Бәсекелестік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 22:25, курсовая работа

Краткое описание

Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу экономикалық жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Жекелей алғанда "Өнімнің бәсекелестік қабілеті" ұғымы кең қолданысқа түсті. Өнімнің сапа және бәсекелестік қабілеті мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде. Өнімнің бәсекелестік қабілеті ұғымында негізінен оған нарықта сәтті өндірілуі мен таратылуына жағдай жасайтын барлық шарттар қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ

1. БӘСЕКЕЛЕСТІК

1.1 Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері
Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері
Өнімнің бәсекелестік қабілетін талдау


ІІ. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ

2.1 Электр жабдықтарының өндірістік қуатын есептеу ........................

2.2 Электр жабдықтырдың капитал шығынын анықтау ........................

2.3 Еңбек пен еңбек ақы қорын есептеу ..................................................

2.4 Қызметкерлердің саның анықтау .......................................................

2.5 Жинақтау бөлімшесінің қызметкерлерінің еңбек ақы қорын есептеу

2.6 Өнімнің өзіндік құнын есептеу .............................................................

2.7 Жабдықтарды пайдалану және ұстап тұрудағы шығындар ...............

2.8 Жобаланатын электр жабдықтардың экономикалық тиімділігі .........

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой 27.doc

— 322.00 Кб (Скачать файл)

    мұндағы: Э – пайдалылық

                     З - өндіру және тарату шығындары

                     К – бәсекелестік қабілет коэффициенті. 
 

    1.3 Өнімнің бәсекелестік қабілетін талдау 

    Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап  қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез  келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

    Өз  кезегінде бәсекеге жарамдылық екі  көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне  және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте – бірте бірінші  орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

    Өнімнің сапасы – бұл белгілі мұқтаждылықты  қанағаттандыруға үлкен себепші  болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалығы тек маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны – бұл жалпы алғанда тауардың пайдалығы болса, ал өнімнің сапалығы – бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

    Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі ретінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

    Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын өзін - өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдалынады:

         өлшеуші әдіс (аспаптар, приборлар  көмегімен);

         тіркеу әдісі – бұл тіркеуге  және есептеуге негізделген. Тіркеу  әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік – құқықтық, стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін.

         есептеу әдісі - өнімнің сапасы  жөніндегі көрсеткіштерді анықтау  үшін арнайы математикалық үлгілерді  қолдануға негізделеді.

         органолептік әдіс – адам мүшесін сезу – көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, дағдылығына және қабілеттілігіне байланысты;

         социологиялық әдіс - өнім, оны нақты  немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;

         сарапшылық әдіс – мамандар  тобы арқылы іске асырылады.  Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.

    Практикада  өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланылады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады.

    Сапаны  жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы  салада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының  деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке  жататындар:

  • сұрыптылығы;
  • маркасы;
  • жүктелімі;
  • пайдалы заттың мазмұны; өнімнің дүние жүзілік стандартына сай үлесі, т.б.

    Жеке  көрсеткіштер тым әртүрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

    Нарықтық  жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің  жиынтығы сатып алу, сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.

    Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруна мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім нарықта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандырылатын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттаныушылық леңгейіне жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.

    Сонымен тауарға бәсекенің жарамдылығы, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып  алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы  тиімділігі ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді.

    Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың  ең көп таралғандары:

    Бірінші тәсіл. Техника бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі – бұл тауарды  тұтыну бағасы болып табылады. Ол мұндай формуламен анықталады:

    БТ = БС + ШТ   (8)

      мұнда:        БТ – сатылу бағасы

                          БС – тұтыну бағасы 

                          ШТ – бұл өнімді тұтынушылардың  шығындары.

        

    Екінші  тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.

    Үшінші  тәсіл. Бұл тәсіл техникалық деңгейін жеке сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға  негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық  үлгілер мына формуламен анықталады: 

    КК = ККЭ * ККТ * ККС    (9) 

    мұнда,         КК – тауар деңгейінің кешенді  көрсеткіші;

                         ККЭ – эстетика – эргономикалық  деңгейінің кешенді көрсеткіші;

                         ККТ – техникалық деңгейдің  кешенді көрсеткіші;

                         ККС – көрсеткіш кешенінің  сенімділігі.  

    Төртінші  тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың  деңгейі қалай, солай экономикалық параметрге саластыру негізінде  анықталады. Сонымен, техникалық параметрден  тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.

    Біздің  республикамызда өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық  даму серпінін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.

    Стандарт  – бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге  қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісушілік  негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін нормативтік  құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.

    Республикада  қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің  сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік – экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік – техникалық базасы ретінде қызмет етеді.

    Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін – бірін  алмастыратын өнімдер мен процестер  есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды  қамтамасыз етеді.

    Стандарттау – бұл ең ұғымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң, стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті – халық шаруашылығының, халықтың еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжатарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік – техникалық жүйе жасау болып табылады.

    Кәсіпорын негізінен жеке кәсіпкерлік түрінде  ұйымдасқан. Ол қағаз өнімдерін соның  ішінде әртүрлі бланкілер, этикеткалар, құтықтау қағаздары, спорттық дипломдар, кітаптар, жарнама қағаздарын шығарумен қоса, басып шығару түптеу, қаптау, түп негізді өңдеу сияқты бірнеше қызмет түрлерін көрсетеді. Осындай даму қысқа мерзімінде кәсіпорын нарықтың үлкен үлесін иемденіп, қазіргі таңда тұтынушылардың үлкен сұранысына ие. Өзінің даму барысында қағаз өнімдері бойынша кәсіпорын бірнеше көрмелерге қатысты: "Руками женщины", "Наурыз" т.б.

    Шығыс Қазақстан аймағы бойынша соның  ішінде Семей қаласында ААҚ "Семей  полиграфиясымен" бірлесіп жұмыс істеуде.

    Кәсіпорын жеке кәсіпкерлік негізінде құрылған. Оның жетекшісі – Нурлыбаев К. Басқару аппараты 6 адамнан құралған. Негізінен ірі бөлімдерден тұрады: өндірістік, қаржылық, маркетингтік жалпы  бөлім.

    Өндірістік  бөлім осы бөлімдердің ішінде негізгісі болып табылады және ол келесідей бөлімшелерден тұрады: Компьютерлік, басып шығару, түптеу, кесу.

    Компьютерлік  бөлімшеде 2 адам жұмыс істейді. Олар.А.Сапарбаева.

    Басып шығару бөлімі екі негізгі Duplo және Romayer басып шығару жабдықтары негізінде жұмыс атқарады. Онда 26 жұмысшы жұмыс атқарады.

    Түптеу  бөлімі әртүрлі қағаз өнімдерін  түптейді. Бұл бөлімде қол жұмысшы  және жартылай машинамен атқарады. Қолмен көбінесе жабыстыру, қаптау сияқты операциялар жасалынады.

    Кәсіпорын қызметінің негізігі техникалық –  экономикалық көрсеткіштері ретінде  өндіріс көлемі өткізуден түскен табыс, негізгі қорлардың орташа жылдық құны, жұмысшылардың орташа жылдық саны, еңбек өнімділігі, активтердің орташа жылдық құны, қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы табылады. Бұл аталған көрсеткіштер кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайын сипаттайды.

    2002 жылғы көрсеткіштер бойынша өткізуден  түскен табыс 1393490 теңге іс  жүзінде іске асса, ал жоспарда 1386461 теңгеге тең болды.

    2003 жылғы көрсеткіште бұл аталған  сала едәуір өскен. Жоспардан  қарағанда іс жүзінде өткізуден  түскен табыс көп мөлшерде  берілген. 2002 жылғы жұмыскерлердің  орташа саны 21 адамға тең болса,  ал 2004 жылы 34 адамға тең болды. Бұл дегеніміз кәсіпорын құрылымының кеңеюін сипаттайды. Толық өзіндік құн 2002 жылғы іс жүзіндегі мәліметтер бойынша 113000 теңгеге тең болса, жоспар бойынша 114854 теңгеге тең болды, яғни толық өзіндік құн іс жүзінде жоспарға қарағанда аз жұмсалады.

    Операциялық табыс ретінде кәсіпорынның негізгі қызметкерлерінен түскен табыс табылады. Ол 2002 жылы жоспарда 251061 теңгеге тең келіп көрсетілсе, іс жүзінде 240943 сомасына тең. Ал 2003 жылы іс жүзінде 424914 теңге сомасына жоспарланған. Ал 2004 жылы операциялық табыстан көрсеткіш едәуір өскен.

    Кәсіпорынның  таза табысы ретінде өткізуден түскен табыстан барлық салықтарды және шығындарды алып тастағаннан кейін кәсіпорынның қолда бар қаражаты саналады. Ол көрсеткіш 2002 жылы іс жүзінде 300641 теңге  сомасында көрінсе, 2003 жылы 132610 теңгеге, ал 2003 жылы 938418 теңге болды.

    Ағымдағы  активтердің айналымы 2 реттен 5 ретке  дейін созылады. Олардың айналамдылығы  қолда бар ақша қаражаттарына  тікелей байланысты.

    Таза  пайда өткізуден түскен табыстың өнімнің толық өзіндік құнын алып тастағанға тең.

    Кәсіпорын негізгі өндірістік қоры ретінде  еңбек құралдары негізінде қолданылатын материалдық – заттық бағалықтар жиынтығы қарастырылады. Олар натуралыды өзгеріссіз формада экономикада  қолданылады және өзінің құнын дайын  өнімдерге және қызметтерге біртіндеп ауыстырады.

    Негізгі өндірістік қорлардың рөлі өндірістік – техникалық жиынтық ретінде  еңбек процесінде қатысады. Ұзақ мерзімде негізгі өндірістік қорлар үздіксіз қозғалыста болады. Олар мақсатты бағытта  қолдану негізінен шықққаннан кейін кәсіпорыннан ажыратылады. Негізгі қорлардың тиімділігін арттырудың негізгі көрсеткіші ретінде сменалық жұмысты көбейту табылады.

Информация о работе Бәсекелестік