Қолданбалы экология немесе табиғатты қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 09:15, реферат

Краткое описание

Экологиялық жағдайлар күрделі түрде айқындала бастады және барлық елдер мен халықтардың ішкі және сыртқы саясатының мемлекеттік деңгейінде маңызды болды. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортамен әрекет етуінің оптималды стратегиясының проблемасы осы кезеңге тән. Антропогендік фактор, қоршаған ортаның техногенді ластануы, жаппай ізденістер және биосфера құрауыштарына: атмосфера, гидросфера, литосфераға әсерді азайтудың инженерлік шешімдері өзекті болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 51.77 Кб (Скачать файл)

 

БҰҰ 1984 жылы тамыз айында Мехико қаласында өткен конференцияда барлық елдерді дүниежүзінің халқының санын тұрақтандыруға, адамдардың абыройы мен бостандығын сыйлауға қолда бар мүмкіншіліктер мен техникалық прогресс жетістіктерін пайдаланып, қоршаған ортаны сақтауға әлеуметтік өзгерістерді қолдауға бағытталған саясатты жүргізуге шақырды.

 

Демографияда халықтың ұдайы өсуі деген ұғым бар. Ұдайы өсім 3 түрлі болады. Егер ата-аналардың жасына дейін өскен балалардың саны олардың санымен бірдей болса – онда жай ұдайы өсім болып саналады. Егер балалардың саны олардан артық болса кеңейтілген ұдайы өсім, кем болса – тарылған ұдайы өсім болады. Жай ұдайы өсім – бұл соңғы шек, онан әрі халықтың саны қысқарып, ол халық (ұлт) біртіндеп жойыла бастайды.

 

Демографияның тағы бір мәселесі жанұя үшін баланың экономикалық маңызының азаюында. Аналық қасиет екінші қатарға көшіп әйелдер қоғамдық жұмысқа араласып, өнеркәсіп орындары мен мекемелерде қызмет істеп, баласы аз жанұялар саны көбейді. Бұрынғыдай балалар отбасына көмекші, қартайған ата аналарын асырайтын тұлға болмай олардың экономикалық қажеттілігін жоғалта бастады. Көптеген отбасына тән осы жағдай қоғам үшін қолайсыз болып, оның мүддесіне зиянын тигізе бастады. Қазіргі бала ертең қоғамның еңбек ресурсы. Жұмыс қолмен қамтамасыз етудің бірден бір жолы. 1938-1939 жылдары 50 жасқа дейінгі әйелдерде орта есеппен 4,4 бала болса 1979-1981 жылдары тек 2,2 баласы болды. Олардың ішінде қаладағы әйелдердің 2,5 баласы болды. Бала тапқан әйелдердің жасы да жасарып кетті. 1940 жылы барлық балалардың жартысының аналары 30 жасқа дейін болса қазір 3/2 бөлігінің аналары осы жаста.

 

Дүние жүзінде қалыптасқан демографиялық жағдайдың ішінде көңіл аударатын шешілмеген мәселелер әлі де көп. Біз бұған да назар аударуымыз керек: күн сайын 3,3 миллиард адам тойып ас ішпейді, оның 510 миллионнан астамы аш қалады; бір миллиард адам қайыршылық күн көрісте; 0,5 миллиардқа жуығы толықтай немесе жартылай жұмыссыз; 0,8 миллиард ересек адамдар сауатсыз; 0,2 миллиард балалар мектепте оқымайды; 2 миллиардтан астам адам таза тұщы сумен қамтамасыз етілмеген; 1,5 миллиардтан астам адам ағашты отынға пайдаланып, ас пісіріп үй жылытып отыр.

 

Жер бетінде тыныштық орнап, адамдар бақытты, азат, тоқ болуы үшін аталған қиындықтардан шығу жолдарын іздеу ақылды, парасатты адамзат қауымының борышы. Оларды ескермей жүре берсек ертең кеш болып, шешімі табылмауы мүмкін. Мысалға, азық түлік мәселелерін алайық. Халықты азық түлікпен қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығы өнімдерін қазіргі мөлшерден 4 есе, астық өнімдерін 3 есе арттыру қажет. Қоңыржай климатта орналасқан елдердің азық түлікті мол өндіруге, өз халқын қамтамасыз етуге жағдайлары бар. Климаты қатаң, топырағы құнарсыз елдерде ондай мүмкіншілік жоқ. Сондықтан азық-түлікті басқа елдерден, олардан сұраған бағасын беріп сатып алуға мәжбүр болады.

 

Барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың азық-түлік мәселесін шешу жолдарын бірлесіп, өзара келісіп іздеуге шын ынтасы мен ықыласы болса бұл шешілетін мәселе.

1 комментарий


Информация о работе Қолданбалы экология немесе табиғатты қорғау