Қоршаған орта жағдайы. Адамның тұрмыс салты мен денсаулығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 15:38, контрольная работа

Краткое описание

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор.

Содержание

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы
2. Адам экологиясы туралы түсінік
3. Адам денсаулығы және қоршаған орта
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

айко.doc

— 66.00 Кб (Скачать файл)

 

                           3. Адам денсаулығы және қоршаған орта

    
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті. 
                                Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері  зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

         Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.

1. Бұлшықет қимылдарының  белсенділігі. Адамның барлык тіршілік  әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар  жиынтығынан түрады. «Қозғалыс –  тіршілік тірегі» деген ұғымда  зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі  жұмыс істеу қабілетін арттырады,  түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Тынысалу мүшелерінің  жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін  шынықтырады, зат алмасудың қалыпты  жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт  пен дене шынықтыру жаттығулары  қозғалыс белсенділігін арттырады.

2. Еңбек пен демалысты  дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.

3. Дұрыс тамақтана  білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде  асқорыту мүшелерінің жұмысы  жақсарады. Адамның дұрыс өсіп  дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ – аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау – адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу – терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку – тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты – денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

Адам денсаулығының  басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден – адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден – адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден – жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді.

Дүниежүзілік денсаулық  ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды. 
 

 

                                                    ІІІ. Қорытынды.

   Адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Кез келген басқа тіршілік иелері сияқты қоршаған ортамен тұрақты өзара қарым-қатынаста болады. Адам ағзасы қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсерін қатты сезінеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің денсаулығымыз — қоршаған ортаның жағдайына тікелей тәуелді. Күннің сәулесі, құнарлы жер, ауа және таза су — бұл тіршілік атаулыға қажетті бірден-бір алғы шарт. Алайда, адамзат баласының жер бетінде үстемдік жүргізуі адамның табиғатпен үйлесімділігін бұзды. Сөйтіп, барлық тіршілік атаулыға, соның ішінде адам өмірі үшін де жарамсыз жағдайлар тудырды. Бұл жер бетіндегі бірден-бір ақыл иесі саналатын адамдардың  табиғат алдындағы жауапкершілік сезімінің төмендегенінің салдары. Жер-ананың тағдырына  жанашырлық жоқ, керісінше өктемдік күшті. Соңғы кездері ғалымдардың дабыл қағып жүргеніндей, қоршаған ортаны бүлдірудің асқынғаны сондай, оның енді адамдардың генетикалық құрылымына әсер ету қаупі бар. Қоршаған ортаның бүлінуі — табиғи апаттардан, атап айтқанда, жер сілкінісі, су тасқыны, тағы басқа осындай себептерден орын алса, оны табиғи деп, ал адамзат баласының іс-қимылы әрекеті барысында ластанса, оны антропогендік деп атайды. Соңғысының адамға, қоршаған ортаға және биосфераға әсері бөлекше. Олар ауада әртүрлі  күйде: қатты, бу, сұйық, газ түрінде кездеседі. Атмосфера мен биосфераға бірқатар белсенді әсер ететін химиялық қосылыстар да араласады. Қазіргі кезде өндіріс орындары атмосфераға өте көп мөлшерде шаң-тозаңдар мен әртүрлі зиянды қоспаларды шығарып жүр. Тек осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде әлем бойынша атмосфераға жылына 150 млн. тонна күкірт тотығы ұшып шығады екен. Осыларды ауаға жібермеу  мақсатында құрылған  қондырғылар соның 15 млн.тоннасын ғана тұтып,  одан күкірт қышқылын алады. Қоршаған ортаны қатты улайтын бұл газдың көпшілігі жылу электр станцияларынан және түсті металлургия өндірістерінен бөлінеді. Біздің елімізде де қоршаған ортаның ластану салдарынан жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, өкпе-тыныс жолдары  сырқаттары көбейіп отыр. Ас қорыту жүйесінің және әртүрлі аллергиялық аурулардың  көрсеткіштік деңгейінің өсуі де осының бір дәлелі. Экономиканы экологизациялау процесі ғана бұдан құтқарады. Елбасының әлдене рет атап көрсетіп жүргеніндей, қоршаған орта көздің қарашығындай сақталуы керек. Бұл ретте табысқа жетудің жолы — қоршаған ортаға жүктемені азайту болып табылады. Жаңа өндірістер ашу кезінде бұл мәселе қатаң ескерілуге тиіс. Экономикалық жағынан тиімсіз,  экологиялық жағынан залалды өндіріс орындары жабылуы немесе шектелуі қажет. Оларға құрылымдық қайта өзгерту жүргізуге,  жалпы айтқанда,  өндірісті қайта салаландыруға  тура келеді. Елбасының «Қазақстан — 2030» мемлекеттік даму бағдарламасында мұның бәрі айқын көрсетілген. Және осы бағытта елімізде үлкен жұмыстар жүріп жатқанын да ешкім жоққа шығара алмайды. Осы ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаның  негізгі бағыттары да адамдардың денсаулығы мен тұрмысын жақсартуды көздейді. Сондықтан, өзіміз өмір сүріп отырған ортаны қорғау — тек тиісті мекемелердің немесе құзырлы орындардың ғана емес,  баршамыздың міндетіміз. Ең болмаса  әр адам  жылына бір ағаш ексе, өзі жұтып отырған ауаны тазартуға, қоршаған ортаны  қорғауға қанша пайда тигізер еді. Ел ішінде экологиялық білім мен тәрбиені нығайту — болашақ жас ұрпақтың өмір сүріп отырған ортасына жанашырлықпен қарауына жетекші болар еді. Бұл — Елбасы Жолдауының талабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.
  2. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.
  3. Экология негіздері. Ғ. Сағымбаев. 3. Экология. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.
  4. Денсаулық журналы
  5. Экология. Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева.
  6. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.

  


Информация о работе Қоршаған орта жағдайы. Адамның тұрмыс салты мен денсаулығы