Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласы: қазіргі жағдайы мен перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 14:32, доклад

Краткое описание

Қазақстандағы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққанды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі, өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-ауқатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы Денсаулық Сақтау Саласы ;Қазіргі Жағдайы мен перспективасы.DOC

— 40.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасындағы  денсаулық сақтау саласы: қазіргі  жағдайы мен перспективасы

 

                                            Абил Б.

             Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

 

Қазақстандағы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққанды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі, өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-ауқатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Барлық  қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты  Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады .

Президент 2012 жылғы кезекті  Жолдауында адами капиталдың сапалы өсуі жайына тоқталды. Соңғы онжылдықтың  ішінде Қазақстанда жүргізіліп отырған денсаулық сақтау саласындағы саясат экономикалық және саяси трансформациялардың салдары болды, сонымен бірге денсаулық сақтаудағы реформаларға көзқарас бірнеше  рет түбегейлі өзгерді. Қазіргі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі оның құрылымдарын  перспективалық мақсаттардың айқын көрінісіне, барлық секторлармен ықпалдастыруға негізделген  жаңа стратегияларды енгізе отырып, сондай-ақ дамудың қазіргі заманғы ғылыми, әлеуметтік және институционалдық технологияларды қолдану негізінде одан әрі жетілдіруді талап етеді. Одан әрі республиканың денсаулық сақтау жүйесін елдің көпсалалы экономикасының жүйелі жаңаруымен ықпалдастыру денсаулық сақтауды жетілдірудің негізін салушы қағидаттардың бірі  болуы тиіс.  Яғни, денсаулық сақтау мемлекеттің ұлттық экономикалық доктринасының бір бөлігіне айналуы тиіс.  Дамыған қоғамда денсаулық сақтау ісі және онымен байланысты фармацевтикалық индустрия, биотехнология, ақпараттық технологиялар, медициналық сервис, медициналық сақтандыру, әлеуметтік жұмыс, коммуникациялық-психологиялық қызмет сияқты салалар тұрақты экономикалық дамудың шекті өзара байланысты элементтері болып табылады.[1,4б].  2011-2013 жылдар аралығындағы кезеңде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыру көлемі 401,3-тен 440,3 млрд. теңгеге дейін көбейген. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексін  іске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі әзірленді және бекітілді, бұл денсаулық сақтау ұйымдары желісін реттеуге, көпбейінді ауруханалар желісін құруға мүмкіндік береді. Одан басқа, медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне ауыстыру басқару, қаржыландыру жүйесін, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатты жетілдіруге, медициналық ұйымдардың қызметтерінің экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кадрмен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.   Жоғары технологиялық қызметтер секторын дамыту жалғасуда. Қазіргі уақытта «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ құрамына жоғары технологиялық көмек көрсететін 5 республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық  диагностикалық орталық, Нейрохирургия ғылыми орталығы, Кардиохирургия республикалық ғылыми орталығы, Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ медицина университеті кіреді.  Дегенмен, денсаулық сақтау саласы, әсіресе алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуда  қосымша салымдарды қажет етеді. Қазақстан халқының 45%-ы  ауыл адамдарының құрайтындығына қарамастан, қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге, атап айтқанда Алматы және Астана қалаларына шоғырланған және бұл әртүрлі өңірлердегі пациенттердің сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін қиындатады. Сондай-ақ, өңірлер бойынша ресурстарды әркелкі бөлу әлі де байқалады, осылайша 2011 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік кеңейту мен дәрілік заттарды сатып алуға 46,5 млрд бөлінді. Қазіргі таңда медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жеткіліксіз деңгейге байланысты мәселе күйінде қалып отыр. Денсаулық сақтау саласындағы «Саламатты Қазақстан-2015» бағдарламасының арқасында  денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 552 160,4 млн. теңге, оның   ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 528 061,6 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражатынан 3 098,8 млн. теңгені құрайды. Медициналық ЖОО-ға қабылдаудың 9,5%-ға өсуі есебінен жоғары білімі бар медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына, оқу бітірушілер санының ұлғаюына қарамастан салада, әсіресе ауылды жерлерде кадрлардың тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрігер кадрларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші  қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем. Салаға жас мамандардың көп келуіне қарамастан, кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады, олардың үлесі жеткіліксіз және дәрігер кадлардың жалпы санының 4%-ын құрайды. Бізде денсаулық сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ – медицинадағы сақтандыруда. Әр тұлғаға сол адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады. Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ.

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» жолдауы
  2. Қазақстан  Республикасы Президенті Жолдауы 2012ж.
  3. Қазақстан Республикасының Cтатистика агенттігі
  4. www.google.kz
  5. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы 2011-2015жж.

 

 

Ғылыми жетекші – аға оқытушы МВ I 

Игильманова.С.И.


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласы: қазіргі жағдайы мен перспективасы