Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 19:40, реферат

Краткое описание

Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорында, мекемелерде,өзге де ұйымдарда орындауға саяды; қысаң мағынада – бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындалулары.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қ.Р.Мемелекеттік қызметтің түсінігі және принциптері
1.1 Қ.Р.Мемлекеттік лауазымдық жүйесі.
1.2 Қ.Р.Мемлекеттік қызметшілерді жүйелеу
1.3 Қ.Р.Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің мақсаты мен міндеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Қ.Р.мемлекеттік қызметі.doc

— 148.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар белгіленеді. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.

Мемлекеттік қызметті өткеру

Мемлекеттік қызметке кірудің  тәртібі  мына  төмендегі  жағдайларды:

а) мемлекеттік орган мәртебесінің ерекшеліктерін;

б) органның кіретін аясы мен салаларының ерекшеліктері;

в) мемлекеттік лауазымның санатын;

г) тиісті лауазымға орналасудың тәсілдерін ескере отырып құқықтық актілермен белгіленеді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызыметке кіруге бәрі бірдей тең құқылы деген Конститутциялық  принцп бұл қызметке кіру немесе нақтылы мемлекеттік лауазымға тұру үшін белгілі шектеулер болмайды деген ұғым туғызбайды. Ондай шектеулер заңдармен және басқа құқықтық актілермен тағайындалған.

Азамат мемлекеттік қызметке мына жағдайларда қабылдануға тиіс емес:

а) егер ол сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі кемшін деп танылған болса;

ә) егер оны сотпен белгілі бір мерзімге мемлекеттік лауазымға орналасу құқығынан айрылған болса;

б) лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін медицина мекемесінің қортындысымен анықталған науқасы болса;

в) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылығы  үшін тәртіптік  жауапкершілікке  тартылған немесе  қасақана құқық бұзушылығы үшін сот  тәртібімен әкімшілік  жаза қолданылған болса;

г) мемлекеттік  қызметке кіру уақытында өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар болса.

Аталған мәліметтерді табыс етпеген немесе бұрмалаған жағдайда мемлекеттік  қызметке алу жатпайды.

Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мынадай  талаптарға сәйкес келуге:

1. Республиканың заңдарына тиісті лауазымдар жөнінде  өзгеше жас белгіленбесе, жасы он сегізге толған Қазақстан Республикасы азаматы болуға;

2. Тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін қажетті білімі мен кәсіби даярлық денгейі, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда жұмыс стажы болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметке кірген кезде азамат салық қызметі органдарында өзінің алған табыстары мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік туралы мәліметтер тапсыруға міндетті.

Азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін барып мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналаса алады. Мемлекеттік қызметшілердің  лауазымдарына  орналасу  сайлау, кокурс, контракт, тағайындау арқылы жүзеге асырылады.

Сайлау мемлекеттік лауазымдарға орналасудың ең демократиялық нысанасы ретінде сайланатын адамның келісімі болуымен қатар кандитатурасын ұсынуды және сайлау актісін мезгейді. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мемлекеттік саяси қызметшілерден мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес басқа жағдайларда да  жүзеге асырылады делінген.

Конкурс мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға  таңдау  арқылы орналасудың нақты нысанасы болып табылады. Ол конкурсқа қатысушылар арасында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға неғұрлым сай келетін  адамдарды анықтау үшін өткізіледі.Мемлекеттік әкімшішлік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасушы орналасушы және қызметі бойынша жоғары тұрған санаттағы лаауазымға жоғарлауы, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен, өзгедей көзделген жағдайларды қоспағанда, тек конкурстық негізінде ғана жүзеге асырылады.

Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу жөніндегі конститутциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мұндай конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі мемлекеттік қызмет туралы заңның талабына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы А-202 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің қағидасында қаралып бекітілген.

Бұл қағида бойынша конкурс ашық және жабық жағдайда өткізіледі. Ашық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатысуға құқығы болады.Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар берген мемлекеттік қызмет атқарғаны туралы және басқа қажетті құжаттарды қарап,соның нәтижесінде тестілеуге жіберілген үміткерлердің білімі мен қабілеттілігін, одан кейін әңгімелесу арқылы кәсіби және жеке қасиеттерін әділ бағалаудың негізінде тиісті шешім қабылдайды.Әңгімелесуден өткен үкіметкерлерді әрбір бос лауазымға біреуден ғана кадр резервін есепке алуға  конкурс комиссиясының өкілетті органға ұсыныстама жасауға құқығы бар.Конкурс комиссиясының дұрыс қортындысына ие болған үкіметкерді мемлекеттік органның басшысы жарияланған қызметке қабылдауы міндетті.

 

Мемлекеттік лауазымға тағайындау- осы лауазым бойынша белгіленген функцияларды, міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруды қызметшіге ресми түрде жүктеу кезін айқындайтын өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның  заңдық актісі. Тағайындауды мемлекеттік өкіметтің органдары мен лауазымды адамдары өздерінің құзіретінің шеңберінде белгілі санаттың лауазымдарына орналасудың тәртібін сақтай отырып жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты және оның тиімді қызмет атқаруын қамтамассыз ету мақсатында заңдармен мемлекеттік қызметшілерге құқықтық шектеулер қаралған.Мемлекеттік қызмет мемлекеттік билікті жүзеге асырудың құралы.Сондықтан, бұл билікті қашан да теріс пайдалану мүмкін болатындықтан, оған белгілі, оның ішінде құқықтық тосқауылдар болу керек. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты мем лекеттік қызметшінің мыналарға:

1.Өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  мүшесі болуға;

2.Педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда,ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға;

3.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде комерциялық ұйымды басқаруға, егер комерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтік міндеттеріне кірмейтін болса;

4.Үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда  өкіл болуға;

5.Өзінің қызметтік іс-әрекетін материалдық-техникалық қаржылық және ақпараттық қамтамассыз ету құралдарын,басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;

6.Мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттепге, оның ішінде ереуілдерге қатысуға;

7.Лауазымдық өкілеттілігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін жеке мақсатында пайдалануға құқығы жоқ.

Мемлекеттік қызметші заңдарға белгіленген тәртіппен қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызмет өткеру уақытында өзінің меншігіндегі комерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті және табыс табуға әкеп соқтыратын өзге де мүлікті, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалға берген басқа мүлікті қоспағанда, сенім білдірген басқаруға беруге міндетті.Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары немесе жекжаттары атқарып отырған қызметке тікелей бағынысты, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметті атқаруға болмайды.Тағайындалған шектеулер мемлекеттік қызметшілердің азаматтық құқықтарына нұқсан келтіруді көздемейді, қайта олардың қызмет атқаруының тәуелсіз болуын қамтамассыз етуге, сыбайластыққа қарсы, мемлекеттік апараттың жұмысына қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21-қаңтарындағы Жарлығымен Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелері бекітілді.Бұл ереже бойынша қызметшілер мемлекеттік қызметте болудың әрбір кезекті екі жылы өткен сайын, осы мерзім келген бастап алты айдың ішінде аттестациядан өтеді.

Мемлекеттік қызметке тұңғыш рет немесе мемлекеттік қызмет стажыцндағы үзілістен кірген қызметшілер, мемлекеттік қызметке үзіліссіз болудың үш жылы өткен мерзімде атестациядан өтеді.Біліктілігін көтеру. Мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін әртүрлі оқу орындарында көтереді, қайта даярлаудан өтеді.Мысалы, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды. Іс сапар, сыныптық шен,рангі, формалы киім. Мемлекеттік қызмет атқару қызметтік іс сапарларды реттеуді, мемлекеттік қызметшілердің кейбір санаттарында арнайы атақтар, рангілер, формалы киімдер, айырықша белгілер енгізуді, табелдік қаруға құқығын, оны қолдау мен пайдаланудың тәртібін бекітуді қамтиды.

Мемлекеттік қызметті тоқтату.Мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздері мен тәртібі еңбек  заңдарында  және  басқа  актілермен белгіленген. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың екі түрі бар:а) шығару,б) орнынан түсу.

Мемлекеттік қызмет туралы заңда мемлекеттік саяси қызметшілердің жіне мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздері ажыратылып бөлек бекітілген.Мемлекеттік саяси қызметшілер отставкіге шығуы және қызметтен босатылуы мүмкін.

Отставкі дегеніміз мемлекеттік саяси қызметшінің жазбаша арызының негізінде жүзеген асырылатын тиісті мемлекеттік лауазымдағы міндеттерін атқаруды тоқтату. Мемлекеттік  саяси қызметшілер Конститутцияда, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда және өзге де заңдарда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша отставкаға шығады. Мемлекеттік саяси қызметшінің лауазымдық өкілеттілігін өрескел бұзуы, мемлекеттік қызметте болуымен сыйыспайтынтеріс қылықтар жасауы оны қызметтен босатуға негіз болып табылады.Аталған заңда мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздері ретінде бірнеше себептер белгіленген.Олардың ішінде, мысалы :

1)Қызметшілердің өз тілегі бойынша қызметтен босату туралы арыз беруі;

2) Келісім-шарт мерзімінің бітуі не заңдарда көзделген негіздер бойынша келісім-шарттың бұзылуы.

3)Қызметшілердің өз табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәлімет беруі.

4)Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы

5)Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы

6)Осы заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы және басқалар.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді мемлекеттік органның әкімшілік лауазымға қабылдауға құқығы бар тиісті лауазымы адамы заңдарда белгіленген  тәртіппен қызметтен босатылады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыру.Оларды үш топқа бөлуге болады: а) жеңілдіктер,б) көтермелеу шаралары,в) құқықтық жауапкершілік шаралары.

Жеңілдіктер.Олар әр түрлі болады және әдетте, мемлекеттік қызмет-шілердің тиісті санаттарына қарай тағайындалады.

Мемлекеттік қызметшілер, мысалы Заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үймен қамтамассыз етіледі. Оларға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі тегін беріледі. өздері және отбасы мүшелері мемлекеттік денсаулық мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады.

Ерекше еңбектері, атақтары тағы басқалар үшін еңбекақылары қосымша ақшалай әртүрлі төлемдер төленеді.

Мемлекеттік орган  таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда кемінде үш жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілер не жұмыспен қамтамассыз етіледі, не орташа төрт айлық штат саны қысқарған жағдайда мемлекеттік қызметшіге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде шығу жәрдемақысы беріледі және басқалар.Көтермеу шаралары .Көтермеудің жалпы шаралары еңбек туралы заңдармен, арнайылары-мемлекеттік қызметшілердің  нақтылы санаттарының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін қарайтын құқықтық актілермен тағайындалады. Көтерілмеудің жалпы шараларында ақшалай сыйлықтар, алғыстар, бағалы сыйлықтар, құрметті атақтар беру, ордендер және медальдармен марапаттау жатады. Көтермелеудің шаралары да әртүрлі: мерзімнен бұрын арнайы атақ, сыныптық шен беру, жоғарғы сыныптағы мемлекеттік лауазымға жоғарылату және басқалар. Мемлекеттік қызметшілер жауапкершілігінің лауазымдық қызметтің тиімділігін арттыруды ынталандыратын едәуір , өзіне тән, потенциалы бар.Ол мемлекеттік қызметшілердің осы қызметінің құқыцқтық негіздерімен, олардың мемлекеттік және қызметтік тәртіпті, заңдылықты қатал сақтаудың қажеттілігімен табиғи байланысты.Мемлекеттік қызметшілердің жасаған құқық бұзушылықтарын  сипатына қарай олар тәртіптік, әкімшілік, материалдық азаматтық-құқықтық және  қылмыстық жауапкершілікке тартылуы миүмкін.Мемлекеттік қызметшілердің өзіне  жүктелген  міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орнындамағаны, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны,мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамағаны  үшін мемлекеттік қызметшіге мынадай тәртіптік жазалар: 1) ескерту,2) сөгіс,3) қатаң сөгіс,4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту,5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет жүйесін ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, оның аумақтық бөлімшелері және мемлекеттік органдардың кадр қызмуеі айналасында.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік Республика Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Оның құқықтық мәртебесі Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің 1998жылғы 12 қарашадағы №4141өкімімен бекітілген осы Агенттік туралы ережеде қаралған.Агенттіктің өкілеттіктері «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 5-бабында тұжырымдалған.Агенттіктің аумақтық бөлімшелері өз қызметін Агенттік белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырыды.Мемлекттік органдардың кадр қызметі мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруіне байланысты мемлекеттік органдардың шешімдерін ресімдейді, қызметшілердің жеке істурін жүргізеді;мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген шектеулерді қабылдауы туралы келісімінжазбаша белгілейді және олардың сақталуын бақылайды;уәкілетті органға ұсыну үшін бос лауазымдар тізімін, оларды жинақтау жөнінде өтінімдер және өзге де қажетті ақпарат дайындайды;мумлекеттікқызметшілерді оқытуды біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;заңдарда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.[3]

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі.