Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:22, курсовая работа

Краткое описание

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19
2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33
2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 76

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке сипаттама.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

Жалпы Қазақстан өз егемендігін  алғаннан кейін әртүрлі мемлекеттермен сыртқы экономикалық қатынастарын дамыта бастады. Бұл қатынастарды дамыту бүкіл әлем алдында тұрған мәселелерді барлық мемлекеттер бірлесе отырып шешуде үлкен маңызға ие. Себебі бұл мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін құқықтық реттеуді қажет етеді.

Сыртқы экономикалық қызмет қатынастары 2 сипатқа ие. Бір  жағынан бұл әртүрлі билік  және басқару органдарымен ұсынылған  мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастар болса  [27; 31]. Екінші жағынан, бұл сыртқы экономикалық қызмет қатынастар әртүрлі мемлекеттің заңды тұлғаларымен жеке тұлғаларымен арасында қалыптасады.

Сонымен, сыртқы экономикалық қызмет дегеніміз – нарықтық экономиканы  қалыптастырып, оны тұрақтандыру, оның әлемдік экономикаға кіру және ең басты республиканың тұрғындарының  қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында осы сфера субъектілерінің экспорт, импорт, шетел инвестициясы мәселелері, сақтандыру, материалдық және басқада өндіріс облысында өзара кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Міне, осы сыртқы экономикалық қызмет мақсаты бағытталған сипатта болу керек, ал осы аймақта әрекет ететін азаматтар белгілі бір тәртіптерді білген жөн, осыған сәйкес бұл әрекеттер дамуға тиіс.

Қазақстан Республикасындағы  сыртқы экономикалық қызмет аймағындағы  субъектілер дегеніміз - Қазақстан  Республикасының ішкі, сыртқы экономикалық заңдарында мәртебесі айқындалған меншік нысанына тәуелсіз горизонтальді және вертикальді сипаттағы қатынастарға түсе алатын, қызметі аймағындағы кәсіпкерлік, сақтандыру, инвестиция, салық салу және басқада экономикалық тығыз байланысты кез келген субъектіні жатқызуға болады. Сыртқы экономикалық қызмет аймағындағы субъектелерге олардың қызмет аймағындағы құзыреттілігінің көлемінен және қызмет түрінен тәуелсіз құқықтарының жағдайын қамтамасыз ететін тең негіздегі заңдар реттейді.

Мемлекетіміз сыртқы экономикалық қызметтің дербес субъектісі болып табылады. Бұл қызметте мемлекет өз органдары атынан бағыттаушы басқарушы қызмет атқарады.

Шет ел мемлекеттері және олардың заңды тұлғалары ҚР-ң  сыртқы экономикалық қызметіне мемлекет аралық шарттар негізінде, сонымен қатар мемлекеттің ішкі заңдарына сүйене отырып дербестік таныта алады.

Сонымен ҚР-ң сыртқы экономикалық қызмет саласының субъектілерін  қызмет бағытына және реттеу ықпалына қарай 2 топқа бөлінеді:

  1. ҚР Президенті, Парламенті және атқару билік органдары
  2. Арнайы субъектілері:
    • ҚР-ң өндіріс және сауда министрлігі;
    • ҚР-ң қаржы министрлігі;
    • Кеден комитеті;
    • Сыртқы істер министрлігі;
    • Ұлттық банкі;
    • ҚР-ң екінші деңгейдегі банкілері;
    • ҚР-ң аймақтық сауда өндірістік палаталары;
    • ҚР-ң мемлекеттік кіріс министрлігі жанындағы инвестициясы бойынша агенттік және т.б.

Қазақстан Республикасында  сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда мемлекеттің әсері өте  зор. Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігі дербестігін орнықтыру, күшейту  барысында сыртқы экономикалық саясатына аса маңыз беруде.

Сыртқы экономикалық қызмет мемлекетіміздің ішкі құқық  жүйесіне жататындықтан бұл қатынастар мемлекет өз органдар атынан бағыттаушы, басқарушы қызмет атқарып, реттейді. Сондықтан осы қызмет саласын  мемлекет атынан реттейтін негізгі  органдарға қысқаша сақталып кеткен жөн.

ҚР-ң Президенті сыртқы экономикалық қызмет аймағындағы бағдарламаларды  бекітеді; ҚР-н халықаралық қатынастарда ұсынатын дербес тұлға, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет аймағындағы барлық заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді.

ҚР-ң парламенті әртүрлі  жалпы ұлттық, әлеуметтік, экономикалық бағдарламаларында сыртқы экономикалық қызмет бағыттарын өндейді. ҚР–ң заңына ресми талқылау жасайды, мемлекеттік  қарыздар және рспубликаның экономикалық және басқада көмек көрсету сұрақтарын ресми шешеді, ҚР-ң шетелмен жасалған шарттарын ратификациялайды. ҚР үкіметі мемлекеттін көп жақты сауда экономикалық қатынастарда мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын қамтамасыз етеді; ҚР-сы мен шетел халықаралық ұғмдарымен сыртқы экономикалық қызмет аймағындағы шараларды жүзеге асырады, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі ақтау қағидалары негізінде өз қызметі сұрақтарын сыртқы экономикалық қызмет сұрақтарын шешеді, ҚР-ң ұлттық экономикасының эксперттық қабілетін арттыру арқылы сыртқы экономикалық қызмет байланыстарының дамуын және тереңдей түсуін қамтамасыз етуде шаралар атқарады. Осылайша мемлекет сыртқы экономикалық қызметтің жан-жақты, тиімді реттелуіне өз ықпалын тигізеді.

Сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу валюталық  есеп айырысудағы және оның сақталуын бақылаудағы құқықтық қатынастарды реттейтін заң нормаларын арқылы жүзеге асырылады [26; 108].

Валюталық заңдылық дегеніміз - мемлекет ішіндегі валюталық құндылықтармен мәміле жасау тәртібін, нысанын, сонымен  қатар негізгі ережелерін бекітетін құқық нормлар жүйесі.

ҚР-ғы сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттейтін заң  жүйесі валюталық бақылау кешешіндегі  валюталық реттеу қатынастағы субъектілердің негізгі құқықтық жағдайымен анықталады. ҚР-да да кез келген мемлекет тәрізді  халықаралық есеп айырысу нысандарына сай мемлекет ықпалымен белгіленеді. ҚР-ң заңнамасына сай шет ел валютасында қызмет көрсетуге мүмкіншілік көрсетілген.

Сондай-ақ, бұл жерде  валюта мен валюталық құндылықтарға  анықтама бере кеткен жөн. Валюта деп - біз мемлекетпен заңды түрде қабылданған банкнот және тиын түрінде, оның ішінде құнды металдар түріндегі төлем құралдарының әртүрлі ақша бірліктерін танимыз. Ал валюталық құндылықтар деп - валютаны, шетел валютасында сипатталған бағалы қағаздар және төлем инструменттері, құнды қағаз анықталады.

ҚР-ң сыртқы экономикалық қызметтегі мемлекеттің валюталық  саясатын жүзеге асырудың негізгі құрам  болып валюталық реттеу табылады. Валюталық реттеу деп - біз қалыпты  құжаттар әзірлеуді, ақпарат жинауды, валюталық заңдылықтардың сақталуын бақылауды және валюталық заңдарды бұзуға жол берген тараптарға жаза қолдануды түсінеміз.

Валюталық реттеу өз алдында  келесі мәселелерді қояды:

  • ҚР-ң ұлттық валютасына есеп айырысуына белгілі тәртіпті қолдау;
  • ҚР-ң ұлттық валютасына нарықтық айырбастау курсын дайында және енгізу.

Мемлекеттің валюталық  реттеуі оның тұтастай валюталық  саясатын анықтайды.

Валюталық реттеуді ҚР-ң  бірқатар мемлекеттік органдарын жүзеге асырады. Валюталық реттеу органдарының жүйесі деп валюталық қатынастарды реттеу құзырына ие мемлекеттік органдардын жиынтығы айтуға болады. Олардың қатарына ҚР-ң Президенті, Парламенті, Укіметі, Ұлттық Банкі, құнды қағаздар бойынша ҚР-ң ұлттық комиссиясы, қаржы министрлігі кіреді.

Сыртқы саудалық мәміле деп – шекараның әр жағынан  тауар /қызмет/ әкелу немесе шекарадан тыс тауарды шығару операиялары мазмұны танылатын жақтардың бір жағы негізделеотырып жасалған мәмілені атаймыз [28; 4]. Сыртқы сауда мәміленің заңды табиғатына келесі әлементтер жатады:

  • Сыртқы сауда мәмілелерінің объектісі - әрқашан импорттау және экспорттауға байланысты туындаған мемлекеттегі таулар ресурстары жатады;
  • Сыртқы сауда мәмілелелірінің субъектісі – кез-келген азаматтық құқық субъектілері жатады.
  • Мазмұнын анықтау әдісі: а/ мемлекеттік ішкі заңдылықтармен анықтау әдісі; б/ сырт ел заңдарымен анықталу әдісі
  • Сыртқы сауда мәмілелерінің нысаны – жазбаша түрде анықталады;

Сыртқы сауда мәмілелерін  заңды сипатына байланысты келесі түрлерге бөлуге болады;

  • Сыртқы сауда мәмілелері: сатып алу-сату, комисия, тасымалдау, несие беру, лизинг, франчайзинг және т.б.
  • Сыртқы сауда мәмілелерінің субъектісі – кез келген азаматтық құқық субъектілері жатады.
  • Мазмұнын анықтау әдісі: а/ мемлекеттік ішкі заңдылықтармен анықтау әдісі; б/ сырт ел заңдарын анықталу әдісі
  • Сыртқы сауда мәмілелерінің нысаны – жазбаша түрде анықталады.

Сыртқы сауда мәмілелерін  заңды сипатына байланысты келесі түрлерге бөлуге болады:

  • Сыртқы сауда мәмілелері, сатып алу-сату, комиссия, тасымалдау, несие беру, лизинг, франчайзинг және т.б.
  • Қарама-қарсы сыртқы сауда мәмілелер: эксперттердің импорттерге өз таруаларының бағасы есебінен тауарлар алу мәмілесі қарама қарсы немесе бартерлік мәміле деп аталады.
  • Ғылыми-техника аймағындағы шарттар, ғылыми техникалық көмек көрсету, сақтандыру, лицензиялау, құжат тапсыру және т.б.

ҚР-да сыртқы сауда мәмілелерін реттеудің басты 2 әдісін қарастырады:

  1. тарифтік реттеу әдісі
  2. тарифтік емес реттеу әдісі

Тарифтік реттеу дегеніміз - сыртқы нарық бәсекелестігіне отандық  өндірушілердің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталған экспорт-импорт аймағындағы салынатын баж салықтары арқылы реттеуді айтамыз.

Тарифтік емес реттеу-ұттық өндірістің белгілі бір саласының мүддесін қорғау мақсатында экспортты және импортты шектеуге бағытталған шаралар жатады.

 

 

2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері

 

 

Батыс әдебиетінде "бірлескен  кәсіпорын" ұғымы - Ұлыбританияда XVI - XVII ғасырларда теңіз саудасымен айналысқан Мегсһant немесе Gеntlеmеn Аdventures бірлестігін анықтау үшін пайда болған. Бірігіп тауар сатып алып, оларды тәуекел мен шығынды есептей отырып, қайта сату Аdventures түріндегі бірлестікке әкелді. Осындай шарттасудың сәйкесті нысаны салдарынан " goint venture " туындай отырып, ол жауапкершілігі шектеулі заңды тұлғаның, яғни incorpated goint stock companies-тің туындауының алғы шарттарын ұсынды.

Бірақ, "goint venture" ұғымы  туралы шетел мемлекетінің заңнамаларында және сот тәжірибесінде, экономистер  мен заңгерлердің еңбектерінде ешқандай ортақ түсінік берілмеді. Бұл  ұғымды түсіндіргенде, үш сипаттамалық жағдайда қарастырамыз:

1) goint venture - кәсіпорындардың көп не аз тұрақты негіздегі өзара  пайдалы қызметтестігі.

2) жалпы үлестегі мұндай қызметтестікке қатысушылардың мүддесі 
шаруашылық байланысты сақтауға деген қарапайым ықыласына ұласады, яғни goint venture - бұл, тұрақты шаруашылық байланыстан да үлкен құбылыс.

3) goint venture - осындай қызметтестікті құқықтық рәсімдеу үшін белгілі бір заңи құралдарды пайдалануды болжайды.

Алғашқыда " goint venture " ұғымы әртүрлі ұлттарға қатысты  кәсіпорындардың бірлескен іскерлік бастамасын белгілеу үшін пайдаланды, бірақ біртіндеп бір ұлттың кәсіпорындарының бірлескен қызметіне қолданды.

Қазіргі кезде дамыған  елдердің сыртқы және ішкі бірлескен  қызметінде " тар мағынасына келсек, мұнда да тұтас ұғым жоқ. Мысалы: "аралас қоғам", "аралас компания", "аралас фирма", "бірлескен кәсіпкерлік", "бірлескен иеліктегі кәсіпорын" т.б.

Англо-американ құқық  жүйесінде "серіктестік" (partnership) ұғымы қолданса, Германияда бірлескен  кәсіпорынды жиі "кәсіпкерлер  одағы" немесе "ашық сауда серіктестігі" деп атайды. Ал Сауд Арабиясында және Кувейтте бірлескен кәсіпорынды "limited  partnership "  "шектелген серіктестік" деп атайды [28; 4].

Кеңес әдебиетінде және өзге де социалистік елдерде "бірлескен" не «аралас» кәсіпорын түсінігі қолданды [29; 28].

Шетел авторларының пікірлері бойынша бірлескен кәсіпорын (әрі қарай БК) қандай мақсатпен, кіммен, қайда және қанша үлеспен құрылуына тәуелді бір-бірінен өзгеше болады. Оларды сипаттамалық белгілері арқылы төмендегіше топтастыруға болады:

1. Бірлескен кәсіпорынның орналасу мекен-жайына байланысты, яғни қатысушылары әртүрлі мемлекет өкілдерінен құралғандықтан, келесі негізде:

  • Өнеркәсібі дамыған елдер - өнеркәсібі дамыған елдер;
  • Өнеркәсібі дамыған елдер - дамушы елдер.

Ал Кеңес үкіметі  кезінде төмендегіше топтастырылды:

- Социалистік және өндірісі дамыған капиталистік елдер;

- Социалистік және дамушы елдер.

2. Серіктестік құрылымына байланысты:

- Тек жеке капиталдың қатысумен; (дамыған елдерге тән).

-Жеке фирмалардың  және мемлекеттік кәсіпорындардың  не ұйымдардың қатысуымен; (дамушы елдерге, кезінде социалистік елдерге тән болды).

- Ұлттық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен; (барлық елдерге тән).

3. Бірлескен кәсіпорынға қатысушы серіктестердің қосқан капитал үлесіне байланысты :

  • Енгізетін капитал үлесі бірдей серіктестердің тең қатысуымен;
  • Шетел капиталының көп үлеспен қатысуы [30; 5]. Бұл нысанда шетел серіктесі БК-ның қызметіне жоғары дәрежелі бақылауды қамтамасыз етуге ұмтылады, ал жергілікті серіктес кәсіпорында өз үлесін көбейту үшін қажетті қаржы құралдарын иеленбейді.
  • Шетел серіктесінің қатысу үлесі аз не төмен дәрежеде. Бұл нысанда БК ұлттық кәсіпорынға ұқсас, ереже бойынша мемлекет ұсынған әртүрлі жеңілдіктерді пайдаланады.

4. Қызмет түріне, яғни серіктестердің алдына қойған мақсаттарына сайкес:

  -  Ғылыми   нәтижелер   мен тәжірибе  біріктіру,   жаңа   өнім,   ноу-хау,   құрал

- Жабдықтар   дайындау   үшін   жобалар   әзірлеу   мақсатында   құрылған   ғылыми сипаттағы БК;

- Өндіріс үрдісінде  және өнімді өткізу кезіндегі  шығынды төмендету мақсатында шетел инвесторы құрған өнеркәсіптік сипаттағы БК;

- Шетел серіктесінің  кәсіпорнына толықтай өнімді  өндіру үшін қажетті арзан шикізатты және жартылай фабрикатты жергілікті нарықтан сатып алу мақсатында құрылған сатып алушы БК;

- Бірлеске кәсіпорынға орналасқан елде және үшінші елде өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын, жаңа нарықты игеру мақсатында құрылған - өткізуші БК;

- Әртүрлі қызмет түрлерін байланыстыратын кешенді БК;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке