Экология ғылым ретінде. Экологияның міндеттері мен әдістері. Экологияның дамуының қысқаша тарихы. Экологияның негізгі бөлімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:59, лекция

Краткое описание

Экология жеке ғылым ретінде XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастағанымен, қоршаған ортаны білуге, зерттеуге деген құштарлық адамзат дамуы кезінен басталған. Қоршаған орта туралы мәліметтер көнеден келе жатқан халық шығармаларында да кездеседі. Мысалы, Вавилонның қолжазба кітаптарында жерді өңдеудің әдістері мен тәсілдері келтірілген. Сонымен қатар экологиялық сипатты деректер ежелгі Египет, Үнді, Қытай ескерткіштерінде де сақталған.

Вложенные файлы: 1 файл

экология.docx

— 16.85 Кб (Скачать файл)

Дәріс №1. Кіріспе. Экология ғылым ретінде. Экологияның міндеттері мен әдістері. Экологияның дамуының қысқаша тарихы. Экологияның негізгі бөлімдері.

 

Экология жеке ғылым  ретінде XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастағанымен, қоршаған ортаны білуге, зерттеуге деген құштарлық адамзат дамуы кезінен басталған. Қоршаған орта туралы мәліметтер көнеден келе жатқан халық шығармаларында да кездеседі. Мысалы, Вавилонның қолжазба кітаптарында жерді өңдеудің әдістері мен тәсілдері келтірілген. Сонымен қатар экологиялық сипатты деректер ежелгі Египет, Үнді, Қытай ескерткіштерінде де сақталған. Алғашында экология термині өсімдіктер мен тірі ағзалар қоғамдастықтарының арасындағы байланысты қарастырғанда қолданылған, өйткені олар қоршаған орта мен органикалық әлемнің эволюциясы процесінде қалыптасқан тұрақты жүйелер болып саналған.  Тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы байланысты Ежелгі Греция және Рим ғалымдарыда айтқан. Сол кездің өзінде Аристотельдің (384-322 біздің э.д.), Р. Бойльдің (1627-1691) және т.б. ғалымдардың еңбектері осыларды қарастыра бастаған.

Экологияның даму тарихында негізгі  үш  кезеңдері бөлуге болады.

Бірінші кезең – экологияның ғылым ретінде қалыптасуы (XIX ғасырдың 60-шы жылдары). Бұл кезеңде тірі ағзалардың тіршілік ортасымен өзара байланыстары туралы мәліметтер жинақталып, алғашқы ғылыми мақалалар жасалған. 1627-1691 жылдары танымал ағылшын химигі Р. Бойль экологиялық жағдайларға байланысты алғашқы тәжірибелерді жасады.

Осы кезеңде Ж.Б. Ламарк (1744-1829) және Т. Мальтус (1766-1834) алғашқы рет адамның  табиғатқа әсерінің нәтижесі зиянды салдарларға әкелу мүмкіндігі туралы сөз қозғаған.

Екінші кезең - (XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін) экологияның дара білім саласы болып қалыптасуы. Бұл кезең экологияның негізгі қағидалары мен түсініктеріне анықтама берген К.Ф. Рулье (1814-1858), Н.А. Северцов (1827-1885), В.В. Докучаев (1846-1903) сияқты орыс ғалымдарының еңбектерімен тығыз байланысты.  XIX ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың басында ағзалардың өсуі мен өркендеуі ауа райының жағдайына, температуралық факторларға байланысты екендігі жанжақты ашып көрсетілген. Сонымен қатар экологияның ғылымының одан әрі дамуында, эволюциялық ілімнің негізін қалаушы ағылшын ғалымы Ч. Дарвин (1809-1882) зерттеулерінің маңызы зор. Ч. Дарвиннің «тіршілік үшін күрес» дегенің эволюциялық тұрғыдан тірі ағзалардың өзара және сыртқы, абиотикалық ортамен қатынасы деп түсінуге болады.

Алғашқы болып неміс биологы  Э. Геккель (1834-1919) биологияның бұл  саласын маңызды және дара екенін түсініп, оны экология деп атаған (1866). Өзінің «Тірі ағзалардың жалпы  морфологиясы» еңбегінде ол: «Экология  деп біз табиғаттың экономикасына  қатысты білім жиынтығын, жануарлардың оларды қоршаған ортамен қарым-қатынасын  түсінеміз» деп жазған.

“Экология” терминін (грек сөзінен oikos – үй, пана және logos –  ілім) 1866 жылы неміс биологы, профессор  Э. Геккель еңгізген. Экология деп  Геккель тірі ағзаларды қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен  тікелей немесе жанама қарым-қатынасын  және өзара ынтымақтастығын зерттейтін ғылымды айтқан.

Экология толығымен дара ғылым ретінде ХХ-шы ғасырдың басында  қалыптасқан.

ХХ ғасырдың екінші жартысында қоршаған ортаның ластануына және адамның  табиғи ортаға әсерінің күшеюіне байланысты экологияның маңызы жоғарлады.

ХХ ғ-ң 50-ші жылдарынан қазіргі  уақытқа дейін экологияның дамуының үшінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде экология табиғи және қоршаған ортаны қорғау туралы кешенді ғылымға айналады.

Қазіргі кезеңде экология кең, толық қалыптасқан іргелі және қолданбалы пәндер кешеніне айналып  отыр. Экологияның зерттеу объектілерінің кеңеюі оның жаңа анықтамаларының пайда  болуына әкелді.

 Экология пәні  және оның негізгі бөлімдері

Экология пәнінң мазмұны  – ағзалардың бір-бірімен және қоршған  ортамен қатынастарын зерттеу болып  табылады. Экологияның негізгі зерттеу  объектісі – тірі ағзалар және тіршілік ортасымен түзілген табиғи кешендер – экожүйелер. Экологияның  биологиялық ғылым ретіндегі  дәстүрлі бөлімі – жалпы экология, ол әрбір тірі ағзалармен орта арасындағы қатынастардың жалпы заңдылықтарын зерттейді.

Жалпы экология құрамында  келесі негізгі бөлімдерді атап өтуге  болады:

    • аутэкология – жеке ағзалардың (түрлер, особьтар) қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді;
    • демэкология – қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін, популяция санының өзгеруін зерттейді (популяциялар экологиясы);
    • синэколгия – биоценоз түзетін әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяцияларын, олардың дамуын, құрылымын, өзгеруін, қоршаған ортамен қатынасын зерттейді (қоғамдастықтар экологиясы).

Ғылыми-практикалық тұрғыдан экология теориялық және қолданбалы болып бөлінеді.

Теориялық экология – тіршіліктің ұйымдасуының жалпы заңдылықтарын қарастырады.

Қолданбалы экология – адамның биосфераны бұзу механизмін, оның алдын алу әдістерін және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың қағидаларын қарастырады. Жалпы қолданбалы экология үш блоктан тұрады:

- геоэкология – табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалануды зерттейді;

- әлеуметтік экология – қоғам-табиғат жүйесіндегі қарым-қатынастарды, қоршаған ортаның қоғамға әсерін және әлеуметтік-экономикалық факторлардың қоршаған ортаға әсерін зерттейді;

- техноэкология – техногенді факторлардың қоршаған ортаға әсерін зерттейді.

 

Экология  пәнінің негізгі зерттеу әдістері

Экологияны  жалпы және жеке деп бөлу экология ғылымының зерттеулерінің сипатты  мен әдістерінің айырмашылықтарын білдіреді. Осыған байланысты қазіргі  кезде экологияның негізгі әдістері – далалық зерттеулер, табиғат жағдайындағы тәжірибелер, математикалық модельдеу болып бөлінеді.

Далалық зерттеулер – далалық жағдайда жүргізіледі, популяциялар мен олардың қауымдастықтарын табиғи ортада зерттейді. Бұл зерттеулер арқылы белгілі бір жағдайда түрдің тіршілігін мен дамуын, оларға әртүрлі факторлардың әсерін анықтауға болады.

Тәжірибелік зерттеулер – табиғатағы қарым қатынастардың себебін анықтайды. Бұл зерттеулер жасанды факторлардың әсерін білуге мүмкіндік береді.

Математикалық модельдеу – математикалық белгілердің көмегімен зерттеуге алынған жүйенің кейбір параметрлерінің мәндерін өзгерту арқылы соңғы нәтиженің қалай өзгеретінің анықтауға мүмкіндік береді.


Информация о работе Экология ғылым ретінде. Экологияның міндеттері мен әдістері. Экологияның дамуының қысқаша тарихы. Экологияның негізгі бөлімдері