Аймақтық экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 18:11, реферат

Краткое описание

Аймақ экономикасын стратегиялық басқару тиімділігін қамтамасыз ету - атқтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік нарықтык реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Аймақтық проблемалардың ерекшелігі - оларды шешу ушін әр түрлі -деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байланысты аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:

Вложенные файлы: 1 файл

срм.docx

— 23.31 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

МӨЖ

 

Тақырыбы: АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Талғарқызы А. / МПЭ-301

                                    Тексерген: Қуантқан Б. Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей-2014

АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ  

 

Аймақ экономикасын стратегиялық басқару тиімділігін қамтамасыз ету - атқтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік нарықтык реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Аймақтық проблемалардың ерекшелігі - оларды шешу ушін әр түрлі -деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байланысты аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:

біріншісі - макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;

екіншісі - мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент мехаханизмін калыптастыру;

үшіншісі - жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.

Аймақ экономикасын стратегиялық басқару механизмін бүлай шектеу, әрине, өзін-өзі ақтайды. Өйткені аймақ экономикасын басқару механизмінің негізінде барлық аумақтарға өмір сүру мен еңбек етудің тең жағдайларына жету үшін тең мүмкіндіктер беру және әрі қарай олардың әлеуметгік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру жатса, ал аймақтық менеджмент пен  жергілікті өзін- басқару механизмі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз мен бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін аймақтың   ішкі    әлеуетін   және   тартылған   сыртқы   ресурстарды пайдалануға бағытталады.

Жалпы алғанда осы жасақталған құжаттар негізінен жекелеген аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі ауытқуларды қысқартуға, сонымен қатар өнеркәсіптік өндірісті қайта құруға, оны әр тараптандыруға, ауыл шаруашылығын көтеруге, ауылдық аудандардың дамуына ықпал етуге, жұмыссыздыққа қарсы күреске және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына көмек көрсетуге, дағдарысты аймақтар мен экологиялық қолайсыз аймақтарды қолдауға бағытталған макродеңгейде аймақ дамуын басқару механизмін калыптастырудың негізгі тәсілдерін анықтайды. Дегенмен, осы уақытка дейін бұл механизм жан-жақты жасақталды деуге болмайды. Сондықтан да оның міндеттерін, әрекет ету бағыттары мен жекелеген құралдарын нақтылау қажет.

Нарықтық реформалардың жүргізілуі мен аймақтар арасындағы сараланудың күшеюі олардың біразы ғана өзінше экономикалық өсу мен дамуға қабілетті екендігін көрсетгі, соған орай аймақты басқару механизмі мемлекетгің, аймактардың, әр түрлі меншік субъектілері мен барлық халықтың мүдделерін ұштастыра отырып, барлық аймақтардың проблемаларын шешуге бағытталуы тиіс.

Сонымен, аймак дамуын басқару механизмінің әрекет етуінің негізгі міндетіне кіретіндер:

- Қазақстан Республикасынын, экономикалық, әлеуметтік, 
шаруашылық-құкықгык кеңістігініңт ұтастығын сақтау;

- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық  теңсіздігін кысқарту және біртіндеп жою;

- аймақтардың  әлеуметгік-экономикалық дамуын  ғылыми-техникалық прогрестін, қазіргі талаптарына сәйкестендіру;

- барлық аймақтарда  табиғатты ұтымды пайдалану мен 
адамдардың өмір сүру ортасын сақтауды қамтамасыз ету;

- мемлекеттің  унитарлық кұрылымымен анықтапған  өкілеттіліктер шегінде аймақтардың дербестігін қамтамасыз ету.

Түптеп келгенде, аймақты басқарудың бүкіл механизмі барлық аймақтардың күшін бірктіре отырып, елдің тұрақты экономикалық дамуы негізінде республика халқының әл-ауқатын көтеруге бағытталғаны жөн. Демек, бұл механизм тұратын аумағына байланыссыз өмір сүрудің белгілі бір сапасына кепілдік беретін теңдестірілген аймақтық дамуды қамтамасыз етуі тиіс, ягни, халық табысындағы, жұмыссыздық деңгейіндегі, әлеуметтік инфрақұрьілымдағы, көлік желісіндегі, қоршаған ортаның жағдайындағы және т.б. аймақаралық айырмашылықтарды теңестіруді көздеуі қажет.

Бірінші және негізгі шарт - Қазақстан Республикасының аймақтары өздерінің табиғи, экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік әлеуеті жағынан әр түрлі болғандықтан, орталық тарапынан аймақтарды басқаруға сараланған көзқарас қажет.

Екінші шарт - қатынасқа түсуші субъектілердің арасындағы экономикалық өкілеттіліктерді айқын бөлу, бүл, ең алдымен, орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктер, салықтық міндеттемелер және әлеумеггік мәселелер аясындагы құзыреттерін шектеуге қатысты.

Үшінші шарт - аймақтардың экономикалық еркіндігін кеңейту, бірақ, ол аймақтық саясаттың толықтай ырықтандырылу нысанына енбеу керек.

Бұл қарастырылған шарттардың жүзеге асырылуы бірқатар басымдықты шараларды іске асыру жолымен мүмкін болмақ. Олардың катарына келесілерді жатқызуға болады:

1. Бір жағынан, бюджеттік қарым-қатынастарды әрбір  аймақ бойынша сараланған салықтың негізгі түрлері бойынша аударымдардың орта мерзімді тұрақты норма-тивтер қағидасына көшіруге, екінші жағынан, бюджеттік жоспарлаудын, мерзімін ұзарта отырып, жетілдіруге бағытталған орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру;

2.    Аймақтың   жалпы республикалық   еңбек   белінісіндегі 
орнын ескеру, орталықттандырылған қаржы-қаражатты жергілікті халыктың жұмысбастылығын және аймактық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін  арттыру     мақсатында аймақ шаруашылықтарын қайта құруға бағыттау сияқгы негізгі қағидаларға сүйене отырьш, аймақтарға экономикалық көмек көрсету;

3.         Әлеуметгік бағдарламалардың белгілі бір бөлігін орталық атқарушы органдардан жергілікті басқару органдарына беруде қаржыландырудын, бұрынғы көлемін сақтау;

4.    Алдағы жылдың бюджетін жасақтауға барлық аймақ өкілдерінің міндетті түрде қатысуы.

Макродеңгейде аймақтық басқару механизмінің құралы ретінде:  экономикалык, каржылық әдістер, инфрақұрылымды ұсыну және қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың көпшілік елдері қолданьш журген (1-тарауда қарастырылған) аймақтардың дамуын ынталандырудың «жұмсақ» шаралары ұсынылады. Қазақстан Республикасында аймақгық дамуды басқарудық қаржылық әдістері көбірек қолданысқа түседі, атап айтқанда, бюджетке демеуқаржы (дотациялар), жаңа жұмыс орындарын кұруға субсидиялар, жеке компаниялардың дамыған немесе дағдарысты аймактарға инвестиция салуын ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктер беру. Сонымен бірге қаржылық әдістерді қолдану жеткілікті негіздеусіз жүргізілш, бірқатар аймақтар тарапынан «масылдық пиғылдың» тууына жэне олардың дамуын тежеуге алып келеді, сондай-ақ, донор-аймакгардан алынатын қаржьь ның шамадан артуы, олардың өсуге деген ынтасын төмендетеді және тиімсіз жағдайға қояды, халықтың өмір сүру денгейін арттыру мүмкіндікгерін қысқартады.

Аймақтық стратегиялық дамуды орталықтан басқарудын басқа нысандары, атап айтсақ, нарықтық инфрақұрылымның түрлі элементтерін ұсыну; ақпараттық желілердің, консалтингілік қызметгің дамуына, белгілі бір аймақтың аумағында бизнесті жүргізу:

- мемлекет пен  оның жекелеген аймақтарының  мүдделерін үйлестіру арқылы  біртүтас ұлттық экономиканың  қызмет етуін   қамтамасыз   етуге   бейімді   әрекетті   әлеуметтік- экономикалық механизмді құру;

- меншіктің тұрлі  нысандарын тең негізде дамыта  отырып, көпукладты экономиканы, әлеуметгік және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.

Аймақтар стратегиялық дамуын басқару бағдарламасы тиімді жүзеге асуы үшін ол әрине, ресурстар көлемімен сәйкес келуі, әрбір нақты жағдайға сай реттеуші шараларының баламалары болуы, көзделген іс-әрекеттің орындалуын бақылауы тиіс. Осыған орай аймақтар дамуын басқару жүйесі қалыптастыру «жинағынан», ресурстар «жинағынан», жүзеге асыру «жинағынан» және бақылау «жинағынан» кұралуы қажет. Оны аймақтық басқарудың сызба үлгісі арқылы бейнелеп көрсетейік.

Аймақтар стратегиялық дамуын басқарудың қалыптастырушы «жинақ» элементгері біріге келіп мүмкіндіктің өзін, сонымен қатар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің мүмкін болатын нысандары мен әдістерін, бағыттары мен объектілерін заңды арнаға түсіруі тиіс. Мұңдай элементтер қатарына, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Конституциясы, билік деңгейлері мен тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлуді анықтайтын Заңдар, азаматтардың әлеуметтік кұқықтары мен соған сәйкес нормативтер (мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері), бюджеттік үрдіс пен салық жүйесі, меншік қатынастары мен олардың аймақ деңгейлері бойынша бөлінуі және т.б. жатады. Осыларға байланысты бұл «жинақтың» маңызды элементі мемлекет пен оның жекелеген аймақтарының мүдделерін үйлестіру болып табылады.

Аймақтар стратегиялық дамуын мемлекетгік басқарудың ресурстық «жинағы» көздеген міндеттерді шешу үшін бөлуге болатын мемлекеттің табиғи, қаржылық, материалдық ресурстарының бөлігін, сондай-ақ мемлекеттік емес ресурстарды (жеке тұлғалардыц қаржысы, сыртқы қарыздар және т.б.) құрауы тиіс. Ресурстармен қамтамасыз етудің басқа да бірнеше шарттары бар болғандығына қарамастан аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды шарты болып табылады.

Аймақтар стратегиялық дамуын басқарудың бақылаушы «жинағы» жүзеге асырылатын шаралардың (мейлі ол ауқымды мақсатты бағдарлама болсын, трансферт немесе қандай да бір жағдайға байланысты шешім болсын) барысын жан-жақтылы және үнемі қадағалауды білдіреді. Мұнда қабылданған шешімдерді және олардың орындалуын бақылау аса маңызды болып табылады.

Мемлекетгің аймақтық саясаты аймакаралық ерекшеліктерді жоюды, экономикалық қызметгі тең жағдайлармен қамтамасыз етуді, аймақтағы экономикалық өсуді ынталандыруды қамтиды. Нарықтык механизмдер аймақтық саясат тиімділігін, халықтың өмір сүру деңгейлеріндегі аймақтық ерекшеліктерді көбіне ескере бермейді. Осы кезге дейін қолданылған каржылық реттеу механизмдері мен әдістемелері аймақтық сараланудың азаюына жол бермей қойған жоқ, керісінше оның күшеюіне әсер етті. Ағымдағы жедел мәселелерді шешуде трансфертгер бөлуді қолдану өз кезегінде, экономикалык өсудің стратегиялык жоспарларын жүзеге асыру мен жергілікті бюджеттердін тапшылығын төмендетуге маңызды әсер етпеді. Соның өзінде стратегиялық мәселелерді дотация жэне мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру механизмдері арқылы шешуге талпыныс жасалынды.

Сонымен, аймақ экономикасын стратегиялық басқару аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жалпымемлекетгік мүдделерді жүзеге асырудың негізгі буыны болып табылады. Аймақтар дамуын басқарудың ұтымды жүйесін калыптастыру және оны жүзеге асырудың механизмдерін жасақтау түптеп келгенде тұрақты экономикалық өсудің кепілі бола алады деп қорытынды жасауға болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Г.С. Смағұлова. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Алматы : «Қазақ университеті», 2008- 110 б.

2.     Е.С. Мұхтар. Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару. // ҚазҰУ  Хабаршысы, экономика сериясы. №3 – 18-22 б.б

3.     Н. К. Мамыров., Ж. Ихданов. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. – Алматы: «Мектеп», 2001- C 206.

Қ.Р. Нұрғалиев. Қазақстан экономикасы. -Алматы: «Қазақ университеті»,

4.     министрлігінің 2009-2011 жылға арналған стратегиялық жоспары [Teкст] // Егемен Қазақстан. – 2009. - №81 – 83 б. – 7 – 12 б.

 


Информация о работе Аймақтық экономика