Экологиялық бақылау және қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 17:36, курсовая работа

Краткое описание

Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу – жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұнын жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Экологиялық бақылауды ұйымдастыру жүргізу шарттарымен тәртібі жеткілікті толық қамтылған, бірақ бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялық бақылау.doc

— 286.50 Кб (Скачать файл)

 

Тазарту құрылыстарының айтарлықтай  тозып кетуіне байланысты су құбырлары  құрылыстарындағы апаттық саны артып, өнеркәсіптік сарқынды суларға құйылатын  төгінділердің жалпы көлемі ұлғайып  келеді.  

 

2010 жылы республика бойынша  25896 су құбырлары апаты тіркелген.  Ең көп апат Қарағанды (5944 немесе 22,9%), Алматы (3263 немесе 12,6%), Солтүстік  Қазақстан (2428 немесе 9,4%) облыстарында  тіркелді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар өнеркәсіп объектілерін кеңейту  кезінде олардың қоршаған ортаға тигізетін ластау деңгейін ескермейді, осылайша сарқынды суларға төгінділер көлемінің ұлғаюына жол беріледі. 

 

Мысалы, 2010 жылы Атырау облысында  өнеркәсіптік сарқынды сулар төгінділерінің жалпы көлемі 52,2 мың тоннаны құрады, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 5,3 есе төмен  болатын. Үстіміздегі жылы «АТЭЦ» АҚ-да оның екінші кезегі іске қосылып электр энергиясы ұлғайды, сөйтіп өнеркәсіптің су тұтыну және су бұру мөлшері өсе  түскен. Негізінен, Атырау облысындағы  өнеркәсіптік сарқынды сулар сол  себептен ұлғайып отыр.  

 

Қызылорда облыстық Арал-Сырдария экология департаментінің деректері  бойынша, 2010 жылы өнеркәсіптік сарқынды су төгінділерінің жалпы көлемі 406,8 мың тоннаны құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 2,0%-ға ұлғайған. 

 

Өңірлердегі келеңсіз әлеуметтік және экономикалық зардаптарға әкелетін экологиялық ахуалды ескере отырып, Есеп комитеті Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне бақылау іс-шараларын жүргізді. 

 

Бақылау іс-шараларының қорытындысы  бойынша анықталып отырғандай, Министрлік өңірлерде табиғат қорғау объектілерін салуға және жаңғыртуға бөлінген республикалық  бюджеттің нысаналы трансферттерінің тиімді игерілуін қамтамасыз ету  саласындағы жүйелі проблемаларды  шешуге жеткілікті назар аудармаған. 

 

Су тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту техникалық-экономикалық негіздемесіз жүргізілген. Жергілікті атқарушы органдар мердігерлерге орындамаған  жұмыс көлемдері үшін ақы төлеген. Өңірлердегі жекелеген тапсырыс берушілер сапасыз жұмыстарды қабылдап, табиғат қорғау объектілерін салу және жаңғырту бойынша бастапқы бекітілген сомаларды асырып көрсетуге жол  беріп отырған. Кейбір тазарту нысандарының жұмыс істемей тұрған оқиғалары  анықталды. 

 

Мәселен, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Бюджет кодексінің 157-бабын  бұза отырып, Ақтөбе қаласында Елек өзеніндегі жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгені  құрайтын тазарту құрылыстары кешенін (арынды кәріз коллекторы және реттеуші сыйымдылық торабы) жаңғырту техникалық-экономикалық негіздемесіз жүзеге асырылып отыр. 

 

Ақтөбе облыстық құрылыс  басқармасы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 60-бабын бұза отырып, 2005 жылы әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде мердігер - «Мас-Так» ЖШС-мен Ақтөбе қаласындағы  Елек өзенінде кәріз-тазарту құрылыстарын жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге жаңарту  жөнінде шарт жасасқан. Бұл ретте 2010 жылы «Мас-Так» ЖШС орындалмаған жұмыс көлемі үшін тапсырыс берушіден 33,1 млн. теңге алған. Бақылау барысында  мердігердің шартта қарастырылған 4,8 млн. теңге көлеміндегі жұмыстарды сапасыз орындағаны анықталды. 

 

Атырау облыстық құрылыс  басқармасы мен «СнабОйлСтрой» ЖШС  арасында кәріз-тазарту құрылыстарын салу туралы жасасқан шарттың сомасы бекітілген сметадан 286,2 млн. теңгеге  асып кеткен. 

 

 

 Сонымен қатар, Атырау  облыстық құрылыс басқармасы  электрмен жабдықтаудың алаңнан  тыс желілері бойынша орындалмаған  жұмыс көлемі үшін «СнабОйлСтрой»  ЖШС-не 103,4 млн. теңге аударған. 

 

2010 жылы Ақтау қаласында  № 2 кәріз-тазарту құрылысы салынады  деп қарастырылғанымен, ол аяқталмаған,  соның салдарынан 281,7 млн. теңгеге  бюджет қаражаты игерілмей қалған.  

 

Маңғыстау облысының Құрық  ауылында кәріз желілеріне қосылатын  коллектор салуға 2009-2010 жылдары 291,8 млн. теңге қаржы жұмсалған. Бұл  ретте осы тазарту желілерінің 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс  істемей тұрғаны бақылау барысында  анықталды. 

 

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының  жай-күйі туралы 

 

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын  өңдеу үкімет пен қоғам тарапынан  айрықша назар аударуды қажет  ететін ең маңызды экологиялық құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. 

 

Қазіргі уақытта елімізде қалдықтарды сұрыптаумен, жинаумен және кәдеге жаратумен айналысатын 139 кәсіпорын мен ұйым бар. Алайда, республика үшін олардың жеткіліксіз  екендігін атап өту керек. 

 

Егер 2009 жылы кәдеге жаратылған қалдықтардың көлемі 111,2 млн. тоннаны  немесе жалпы түскен қалдықтар көлемінің 20%-ын құраған болса, ал 2010 жылы кәдеге жаратылған қалдықтар көлемі 134,5 млн. теңгеге ұлғайған тұста, олардың  үлес салмағы (20,1%) іс жүзінде 2009 жылғы  деңгейде қалып қойған.  Деректер көрсетіп отырғандай, жиналған қалдықтар  көлемі өскен тұста (2009 жылғы 665,6 млн.тоннадан 2010 жылы 669,1 млн.тоннаға дейін), «Жасыл даму» бағдарламасының нысаналы индикаторы ретіндегі кәдеге жаратылған қалдықтар көлемінің үлесі орындалған. 

 

Есеп комитетінің бағалауынша, 2014 жылға дейін 21,9%-ға дейін қол  жеткізу деген аталған нысаналы индикатор біршама төмендетіп берілген және оны Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жаңа инновациялық технологиялар  енгізілген тұста қайта қарап, жаңадан  есептеу қажет. Яғни «Жасыл даму»  бағдарламасының шығарындыларды, төгінділерді және қалдықтарды төмендету жөніндегі  нысаналы индикаторларын қолданыстағы бағдарламалар мен стратегиялар шеңберінде, сондай-ақ ЕВРО стандарттарды  енгізу аясында есептеу мен нақтылауға кешенді көзқарас қажет. 

 

2010 жылғы қаңтардағы жағдай  бойынша, республика аумағында  43 млрд. тоннадан астам өнеркәсіптік  қалдықтар орналасқан, соның 587,8 млн. тоннасы улы қалдықтардың  үлесінде. Мұнай және газ өндіріп  өңдейтін аймақтарда, атап айтқанда, Атырау мен Маңғыстау облыстарында  бұрыннан қалған байырғы ластағыш  қалдықтар сақталған.  

 

Қайталама қалдықтарды, соның  ішінде улы қалдықтарды өңдеудің әлемдік тәжірибесі Қазақстанда  қолданылмайды. Қалдықтар арнайы полигондарға, жинағыштарға және арнайы қоймаларға  жиналады, сөйтіп техногендік қалдықтар  жиналған ландшафтылардың көлемі ұдайы  өсіп келеді. Мәселен, Қазақстанда электр станциялардың күл қалдықтарын  кәдеге жарату және пайдалану 1%-ды құраса, ал Еуропада бұл көрсеткіш орташа есеппен 60%-ды құрайды. 

 

Өнеркәсіптік және улы  қалдықтарға байланысты мәселелерден басқа республиканың барлық елді мекендерінде дерлік, әсіресе Қазақстанның ірі қалаларында тұрмыстық қалдықтардың ұлғайған көлемін сақтау және қайта  өңдеу мәселесі өзекті болып тұр (2-кесте). Бұл ретте елдегі полигондардың  көпшілігін және тұрмыстық қатты  қалдық қоқыстарын пайдалану нормативтік  өлшемдерге сәйкес келмейді. 

 

Қалдықтарды жинау мен  шығару жөнінде жеткілікті инфрақұрылымның  болмауы елді мекендерде стихиялық  қоқыстар пайда болуының және оларды жою үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат шығындарының бірден-бір себебі болып табылады. 

 

Қазақстандағы коммуналдық  қалдықтардың негізгі бөлігі (95%) кәдеге жаратылмайды, бұл топырақтың, жер  асты және жер үсті суларының, атмосфералық ауаның ластануына алып келеді. 

 

2-кесте 

 

2009-2010 жылдар ішінде өңірлер  бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың  көлемі 

 

мың тонна 

 

 

  

 

2009 ж. 

 

Соның ішінде кәдеге жаратылғаны, % 

 

2010 ж. 

 

Соның ішінде кәдеге жаратылғаны, % 

 

Тұрмыстық қатты қалдық қоқыстары  – барлығы  

 

3 646,1 

 

5,1 

 

4 659,8 

 

5,5 

 

Соның ішінде облыстар бойынша: 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

Ақмола 

 

102,8 

 

 

201,6 

 

1,8 

 

Ақтөбе 

 

625,7 

 

 

565,2 

 

 

Алматы 

 

422,8 

 

29,6 

 

338,3 

 

 

Атырау 

 

22,1 

 

13 

 

40,3 

 

 

Шығыс Қазақстан 

 

200,0 

 

 

160,9 

 

1,37 

 

Жамбыл 

 

58,7 

 

 

57,9 

 

 

Батыс Қазақстан 

 

210,0 

 

0,8 

 

200,3 

 

0,5 

 

Қарағанды 

 

360,1 

 

 

546,6 

 

 

Қостанай 

 

276,9 

 

 

433,0 

 

 

Қызылорда 

 

97,7 

 

1,1 

 

105,0 

 

5,1 

 

Маңғыстау 

 

103,1 

 

0,8 

 

122,6 

 

1,4 

 

Павлодар 

 

208,1 

 

1,7 

 

533,3 

 

 

Солтүстік Қазақстан 

 

159,2 

 

0,8 

 

390,5 

 

0,1 

 

Оңтүстік Қазақстан 

 

130,0 

 

 

151,9 

 

0,3 

 

Алматы қаласы 

 

343,3 

 

0,3 

 

490,0 

 

49 

 

Астана қаласы 

 

325,6 

 

0,3 

 

261,3 

 

 

Ақпарат дереккөзі: ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 

 

Халықтың денсаулығына экологиялық  ахуалдың әсері  

 

Атмосфераның, ағынды сулардың, өсімдік пен жануар тектес организмдердің ластануы, ішуге және шаруашылық мұқтаждықтарға пайдаланылатын судың сапасының  нашарлығы тікелей халықтың денсаулығына әсер етуде. 

 

2008 жылмен салыстырғанда  2010 жылы тыныс алу мүшелері  ауруларының 6,9%-ға өскені байқалады  (4-диаграмма қараңыз). 

 

4-диаграмма 

 

Тыныс алу мүшелері ауруларының 2005-2010 жылдардағы динамикасы 

 

 

                                                                                                              мың оқиға 

 

 

  

 

Ақпарат дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі  

 

Ауаның ластану деңгейінің жоғары болуына байланысты қатерлі  ісік ауруына шалдыққандардың саны арта түсуде. Мәселен, 2010 жылы алғаш  рет қатерлі ісік ауруымен тіркелгендердің  ішінде 100 мың адамға шаққанда қатерлі  ісік 181,2 адамда тіркеліп, 2008 жылмен салыстырғанда 0,3%-ға өскен. Мұндай науқастардың ең көп  саны Солтүстік Қазақстан (283 адам), Шығыс Қазақстан (272 адам), Павлодар (270 адам), Қостанай (254 адам), Қарағанды (222 адам) облыстарында, Алматы  қаласында (241 адам) тіркелген. 

 

Сонымен бірге, еңбек жағдайының қанағаттанарлықсыз күйде болуы, өндіріс  кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің ағзасына зиянды және қолайсыз өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер етуі қызметкерлерде кәсіби патологияның қалыптасуының негізгі себебі болып  табылады. 2010 жылы кәсіби ауруға шалдыққандардың  саны 2009 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге  өскен. 

 

Қоршаған ортаны және табиғат  пайдалануды экономикалық және қаржылық реттеу 

 

Қоршаған ортаны және табиғат  пайдалануды экономикалық және қаржылық реттеудің қазіргі тетіктері  жеткілікті дәрежеде тиімді болып отырған  жоқ. 

 

Бүгінгі уақытта уәкілетті  орган тарапынан қоршаған ортаның  ластану деңгейін бағалау, алдын  алу шараларын уақтылы қабылдау және ластағыш заттарды жою бойынша  кешенді жүйелі жұмыстар жүргізілмей  отыр. 

 

Екінші жағынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама экологиялық ахуалдың нашарлауына  қарсы іс-қимыл жасауға ықпал  етпейді. 

 

ҚР Экологиялық кодексінің 71-бабына сәйкес, қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн табиғат пайдаланушыларға рұқсат берiлетiн oбъектiлер I, II, III және IV болып  төрт санатқа бөлiнедi.  

 

Бұл ретте табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты I санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан және/немесе оның аумақтық бөлімшелерінен, II, III және IV санат объектілеріне - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан алады. 

 

Сонымен, қоршаған ортаға эмиссияларға жергілікті атқарушы органдар реттейтін  рұқсат құжаттар уәкілетті органдардың  бақылауынан тыс қалуда, өйткені  эмиссиялардың нормативтік көлемдері  жергілікті деңгейде белгіленеді. 

 

Министрліктің деректері  бойынша, Экологиялық реттеу және бақылау  комитетінің Нұра-Сарысу экология департаментінде  Қарағанды облысы бойынша 2010 жылы қоршаған ортаға эмиссияға 947 рұқсат алу, ал 2009 жылы 508 рұқсат алу тіркелген. Зиянды заттардың  рұқсат етілген шығарындыларының көлемі 848,3 мың тонна (2009 жылға қарағанда 3,1%-ға өскен), төгінділерінің көлемі 638,8 мың тонна (2009 жылға қарағанда 5,9%-ға көп) болды, қалдықтар құрау лимиті 2009 жылмен салыстырғанда 17,3%-ға өсіп, 224676,8 мың тоннаны құрады. 

Информация о работе Экологиялық бақылау және қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингі