Үстірт, Алматы,Марқакөл,Наурызым қорықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:20, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1.ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫ
1.2.ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ
1.3.АЛМАТЫ ҚОРЫҒЫ
1.4.МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫ
1.5.НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

аза.docx

— 396.96 Кб (Скачать файл)

 

 

1.4.МАРҚАКӨЛ  ҚОРЫҒЫ

 

  Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері – марал, аю. 
Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді.

 

 

 

Марқакөл қорығының картасы

  Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі — 3304,5 метр (Ақсу-Бас тауы).

Марқакөл көлін осы  аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күршім тауымен, солтүстігінде  Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы мұнтаздай  таза және жұмсақ болғанымен балыққа  бай. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы  балық түрлерінің отаны деуге  әбден болады. Жартасты тауларда негізінен  жапырақты және шыршалы ағаштар  өседі. Көркем жартасты таулардың көп  бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық  дәрулік қасиеті бар шөпке  бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Фаунасы түрлі және мол. Ағаштар  арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт  шағалаларды және басқаларын көруге болады.

 

 

  • Күршім жотасының шығыс жағы

 

Марқакөл қорығы, Қара-Қоба өзені

Марқакөл

 

Марқакөл

 

 

 

 

1.5.НАУРЫЗЫМ  ҚОРЫҒЫ

 

           Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Нааурызым қарағайлы орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.

           Наурызым қорығы– Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек (көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

            Қорыта келгенде, қорықтар-шаруашылыққа пайдаланудан алынған, әр түрлі географиялық аймақтарда орналасқан, табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процестердің даму заңдылығы кеңінен зерттеледі. Жабайы жануарларға санақ жүргізу әдістері, орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістер, хайуанаттар қорының азайып-көбеюіне әсер ететін факторлар, сирек аңдар мен өсімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып, қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.

            Қорық территориясының климаты, топырағы, өсімдіктер дүниесі мен басқа да байлықтары көп жылдар бойы терең ғылыми зерттеуден өтеді, онымен көршілес шаруашылықта пайдаланылған территориялардағы өзгерістерді ескере отырып, табиғат байлықтарын шаруашылыққа пайдаланудың тиімді жолы анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары « Алматыкітап » 2006, Құрастырушы А.А. Иващенко;

2.Қазақстан қызыл кітабы беттерінен –Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары авторы биология ғылымдарының докторы, профессор А.Ф. Кошварь Алматы, ААҚ « Алматыкітап » 2004, 8-12 беттерінен;

3.Қазақстан қорықтары  « Алматы кітап » 1996;

4.Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас  редактор Ә. Нысанбаев – Алматы  “Қазақ энциклопедиясы” Бас  редакциясы, 1998

 


Информация о работе Үстірт, Алматы,Марқакөл,Наурызым қорықтары