 364, 365, 366-баптарының  мәні бойынша, Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарының нормаларын  соттың дұрыс қолданбауы сот  актісін бұзуға немесе өзгертуге  негіз болатынын назарға алулары  керек. Халықаралық шарттың нормаларын  дұрыс қолданбау соттың халықаралық  шарттың қолданылуға жататын  нормасын қолданбауынан не халықаралық  шарттың қолданылуға жатпайтын  нормасын қолдануынан немесе  соттың халықаралық шарттың нормаларын  қате түсіндіруге жол беруінен  көрінуі мүмкін.  
      Соттар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын түсіндіруді, преамбуласын, қосымшасын, сондай-ақ халықаралық шартқа қатысты кез келген келісімдер мен құжаттарды қоса алғанда, Халықаралық шарттардың құқығы туралы 1969 жылғы 23 мамырдағы Вена конвенциясының 31-33-баптарында қарастырылған ережелерді сақтай отырып, шарттың мәні мен мақсатын есепке алып жүзеге асыруға тиіс.     

11. Қажет жағдайларда  соттар Қазақстан Республикасының  аталған халықаралық пактіге  қатысушы ретіндегі міндеттемелерін  орындауды қамтамасыз ету үшін  Қазақстан Республикасы Парламенті 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған   Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (бұдан әрі - АСҚХП) басшылыққа алуға тиіс.     

12. АСҚХП  14-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әркім өзіне танылған кез келген қылмыстық айыпты қарау кезінде немесе қандай да бір азаматтық процестегі өзінің құқықтары мен міндеттерін анықтау кезінде заң негізінде құрылған соттың істі әділ және жария талқылауын талап етуге құқылы, заң бойынша соттылығына жататын соттың және судьяның оның ісін қарауы құқығынан ешкім айырылуға тиіс емес.  
      Бұл норма Қазақстан Республикасы соттарының тұрақты судьяларына ғана емес, алқабилердің қатысуымен сот іс жүргізуіне де қатысты.      

13. АСҚХП  9-бабының 1-бөлігіне орай, әрбір адамның жеке басының бостандығына және жеке басына тиіспеушілік құқығы бар. Ешкім еріксіз қамауға алынуға және қамауда ұсталуға тиіс емес. Бұл қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталған әрбір адам ұсталуының заңдылығына баға беру және бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы екендігін білдіреді. Сондықтан судьялар ҚІЖК  14-бабының талаптарына сәйкес, қамауға алуды санкциялау кезіңде адамды қылмыс жасады деген сезік бойынша ұстаудың негізділігі мен заңдылығына баға беруі керек.  
      Бұл ретте қамауға алынған немесе ұсталған әрбір адамның ісі сыйымды мерзім ішіңде сот талқылауында қаралуына немесе оның сотқа дейін босатылуға құқығы бар.  
      Сот талқылауын аяқтаудың сыйымды мерзімі тек сот ісін жүргізудің заңмен бекітілген шегін ғана емес, сондай-ақ қаралып отырған істің нақты мән-жайларына қарай сот ісін жүргізуді барынша қысқа мерзімде аяқтау мүмкіндігін қарастырады.     

14. Бұлтартпау шарасы  ретінде айыпталушыны (сезіктіні)  қамауға алу туралы шешімді  санкциялағанда, қамауға алу мерзімін  ұзартқанда, айыпталушының сотқа  дейін іс жүргізуді жүзеге  асыратын лауазымды адамдардың  заңсыз әрекеттеріне шағымын  қарағанда, соттар АСҚХП 7, 9 және   14-баптарында қарастырылған қамаудағы адамның құқықтарын сақтау қажеттігін ескеруге тиіс.  
      Қамаудан босату туралы өтінішті немесе қамауда ұстаудың мерзімінің ұзартылуына шағымды қараған кезде сот АСҚХП  7-бабын және Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен қосылған Азаптау және басқа да адамгершілікке жат немесе қадір-қасиетті қорлайтын әрекеттер мен жазалауларға қарсы конвенцияны (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1984 жылғы 19 желтоқсандағы 39/46 Резолюциясымен қабылданған) назарға алуы керек.  
      АСҚХП  10-бабының 1-бөлігіне сәйкес, айыпталушыларды қамауда ұстаудың жағдайлары адамның жеке басының қадір-қасиетін құрметтеу туралы халықаралық талаптарға сай болуы керектігін ескеру қажет.  
      Заңсыз әрекеттер мен жазалаулардың өзге түрлерінен азаптауды ажырату үшін соттар келесі өлшемдерді басшылыққа алулары керек.  
      Азаптау деп, ҚҚ 141-1-бабының диспозициясында көрсетілген адамдардың қиналушыдан немесе үшінші адамнан мәліметтер алу немесе мойындату не ол жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген іс-әрекет үшін оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен қасақана тән және (немесе) жан азабын тартқызуын түсіну керек.  
      Халықаралық тәжірибеде қалыптасқан ұғым бойынша: ауыр тән және жан азаптарын тартқызу, тікелей ниеттің болуы, тиісті әрекеттердің осы мақсатқа бағытталуы және қарқындылығы азаптау белгілері болып табылады. Азаптауды дәрежелеген кезде азаптаудың қаншаға созылғанын және тәсілдерін, жәбірленушшінің жынысын, жасын және денсаулық жағдайын есепке алу керек.  
      Тән және жан азаптарын тартқызуға бағытталған, азаптаудан қарқыны анағұрлым төмен және ұзаққа созылған тән немесе жан азабымен байланысы жоқ әрекеттерді қатыгез және адамгершілікке жат әрекеттер деп түсіну керек.  
      Жәбірленушінің қорқыныш, үрей және кемсіну сезімдерін тудыратын, қорлану, ерік-жігерінің жасуы және өзге де жағымсыз салдарларға әкеліп соғатын әрекеттерді қадір-қасиетті қорлайтын әрекеттер деп түсіну керек. 
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.     

15. ТМД елдерінің азаматтық,  отбасылық және қылмыстық істер  бойынша өзара ынтымақтастығы  Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы  қаулысымен ратификацияланған, 1994 жылғы  19 мамырда күшіне енген Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы конвенцияға (Минск, 1993 жылғы 22 қаңтар), 1994 жылғы 28 наурыздағы өзгерістерімен (бұдан ері - Минск конвенциясы), Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңымен ратификацияланған, 2004 жылғы 27 сәуірде күшіне енген (Кишинев, 2002 жылғы 7 қазан) Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы конвенцияға (бұдан әрі - Кишинев конвенциясы), азаматтық іс жүргізу (АІЖК 5-бөлім) және қылмыстық іс жүргізу (ҚIКК 55-тарау) және басқа  да нормативтік құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.  
      Кишинев конвенциясының 120-бабының 3-тармағына сәйкес, қатысушы - мемлекеттер арасында Минск конвенциясы мен оның 1997 жылғы 28 наурыздағы Хаттамасының күші жойылған.  
      Солай бола тұра, Кишинев конвенциясының 120-бабының 4-тармағына сәйкес, Кишинев конвенциясына қатысушы-мемлекеттер мен ол үшін Кишинев конвенциясы күшіне енбеген: Кишинев конвенциясына қатысушы мемлекет арасындағы қатынастарға Минск конвенциясының күші жүреді.  
      Минск, Кишинев конвенцияларының ережелерін орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасының орталық және өзге де мемлекеттік органдарының тізімі "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы конвенцияны және "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы 2002 жылғы 7 қазандағы конвенцияны орындау бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы  қаулысымен (2007 жылғы 28 тамыздағы өзгерістерімен кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен) белгіленген. 
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.      

Информация о работе Адвокаттың этикасы қазақша