Қазақстанның көмір өнеркәсібі (Приозерный қоңыр көмір кен орны мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:50, научная работа

Краткое описание

Белгілі-бір өнім шығаруды біріктіретін, әр түрлі салалар кәсіпорындарының жүйесі – салааралық кешен делінеді.
Маңызды салааралық кешендерге: машина жасау, отын-энергетикалық, конструкциялық материалдар, агроөнеркәсіп және тұтыну заттары кешендері жатады. Елбасымыз алдағы он жылда алға жылжудың басты-басты отыз бағытын белгілей отырып, eндiгi кезекте «Қазақстанды жеделдете жан-жақты жанғырта жаңарту жолы" таңдап алынғандығын атап көрсетті. "Біз алдымызға қойып отырған биік мақсаттарға жету биліктің барлық органдары мен институттары, әскер, ғылыми және сарапшы топтар тарапынан көп жігер-қайрат жұмылдыруды, керек десеңіз, көп ретте іске жаңаша қараулы, мүлдем тосын тұрғыдан келуді талап етеді.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
1. Қазақстанның көмір өнеркәсібінің бүгінгісі мен келешігі
1.1. Көмір өнеркәсібі............................................................................................5
1.2. Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы ..................................................................................................11
2. «Приозерный» қоңыр көмір кен орны мысалында
2.1 «Приозерный» қоңыр көмірін пайдалану негізі.........................................13
2.2. «Приозерный» қоңыр көмір кен орынның салааралық маңызы........16
Қорытынды..........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................23
Қосымша.......................................................................................................24

Вложенные файлы: 1 файл

Қамысты ауданның білім бөлімінің.docx

— 74.04 Кб (Скачать файл)

«Черная Мазарка» құрылыс  тастың кен орны Құсмұрын теміржол станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде және темір жолдан 4 шақырым жерде орналасқан. Кен  орны бутты тас,  бетон үшін ұсақталған тас кесек, бетон үшін шикізат  ретінде пайдалану үшін, минералды  мақтаның және тас құймасының өндірісі үшін жарамды базальттардан құрылған. А+В+С1 категориялары бойынша баланстық қорлар 2 780,7 мың. м3 құрайды, баланс сыртында (категория С2) – 5 710,6 мың. м3 (ТКЗ СКГУ № 30 12.12.1962 ж хаттамасы).

 «Разрез Приозерный»  ҚРК ЖШС керек өңдеуден кейін  разрездің технологиялық жолдарын  жабу үшін құрылыс тас қолдануы  мүмкін.

Приозерный құрылыс құмдар кен орны Құсмұрын көлінің шығыс  жағасында осы аттас станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым  жерде жатыр. Кәдімгі бетон үшін толтырғыш ретінде қолдануға  жарамды құмдар А+В+С1 категориялар бойынша – 25 752,8 мың. м3 құрайды, ал құрылыс балшық үшін – 14 744,8 мың. м3 (хаттама ТКЗ УГУ № 24 30.05.1952 ж. және ТКЗ СКГУ № 12  02.07.1959 ж. хаттама). Қазіргі уақытта кен орнының бір бөлігі жергілікті ұйымдармен және ҚРК «Разрез Приозерный» ЖШС пайдаланылады.

Бағыттас пайдалы қазбалардан  кен орнының аумағында германий және бокситтар бөлінген. Германийдің  өндірістік құрамы, негізінде, Төменгі  Қуатты және Жоғарғы Қуатты көмірлі  қабаттарымен байланысты. Өткізілген іздеу жұмыстары нақтылауды қажет  етеді, сонымен қатар кен орнының  көмірлерінен германийді шығару бойынша  зауыттық зерттеулер қажет.

Приозерный бокситтар кен орны солтүстік-батыстан осы аттас кен орнына қосылады. 01.01.1959 ж. жағдайы бойынша НТС СКГУ (№ 6 12.05.1959 ж. хаттама) бокситтар қорының саны: В категориясы бойынша – 4 339,8 мың. т, С1 – 3 689,1 мың. т, В+С1 – 8 028,9 мың. т, С2 – 845,8 мың. т. Бокситтардан жентектеу тәсілі арқылы балшық-топырақ шығарылуы мүмкін.

Жер қойнауының телімміндегі инфрақұрылым, және пайдалы қазбаларды жеткізу үшін көлік инфрақұрылымы  болуы.  

Алдында жұмыс iстеген кәсіпорында  тау жұмыстарын жүргізуге жеткілікті жұмыс техникалық жоба, жабдық, ғимараттар мен құрылыстар, кадрлар бар, одан басқа, жұмыс бағдарламасымен  жөндеу және жабдықты жаңартуды ескере отырып, кен орнын игеруге ақша қаражатын  жұмсау қарастырылған, болашақта керек  қаражаттар тау жұмыстарын дамыту жоспарларын  нақтылағанда бөлінеді.

Разрездің маркшейдерлік  қызмет білікті кадрлармен жасақталған  біліктілінген, кен орындарды және көмірді толық алуын бақылауды, тау жұмыстарын жоспарлауды әзірлеуімен  байланысты маркшейдерлік жұмыстарын орындау үшін әбден жеткілікті қажет  жабдық, құрал және құжаттама бар.

Көмірлі кенжарлардан көмір  разрездің өндіріс алаңында тұрған рельс маңындағы көмір қоймасына  шығарылады, және рельс маңындағы  қоймадан тұтынушыларға қарапайым  түрде жеткізіледі, себебі байытуды талап етпейді және тұтынушылардың талаптарына жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Біздің қарастырған ғылыми жұмысымыз Қазақстанның көмір өнеркәсібін  және соның ішінде «Приозерный» қоңыр  көмір кен орнын  салааралық кешен  екенін ескере отырып, оның әрбір салаларына жеке тоқталдым. Олардың қазіргі  жағдайы мен преспективаларын қарастырдым. Жұмыс барысында көптеген қажетті  мағлұматтар мен деректер берілген. Бұл ақпараттар кейіннен жас мамандар мен студенттерге қажетті болар  деп ойлаймын.

Қазақстан қазіргі  кезде және болашақта алғашқы  энергетикалық қормен өзін өзі қамдап сыртқа сатуға шығара алатын елдердің қатарына жатады, ондай елдер дүние жүзінде көп емес.

Қазақстанның табиғи қорлары, ең алдымен, оның отын-энергетикалық қорлары және техникалық, интеллектуалдық мүмкіндігі — ұлттық дәулеті болып табылады. Республиканың отын-энергетикалық кешенінің мүмкіншілігі әлі жеткілікті толық пайдаланылмай отыр.

Бұл ғылыми жұмыста  Қазақстанның көмір өнеркәсібі толық  сипатталып, Приозерный қоңыр көмір  кен орны  сипатталып толық жазылды  деп ойлаймын. Отын ресурстары мүмкіншілігі және оның даму үрдісі ел экономикасының болашағын анықтайды. Сондықтан көмірөнеркәсібі туралы ақпарат жеткілікті нақты және дәл болса еліміздің дүние жүзіндегі орны мен келешегін болжауға көмектеседі деп тұжырымдағым келеді.

Мемлекет басшысы «Жаңа  әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын, алдағы 10 жылға бағдар ұстанған жаңа Жолдауында түрлі бағыттарды қамтитын он жаңа міндет белгіледі. Әрине, еліміздің  бүгінде серпінді даму даңғылығымен жүріп келе жатқаны мәлім. Дегенмен, әлемдегі барынша дамыған, бәсекеге барынша қабілетті елдің қатарынан  көріну үшін әлі де көп шаруа атқарылуы  керек. Ішкі және сыртқы саясатымыздың  аса маңызды 30 бағыты жаңадан айқындауының бір сыры да, міне, осында жатқаны  анық.

Ал кезек күттірмей  шешуді талап ететін міндеттердің бірі – отын-энергетика кешені болып  табылады. Осыған орай Елбасы биылғы Жолдауында былай деді: «Біздің өскелең экономикамызға отын-электр энергетикалық ресурстарды  дамыту мен басқаруға жаңа көзқарастар  талап етіледі».

Қазақстан Республикасының  отын-энергетикалық кешенін дамыту стратегиясына сәйкес электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі бөлігінде  көмір өндіру 2016 жылғы 84,7 млн.тоннадан 2020 жылы 98-100 млн.тоннаға немесе 18,1% өседі  деп болжануда. Бұл ретте 2020 жылға  қарай ішкі тұтынуды 10 млн.тоннаға  дейін өсіру, энергетикалық және коксталатын көмірді негізінен  Урал мен Сібір электр станцияларына, Ресей Федерациясының металлургия  комбинаттарына экспорттау 20-30 млн.тонна  деңгейінде жоспарлануда. Ресейден көмір  импорты 2011 жылы Қазақстанның ферроқорытпа өндірісі үшін қалыптасқан 200 мың тонна  шегінде сақталады.

Жалпы энергетикалық көмір  ресур старын жылу электр станцияларының қажеттіліктерін толық шамада қамтамасыз етуде, басқа салалар мен коммуналдық  секторды отынмен тұрақты қамтамасыз ету үшін Шұбаркөл және Майкүбі кенорындарында, сондай-ақ «Қаражыра» кенішінде күлі аз көмір өндірісін 10,0 млн.тоннадан 15,0 млн.тоннаға дейін бір жарым  есеге арттыру көзделіп отыр.

Көлемі көрсетілген көмірді  өндіру жалпы қуаттылығы 20 мың МВт  құрайтын электр станциясын отынмен  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоспарланған алты көмір өндіретін  кен орындарын бүгінгі күні ішінара  тек біреуі ғана игерілген - «Приозерный». 1990 жылы «Уралгипрошахт» институты  жылына қуаттылығы 2 млн. тоннаны құрайтын, болашақта оның өнімділік қуаты 10 млн.тоннаға дейін жететін, қуаттылығы 2000 МВт құрайтын электр станциясын отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін «Приозерный» кен орны құрылысының  техникалық-экономикалық  негіздемесін жасады.

Отын-энергетика кешенін  дамыту стратегиясында, сондай-ақ Қарағанды  бассейнінде көмір өндіруді арттыру  болжануда, оның едәуір бөлігі кокс өндірісіне арналған ресурстарға тартылуы мүмкін. Қажеттіліктерді қамтамасыз ету  мақсатында Министрлік 2005 жылға қарай  кокс өндірісі жөніндегі қуаттылықтарды жылына 900 мың тоннаға немесе қол  жеткізілген деңгейден 34,6% арттыру  туралы шешім қабылдады. Жалпы, жер  асты әдісімен сапалы көмір өндіру 2005 жылы 10-12 млн.тонна, 2010 жылы – 12-14 млн.тонна  және 2015 жылы – 14-16 млн.тонна деңгейінде болжануда.

   Қазақстан Республикасы  әлемдік рыноктағы ірі көмір  өндірушілердің ондығына кіреді, ТМД елдері арасында көмір  қоры және оны өндіру жөнінде  үшінші және адам басына шаққанда  көмір өндіру бойынша – бірінші  орын алады.  
    Павлодарлық «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС (жалпыреспубликалық өндірудің 42,8%), «Еуразия энергетикалық корпарациясының» «Восточный» ААҚ кеніші (20,7%), «Майкүбі-Вест» ЖАҚ (3,3%, соның ішінде қоңыр көмірді жалпы республикалық өндірудің 96,6%) және Қарағанды облысыеың «Испат-Кармет» ААҚ Көмір департаменті (12,3%) және «Қазақмыс» корпорациясының «Бөрлі» көмір департаменті Қазақстандағы ірі көмір өндірушілер болып табылады. Аталған 5 өндірушінің үлесіне республикадағы көмір өндірудің 87,7% тиеді.

Шынында да, бүгінгідей жаһандану  үрдісі келіп, жер жүзі интеграцияның  иіне иліккен заманда энергия  көзінің тапшылығы айқын сезіле бастады. Бірақ, қандай жаһандық үрдіс  болсын алдымен қазақ сол ғаламда  ұлт болып қалудың қамын жеп, мемлекеттік, елдік мүдделерге ерекше мән беруі тиіс.

Елімізде көмір өндіру соңғы 10 жыл бойынша ең жоғары меже – 100млн. тоннаға жетті. Отандық көмір  өндірісінің сенімділігін арттыру  мақсатында «Богатырь Аксес Көмір» компаниясының 50 пайыз акциясын «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры сатып  алды.

Алайда, еліміздің Батыс  Қазақстан мен Ақтөбе , Қостанай облыстарын электр қуатымен Ресей қамтамасыз етіп отырғаны бәрімізге мәлім. Салыстырмалы түрде алғанда, қазақстандық энергияны  орыстар көбірек пайдаланады.Бірақ, жағдайымызды жақсы білетін солтүстіктегі  көршіміз Екібастұз ГРЭС-2-нің 50 пайызына иелік етуге көшті. Демек, электр қуатын пайдалануда енді көршілеріміге  де тәуелді бола бастаймыз. Ал қайыр  қалпақты ағайындар (қырғыздар)  Қамбарата  ГЭС-1, ГЭС-2-ні салуға құлшыныс білдірсе, тәжіктер де қырғызстан арқылы желілерін  пайдалануды ұсынып отыр. Қысқасы, Қазақстандағы  «отын» қазан қайнатуға жетпейтінін  білетін жандар жанталысып-ақ жатыр. Сондықтан еліміздің пайдалы  қазбаларын одан әрі пайдалан отырып, көрші елдерге тәуелді болмай, өз әл-ауқытымызды көтеру мақсатында отын-энергетикалық кешенді жүйелі түрде дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алтынсарин орта мектебіннің 8 сынып оқушысы Куанышпаева  Айдананың "Қазақстанның көмір өнеркәсібі (Приозерный қоңыр көмір кен орны мысалында) " тақырыбы бойынша жазылған ғылыми жұмысқа

ПІКІР

Қазақстанның табиғи қорлары, ең алдымен, оның отын-энергетикалық қорлары және техникалық, интеллектуалдық мүмкіндігі — ұлттық дәулеті болып табылады. Бұл ғылыми жұмыста отын-энергетикалық кешеннің отын ресурсы болып табылатын, көмір өнеркәсібі мен Қостанай облысына қарасты Приозерый қоңыр көмір кен орнын географиялық-физикалық  және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жан-жақты зерттелген.

Көмір өнеркәсібін  қарастырған барысында Қазақстанның ірі көмірдің  геологиялық қоры мен оған әсер етуші факторларды  мысалдармен дәлелдеген. Қадыроава  Дилара тақырыпты өзекті мәселе ретінде  қарастырып, Қостанай облысына қатысты  көмір кен орнының алдағы уақытағы жаңашыл жаңалықтары мен жоспарын жүзеге асырудағы кен орынның  алғышарттарын қарастырған. Нарықтық экономикада бұл кен орынның  жергілікті аудандар үшін және олардың  өнімділігін пайдаланудың маңызы зор.

Жалпы, Қайырбергенова Динара  зерттеу барысында қойылған мақсат-міндеттерін  толық орындап, тақырыптың мазмұнын аша білді. Жұмысты келесі кезеңге  өтуге ұсыныс берілді.

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі: Нуржанова  Несвельды  Қаускановна

Алтынсарин орта мектебіннің 

тарих және география    пәні мұғалімі

 

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер тізімі.

1. Ахметова К.Б. Қазақстанның  экономикалық және әлеуметтік  географиясы. – Алматы:Рауан, 1994.

2. Ахметов Е.А. и др. Экономическая и социальная география  казахстана. – Алматы: Мектеп, 2001.

3. Ахметов Е.А. и др. Экономическая и социальная география  казахстана. – Алматы: Мектеп, 2005.

4. Ахметов Е.А. и др. Экономическая и социальная география  казахстана. – Алматы: Мектеп, 2003.

5. Ахметов Е.А. Қазақстанның  экономикалық және әлеуметтік  географиясы пәнінен дәрістік  курсы: 1бөлім.-Алматы: Абай атындағы  Қаз ҰПУ, 2007

6. Қонаев Д.Е. Қазақстанның  кен байлықтары. Алматы:Рауан, 1993

7. Караганда. Карагиндинская  область: Энциклопедия .- Алматы, 1986

8. Күнхожаев Н.Р. Қазіргі  Қазақстанның экономикасы: жағдайы  және болашағы. –Алматы, 1998.

9. Кудабаев А. Т. Тиімді  энергетикасы / А. Т. Кудабаев // ҚАЕУ  хабаршысы. - 3 басылым : Қоғамда және  білім берудегі экономикалық  проблеммалар. - Өскемен, 2010. – ... бет.

10. Двоскин Б.Л. , Кереев  Б.Е., Ахметов Е.А.СССР – экономикалық  және әлеуметтік географиясынан  лабораториялық-практикалық жұмыстардың  оқу-методикалық құралы. – Алматы, 1989.

11.Завьялова Е.Б, Радищев  Н.Б.Экономическая география в  схемах и таблицах. М., 2005

12. Қазақстан Республикасы. Ақпараттық төлқұжат. – Алматы: Жеті  жарғы, 198.

13. Ярмухамедов М.Ш. Қазақстанның  экономикалық және әлкуметтік  географиясы. – Алматы: Рауан, 1997

14.  Илларионов А. Основные  тенденции развития мировой экономики  во второй половине ХХвека /Вопросы  экономики. 1998.//

15. Кандықов Е.Т. Қазақстандағы  отын-энергетикасының мәні. Алматы; 2008

16 . «Егемен Қазақстан» 2010 13 мамыр

17. «География және табиғат» 2009. сәуір.

18. International Trade Statistics 2001/-www7wto.org/English/res.ru.

19. http://www.vkgu.kz/     Электронное правительство РК

20 .  http://www.energy.kz/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қазақстанның көмір өнеркәсібі (Приозерный қоңыр көмір кен орны мысалында)