Қазақстандағы акционерлік компаниялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 07:51, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3

1.ШаруашылыҚ жҮргізудіҢ акционерлік формасыныҢ теорИЯлыҚ негіздері
Акционерлік компаниялардың пайда болу тарихы және олардың дамуы……………………………………..…………………… 6
Акционерлік қоғамдардың мәні мен мазмұны.………….. 11

2. қазақстан республикасындағы АҚ- НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ (АҚ системотехника мысалында талдау)
2.1 Акционерлік қоғамдардың экономикалық тиімділігі және олардың дамуы ………………………………………………………….19
Акционерлік қоғамның анализі мен талдауы.................20

ҚазаҚстан Республикасында акционерлік ҚоҒамдардыҢ Қалыптасу мен даму ерекшеліктері
3.1 Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың жағдайы мен қызмет ету шарттарын талдау………………………………..………..24

Қорытынды………………………………………………..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………30

Вложенные файлы: 1 файл

kurs_29.doc

— 169.00 Кб (Скачать файл)

Акционерлік формаға капитализмнің бүтіндей дамуының жалпы заңдылықтары тән. Бұл экономикалық құрылымның үстем етуші типі құндық қатынастар, ал оның дамуының қозғаушы күші - құнның өзінен-өзі өсуі болып табылады. Акционерлік капитал, яғни құн өсуінің үзіліссіз процесі акционерлік меншіктің бар болуының экономикалық негізі.

Индивидуалды меншіктен  айырмашылығы акционерлік капиталдың субъектісі болып біріккен, ассоциацияланған капиталист болып табылады. Капиталистердің  алдында индивидуалды ұдайы өндіріс  субъектісі ретінде біріккен өндірісті ұйымдастыру үшін индивидуалды капиталдарын біріктіру қажеттілігі туады. Осыған байланысты, біріншіден, жеке капиталистердің ассоциацияға, бірлестіктерге бірігуі орын алады. Осылайша, индивидуалды капиталист коллективтіге ауысады. Бірақ, бұл жеке кәсіпкерлердің жай ғана бірігуі  емес, ол индивидуалды меншікпен салыстырғанда жаңа, ерекше сапаға ие ассоциация болып табылады.

Акционерлік капиталдың кең  таралуы жағдайында байлықтың негізгі  формасы ретінде тауар емес, енді акция болады. Ол кәсіпорынның ортақ қорына салынған капитал бөлігін куәландырумен қатар, акционерлердің жалпы жиналысында сайлау құқығын береді, сондай-ақ, қосымша құнды иемденудің ерекше формасын дамытушы негіз болып табылады.

Акция қозғалысы акционерлік  капитал өзгерісімен қатар, акционерлік меншік өзгерісін көрсетеді. Сонымен бірге акция олардың дамуындағы неғұрлым қарапайым қатынас болып табылады. Капитал орталықтануы, қор биржасы, құрылтайшы пайдасы, дивиденд және т.б. құбылыстар акциядан туындайды. Осыған байланысты олардағы қайшылықтар да өз негізінде акцияға сіңген акционерлік қоғамдағы өндіріс пен оның нәтижесін иемдену арасындағы қарапайым, абстрактілі болады [9,7-8 б.].

Карл Маркс акционерлік  қоғамды ассоциацияланған өндіріске  өту  формасы ретінде қарастырады. Ол капиталистік несие мәселесін  қарастыра отырып, акционерлік қоғам - капиталистік өндірістің жоғарғы дамуының нәтижесі, капиталды өндірушілер меншігіне қайтадан айналдырудың қажетті, өтпелі пункті деп айтқан. Яғни, жеке индивидуалды капиталистік меншіктен жеке капиталистік меншікке; индивидуалды капиталистен "ассоциацияланған", жинақталған, коллективті капиталистке өту. Бірақ соған қарамастан капиталистік өндіріс, "Капитал" авторы бойынша, жеке капиталистің орнына "ассоциацияланған" капиталист келсе де, жеке меншік өндіріс болып қалады.

Жалпы, акционерлік меншіктің  өзі социалистік те, капиталистік те меншік болып табылмайды, оның мазмұны  оның қызмет нәтижесін кімнің қалай  иеленетінінен тәуелді.

Акционерлік меншік өте икемді болып табылады. Ресми түрде бұл  қоғамдық меншік, бірақ оны көп емес акционерлер иемденіп, өздерінің жеке мүдделеріне қолданады. Ал басқа жағдайларда акционерлік меншік сипаты бойынша қоғамдық және де-факто болады [4, б.].

Акционерлендірудің дамуы  капитализмнің бірқатар қайшылықтарын  шешуге, оның жаңа жағдайларға бейімделуіне жағдай жасайды. Корпорация деңгейінде қолданылатын капитал өлшемдері өседі. Оның құрамына бірнеше үлкен кәсіпорындар кіреді, нәтижесінде олардың арасындағы байланыс нығайады. Кәсіпорындардың бүтін комплексі құрылып, соның шегінде бір салаға бағытталу жойылады. Акционерлік форма арқылы өдірістік корпорацияның қаржы институттарымен, өндірістік емес сала мекемелерімен, мемлекеттік сектормен, шетелдік инвесторлармен  байланысы жеңілдетіледі. Капитал мен меншік арасындағы қарама-қайшылық олардың бір-біріне қатысты қозғалысында ерекше дамуға ие болады. Басқару субъектісі өзгеріске ұшырайды: жеке капиталистердің орнын жоғары басқарушылар тобы, банк қызметкелері, қор рыногының және басқа мекемелердің әкімшіліктері басады.

Акционерлік компаниядағы капитал концентрациясының ерекшелігіне оның кәсіпорын концентрациясынан  жоғары болуын айтуға болады. Акционерлік  қоғам еншілес компания ретіндегі  өзінің тәуелсіз фирмалар жиынтығын  біріктіреді, өндірісті кеңейту  үшін қаржы ресурстары тек қана қосымша құнды капитализациялау негізінде тартылады. Бұл жерде басқалардың капиталдарын аккумуляциялау жолы арқылы тартылатын қарыз қаражаттарының рөлі өседі. Осы мақсатта, сондай-ақ, бағалы қағаздарды сату арқылы жинақталған халық жинағының бір бөлігі де қолданылады.

Акционерлік фирмадағы концентрация ерекшелігіне, сондай-ақ оның толық  мамандану саласында ғана жүзеге аспауын жатқызуға болады. Бұл  жағдайда капитал концентрациясы өндірістің комбинациялануы мен диверсификациясы негізінде қозғалысқа келеді. Акционерлік  компания олардың берік қаржылық бірігуіне және өндіріс жоспарындағы бөлімшелерге салыстырмалы еркіндік бере отырып, бұл процесс үшін анағұрлым адекваттық болып табылады. Әдетте компаниялар коммбинацияланған өндірісті дамытуға тырысады, өйткені ол компаниялардың бәсеке күресіндегі тұрақтылығын нығайтады [9,9-10 б.].

Акционерлік қоғамдардың  құрылуында нақты капитал қозғалысы  мен меншік өзгерісі арасындағы байланыс бола береді. Дегенмен, ол тікелей емес (опосредованно), яғни қор рыногының дамуы мен корпорацияны бақылау арқылы байланысады. Екі жағдайда да қозғалыс нақты капиталдың дамуынан өзгеше негізгі заңдылықтары бойынша жүзеге асады. Енді барлық акционерлер компания бақылауының субъектісі болып табылмайды. Олардың көбі кейде тіптен нақты капитал қозғалысына араласпайды немесе бұл процестегі рөлі өте аз. Мұндай инвесторларды, әдетте, бағалы қағаздар бағамының қозғалысы ғана қызықтырады, сондықтан да олар корпорация ісіне көп араласа бермейді. Олар корпорация дамуына жанама түрде – қор рыногына акция лақтыру арқылы ықпал жасайды. 
   Қазіргі буржуазиялық  экономикалық ғылым "қазіргі экономиканың  қызмет етуінің ағымдағы жағдайы мен бағыттарына акционерлік қатынастардың дамуы өзінің оң әсерін қалдыруы тиіс" дейтін екі негізгі бағытты бөліп қарастырады: ол, біріншіден, "уақытша" бос ақша қаражаттарын өндіріс айналымына тарту. Екіншіден, еңбеккерлерді қожайындық сезімге  тәрбиелеу, әртүрлі экономикалық қызығушылықтарды үйлестіру, басқаруды  демократизациялау, еңбек коллективтерінің және әрбір жұмысшының  ынта-жігерін дамыту.

Жұмысшыны кәсіпорын басқарушысына айналдыру идеясы түбірімен утопиялық социализм мен буржуазиялық  реформаторлықтың теориялық ізденістеріне жатады, сонымен қатар, капитализмнің  қалыптасу және даму тарихында әртүрлі формада қарастырылады. Қазіргі күні капитал шоғырлану деңгейі мен меншік қатынастырының күрделенуіне байланысты назар, көбінесе, осы идеяның басқа аспектілеріне  ауысып отыр. АҚШ-та капиталдың монополистердің қолында  шоғырлану  қаупінен сақтану үшін акцияны жалдамалы жұмысшыларға беру арқылы капиталдың таратылып беру концепциясы пайда болады. Бұл концепцияны көтерген "ESOP" бағдарламасының инициаторы Л. Келсон болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде еңбеккерлердің акционерлік меншігінің пайда болуының екі негізгі формасы бар. Олардың екеуіне де  мемлекеттік көмек, әртүрлі  салықтық жеңілдіктер және басқадай да артықшылықтардың түрлері тән.

а) Батыс Европада кәсіпорын акцияларын  жеңілдікпен  сату көбірек  тараған. Жеңілдіктердің түрлеріне мұнда: сатып алу кезінде  ерекше құқыққа ие болу, бағаны төмендету, несие алу және тағы басқадай түрлерді жатқызуға болады. Бұл процесс, ең біріншіден Англия мен Францияда болған мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жағдайында орын алған. Сонымен қатар, өкіметтің жеңілдік шараларына байланыссыз, яғни жұмысшылардың өз кәсіпорынының меншігін сатып алуы. Бұл жағдай, көбінесе, кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауы немесе меншік иесінің ауысу қаупі болған кезде жұмыс орнын сақтап қалу мақсатында жүзеге асырылған. Бұрындары жұмысшының меншігіне көшкен кәсіпорын кооператив формасында болған. Қазір олар акционерлік қоғам формасында, өйткені, акционерлік форма капитал нарығында операцияларды жүргізуге жақсы бейімделеді және шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Еңбеккерлердің  акционерлік меншіктерінің пайда  болуының басқа да формасы бар. Ол ең алғаш рет Америкада пайда болып, соңғы 15-20 жылда кеңінен қолданылуда.

б) Еңбеккерлердің акционерлік меншік бағдарламасы ”ESOP”. Шын мәнінде, бұл форма кәсіпорын акциясын жеңілдікпен сатып алу формаларының бірі болып табылады. Оған банктік несиені немесе жұмыс берушілер субсидиясын қолдана отырып, жұмысшыларға акция сатып беретін мүлік басқарушы ұйымды құру сипаты тән болып табылады. Жеңілдік пайызы бар несиені банк береді де, оны мүлікті басқарушы ұйым акцияны сатудан түскен түсімдер (комиссионный) арқылы жабады. Ал акциялар заңды түрде жұмысшы меншігінде қалады. Бірақ бұл жағдайда жұмысшы кәсіпорыннан шығады да, акцияның ақша эквиваленті мен одан түсетін пайызды иеленіп отырады. ESOP конструкциясының қызмет ету шарты мен бір мезгілде басты тарту күшіне жұмыс берушілерге, банктық несие берушілерге, және акцияның меншік иелері –еңбеккерлерге берілетін салық және басқа да жеңілдіктер формасындағы  мемлекет тарапынан болатын айтарлықтай елеулі көмек болып табылады [10, б.].

Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жағдай шаруашылық субъектілер арасындағы байланыс дағдарысынан көрінеді. Бұл дағдарыстың не бұрынғы орталықтанған қамтамасыз ету жүйесін бартерлік баланстармен ауыстыру жолымен, не жабдықтау мен тұтынушы арасындағы қатынастарды әкімшілік реттеу арқылы алдын алу мүмкін емес. Бұл қалыптасқан жағдайда экономикадағы шаруашылық субъектілерінің экономикалық мүдделерімен, ынталарымен кепілденетін тұрақтылық, сенімділік және тиімділік сияқты байланыстың формаларын тудыру қажет. Айналыс саласындағы құлдырау жағдайында бұл мәселені бір ғана жолмен шешуге болады: сатушы мен сатып алушының меншік иесі мүдделерін компенсациялау арқылы, яғни шаруашылық субъектілердің бір-бірінің кәсіпорындарының меншік иесі болуына мүмкіндік бере отырып, шаруашылық субъектілердің үзілейін деп тұрған байланысын қайта қосу. Экономикада қол жеткен ірі машина өндірісінің концентрациясы мен орталықтануының жағдайында бұл нәтиже шындыққа тек мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік  қоғамға айналдырумен қатар олардың бір-біріне акция алмасу жүйесін дамыту жағдайында айналатыны белгілі.

Қазіргі қоғамдық еңбек бөлінісінің даму деңгейі, шаруашылық қызмет түрлерінің дифференциациялану деңгейі мен шаруашылық қызмет формалары  экономиканың тиімді қызмет етуі үшін коммерциялық қана емес тұрақты байланыстар үшін де өте қажет. Бұдан шығатыны бұл байланыстарды рыноктық байланыстардың неғұрлым дамыған формаларымен,  әсіресе, акционерлік байланыстармен толықтыру керек.

Меншіктің акционерлік  формасын енгізу мемлекеттің қаржылық шығындарын, эмиссия көлемін біршама азайтатындықтан, инфляцияның өсу қарқынын төмендету, сондай-ақ халықтың ақша қаражаттарының экономиканың тұтыну секторынан өндіріске ауысуына жағдай жасайды.

Меншіктің акционерлік  формасын енгізу арқылы экономикалық тиімділік өседі деп есептеуге болады. Өйткені, акционерленген кәсіпорындар айтарлықай тәуелсіздікке, ал оның жұмысшылары акционерлер бола отырып, оның қызметін жақсартуға үлкен қызығушылық танытады.

 

 

2. АҚ-ның экономикалық тиiмдiлiгi.

(АҚ Системотехника мысалында талдау )

 

2.1 Акционерлiк қоғамдардың экономикалық тиiмдiлiгi және олардың дамуы

Өндіріс үрдісінде  еңбек құралдарымен қатар өндірістің қорлары еңбек заттары ретінде  қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы өндіріс үрдісінде бір-ақ рет  қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалдық қорлардың алатын орны өте зор. Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар.

Тауарлы-материалдық  қорлар баланста материалдар, дайын  өнімдер, тауарлар және аяқталмаған  өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынандый активтер жатады: шикізаттар, негізгі материалдар мен көмекші  материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастырушы бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі және қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр-түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады.

Шикізаттар  деп – бұрын азды көпті еңбек  сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері (руда, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқалар) жатады. Негізгі материалдардың қатарына өңдеуші өнеркәсіп өнімдері (мата, ұн, кірпіш тағы да басқалары) жатады. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды. Өндірістік процестің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуге қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған шаруашылық субъектісі оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған шаруашылық субъектісінің өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептелінеді. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға  – әр-түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатқызылады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі олар өнімнің материалдық негізін құрамайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланады. Олар өндіріс процесінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін және тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады. Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторларына тәуелді болып келеді.

Материалдық құндылықтар ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрастырушы бұйымдар және тағы да басқалар есептелінеді.

Информация о работе Қазақстандағы акционерлік компаниялар