"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 10:40, доклад

Краткое описание

"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы.
1959 ж. әлеуметтену ұғымының негізінде америкалық зерттеуші Г. Хаймен «саяси әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Міне, осы кезден бастап, яғни, XX ғ. 50-ші жылдарының аяғынан саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу саласы ретінде батыстық саяси және әлеуметтану ғылымдарында белсенді түрде қолға алынып, қалыптасаастады. Ал, КСРО-да ХХ ғ. 80-ші жылдарының аяғына дейін «саяси әлеуметтену» ұғымы буржуазиялық ғылым пәні ретінде саналып келді. Ол кезде саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси білім мен тәрбие берудің және саяси үгіт-насихат жүргізудің құралы ретінде қарастырылды. Сөйтіп, кеңестік саяси-әлеуметтік сөздік-анықтамалықтар мен түрлі әдебиеттерде саяси әлеуметтену ұғымына түсініктеме берілмей келді. Тек XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ресейлік саяси ғылымда саяси әлеуметтену мәселелері ғылыми зерттеудің дербес бір бөлігі ретінде зерттеле бастады. Бұған Кеңестер Одағында XX ғ. 80-ші жылдарының екінші жартысынан бастап түбегейлі реформалардың жүргізіліп, қоғамның демократиялануы, тоталитарлық жүйенің күйреуі себеп болды.

Вложенные файлы: 1 файл

ПОЛИТ ДАЙЫН.docx

— 113.29 Кб (Скачать файл)

Саяси мәдениет тұжырымдамасы.

Саяси мәдениет ұғымы кез келген қоғамдық құрылымға тән. Ол қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтиды. Саяси мәдениеттің орталық бөлігіне жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтар мен  қабаттардың өз тіршіліктеріндегі  іс-әрекеттерінде қолданатын түрлі  амал-тәсілдер жиынтығы мен оның сипаты жатады. Қоғамдағы саяси мәдениеттің  деңгейі ондағы материалдық-техникалық қордың мөлшеріне, адамдардың іскерлік қабілетінің өрісіне, оларды тиімді тәрбиелеудің жолдарына байланысты болып келеді. Сонымен, саяси мәдениет - бұл саяси білімдермен, сенімдермен, бағалаулармен және бағыттармен анықталатын тарихи қалыптасқан саяси іс-әрекет түрлерінің тұрақты жиынтығы. Саяси мәдениет - ұрпақтан ұрпаққа берілген дәстүрлердің, ережелердің, мінез-құлық үлгілерінің саяси практикада әбден негізделген тәжірибесі болып табылады. Тұтастай алғанда ол жеке тұлғалардың саясаттағы білімдерінің, сенімдері мен іс-қимыл бірлігін танытады. Іс жүзінде саяси мәдениетті меңгерудің негізінде жеке тұлға өмір сүруші саяси жүйеге бейімделіп, оған белсенді түрде ықпалын тигізіп, саяси өмірдің субъектісіне айналады.Саяси мәдениет терминін алғаш рет XYIII ғ. неміс ағартушысы И. Гердер қолданған. Саяси мәдениетті құрайтын элементтерге өмір сүріп тұрған саяси құрылыс, оның институттары, жеке адам мен қоғамның, мемлекеттің араларындағы көзқарастар, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан саяси дәстүрлер, саяси ережелер, ой-тұжырымдар кіреді

Саяси мәдениет ұғымы.

Саяси мәдениет функциялары: реттеушілік, ықпалдастық, танымдық, коммуникативтік, тәрбиелік және т.б.

Саяси мәдениет бірқатар қызметтер  атқарады. Олар тәрбиелік, жүйелілік, интегративтік, танымдық, реттеушілік, мөлшерлі-құндылықтық, коммуникативтік.Танымдық  қызмет арқылы азаматтардың бойында қажетті қоғамдық-саяси білімді, көзқарастарды қалыптастырады.

Интегративтік қызмет өмір сүріп жатқан саяси жүйе мен қоғамдағы саяси  құрылымның бірлігін қамтамасыз етеді, әлеуметтік маңызды мақсатқа жетуге күш салады.

Коммуникативтік қызмет саяси процеске қатысушылардың арасындағы байланысты орнықтырады, сондай-ақ, саяси мәдениеттің  элементтерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, саяси тәжірибені таратады.

Реттеушілік қызмет қоғамдық санадағы қажетті саяси құндылықтарды, ұстанымдарды, мінез-құлық ережелерін орнықтырады.

Тәрбиелік қызмет азаматты, оны саясат субъектісі ретінде қалыптастыруға атсалысады, саяси әлеуметтендіруге қатысады.

Саяси мәдениетті қалыптастырудың  субъектілері және факторлары.

Саяси мәдениеттің элементтері

Саяси бағыттар, идеалдар, көзқарастар, ой-тұжырымдар, сенімдер мен дағдылар.Саяси  ережелер, дәстүрлер, тіл, саяси өмірдің  символдары, құрылымдары.Саяси мінез-құлық  пен саяси қатысу.Қоғамдағы саяси  қатынастардың жиынтығы..Саяси мәдениет идеясын зерттеуге американ саясаткері Г. Алмонд үлкен үлес қосты. Ол әлеуметтік ғылымдар бойынша зерттеу кеңесінің  жанынан салыстырмалы саясат Комитетін  ұйымдастырды. Г. Алмонд саяси мәдениетті талдағанда, оны психологиялық феномен  тұрғысынан қарастырды.1958-1962 жж. Г. Алмонд пен С. Верба Англия, АҚШ, Батыс  Германия, Италия мен Мексиканың саяси  мәдениеттеріне салыстырмалы эмпиризмдік  талдау ісін жүргізіп, нәтижесінде 1963 ж. олардың «Азаматтық мәдениет»  атты зерттеулері жарық көрді.Әр елде орта есеппен 1000-ға тарта тұрғындар  сауалнамаға қатыстырылды. Төрт негізгі  объект: саяси жүйе, үкімет, жалпыхалықтық  сайлау және жеке тұлға басты зерттеу  нысаны болды. Олар саяси мәдениеттің  негізгі үш түрін бөліп көрсетті; бірақ олардың ешқайсысы да саяси  жүйеде таза күйінде кездесе бермейтінін  айта кеткен еді.Саяси мәдениеттің  бірінші түріне олар «патриархалдық саяси мәдениетті» жатқызған. Саяси мәдениеттің бұл түрі негізінен қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынас іс жүзінде құрылмаған, ал тұрғындардың саяси сауаттылық деңгейі төмен, экономикалық жағынан артта қалған қоғамдарға тән.Екінші түрі «бодандық саяси мәдениет» деп анықталған. Бұл жағдайда саяси институттардың жұмысына азаматтардың сенімінің болуы, қоғам мүшелерінің саяси институттар қызметіндегі өздерінің рөлі жөніндегі түсініктерінің болуы, бірақ олардың немқұрайдылығы, белсенділік көрсетпеуі тән.Үшінші түрге «қатысу мәдениеті» жатады. Саяси мәдениеттің бұл түрі демократиялық сипатта құрылған қоғамға тән, әрі белсенді, ең бастысы азаматтардың саяси өмірге саналы түрде, ықпал етудің заңды құралдарын, яғни, сайлау, демонстрация және т.б. пайдалану арқылы қатысуды білдіреді.

Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтері.

 Басқару формаларының әртүрлілігі,  режимдердің аралық типінің болуы  және оларға сәйкес саяси жүйелердің  болуы жағдайыңда — авторитарлық  жэне демократиялык тәрізді режимдердің  екі түрін бөліп көрсетугс  болады.

Авторитарлық деп негізгі сипаттамалары  «жабық» немесе «қатыстырмаушы»  болатын кез-келген саяси режимді  атаймыз. Олай болса жоғарыда келтірілген  алты типтің бесеуінің авторитарлық екендігін байқау қиын емес. Шындығында да, авторитаризм демократияға карағанда қазіргі тарихта кең тараған құбылыс. Бүгінгі күндері «демократиялық толқын» көтерілуін бастан өткеріп отырсақ та, авторитаризм проблемасы қазіргі кезде жер бетіндегі халықтың жартысы авторитарлық режим жағдайында өмір сүріп отырғандықтан практикалық та, теориялық та өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Демократиялық саяси мәдениет қоғам мүшелерінің қалыптасқан саяси жүйеге, оның барлық  негізгі құрылымдарына деген іштей бағыттылығын білдіреді. Онда құқықтық құрылым арқылы негізделген, азаматтардың басым көпшілігі және билік орындары қабылдаған нақты ережелердің болуы өте маңызды. Олардың негізінде сайлаушылардың биліктің негізгі көзі екендігін, мемлекеттің негізгі заңының беріктігін, саяси әр алуандылықты басты нысана етіп санайтын классикалық демократиялық принцип жатыр. Заңға мойынұсынушылық – бұл құқықтық демократиялық саясаттың бір белгісі болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттің әртүрлі құрылымдарының динамикалық қатынасы белгілі бір бірлік жүйесі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Егер бұл қатынастар шектелсе, онда  азаматтардың мінез-құлқындағы саяси-құқықтық мәдениеттің де шектелгені.Саяси мәдениеттің тоталитарлық үлгісінің ерекшеліктері мыналар:қоғамның саяси жүйесіндегі билеуші топтың өз алдына айрықша мақсат қоюы;

мемлекетте бір ғана идеологияның үстемдік құруы;

дүниежүзін ымырасыз дұшпандық  екі топқа «біздер» және «олар» немесе «достар» мен «дұшпандарға» бөлу;

саяси-құқықтық мәдениеттің толығынан  болмауы.

Саяси мәдениеттің типологиясы.

Саяси мәдениет ұғымы кез келген қоғамдық құрылымға тән. Ол қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтиды. Саяси мәдениеттің орталық бөлігіне жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтар мен  қабаттардың өз тіршіліктеріндегі  іс-әрекеттерінде қолданатын түрлі  амал-тәсілдер жиынтығы мен оның сипаты жатады. Қоғамдағы саяси мәдениеттің  деңгейі ондағы материалдық-техникалық қордың мөлшеріне, адамдардың іскерлік қабілетінің өрісіне, оларды тиімді тәрбиелеудің жолдарына байланысты болып келеді. Сонымен, саяси мәдениет - бұл саяси білімдермен, сенімдермен, бағалаулармен және бағыттармен анықталатын тарихи қалыптасқан саяси іс-әрекет түрлерінің тұрақты жиынтығы. Саяси мәдениет - ұрпақтан ұрпаққа берілген дәстүрлердің, ережелердің, мінез-құлық үлгілерінің саяси практикада әбден негізделген тәжірибесі болып табылады. Тұтастай алғанда ол жеке тұлғалардың саясаттағы білімдерінің, сенімдері мен іс-қимыл бірлігін танытады. Іс жүзінде саяси мәдениетті меңгерудің негізінде жеке тұлға өмір сүруші саяси жүйеге бейімделіп, оған белсенді түрде ықпалын тигізіп, саяси өмірдің субъектісіне айналады.Саяси мәдениет терминін алғаш рет XYIII ғ. неміс ағартушысы И. Гердер қолданған. Саяси мәдениетті құрайтын элементтерге өмір сүріп тұрған саяси құрылыс, оның институттары, жеке адам мен қоғамның, мемлекеттің араларындағы көзқарастар, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан саяси дәстүрлер, саяси ережелер, ой-тұжырымдар кіреді

Саяси мәдениеттің үш типі: патриархалдық, азаматтык, белсенділік.

Әр елде орта есеппен 1000-ға тарта  тұрғындар сауалнамаға қатыстырылды. Төрт негізгі объект: саяси жүйе, үкімет, жалпыхалықтық сайлау және жеке тұлға басты зерттеу нысаны болды. Олар саяси мәдениеттің негізгі  үш түрін бөліп көрсетті; бірақ  олардың ешқайсысы да саяси жүйеде таза күйінде кездесе бермейтінін  айта кеткен еді.

Саяси мәдениеттің бірінші түріне олар «патриархалдық саяси мәдениетті» жатқызған. Саяси мәдениеттің бұл түрі негізінен қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынас іс жүзінде құрылмаған, ал тұрғындардың саяси сауаттылық деңгейі төмен, экономикалық жағынан артта қалған қоғамдарға тән.

Екінші түрі «бодандық саяси мәдениет» деп анықталған. Бұл жағдайда саяси институттардың жұмысына азаматтардың сенімінің болуы, қоғам мүшелерінің саяси институттар қызметіндегі өздерінің рөлі жөніндегі түсініктерінің болуы, бірақ олардың немқұрайдылығы, белсенділік көрсетпеуі тән.

Үшінші түрге «қатысу мәдениеті» жатады. Саяси мәдениеттің бұл түрі демократиялық сипатта құрылған қоғамға тән, әрі белсенді, ең бастысы азаматтардың саяси өмірге саналы түрде, ықпал етудің заңды құралдарын, яғни, сайлау, демонстрация және т.б. пайдалану арқылы қатысуды білдіреді.Саяси ғылымда саяси мәдениеттің демократиялық және тоталитарлық үлгілерін атап көрсетеді.

Саяси модернизация.

Бүгінгі саяси ғылымда саяси  дамудың жолдары мен нәтижелері туралы және оның факторлары туралы зертеушілердің ортасында ортақ бір жауап  пен пікір жоқ.

Саяси модернизациялау теориясы саяси  ғылымда XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында қалыптаса бастады. Бұл теорияны жасаушылар, ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі М.Вебер, Ф.Теннеси, Ф.Дюркгейм сияқты белгілі зерттеушілердің теориялық мұраларына суйенеді.

Модернизация теориясын жасауға  Г. Алмонд пен Д. Пауэльдің "Салыстырмалы саясаттануы", "Даму концепциясы  тұрғысынан бап" (1966), Д. Аптердің "Модернизация саясаты" (1965), С.Липсеттің "Саяси  адам" (1960), Л.Пайдың "Саяси дамудың  аспектілері. Талдамды зерттеулер" (1966), Д.Ростоудъщ "¥лт әлемі" (1967), С.Хантингтонның "Өзгеруші қоғамдардағы саяси тәртіп" (1968) еңбектері ерекше үлес қосты.Модернизация теориясы өзінің даму сатысында шартты үш кезеңнен өтті: 50-60 ж.ж., 60-70ж.ж., 80-90ж.ж.50-60 ж.ж. модернизация теориясы универсализм ретіндегі ме-тодологаялық мүмкіндікпен негізделді. Бұл теорияға сәйкес, барлық елдер мен халықтардың  дамуы бір бағытта, бәріне бірдей тән сатылар мен заңдылықтардан тұратын универсалды болады деп  қарастырылды. Мұндай дамуда ұлттық ерекшеліктердің  болатыны мойындалғаымен, оларға тиісті мән берілмеді.

Жалпы, модернизация, дәстүрлі қоғамнан қазіргі замандық қоғамға қарай  даму процесі ретіндегі үғым болды. 50-60-ы жылдардағы модернизация теориясының  көпшілік авторлары технологиялық  детерминизм идеясына сүйенді. Олар, қоғамның даму негізінде өмір сүру деңгейін көтеруші және әлеуметтік мәселелерді  шешуші экономикалық және технологиялық  прогресс жатыр деп дәлелдеді. Сонымен, бірінші кезеңдегі модернизация теориясының бірден-бір негізгі  ерекшелігі теологизм мен евроцентризм, немесе американоцентризм.

Саяси партия ұғымы.

 Қоғамның саяси өмірінде  саяси партиялар зор рөл атқарады. Партия ұғымы латын тілінен  бөлік, бөлшек, бөлу деп аударылады. Тарихқа белгілі алғашқы саяси  партиялар Ежелгі Грекияда пайда  болған. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы  шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын  топтар болатын. Олар негізінен  құл иеленушілердің әр түрлі  ағымдарының мүдделерін қорғады.  Мұндай партиялар феодалдық қоғамда  да болды. Бірақ бұл дәуірде  партиялардың айтарлықтай маңызы  болмады. ХІХ ғ. дейін партия  деп үкіметтің және парламенттің  құрамындағы бәсекелес топтарды  атаған. Қазіргі біздің түсінігіміздегідей  саяси партиялар Еуропада ХІХ  ғ. ІІ-ші жартысында пайда бола  бастады. Бұған сол кезде болған  буржуазиялық революциялар тікелей  ықпал етті. Неміс саясаттанушысы  М.Вебер саяси партиялардың дамуындағы  мынадай кезеңдерді атап көрсетеді:  аристократиялық үйірмелер, (котерийлер), саяси клубтар, көпшілік партиялар.  Саяси клубтардың аристократиялық  үйірмелерден айырмашылығы –  олар ең алдымен буржуазияның  мүддесін білдірді. Ал, аристократиялық  үйірмелер жер иелерінің мақсатын  қорғаған болатын. Олардың тұрақты  идеологиялық байланыстары мен  дамыған ұйымы болды. Мұның  бәрі оларға қоғамдық жұмысты  кең өрістетуге мүмкіндік туғызды.Ал, көпшілік партиялардың саяси  клубтардан ерекшелігі – олар  жұмысын тек сайлау кезінде  ғана емес, сонымен қатар әдеттегі  дағдылы уақытта көпшілікке ықпал  етуге тырысты. Өз қатарына  барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында  саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т.б. саяси әсер  етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.

Қазір партияның анықтамасы 200-ден  асады. Дегенмен, партия дегеніміз – белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтардың, үкіметті басқаратын басшы топтың мүддесі үшін күресетін белгілі бір идеологиялық негізде ұйымдасқан, бағдарламасы мен жарғысы бар, айқын мақсатты алға қойған, мемлекеттік билікті қолға алуға нем есе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған адамдардың ерікті одағын айтады.

Информация о работе "Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы