ҚҚС экономикалық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 15:05, реферат

Краткое описание

Қосылған құн салығы – жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде Қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін Қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, т.б. өнімдер үшін төленген Қосылған құн салығының айырмасы негізінде есептеледі, яғни салық төлеушілер Қосылған құн салығын тауарларды өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге) жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып есептейді

Вложенные файлы: 1 файл

Қосылған құн салығының экономикалық мәні.docx

— 26.85 Кб (Скачать файл)

1) шоу-бизнес саласындағы  қызметтердi қоспағанда, театр-концерт қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi;

2) мектепке дейiнгi тәрбиелеу  мен оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу  орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм  беру; қайта даярлау және бiлiктiлiгiн  арттыру салаларында қызметтiң  осы түрлерiн жүргiзуге құқық  беретiн тиiстi лицензиялар бойынша  жүзеге асырылатын бiлiм беру;

3) мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына;

4) кiтапхана қызметiн көрсету жөнiндегi;

5) тарихи және мәдени  мұраны, мұрағаттық құндылықтарды  сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.

 

8. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер

1. Медициналық және мал  дәрiгерлiк қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша айналымдар:

1) кез келген нысандағы  дәрi-дәрмектiк заттарды, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;

2) медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдарды, оның iшiнде протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;

 

3) косметологиялық қызметтi  қоспағанда, медициналық (мал дәрiгерлiк) қызмет көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.


Информация о работе ҚҚС экономикалық маңызы