Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:30, доклад

Краткое описание

Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы
1.2 Еліміздегі бекіре тұқымдас балықтарға жалпы сипаттама
1.3 ЖСАҚ-да бекіре тектес балық түрлерін өсіру биотехникасы
1.4 Су аэрациясы
1.5 Судың сутектік потенциалы, судың сілтілігі және қаттылығы
1.6 Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыларында суды дайындау жолымен ауруларды алдын- алу
1.7 ЖСАҚ-ны су қалдықтарынан тазарту
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1 БШҒЗ ортылығының сипаттамасы
2.2 Судың гидрохимиялық режимін зерттеу
2.3 Сүйрікті азықтандыруда қолданылатын шетелдік және отандық құрама азықтарды салыстыру
2.4 Сүйрік шабақтарының ЖСАҚ-да өсу динамикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

общий.docx

— 703.40 Кб (Скачать файл)

Егер айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғысы залында сыртқы шудан қорғайтын  жақсы дыбыс изоляциясы болғаны жөн. Кейде керек кезде айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғысы(УЗВ)залында  жарық қосатыны белгілі, мұндай жағдайда  балықшылар кәсіби түрде  жұмыс істеу керек,  балық шаруашылық процедураның бәрін тез минимальды  шумен әрекет ету керек. Балық аулауды, сататын балықтарды аулауды алдын-ала жоспарлап қою керек.

Балықтардың 100-ден аса ауру түрлері бар, ауруларға шалдығу, оның түрлеріне де байланысты емес. Ауруларды  тудырушылар  вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, шаянтәрізділер, құрттар. Кейбір аурулар  басқалардың әсерінсіз, сыртқы орта жағдайларына байланысты туындайды. Мысалы:  газ көпіршікті ауру.  Аурулардың кез келген түрі балық өсіру жағдайларында үлкен кедергі тудыруы мүмкін. Бұл сұрақта жағымды  аспект болып беткі ағынмен  байланысы жоқтығында. Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғысында  көрші су қоймаларынан,  ағыны жоғары, су арқылы  вирус түседі деген  түсінік жоқ.  Сондықтан ауруды  қорек зат немесе  лас қолдар  тудырады, бұл деген  персонал жұмыскерлердің  төмен дәрежедегі  мәдениетіне байланысты.

Балық өсірушіге айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғысында ең алдымен қатаң түрде  қарапайым  ережелерді үйрену керек:

- Айналмалы сумен қамтамассыз  ету қондырғысына әр кіргенде  қолды сабындап жуу,  мұны барлық  балық  аулаушыларға және басқада  адамдар, айналмалы сумен қамтамассыз  ету қондырғысында  жұмыс істейтін  немесе  кіретін адамдардың бәріне  ескерту керек.

-  Айналмалы сумен қамтамассыз  ету қондырғысы  залына  батпақ  түсуін болдырмау. Балық аулаушылар  айналмалы сумен қамтамассыз  ету қондырғысына кірерде таза  арнайы жұмыс киімін  ауыстырып  кию керек.  Айналмалы сумен  қамтамассыз ету қондырғысы маңына  адамдардың  сыртқы киімен келуін  болдырмау керек.

-Айналмалы сумен қамтамассыз  ету қондырғысы залына  кіретін  адамдар санын шектеу( бұл қымбат  қонақтарға да арналған).

- Көптеген балықтар үшін айналмалы  сумен қамтамассыз ету қондырғыны  қараңғыда,  тыныштықта  және сабырлықта  ұстау керек.  Тек қоректену  және аулау  кезінде  жарық  жағу керек. Бұл іс-әрекеттерді  тез және епті орындау.

Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыға ауру балықты  көшірген суда,  сонымен қатар  басқа  қоймада  жасаған  жұмыс құрылғылары  арқылы, мысалы  бөшке, қолғап арқылы  жүргізген заттар  арқылы келіп түсуі мүмкін. ЖСАҚ бассейндеріне  балықтарды көшірген ең бірінші кештерде  іс-шара болуын ұйымдастыру.

Жаңа балықтарды мүмкіндігінше карантинге орналастырады, оларға паразитке  қарсы залалсыздандыру жүргізіледі.  Питомниктерде балық пайда болғанда, алынған материалдың тазалығына сенімді болу керек. Бұл ветеринарлық сертификатпен растау қажет. Алып балық питомниктері балықтардың түрге бөлінген негзгі ауыруларын жақсы біледі.

Олардың өткізгн кештері (іс шара) ветеринарлық сертификатта көрсетіледі. Балық өсірушіге негізге, ең бастысына сәкес ветеринарлық сертификат сұрау керек, бұл жеткізуші келісім шартарында міндетті екенін көрсеу.

Әрине айналмалы сумен қамамазыз ету қондырғысында жоғары ағында болып жатқан құрылғыны міндетті түрде заласыздандыру қажет, ЖСАҚ-да қолданар алдында құрылғыны бәріне белгілі тәсіл (хлормен жуу, спиртпен және т.б) қолданылады. ЖСАҚ-да толық комплект құрылғымен жұмыс өнімдері болған жақсы, оларды да әр кез жуып, залалсыздандырып отыру қажет. Әр бассейнге жеке комплект болса тіптен жақсы, әсіресе егер фильтрлер бір бірімен тәуелсіз болса.

Балық өсірушіге балықтарда стресс пайда болғаны туралы көрсететін негізге көрсеткіштерді білу керек.

-Қозушылығы 

-Балықтардың ретсіз тез  секірістері және айналулары 

-Денесінде не жүзбе  қанаттарында аурулардың немесе  түсі өзгерген дақтардың пайда  болуы 

-Судың бетінде қозғалмай  не әлсіз тұруы 

-Қызық (ерекше) жүзуі

-Қоректену белсенділігінің  төмендеуі және қоректенудің  тоқтауы 

-Ауаны ауызбен жұтқылау 

-Қалдықтың жоғарлауы 

Осы көрсетілген симптомдардың біреуі болсын  пайда болса,  балық өсіруші  бұған бірден көңіл аудару  қажет,  судың сапасына  проба алу. Егер аурулар сияқты сиптомдар  немесе өлген балықтар болса, онда бірнеше осындай балықтарды  алып және  тез арада  ветеринарлық клиникаға анализге апару керек. Бұдан шығатын маңызды  қорытынды: ветеринарлық қызметтерге сәйкес зертханамен келісім шарт жасасыңдар. Ешқандай көрсетілген сиптомдар болмаса да белгілі бір уақыт сайын сіздің балықтарыңызды қарап, қорытынды жасап отырсын. Келісім шарттарда зертхана қызметтеріне соңғы  барлық сәйкес емдеу шараларын жүргізуге міндетті екені көрсетілу керек.

 

1.7 ЖСАҚ су қалдықтарынан тазарту

 

Судың  ластануы ондағы жемдерге тәуелді. ЖСАҚ – су қоймаларымен байланыссыз тұйықталған жүйе, сондықтан ол жерге ластаушы заттар жоғарғы ағыстан түсуі мүмкін емес; ластаушы көздер сол жүйенің өзінде орналасқан – бұл жем қалдықтары мен балықтардың тіршілік етуі нәтижесіндегі өнімдер. Шын мәнінде – ЖСАҚ балық өсіру бассейндерінде жем су сапасына басты әсер етушілер болып табылады. Жемнің құрамына ақуыз, көмірсу, май, минералдар мен су кіреді. Суға жіерілген жемді балықтар жеп, нәтижесінде қалдығын қалдырады немесе желінбеген жемнің өзі қалып қояды. Осы желінбеген қалдықтарды үнемі тазартып отырмаса судің тез арада ластанып ондагы судың гидрохимиялық көрсеткіштерінің өзгеріп кетуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан азықты қаншалықты мөлшерде қабылдаса соншалықты деңгедй ған беріп отыруын мұқият қадағалау қажет. Ластанған жағдайда қарапайым сүзгі көмегімен артыө азық қалдықтарын сүзіп алып, судың мөлдірлігіне назар аударылады. Тазарту барысы 2 суретте көрсетілген.

Жем қалдықтары судың сапасына тікелей әсер етеді, олар бактерияларға ыдырайды, соның барысында әрі қарай нитриттерге айналатын оттегі мен аммоний азотына түрленеді. Жем қалдықтары органикалық қалдықтар болып саналады, сондықтан оларды бассейннен дер кезінде алып шығу керек.

Желінген жемдер балықтардың зат алмасу процесіне қатысады, тіршілік ету барысында сыртқа шығарылған өнімдер суға фекалий аммониі түрінде түседі, бұл заттар да органикалық қалдықтар болып табылады. Оларды дер кезінде бессейн суынан алып шығу қажет. Балықтардың зат алмасу процесінің өзі оттегі шығынын қажет етеді.

Егер жем қалдықтары мен метоболизм өнімдерін бассейн суынан алып шықпаса, онда судың сапасы нашарлай түседі: ерітілген оттегі шығындалады, аммоний/ аммиак, көмірқышқылының, қалдықтардың концентрациясы жоғарылайды. Судың сапасы нашарлаған сәтте, ең алдымен балықтардың өсу қарқындылығы күрт төмендейді, содан кейін балықтар өлуі мүмкін.

Жоғарыда айталғандарға сәйкес, ЖСАҚ-ның жақсы жұмыс істеуі үшін жемдерді дұрыс таңдау аса қажет, себебі жем-судың негізгі ластану көзі. Жем неғұрлым жақсы болса, соғұрлым ластану дәрежесі төмен болады, ЖСАҚ саңылауларына жүктеме аз түседі, жүйедегі су таза болады. Тоғандарда балық өсіру үшін  дәстүрлі жем қоспаларындағы жем коэффициенті 4-5-ке тең, яғни 4-5 кг жемнен балықтар 1 кг салмақ қосады, ал қалған 3-4кг қайда жұмсалады? Суды ластауға жұмсалады! Заманауи тепе-теңдігі сақталған жемдерде жем коэффициенті 1-ден аз болады, яғни 1 кг жемді суға жібереді, және балық 1 кг салмақ қосады. Мұндай жемдерді балықтар толығымен пайдаға асырады, нәтижесінде су аз ластанады. Жемнің сапасы, яғни құрамы (протеиндер, майлар және т.б.) мен қоректендіру технологиясының (қоректендіру кезеңі мен мөлшері, балықтардың зат алмастыру деңгейі, тағам қалдықтарының көлемі) маңызы зор.

Қоректендіру мәселесі бойынша кіші бассейндер менүлкен көлемді тоғандардың айтарлықтай айырмашылығы бар. Тоғандарда ортаның қалыпты жағдайын қалыптастыру үшін суға жіберілетін жем мен тоған экожүйесінің ассимиляциялау қабілеттілігі арасында тепе-теңдік орнауы қажет. Тоғанның табиғи өнімділігі  (балдырлардың, микроағзалардың, өсімдіктер мен зоопланктондардың және т.б.  қызметі) биологиялық сүзгі қызметін атқарады. Балық өсіру шаруашылығын қарқынды ету мақсатында берілетін жем көлемін бірнеше есеге арттыру қажет. Табиғи ассимиляциялаушы қабілеттіліктердің (яғни қосымша биосүзгіш қолданылмайды) әсерінен суды тазарту мүмкін болған жағдайда тоғанның ең жоғарғы балық өнімділігі (қосымша аэрация кезінде)  50-70 ц/га немесе 0,3-0,47 кг/м3 құрайды.  Өнімділігі жоғары бассейн қандай болуы тиіс.Бассейндердің биосүзгіші, тоғанмен салыстырғанда аз,сондықтан негізінен суды тазартуға күші жетпейді. Кейбір жағдайларда балық өсірушілер бассейндердің ағынды сумен жабдықталу мүмкіндігіне ие болады.

Оның көмегімен зат алмасу нәтижесіндегі өнімдерді ағынды су арқылы бассейннен шығарып тастауға болады. Осылайша, бассейндегі судың сапасын сақтап қалу мүмкін.  Мұндай бассейндердегі  су сапасын жақсарту мақсатында су алмасу деңгейін алдын-ала есептеп қою қажет. 

Айталық, балық өсіруші көлемі 18 м3 бассейнде өндірістік циклдың соңында 60 кг/м3, яғни 1 т балық өсіруді жоспарлап отыр. Егер балықтарды тәуліктік биомасса нормасы 1,5% болған жағдайда 32% протеиннен тұратын жеммен қоректендірсе, онда күніне ең көп дегенде 17 кг жем берілетін болады. Аталған 17 кг жемнен тәулігіне 0,50 кг аммоний (жемнің 3%-ы аммоний азотына айналады) алынады. Аммонийдің қаіпсіз мөлшері 0,1 мг/л. Олай болса аммонийді нивелирлеу үшін ағым 21 т/сағ немесе 6 л/сек болуы тиіс.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

 

2.1 БШҒЗ орталығының сипаттамасы

 

Біз ғылыми зерттеу жұмыстарымыз С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының арнайы балық өсіретін зертханасында жүргіздік. Бұнда арнайы балықтарды өсіруге арналған барлық құрал жабдықтармен қамтамассыз етілген. Балықтарды өсіру кезеңінде оларды азықтандыру және олардағы барлық құрылғылардың жұмыс барысынын бақылау үшін кафедра қызметкерлері кезекшілік жүргізеді. Бұған қосымша ғылыми жұмыстармен айналысушы жас ғалымдар, магистранттар балықтардың өсу барысын, дамуын бақылап жалпы балықтарды бақылауда ұстайды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің негізінде арнайы «БШ» ҒЗО орталығы бар. Бұл орталықтың негізгі мақсаты еліміздегі балық шаруашылығының балық аулау және аквакультураның өзекті даму бағыттарын ғылыми тұрғыдан айқындап беріп оның дамуына ат салысады. Сонымен қатар бұл ғылыми зерттеу орталығы түрлі балық шаруашылығындағы ғылыми жобалар айналысып, халықаралық ғылыми жобаларға қатынасып жас ғалымдардың ғылыммен шұғылдануына жол ашады.

Қазіргі таңда біршеше халықалалық жобалармен жұмыс істей отырын бірнеше магистранттар, ғалымдар оысы салада жемісті еңбек етуде. Онда жұмыс атқарып жатқан кдрларды балық шаруашылығы мамандығында білім алған жас мамандар, магистранттар, докторанттар толықтырып отыр.

Ғылыми зерттеу бағыты келесі ңылыми бағыттарға бөлінген:

  • гидробиология және ихтиология зертханасы;
  • мини-балық өсірілетін цех;
  • сәнді балықтар зертханасы;

 «Балық шаруашылығы»  ғылыми зерттеу орталығының қызметкерлерін  жұмысқа қабылдануы С.Сейфуллин  атындағы Қазақ агротехникалық  университетінің Басқарма төрасы  бекітеді. Бұл орталықтағы ғылыми  қызметкерлер ондағы әдістемелік  нұсқауларды, ғылыми күнтізібелік  жоспарларды орындауға құқылы. Сондай- ақ ғылыми зерттеу жұмыстарының  нәтижелері бойынша есеп беріп, шешем қабылданар кезінде дауыс  беруге құқылы.

Соңғы жылдары кәсіптік балық аулау шаруашылықтарында жабық су айналымды құрылғыны пайдалану әлемдік тенденциялардын біріне айналып барады. Жабық су айналымды құрылғы дегеніміз балықтарды ұстап, өсіруге арналған арнайы құрылғы. Гидробионттар жоғары тығыздықты отырғызылым әуіттерінде болады. Бұл құрылғыда тәуліктік су алмасуы оның жалпы көлемінің 5%-на сәйкес келеді.

 

 

 

Сурет - 1 Жабық су айналымды құрылғы (ЖСАҚ) көрінісі

 

 

Жабық су айналымды құрылғылар әлемде 30 жылдан астам уақыт пайдаланып келуде.

Құрылғының ерекшеліктері:

  • Технологиялық процесстерге толық бақылау
  • Табиғи жағдайға тәуелсіз
  • Судың аз шығыны
  • Экологиялық таза
  • Ауруларды бақылау
  • Тауарлық өнімнің жоғарлауы
  • Өсіруге арналған интенсивті технологияларды қолдану
  • Балықтарды жылдық тоқтамсыз өсіру мүмкіндігі
  • Нарыққа жіберілетін балық сатылымының тұрақтануы

 

02.06.14  Зерттеуге алынған дернәсілдердің  орташа салмағы 0,4 грамм, ұзындығы 2,5 см. Тәулігіне 20 рет азықтандыру жүргізілді, азықтандыру мөлшері  дернәсілдің тірі салмағының 10%-ына сәйкестендірілді.

02.06-11.06 аралығындағы шығын саны 21 дана, өсу қарқыны: ұзындығы 3,5-4,0 мм  және салмағы 0,136-0,178 граммды құрады, азықтандыру мөлшері 0,6 грамм,судың рН-7,5, О2 -8.

11.06-21.06 аралығындағы шығын саны 11 дана, ұзындығы 2,8-5,0 см, салмағы 0,34-0,68 грамм, азықтандыру мөлшері 2,2 грамм тәулігіне 20 рет.

21.06-01.07 аралығындағы шығын саны 18 дана, ұзындығы 6,1см, салмағы 1,3  грамм.  Дернәсілдердің азықтануы өте қарқынды жүрді, осы  мезгілде   судың температурасы жоғарылап 24оС  дейін барды. ҚазБШҒЗИ-ның ғылыми қызметкерлерімен ақылдаса отырып, сүйрік дернәсілдерін әр1,5 сағат сайын азықтандыруға шешім қабылданды, яғни азықтандыру мөлшері   таңғы сағат 6:00-ден  түнгі 24:00-ге дейін тәулігіне 13 рет берілді.

Информация о работе Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы