Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

diplomnaya.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Кіріспе

 

 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. 

Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi, монетарлық саясаттың жетіспеушіліктерінің бар болуы.

Қазақстандағы банктік жүйенің дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру болып табылады.

Бүгінгі күнде банк жүйесі экономкада жаңа экономикалық қатынастарды ынталандырып және олардың қалыптасуына әсер ететін нарықтық өзгерістердің негізгі факторларының бірі болып табылады. Қазақстандық банк жүйесінің уақыттық санауындағы қысқа тарихына қарамастан, оның сапалық деңгейі мен даму беталысы мәселелерді шешу жағдайларында оңтайлы болашағы мен әрі қарай жетілу мүмкіндіктері жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Себебі банк жүйесі жаңа экономикалық  қатынастардың қалыптасуы жағдайында ең сезімтал буындарының бірі болып табылады. Қазақстаннның банк жүйесін қалыптастыру кезінде қателер мен жаңылыстар жасалды, олар оның бүкіл даму үрдісіне теріс әсерін тигізді.

Ірі банктердің банкроттығы , көптеген банктердің төмен қаржылық потенциалы, қайтарылмаған несиелер мәселесі және қысқа мерзімде шешуді қажет ететін көптеген басқа да мәселелері. Мұнда қазіргі кезде стратегиялық қағидалар мен технологияларға негізделген басқару сапасы  туралы сөз қозғау керек. Банк жүйесінің жалпы құрылымында стратегиялық басқарудың орны мен ролін нақты анықтау қажет. Себебі, қазіргі заманда нарықтық қатынастарға бағытталған іс-әрекеттер серіктес іскерлік қатынастарды сәтті реттеудің «визиттік карточкасы» болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуын сипаттап оның экономикалық жүйені жетілдірудегі орнын белгілеу.

Шетелде банктік қызметтің тәжірибесі Қазақстанда жәнен ТМД-ның басқа елдерінде қалыптасып отырған жаңа шаруашылық жүйелердің үшін үлкен қызығушылықты көрсетеді. Жоғары монополиялы әкімшілдік-басқарушылық мемлекеттік банктік құрылымнан коммерциялық сәттілікке, пайда алуға бағытталған несиелік бөлімшелердің жүйесі жеке ұжымдық меншікке негізделген қарқынды, икемді құрылымына өту жүргізіліп жатыр. Капиталдық нарықта тиімді жұмыс істейтін механизмін, коммерциялық құрылымда қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, несиелік жүйенің институционалдық құрылымының оптималды формаларын іздестіру жүргізіліп жатыр.

Тұрақты, икемді және тиімді банктік инфрақұрылымды құру – Қазақстанда экономикалық реформалаудың маңызды тапсырмаларының бірі. Тапсырманың қиындатылуының негізгі себебі мынада: «акционерлік қоғам» статусын бере отырып, банктің атын өзгерту арқылы жаңа несиелік институттардың құрылуы туралы жариялау жеткіліксіз. Банктік сектордың ішіндегі қатынастардың секторындағы. Бантік жүйе неғұрлым икемді және экономиканың индикаторлық ролін атқаратын сектор болуы керек.

Банктік реттеудің әлемдік тәжірибесін анықтау, республикада неғұрлым тиімді, өткізілімді классикалық инструменттері оқып-үйрену мен таңдау қазргі уақытта неғұрлым өзекті мәселе болып табылады. Республикада банктік жүйенің теориялары мен тәжірибесін толығымен жасалған кезде жүйелік тәсіл жеткіліксіз қолданылады, талдау көрсеткіштер жүйесі негізінде жүргізілмейді, негізінен депозиттердің, несиелер, бағалы қағаздар, кірістер мен шығыстар өсуінің динамикасын, баланстағы нақты өзгерістерді ғана көрсетіп қояды. Сондықтанда банктік жүйе дамуы нәтижелерін тиімділігін жан-жақты бейнелейтін банктік жүйенің қызмет етуіне жүйелік тәсілді құру қажет.

Барлық қазақстандық экономика дамуының приоритетті бағыттарының бірі ретінде банктік сектордың жетілдіруін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық Банк қойылған тапсырмаларды шешу кезінде заң шығару билігі, банктік және барлық іскерлік ынтымақтастық жағынан қолдауды есептеп отыр.  Банктік қызметті, банктік бақылау мен ішкі аудитты реттеу жүйесін жетілдірудің негізгі принцинтері олардың әдіснамалары мен ұйымдастыруларына халықаралық мойындалған тәсілдерді толық көлемде енгізу болып табылады.

Бұл қазіргі қызмет етіп отырған заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді, сонымен қатар оны қолдану тәжірибесін жақсартуды қажет етеді. Банктік қадағалау сұрақтарымен қатар банктік істегі құқықтық тәртіпті нығайту тапсырмалары валюталық операцияларға бақылау, банктік сферада салықтық және монополияға қарсы заңданамаларды сақтау, заңсыз жолмен алынған табыстарды аударып жіберумен күрес сияқты мәселелермен байланысты. Осы бағыттар бойынша заңданамалық және құқық қолданушылық тәжірибені жетілдіру сондай-ақ шетелдік тәжірибені қолданумен жүргізілу керек.

Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуын мен жағдайын қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттеріне келесілер жатады:

- Қазақстанда банк ісі  мен жүйесінің дамуын қарастыру;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мақсатын мен міндеттерін, қызметінің бағыттарын, меншікті қаражаттарын мен пайдасын қарастыру;

- коммерциялық банктердің қызметіне экономикалық талдау және қадағалау нәтижелерін сипаттау;

- Ұлттық банктің ақша-несие саясатының  бағыттарын зерттеу;

- банк жүйесінің тәуекелдерін бағалау;

- екінші деңгейлі банктердің қызметін реттеу мен қадағалау жағдайын талдау.

- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемаларын қарастыру;

- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі перспективаларын ашу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері

 

1.1 Қазақстандағы банктік  жүйесінің сипаты мен ерекшелігі

 

        Кез келген мемлекеттің  экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің  дамуының  негізі – банк жүйесінің  қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде [1, 89б].

        Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық  тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың  өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

Банктің  мазмұны мен атқарылымы оның  экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің  маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:

       - өндірістің  үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;

        - ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.        

 Банк -өзінің  жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.

Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.        

 Банктердің  ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның  үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің  процессін жеделдетеді.        

 Банк ісінің  ерте сатысының  өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің  ақша белгісін, екінші елдің  валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері  банктің  ісінің  техологиясы айтарлықтай өзгерген.         

 Қазігі кезеңде нарықтық  типпен дамыған едердің  барығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.        

 Қазақстан Республикасында  «Қазақстан Респубикасы банктер  жәе банк қызметі туралы» республика  Президентінің  1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның  екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің  Ұлттық банкі, ал басқа бактердің  барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.        

 Банк және тауарлы, ақшалай  қарым қатынастардың  даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің  орталығы барлық эконмиканың  негізгі түйіні болып табылады [2, 71б].

        Банктер   несие    жүйесiнiң    негiзгi буыны.   Себебi    банк   мемлекетпен

кәсiпорындардың . Акционерлiк Қоғамның  және шаруашылық субъектiлердiң халықтың  бос ақшасын шоғырландырып iс жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жәргiзедi.

      Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің  қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың  қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.

       Кейбір ғалымдардың  пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің  мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның  жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың  еңбектерінде банк тауар шаруашылығының  ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының  ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының  дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

         XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,              Нюркбергте саудагер клиентте арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің  клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалан ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздеінің  ос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияарға ссудаға берді.

       Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің  қажеттілігінен пайда болғанын айтады /3/.

Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің  пайда болуының  екі мың  жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады [3, 40б].

        Банк италян сөзiнен Bank – орындық мағынада «Айырбас орындағы-Айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың  жекелеген тұлғалардың  әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың  біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың  сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының  өкілдері саудагерлердің  ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің  ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің  ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге айналды,

       Банк ұғымы айырбастаушылардың  және олардың  айырбас орындарының  болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің  Италияда пайда болу себебі, оның  сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің  ақшалары мен тауарларының  сол елге қарай ағылып, банкирлердің  сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың  пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің  сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің  тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.

         Тарихшылардың  пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.

        Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары елгілі гректің  шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің  салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның  бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері