Ұлттық банктің ақша-несие және валюталық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2011 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Содержание

КІРІСПЕ ..............................................................................................................3



I-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ..........................................4


1.1 Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ....................................................................................4

1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары ..................................................................7




II-тарау. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ ............................................15


2.1 Ұлттық банктің ақша-несие және валюталық саясаттарының экономиканы реттеудегі маңызы мен жүргізілу механизмі .................15

2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша-несие саясатының жаңа бағдарының маңызы мен қызмет ету механизмі ..........................19



Қорытынды ..........................................................................................................24

Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Улттык банк.doc

— 180.00 Кб (Скачать файл)

     Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысын орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.

   Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.

   Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдарына:

    • Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым.
    • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
    • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.

     Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын  Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен дербес жүзеге асырады.

   Қазақстан Республикасының Үкiметiн Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң тiкелей қаржыландыруына  жол берiлмейдi.

     Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады. 

    1.2 Қазақстан Рсеупбликасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары 

     Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас органның ролiн атқара отырып, ерекшк орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген үлкен өкiлеттiктермен анықталады.

      Әлемдiк  тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi.

     “Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкi туралы”  Заңы бойынша Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының  Орталық банкi және республикамыздағы  банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып  табылады.

     Ұлттық  банк  - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

     Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан  Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер  жүктеледi:

  1. мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
  2. төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  3. валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  4. қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

     Ұлттық  банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:

  • Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
  • Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.   /1, 74 б./

   Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары. 

   Ұлттық  банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңға сәйкес мынадай  қызметтер мен операцияларды  орындайды:

     Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары 

     Қазақстанның  Ұлттық банкi:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
  • Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
  • Банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн  тәртiппен және шартпен банктердiң  және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;

    1) Банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшерi көрсетiледi; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтiк операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау;

    2) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлетті орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;

  • Қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады.
  • Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi; Банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;

   1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;

   2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;

   3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;

   4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;

  • Банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

   1) барлық қаржы ұйымдары орындауға  мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен буxгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

   2) операцияларды автоматтандыру жүйелеріне  қойылатын талаптарды барлық  қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;

  • Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;

   1) уәкілетті мемлекеттік органның  құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді;

   2) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша  барлық қаржы ұйымдарының және  Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде көзделген жағдайларда  олардың аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептiлiгінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбін белгілейдi;

   3) валюталық реттеу мен бақылау  мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн,  нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;

   4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейдi;  /9/

  • Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
  • Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
  • Қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
  • Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
  • Елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi және мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;
  • Ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
  • Мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;

Информация о работе Ұлттық банктің ақша-несие және валюталық