Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 13:29, контрольная работа

Краткое описание

Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған.Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.

Содержание

I.Тест жұмысы II.Сөзжұмбақ III.Кеспе қағаз IV.Сұрақ-жауап V.Жауаптары

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялық құқық.docx

— 103.34 Кб (Скачать файл)

3) Экология құқықтарының  қайнар көздеріне министрліктер  мен ведомстволардың нормативтік  – құқықтық актілері жатады. Министрліктер  мен ведомстволардың актілері  салалық басқаруды жүзеге асырады.  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

Табиғат объектілеріне  меншік құқығы және табиғи ресурстарды  пайдалану құқығы 

 

Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып  табылады: иелену құқығы,пайдалану  құқығы,билік ету құқығы.

Иелену құқығы табиғат  объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі  болып табылады.

Пайдалану құқығы табиғат  объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген  мүмкіндігі болып табылады.

Билік ету құқығы табиғат  объектілерініңзаңдық мәртебесі мен  заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы  қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып  табылады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының  негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға  тиесілі болуына тікелей байланысты болады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:

- меншік құқығын беру;

- еншік құқығын басқаға  беру;

- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі. 

 Табиғат объектілеріне  меншік құқығы мыналардың негізінде  туындайды:

1. мемлекеттік органдардың  актілері;

2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;

3. ҚР-ның заңында көзделген  өзге де негіздерде.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1. меншік иесінің табиғат  объектілерін басқа ададарға  иеліктен шығаруы; 

2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;

3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.

Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар  танылады: бірінші кезекте мемлекеттің  өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.

Меншік құқығының объектілеріне  жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.

Табиғи ресурстарды пайдалану  – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық  қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.

Қазақстан Республикасының  «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы»  заңында «табиғи ресурстарды  пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды  пайдалануы» деген анықтама берілген.

Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың  құқықтары мен міндеттерін реттейтін  құқықтық нормалардың жиынтығы.

Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл нақты табиғи ресурстарды  пайдаланушының табиғи ресурстарды  иелену және пайдалану құқығын реттейтін  экологияның заңдылықтар жиынтығы.

Табиғи ресурстарды пайдалану  табиғатты жалпы және арнайы пайдалану  тәртібімен жүзеге асырылады.

Табиғатты жалпы пайдалану  – бұл адамдардың күнделікті өмірі  мен денсаулығы, мәдени – эстетикалық  қажеттіктерін табиғат объектілері  есебінен тегін қанағаттандыру.

Табиғатты арнайы пайдалану  – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі.

Табиғатты пайдаланушылар заңды  және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.

Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды  тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық  бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар тұрақты  және уақытша болып екіге бөлінеді.

Тұрақтысы- бұл табиғатты  пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады.

Уақытша- мұнда табиғат  пайдалану құқығы белгілі бір  мерзіммен шектеледі. 

 

 

  

 

 

  

 

 

 

Жердің құқықтық жағдайы, оны құқықтық қорғау  және экологиялық құқықтағы жауаптылық 

 

Қазақстан Республикасының  жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел  қамтитын жер шарының құрылықтағы  бір бөлігін айтамыз.

Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының  жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

2. елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері;

3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына   арналмаған жер;

4. ерекше қорғалатын табиғи  аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы  және тарихи мәдени мақсаттағы  жер;

5. орман қорының жері;

6. су қорының жері;

7. босалқы жер.

Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір  санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік  органдар Жер кодексінде және Қазақстан  Республикасының өзге де заң актілерінде  белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.

Қазақстан Республикасындағы  жер қатынастарын Жер кодексі  және соған сәйкес қабылданған басқа  да Қазақстан Республикасының заң  актілері реттеп отырады.

Жер қойнауы ұғымы кен  байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы  – жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы  қазбалар мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін  ұлғайтуда көрнекті орын алады. Республиканың  кен байлықтарын неғұрлым халқымыздың  игілігі үшін толығырақ пайдалану  барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының  мүдделі ісі. Ол үшін қолда бар  мүмкіндіктерді, соның ішінде шет  елдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының байлығын пайдалану керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды «Жер қойнауын пайдалану туралы»  Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен реттеледі.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жағдайындағы заңның міндеттері:

1. Қазақстан Республикасының  мүдделерін және оның табиғи  ресурстарын қорғау;

2. Қазақстан Республикасының  жер қойнауын тиімді пайдалану  және қорғау;

3. Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау;

4. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей дамуына жағдай жасау;

5. Жер қойнауын пайдалану  жөніндегі қатынастар саласында  заңдылықты күшейту мақсатында  жүргізуді реттеу болып табылады.

Экология заңдарын бұзу дегеніміз - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы  кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз.

Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға  меншік құқығын,  таб пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық  құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісіне заңды, жеке тұлғалар, соның  ішінде ҚР-сының аумағындағы  құқық бұзған ел азаматтары және изаңды тұлғалары жатады.

Экологиялық құқық бұзғаны  үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және оның органнаң заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық  бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын  реттейтін құқық нормаларының жиынтығын  айтамыз.

Әкімшілік жауапкершілік  әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау болып табылады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері "Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында "қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды  пайдалану саласындағы әкімшілік  құқық бұзушылық” берілген. Мұнда  барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген.

Тәртіптік жауапкершілік  жұмыскерге өндіріс, мееме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап  ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс  қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік  жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік  жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. Азаматтық құқық жауапкершілік  дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар.

Азаматтық-құқық жауапкершілік  өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен  келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.

ҚР-ның Азаматтық Кодексі  зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған  іс-жүзінде және ақшалай. Зиянды өтеудің  іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады  және оған кейде ұзақ уақыт керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызы арқылы орманды  қалпына келтіру.

Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану  арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған  кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.Қылмыстық  жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне  бас бостандығынан айыру, айыппұл  салу, түзету жұмыстары және т.б. саналады.

Қоршаған ортаны қорғау мен  пайдалану барысындағы барлық қылмыстардың құрамын объектісіне байланысты мынадай түрлнрге бөлуге болады;

а) Табиғатты  пайдалануға байланысты әрекет ететін ережелерді бұзу;

в) Негізгі табиғат компоненттердің  бұзылуы;

г)Фаунаны қорғау аймағындағы  қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар;

д) Флораны қорғау аймағындағы  қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар;

Сонымен қылмыстық жауапкершілік  қоғамға қауіптілігі жағынан  жоғары дәрежеде болатын әрекеттерге  тағайындалады. Ол сотпен ғана тағайындалады  және жаза тағайындаудың негізі болып  сот үкімі саналады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экология құқығының  түсінігі, пәні және әдістері

Құқық саласының  сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық  теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің  мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа  да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын  реттеуге бағытталған.Осы қисынды  ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын  пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады. 

Экологиялық құқық мәнінің  ұғымын ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей оқулықтарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды ұшыратамыз: «Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады, олар тұтастай алғанда табиғи объектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды», «Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қәзіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы».

Сонымен ҚР-ның экологиялық құқығы дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласын айтамыз.

Экологиялық құқықтың белгісі экологиялық қатынастарды құқықтық реттеуі әдістерінің болуы. Құқық теориясынан мына жайт т белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері, осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады. Экологиялық құқық біршама  жуықта ғана дербес ала ретінде танылуымен байланысты экологиялық құқық әдісін анықтау тұрғысында әлі де болса бірегей пікір болмай отыр.

Экологиялық құқық әдісі  туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және ол жеке зерттелуі тиіс. Әдістің ерекшелігі құқық саласы мен реттеу мәні сипаттамасынан бастау алумен анықталады. Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процесстерін ортақ мақсатқа — адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастау алады. Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр. экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер, су, тау және т.б.) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады. Алайда экологиялық құқық әдісі — бұл неғұрлым күрделі құбылыс.Экологиялық құқықтың әдістеріне мыналар жатады:

Информация о работе Экологиялық құқық